Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 144 бет
Таңдаулыға:   
С. Торайғыров атындағы павлодар мемлекеттік университеті

ӘОЖ 371.13:378 Қолжазба құқығында

САПАБЕКОВ ДОСМУХАМЕД КЫЛЫШБЕКОВИЧ

Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері

6D010300 - Педагогика және психология

Философия докторы (PhD)
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми кеңесшілер
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ғ. М. Кертаева
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Л. В. Мардахаев

Қазақстан Республикасы
Павлодар, 2013
МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПАРАСАТТЫ ОЙЛАУ ӨНЕРІН ҚАЛЫСТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

14
1.1 Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін
қалыптастырудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..

14
1.2 Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін
қалыптастырудың заңдылықтары мен қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ...

32
1.3 Студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісінің деңгейліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

47
2 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПАРАСАТТЫ ОЙЛАУ ӨНЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

64
2.1 Студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісіндегі қолданылатын білім беру технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .

64
2.2 Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнер
қалыптастырудың мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

84
2.3 Студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыруды элективті
курс арқылы эксперименттік-тәжірибеден өткізудің қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

97

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
120
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
123



АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Педагогика - (греч. paidos - бала, ado - тәрбиелеуші, жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие, білім беру туралы ғылым саласы.
Психология - (греч. Hsuche - жан, logos - ілім) - тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым.
Психология - (греч. Hsuche - душа и logos - учение, слово) - наука о законах порождения и функционирования психического отражения объективной реальности в процессе деятельности человека и поведения животных.
Мониторинг - оқу үдерісінде қолданылған педагогикалық құралдардың тиімділігін және мазмұнының, әдістер мен формалардың оқыту мақсатында, білім алушылардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің дәрежесіне, оқу ортасы мен жағдайларына сәйкестігін анықтайды.
Ғылым - 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер, не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі.
Жан - душа - адамның, жан-жануардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік.
Мультимедиа технологиясы (Мультимедия) - аудиовизуальды ақпаратты жасау, өңдеу, сақтау, тасымалдаудың амал, тәсіл және әдістерінің жиынтығы. Мультимедиалық оқыту бағдарламасы - мультимедиа технологиясына негізделініп жасалынған электрондық оқу басылымы.
Оқу бағдарламасы - әр оқу пәні бойынша игеруге тиісті білім, білік және дағдының мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
Жүйе - система - (греч. - составленное из частей, соединенное) - совокупность элементов, находящихся в отношениях и связях между собой и образующих определенную целостность, единство.
Когнитив - (лат. Cognitio - білім, таным) - айналаны қоршаған кеңістіктің таныс бейнесі.
Өнер - искусство - специфическая форма общественного сознания и человеческой деятельности, представляющая собой отражение действительности в художественных образах, один из важнейших способов эстетического освоения мира.
Өнер - 1) бір істі ұқсатып жасаушылық, шеберлік; 2) өмір шындығын көркем образдар арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы.
Амал (Тәсіл) - способ - бір істі атқарудың тиімді жолын іздестіргендегі адамның іс-әрекеті.
Оқу курсы - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізген пән, сонымен қатар қосымша және ұсынылған пән, ЖОО-да игеру үшін сәйкес оқу жоспарында белгіленген және ғылым мен әрекет саласынан іріктеліп алынған білім, білік және дағдылардың дидактикалық негізделген жүйесі.
Рейтинг - қорытынды аттестациялаудың нәтижелері бойынша құрылған білім алушылардың бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші.
Рух - ой мен сананың шоқтығы, адамның психикалық белсенділігінің көрінісі, адамның сана-сезімі мен қимыл-әрекетінің озық болжампазы, тарихи тәжірибенің идеалды түрі.
Рух - 1) табиғи материалдық бастамадан өзгеше, затсыз, идеалды бастаманы білдіретін философиялық ұғым; 2) рухани күш, қуат. Батылдық.
Тән - тело - 1) адамның денесі, тұлға бойы; 2) біреуге, бір нәрсеге қатысты, телулі.
Таным - познание - көз таныс, үйреншікті, белгілі, таныс.
Технология - материалды өңдеу және оны дайындау тәсілдерінің жиынтық аты.
Педагогикалық мониторинг - ақпаратты жинау, деректерді есепке алу, талдау жасау, соған сәйкес тиімді басқарушылық шешім қабылдау, оқыту үдерісінің құрылымдық компоненттерінде қабылданған шешімге сәйкес өзгертулер жасау арқылы үдерісін үздіксіз қадағалау.
Білім алушылардың өздік жұмысы - дидактикалық міндеттерді өздігінен орындауға бағытталған, танымдық әрекеттерге қызығуын қалыптастыруға, ғылымның белгілі бір саласы бойынша білімдерін толықтыруға бағытталған білім алушының ерекше оқу әрекеті.
Білім алушының оқытушының жетекшілігімен жасайтын өздік жұмысы - сабақ кестесінде көрсетілген, оқытушының жетекшілігімен жасайтын білім алушының өздік жұмысы.
Білім алушының оқудағы жетістігі - оқу үдерісінде білім алушылардың алатын білімі, білігі мен дағдысы, құзыреті және жеке тұлғаның дамуындағы қол жеткізген деңгейінің көрінісі.
Өзіндік бақылау - қол жеткізген нәтижелерін және оған жету жолындағы қиын тұстарын алдын-ала болжау, түзету және реттеу арқылы көрінетін білім алушының өз оқу-танымдық әрекетін саналы түрде басқаруы.
Іскер ойындар - нақты болмысқа өте жақын ойын түрінде жүргізілетін тәжірибе, жаттығулар, жаттықтырғыштар, яғни кәсіби немесе басқа да әрекеті берілген ойын тәртібі бойынша үлгілейтін жағдайларды имитациялау әдісі. Іскер ойындар оқыту әдісі түрінде, зерттеу жұмысы ретінде де қолданылады.
Құзыреттілік - білімге, тәжірибеге, құндылыққа, бейімділікке негізделген оқудың арқасында алған білім алушының жалпы қабілеті.
Білім алушылардың білімін модульдік-рейтингтік тексеру - бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың білімін тестілеу және басқа түрдегі нысандар негізінде өткізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру рәсімі.
Пән бағдарламасы - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттері, оның қысқаша мазмұнын, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, кеңес беру уақытын, коллоквиум кестесін, оқуытушы талаптарын, бағалау өлшемдері мен ережелерін қамтитын оқу бағдарламасы.
Оқу жоспары - білім беру деңгейіне сәйкес оқу пәндерінің тізілімі мен көлемін, оларды игеру реті мен бақылау формаларын реттейтін негізгі құжат.
Өзіндік бақылау - қол жеткізетін нәтижелерін және оған жету жолындағы қиын тұстарын алдын-ала болжау, өзінің оқу әрекетінің барлық кезеңдерінде жоспарлау, бақылау, бағалау, түзету және реттеу арқылы көрінетін білім алушының өз оқу-танымдық әрекетін саналы түрде басқаруы.
Үлгі - белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.).
Үлгілеу - үлгіні құру үдерісі, түпнұсқаның құрылымы мен қасиеттерін үлгі арқылы зерттеу үдерісі.
Парадигма - ақиқаттың маңызды сипатын білдіретін түсініктер жүйесінде іске асырылған ғылыми теория; нәтижелі тұжырымдамалы схема, мәселені қою және шешу үлгісі.
Дидактика - оқыту мазмұны және білім беру мазмұнының теориялық қосындысы.
Гносеология - грек сөзі: - білім, ілім - таным теориясы - сын және таным теориясын зерттеумен шұғылданатын философиялық пән.
Аксиология - грек сөзі: құнды, ілім - құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және әлемнің құрылымы туралы философиялық ілім.
Инновация - өнімнің, ұйым көрсететін қызметтің, оның қазіргі имиджді қамтамасыз ететін және шыңдайтын технологиясы, формалары мен басқару әдістерінің, қызмет сапасы, басқа ұйымдармен бәсекелесу қабілетінің жаңашылдануы.
Синергетика - гр. сөзі: ынтымақтастық - күрделі жүйелердің бейне-берекет күйден реттелген күйге өту үдерісін зерттейтін және осы жүйе элементтерінің арасындағы белгілі бір байланыстарды сипаттайтын ғылым.
Гуманизм (адамшылық, азаматтық) - адам құндылығын қабылдайтын, ерік-жігер құқығымен дамытатын іскерлігін көрсете алатын, қоғамдық қарым-қатынастарда адам игілігін бағалаудың өлшемдік түсінігі.
Менталитет (діл) - этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс-түрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.
Негізгі тұлға - осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамның негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың орташа психологиялық типі.
Ұлттық лидер (көшбасшысы) - белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші рөлі бар беделді тұлға.
Ұлттық мінез-құлық - өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс-тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер - этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың негізгі мағынасын ұлттық сипатын, сондай-ақ оның құраушы элементерді білдіретін негізін қалаушы категория.
Ұлттық сана сезім - адамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым-қатынасы, олар жағымды да жағымсыз реңде болуы мүмкін.
Ұлттық соқыр сенім - этностық қауымға олардың сипаттамасына қатысты жасайтын ақиқатты дәл жеткізбейтін, бұрмаланған нұсқаулар болып табылатын қоғамдық психологиялық құбылыс.
Халықтық педагогика - әртүрлі буын өкілдерінің өзара қарым-қатысы мен әрекеттестігінің ұлтқа тән тиянақты формасы, сақталған этностық мәдениеттік салт-дәстүрінде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.
Этика (грек. ethos - дағды, әдет-ғұрып) - зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. ХХІ ғасырда жоғары оқу орнында болашақ мамандар даярлау үдерісінде қоғамымыз жаңа міндеттер қойып отыр. Жаһандану кеңістігінде инновациялық технологияның алар орны ерекше. Осыған орай, бүгінгі студенттердің парасатты ойлау өнерін заманауи мүддесіне сәйкестендіру, унификациялау көкейкесті мәселенің өткірлігін көрсетеді. Біздер технология ұғымын ойлау өнері мағынасында ұсынып, оны парасатты іс-әрекет негізінде зерделеудің тиімді екенін байқадық.
Аталған проблеманы шешу үшін бүгінгі таңда жоғары оқу орны білімденудің жаңа технологияларын нәтижеге бағдарлау жүйесін әр мамандыққа бағыттап құруы көзделеді. Оқытудың жаңа технологиясын саралау білім мазмұнының ерекшелігін, мәнін, мазмұнын, ықтимал жауаптарын студенттердің ойлау өнеріне түрткі болар жағдайда қарастырылады. Соңғы жылдары оқытудың білім беру технологиясына қатысты педагогика ғылымына қарқынды түрде жаңа ұғымдар енгізілуде. Білім беру технологиясының даму тарихы, оның кезеңдері отандық және жаһандық ғылым жетістіктерінің ішінде әлемдік көрнекті ғалым-зерттеушілерінің еңбектерімен тығыз байланысты болып отырғанын зерттеу барысында аңғардық.
Қазақ халқы ойшылдарының парасатты іс-әрекетке, ойлау өнерін шарықтау шегіне жеткізу тұрғысында қарастырған еңбектері айтарлықтай: Әбу Насыр әл-Фараби [1], Ж. Баласағұни [2], Қ. Ясауи [3], А. Құнанбайұлы [4], Ы. Алтынсарин [5], А. Байтұрсынов [6], Ж. Аймауытов [7], М. Жұмабаев [8], Мәшһүр-Жүсіп Көпеев [9], Ш. Құдайбердиев [10] т.б.
Ж. Аймауытов Психология деген оқулығының екінші бөлімінде оқыту, білім мазмұны сияқты нысандарға ғылыми тұрғыда тұжырымдар жасаған. Анықтап айтсақ, парасатты іс-әрекетті жұлма жад сыңайында зерделеп: ілтипат, мүдде, перцептив, апперсепсе, феноменін табу, ассоциативті бағамдау, пайымдау, түйіндеу деген ұғымдармен анықтаған.
Интеллектуалды ұлт құрау мәселесін шешуде біздер Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың [11] Интеллектуалды ұлт-2020 ұлттық проектісіндегі мақсатын, жан-жақты дамыған білімді, мәдениетті, отаншыл, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру секілді іс-әрекеттерге басымдық берудің қажеттілігін түсінеміз. Соның ішінде, интеллектуалды ұлт проектісінің екінші аспектісі - ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми потенциалын арттыру дегенде парасатты ойлау өнерінің атқарар рөлін бағамдаймыз.
Интеллектуалды ұлт құрау үдерісінде студенттердің ойлау өнерінің басымдықта келуін қадағалау деген тұжырым жасаймыз. Өйткені студенттер - біздің болашақ ұлт құраушы тұлғалар. Парасатты ойлау өнері аталған проектінің аспектілеріндегі: 1) терең білімді игеруге; 2) кәсіби алғырлыққа; 3) жоғары біліктілікке; 4) ұлттық мүддеге қызмет етуге; 5) ел алдындағы парыз ұғымына сүйенуге; 6) обал мен сауапты ескеруге; 7) рухани құндылықтарды кәсіби құзыретіне сәйкес сұрыптауға; 8) жасампаздыққа; 9) заманның озық технологияларын пайдалануға; 10) индустриялдық өркендеудің ақпараттық өрлеуіне; 11) жаңа философиялық пайымдамаға; 12) ділі және рухы биік кемелді болуға мүмкіндік жасайды. Жолдан таймай бүкіләлемдік елдердің қатарынан орын тебуге аталған тұғырлы 12 сапалық көрсеткіштердің индикаторы функционалды сауаттылық дер едік.
Біздер функционалдық сауаттылықты орфографиялық, фонологтық, сөйлесім, айтылым, жазылым тұрғысындағы сипатын айтып отырғанымыз жоқ. Функционалдық сауаттылық - кәсіби құзыреттілікті ілгерілету дегенмен түсіндіріледі.
Жоғарыда келтіріліп өткен интеллектуалды ұлт құраудың тірегі студенттің парасатты ойлау өнерін меңгеруге тиісті кәсіби құзыретін ұдайы арттыруына қозғаушы күш болуын жүзеге асырмақ.
Ресей ғалымдарының ішінде ойлау мәселесін алға ілгерілетушілер: С. Л. Рубинштейн [12], Л. С. Выготский [13], П. Я. Гальперин [14], А. Н. Леонтьев [15], Б. П. Есипов [16] т. б. Аталған зерттеушілердің еңбектерінде ойлау өнеріне қатысты таным теориясын терең зерттеп, дүниетанымның сыртқы сезім мүшелеріне байланыстылығын айқындаған. Өйткені, түйсікте болмаған нәрсе ойда болу мүмкін емес; ғылымның ақиқаттылығы мен анықтылығы тек сезім арқылы дәлелденеді; түйсік дегеніміз адал жетекші және зейін; сезім мүшелерімен қабылдаған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.
Еске сақталатын нысандар, былайша айтсақ, білім мазмұнының рухани құндылығы бүгінгі мемлекеттік сұранымға, тапсырысқа тірек боларлық сапада келуіне біздер басымдық береміз. Оның себеп-салдары сананы өте тиімді ұстанымда бағдарлау тек қана парасатты ойлау өнеріне бағынышты екені ескеріледі. Талданып өткен көрсетілген зерттеушілердің еңбектерін негізге алудағы мақсатымыз да осы.
Жоғары оқу орнына қатысты білім беру мен оқыту туралы ғылыми еңбектер жазған зерттеуші-ғалымдар: С. А. Архангельский [17], А. Д. Бондаренко [18], Қ. М. Нағымжанова [19], В. И. Загвязинский [20], Н. Д. Никандров [21], Б. А. Оспанова [22], Т. С. Садықов [23], А. Е. Әбілқасымова [24], И. А. Құдайқұлов [25], Н. Д. Хмель [26], Ғ. М. Кертаева [27], Н. Э. Пфейфер [28], Е. И. Бурдина [29], А. Л. Сейтешов [30], Е.Жұматаева [31] т.б.
Ойлау іс-әрекетінің танымдық қызметін жүзеге асыруға ерекше назар аударғандар: В. В. Трифонов [32], Г. А. Уманов [33], Қ. Б. Жарықбаев [34], Қ. Қ. Жампеисова [35], Н. Н. Хан [36], Р. М. Қоянбаев [37], И. Нугуманов [38], Е. Ө. Медеуов [39], Б. А. Әлмұхамбетов [40], О. Сәлімбаев [41] және т.б.
Мектепте білім беруді ізгіліндіру теориясы мен практикасын зерделеп, гумандық білім тағылымын жан-жақты зерттеген ғалым - А. А. Бейсенбаева [42].
Н. Д. Хмель [26,с. 53] кәсіби білім берудің теориялық негізін айқындап берді.
Болашақ кәсіби педагог-мамандарды жоғары оқу орнына даярлау мәселелерін қарастырған ғалым - Г. К. Ахметова [43].
Көпмәдени жеке тұлғаны қалыптастырудың психологиялық мәселелері, 12 жылдық білім беру тиімділігінің психологиялық мәселелерін; психология және психотерапия; ұстаздық кәсіби-жеке тұлғалық дамуы мәселелерін қарастырған ғалымдар - Б. А. Тургунбаева [44], Ә. С. Әмірова [45], Б. Қ. Әбдіғұлова [46], Ж. И. Намазбаева [47], С. М. Джакупов [48], Ф. Ш. Оразбаева [49], Ш. Б. Байнеш [50], А. К. Рысбаева [51], Б. С. Сарсекеев [52], Ш. Нургожина [53], О. С. Жубаева [54], А. Т. Чакликова [55].
Демек, талдау негізінде жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға жасалған талдау жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін өркендетудің қажеттілігі мен оның педагогика ғылыми тұрғысынан жүйелі зерттелмеуінің арасында қарама-қайшылықтар анықталды. Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру барысында зерттеу проблемасын анықтап тақырыпты Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздерін анықтаудың мазмұны мен әдістерін жасау.
Зерттеу нысаны. Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру айқындалса, оның ұғымдық жүйесі ғылыми тұрғыда сұрыпталса, өрлеу заңдылықтары есепке алынса, қоғамның сұранымына сай педагогикалық негіздері құрылса, соның негізінде студенттерді жаңаша оқытудың технологиясы жасалса, бұл жағдайда болашақ мамандар өздерінің парасатты ойлау өнерінің субъектісі бола алады.
Зерттеудің міндеттері
1. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерінің педагогикалық негізін айқындау.
2. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың заңдылықтары мен қағидаларын жасау.
3. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың деңгейліктерін ашу.
4. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісінде қолданылатын технологияларды ұсыну.
Зерттеудің жетекші идеясы: студенттердің парасатты ойлау өнерінің ғылыми негізінің саралануымен, оның қалыптасу үдерісін қамтамасыз етуімен, ғылыми тұрғыдағы жүйесін құруымен, мазмұны мен мәнін айқындауымен анықталды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: зерттеудің әдіснамалық ұстанымдарын, философиялық тұрғыда адамның танымдық қызметінің мәні туралы қағидаларымен, білім беру үдерістері мен жүйелерін құру теориясы туралы ережелерімен, ойлау өнерінің парасатқа бағдарлану Әбу Насыр әл-Фараби тұжырымдарымен, сондай-ақ, білім беру саласындағы тұжырымдамаларымен айқындалды.
Зерттеудің деректі көздері: парасатты ойлау, педагогика және психология, тұлғаның парасаттау іскерлігін өркендету, әдеби шығармаларды интерпретациялау, көлемді шығармаларды трансформациялау (Ж. Баласағұнның Құтты білігі). Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 - 2010 жылға арналған білім беруде дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, автордың педагогикалық зерттеушілік іс-тәжірибесі.
Зерттеудің нәтижелілігінің дәлелдігі және негізділігі: зерттеу нысанасындағы негізгі бағыттардың әдіснамалық тұрғыда дәйекті дәлелденуімен, теориялық және тәжірибелік материалдың талдануымен қамтамасыз етілген.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелері тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс ретінде талқыланып жүзеге конференцияларда іске асырылды:
- халықаралық ғылыми-практикалық конаференцияларда: Павлодар 2011, Павлодар 2012, Павлодар 2013; жақын шетелдерде: Ресей - Алтай өңірі 2013, Рига - Латвия 2013;
- ғылыми журнал баспаларында: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Хабаршысы 2012, Л. Н. Гумилев атындағы Евразиялық университетінің Хабаршысы 2013, Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Хабаршысы 2013, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің абаршысы 2013;
- халықаралақы электронды журналдарда: Алмания 2011, Скопус ақпараттар базасы 2013.
Зерттеудің кезеңдері
Бірінші кезеңде (2010-2011 жылдар) бүгінгі қоғамда қалыптасқан тарихи-педагогикалық өзгерістерге орай студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру мәселесінің көкейкестілігі айқындалып, осы мәселеге қатысты қазақстандық, шетелдік ғылыми-теориялық еңбектерге, мәселенің зерттелуі мен жай-күйіне талдау жасалу барысында зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздерін, зерттеу мақсаты және ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) зерттеудің ғылыми болжамына сәйкес жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау қағидалары сұрыпталды. Студенттердің ойлау өнерін қалыптастырудың жүйесі құрылып, маңызы мен мәні, мазмұны анықталды.
Үшінші кезеңде (2012-2013 жылдар) зерттеу барысында құрылған теориялық негізді бүгінгі білімденудің инновациялық технологиялары тұрғысында студенттердің прагматикалық іс-тәжірибесінің орнығуына қатысты сараптама өткізілді. Материалдар өңделіп диссертация рәсімделді.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, салыстыру арқылы қоғамның әлеуметтік даму жағдайында ойлау өнерінің ізгілікті ұстанымы ретінде студенттердің парасатты бағамдау мүмкіндігін анықтау, индикатор мен өлшемдіктерін саралау, кемі екі түрлі немесе одан да көп ойлардан бір ой түю, силлогизм, сұқбат құру, байқау, қорыту және зерттеу деректерін статистикалық және математикалық әдістермен нақтылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні
1) Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерінің педагогикалық негізі айқындалды.
2) Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерінің заңдылықтары мен қағидалары құрылды.
3) Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың деңгейліктері жіктелді.
4) Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісінде қолданатын технологиялар таңдалды.
Зерттеу базасы: тәжірибелік-сараптамалық жұмыс С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, облыстық білім арттыру институтында, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында өткізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі
1) отандық білім мен ғылымды тұтастықта алып, жаһандасу кеңістігіне жуықтатудың тағылымын тәжірибеде қолдану мүмкіндігі көрсетілді;
2) ойлау өнерінің әр студентте әртүрлі деңгейлікте келуінің индикаторлары ұсынылды;
3) студенттердің танымдық қызметін ойлау өнеріне бағдарлаудың құрылымдары түзілді;
4) ұжымдық және жеке ойлау өнерінің блоктары құрылды;
5) студенттердің ішкі интеллектуалды әлеует қорын жинауын, интериоризациясын диагностика арқылы бағамдаудың жобалау іс-әрекетіне бағдарлау анықталды;
6) оқыту іс-әрекетінде меңгерілетін ғылыми-біліми нысандарды қабылдаушы студенттердің интеллектуалды іс-әрекет үйлесімде меңгерілуінің жүйесі берілді;
7) екіден жоғары сандағы адамдар арасындағы қарым-қатынас, коммуникативтік іс-әрекетті құрудың реті айқындалды;
8) Студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру элективті курс жасалды.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар
- интеллектуалды ұлт құраудың негізі ретінде ақыл-ой жайлы тұжырым жасаған ойшылдардың еңбектері Әбу Насыр әл-Фарабидің интеллект ұғымымен үндестігіне сәйкес парасатты ойлау өнері ұғымына психологиялық, педагогикалық тұрғыда мәндік, мағыналық анықтама берілді;
- жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыруда және іс-әрекеттестік үдерісті нұсқалы тұрғыда құрудың тағылымдық заңдылықтары мен қағидалары жасалды;
- студенттердің іс-әрекетін тағылымдық нұсқаға бағындырудың прагматикалық бағыты ретінде олардың ішкі ойлау өнерін бернелеудің деңгейліктері жіктелді;
- студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісіне қолданылатын ұтымды технологиялар айқындалды;
- жоғары оқу орнында студенттердің тәжірибелік-педагогикалық жұмыста парасатты ойлау өнерін қалыптастыруда тиімділігі дәлелденген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеу көздері, әдіснамалық, теориялық негіздері, кезеңдері, базасы туралы сипаттама беріліп, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, тәжірибеге енгізілуі қарастырылды.
Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері атты бірінші бөлімде бүгінгі жоғары оқу орнындағы студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру туралы психологиялық-педагогикалық талдаулар мен оның тағылымдық негіздері сараланды.
Парасат ұғымының шығу төркіні зерделеніп, оның ойлау өнеріне қатысты заңдылықтары мен қағидалары құрылды. Студенттердің парасатты ойлау өнерінің мүмкіндіктерін анықтайтын деңгейліктері, индикаторлары, өлшемдіктері айқындалды. Тағылымды іс-тәжірибеден сыннан өткізудегі прагматикалық іс-әрекет технологияларының маңызы ашылды.
Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың жүйесі атты екінші бөлімде білім берудің инновациялық технологияларын таңдай білу іскерліктерін ұштау қарастырылды. Инновация туралы ғалым-зерттеушілердің берген анықтамалары мен талдаулары ұсынылып, оған парасатты ойлау өнерін қалыптастыру тұрғысында талдаудар мен тұжырымдар жасалды.
Студенттердің парасатты ойлау мүмкіндігі оқыту іс-әрекеті тұрғысында зерделенді.
Жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы айырмашылықтар сараланып, интерактивтік технологияның кредитті технологияда алар орны айқындалды. Интер ішкі парасат ретінде, актив ішкі белсенділік мәнінде зерделеніп, оның парасатты ой құрудағы интериоризацияға, ішкі интеллектуалды әлеует қорын жинауға тигізер ықпалы анықталды.
Бұл орайда, студенттердің парасаты ойлау өнерін жоғары нүктеге көтеру үдерісінде парадигманың атқарар рөлі, қызметі, нәтижеге қатысты үлес салмағы үш түрлі мәнде ұсынылды (стохастикалық, алгоритмдік, эмпирикалық).
Парасатты ойлау өнеріне тіл саясатының әсері мол екеніне мән берілді. Студенттердің парасатты ойлау өнеріне сәйкес келмейтінін көкейкесті мәселе ретінде көрсетіп, оны шешудің амалдары ұсынылды.
Студенттер парасатты ойлау өнерін меңгергенмен, түбінде мектептегі оқулықтардың оған сәйкес келмеуі олардың іс-әрекеттегі тежелуіне соғатыны туралы пікір түзілді.
Студенттердің парасатты ойлау өнері кәсіби құзыретте тек қалыптасу мағынасында емес, оның одан әрі өркендеуіне де қолайлы жағдай керектігі - бұл бөлімнің басымдығы.
Қорытынды бөлімде: зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары түйінделді, эксперименттік іс-тәжірибелер негізінде студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыруды жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПАРАСАТТЫ ОЙЛАУ ӨНЕРІН ҚАЛЫСТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Ойлау өнерінің алғашқы басқыштарының Еуропа елдерінде қаланғаны белгілі. Педагогика тарихы кешегі Кеңестік дәуірде пролетариат диктатурасының пайымымен Еуропа, Америка секілді мемлекеттердің идеологиясын цензурадан өткізіп, бірталай еңбектерге өз көзқарастарын бірінші орынға қою тұрғысында құрылған. Сондықтан Англия, Франция, Германия, Чехия және т.б. елдерден шыққан зерттеушілердің еңбектері буржуазиялық сыңайда бағаланғаны байқалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан кеңістігіндегі парадигмамен, жаңа философиялық көзқараспен зерделесек, аталып өткен мемлекеттердің зерттеушілері қай қоғамға болмасын өшпейтін рухани құндылықтар қалдырғаны аңғарылды.
Бүгінгі күнге дейін Англияның Оксфорд университеті - әлемдік деңгейде көшбасында келе жатқан оқу орны. Оның негізі ойлау өнерінің алғашқы ұғымы ақыл екеніне ғылыми зерттеу жасаған Джон Локтың атқарған рөлі ерекше.
XVII ғасырда Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел ретінде танылды.
Джон Локк (1632-1704) 1658 жылдан бастап, Оксфорд университетінде дәріс оқыды. Оған Бэкон мен Декарт шығармаларының үлкен әсері болды [56].
Ол таным қисынын зерттеп, Адам ақылы жөніндегі тәжірибе (1690) атты деген негізгі философиялық еңбегінде елестетулер мен идеялардың адам тумысынан емес, санамызға түйсік сезімі арқылы пайда болатынын дәлелдеп, дуалистік мұратты көздеді. Екі дүниенің сырын ашуға бағдар құрады. Себебі оның бейнесі жарық түсуімен басқаша көрінеді деген түйін жасайды. Адамның көру шегі микроқұрылымдарды қамти алмайды деген ой-пікір айтады. Объективтік дүние біздің санамызда елестеуі ақиқат - шындық бола алмайды деп пікір түзеді. Локк мектепте білім алуға қарсы келіп, отбасында аристократиялық білім меңгерудің жақтаушысы болды. Тұжырымдап айтсақ, Локк ойлау әрекетінің жинақтау, топшылау, деректермен дәлелдеу, қорыту, бейнелеу, нысананың тұтастығын сақтайтын кіші бөліктерін байланыстыру сияқты әдіскерлік іс-қимылдарға мән берген.
Қарап отырсақ, бүгінгі даму бағдарына қозғаушы күш боларлық педагогикалық технологиялардың негізі қаланды деп қабылдаған жөн. Олай болса, ойлану деңгейі, өнері жайлы пікірлердің тууына сонау XVII ғасырда негіз қаланған.
Француз елінде қоғамда білім беру мәселесі 3 сословияға бөлінді: 1) рухани; 2) дворяндық; 3) шаруалар. Бұндай сословияға жіктелу себебі әлеуметтік жағдай адам санасына, ойлау деңгейіне әсер етеді дегенді меңзейді.
Буржуазиялық идеология өз шығармаларында корольдік үкіметті де, феодалдық көзқарасты да, діншіл әдет-ғұрыптарды да батыл әшкереледі.
XVIII ғ. 1751 жылынан Дени Дидро редакциясымен Француз энциклопедиясы шыға бастады. Ақыл-ой әрекетін дамыту басымдық рольде болды. Кеңестік дәуірде біздер аталған педагогикалық тұжырымдарды тап қайшылығы сыңайында қабылдадық. Сол себепті аталған еңбектер бұрмаланып түсіндірілді.
Клод Адриан Гельвеций (1715-1771) Адам, оның ақыл-ой қабілеттері мен тәрбиесі туралы еңбегінде адамдар дүниеге келгенде бірден тең рухани қабілеттілікпен туады деді. Оқыту және ойлаудан гөрі тәрбиенің басымдығын мойындады [57].
Француз жазушысы Жан-Жак Руссо (1712-1778) Эмиль немесе тәрбие туралы деген романында ақыл-ой еңбегіне ерекше көңіл бөлді. Ол табиғаттану ғылымына арнап, алғаш рет әдістемелік оқу құралын құрастырды [58].
Руссо ойлаудың негізін баланың дербес іс-әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқағыштығын дамыту бағдарына байланысты деп дәлелдеді. Эмильдің сабақтарын табиғат аясында өтуді орынды деп тапты. Әйелдер жайлы Табиғи жағдайға тәуелді болғандықтан, оларға білім беру қажетсіз деген тұжырымға келген. Табиғатта өтілген сабақ балалардың ойлау мүмкіндігін жоғары көтереді деп есептейді. Бертіндегі табиғатқа саяхат сабақ өтуге бұл тірек болды.
Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1877) еңбектерінде оқу мен еңбекті ұйымдастыру негізгі рольде болды [59]. Гертруда балаларын қалай оқытады, Аналар кітабы, Бақылау азбукасы т. б. еңбектерінде Песталоцций бастауыш білім берудің жаңа әдістерін ұсынды. Әдістер балалардың ойлау деңгейіне түрткі болар нысан. Оның өнімдісін саралауға қажеттілігі туады деген түйін жасайды.
Әдістерден бөліп алып қарағаны - жалпылау, бақылау, ойлау. Әдістерді жіктегенде түйсік, қабылдау, сезім сияқты психологиялық қасиеттерді қосақтап айтуға, біріктіріп қарастыруға ұмтылды. Әдістердің балалар түсінігіне сәйкесіп келуін басымдықта алған. Бүгінгіге де бұл ой пайдалы.
Білім ретпен беріліп, бұрынғы дағдылар жүйесін дамытуға бағдар жасау керек деп ой түйеді. Ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деп есептеген.
Аталған талданған еңбектерден әдістеменің тамырларын іздесек, ойлау әрекеті мен қабылдау әдістерінің тұтас жүйесінің ретін аңғарамыз. Жекелеген әдістер жайлы түсінік, ғылыми тұжырым - ертеден пайда болғанының дәйегі мен дәлелі. Ойлау жеке тұлғаның жеке мүмкіндіктеріне қатысты өркендейтіні жайлы тұғырлы пікір айтылған.
Иоганн Гербарт (1776 - 1841) - Германия перзенті. Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика (1806), Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар (1831) еңбектерінде тұңғыш рет педагогика ілімінің жүйесі салынды [60]. Мұнда дүниенің шексіздігі, оның мәңгілік сападағы қасиеті, абсолюттік мазмұндардан тұратыны жайлы баяндалады. Адамның дүние танымындағы елестеу мен түсініктер алдамшы деген қорытынды жасайды. Бұл пікірдің шындыққа жанасымдылығы қабылдау деңгейліктердің әртүрлілігімен түсіндіріледі.
Тәрбиені білімнің негізі деп қарастыра отырып, ізгілік пен жақсылықты тәрбиенің субстанциясы ретінде алған. Оқыту саласын алдымен ізгілік пен жақсылыққа негіздейді де, құралы ретінде оқуды жекелеп көрсеткен.
Иоганн Гербартта да білім жеке алынбай, тәрбиенің бір саласы ретінде берілген.
Педагогика тарихында аталған зерттеушілер мен педагогика ғылымына катысты өздерінің қол таңбалары мен мәдени мұраларын ағарту саласында өшпестей қалдырған әлемдік тұлғалардың әдістемеге қатысты негізгі ой-тұжырымдарына тоқталып өттік. Ойлау өнері жайлы сүбелі ғылыми пікірлер мен тұжырымдарды бөліп алу қиын екенін аңғардық. Десек те, ақыл-ой ұғымдары барлық ойшылдардың еңбектерінде қамтылған. Ол әдістеме түрінде ұсынылған.
Педагогика тарихында екі көрнекті тұлға бар. Оның бірі чехтың педагогі - Ян Амос Коменский (1592 - 1670). Ол XVI - XVII ғасыр аралығында жаңа педагогиканың негізін қалады [61].
Ян Амос Коменскийдің өмірі қиын-қыстау жағдайда өтті. Мұның өзі оның ғылыми болжамдар мен жаңалықтар ашуына тікелей қатысы бар десек қателеспейміз. Соның ішінде сабақ жүйесі, құрылымы, уақыт межесі Ян Амос Каменскийдің педагогикаға енгізген үлесімен байланысты.
1620 жылы басқыншылармен күресте жеңіске ұшырауына байланысты Ұлы педагогтың отаны өзінің дербестігін жойды, ел үлкен күйзеліске кезікті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қолжазбалары отқа жағылды.
Отанынан айрылған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. Ол 1631 жылы Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі деген оқулық жазды. Бұл орайда, жаһандық суретші Леонардо да Винчидің Италиядан Францияға қашып келіп, Шамбор атты корольды паналағаны сияқты оқиғаны байқаймыз.
Коменскийдің атын әлемге мәшһүр еткен әрине, Ұлы Дидактика (1632) атты еңбегі. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесі, жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері жан-жақты зерттелді. 1641-1654 жылдар аралығында ол арнайы шақырумен Англияда, Швецияда, Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту әдістемесін жазумен айналысты.
Әлемді суреттеп бейнелеу оқулығы мен Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары т.б. еңбектері жарық көрді.
Оқу мен тәрбиелеу танымын ақиқаттың бір саласы - логика, оның көзі діни сапа деген бағытты ұстанды. Табиғат - жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі. Бұл көзді реттеу, иемдену үшін табиғат тілін білу керек деп түсінеді. Ол үшін білім қажеттігін ерекше атап көрсетті. Жер-Ана ұғымының басымдық мәні де аталған еңбекте ерекше орын алған.
Ойлау іс-әрекетінің педагогикалық үдерісте жетекшілік рөлін алғаш түбегейлі зерттеген, оған арнайы тоқталған - Ян Амос Коменский. Педагогтың Ұлы дидактика айдарымен жарық көрген еңбегінің негізгі мұраты білім мен тәрбиені демократиялық мүддеге бағындыра меңгерту деген ұғымды білдіреді.
Адамның шығу тегіне қабілетінің бағыныштылығы жайлы Ж. Аймауытов ерекше мән берген: Тегіне тарту (атавизм). Әрбір сезімнің сыртқа шығуында атадан қалған мұра көп. Ашу кернеген кісі қайтеді? Аяғымен жер тебінеді, қайта-қайта түкірігін жұтынады, түкірінеді, қырылдайды, керіледі, ақырады, бажылдайды, жұдырығын түйеді... Адамның осы қылығын ызаланған маймылдың қылығымен салыстырсақ, маймылдың көп мінезі адамда да бар болып шығады.
Тарту деген сөздің төркіні Шығу тегі деген ұғыммен тамырлас келеді. Ж. Аймауытов адамның психологиясында атавизмнің табы нышан беретініне тоқталып өткен. Осы сапаның соқыр сезімге ұласып, саңылау сезімдеріне үлкен кедергі екеніне ерекше мән берген. Соқыр сезімнің өзі - ойлау іс-әрекетіне үлкен кедергі. Ал соқыр сезімнің бастауы - айуандық іс-әрекеттер. Олай болса, Ж. Аймауытов ойлау іс-әрекеті айуандық деңгейді ысырады деген пікір айтады [7,с. 80-82].
Ойлау өнерінің мақсаты - адамның өз басындағы атавизмнен қалған ізгілікті іс-әрекетке қайшы қылықтарды бойдан қуа білетін, өзінің періштелігін үнемі сақтайтын, оған қисындық үлгі ретінде бабалардың данышпандық пәлсапалық дүниетанымын бағалайтын, өзінің прагматикалық іскерлігіне айналдыратын адамды сомдау. Оны үлгі ретінде ұсыну. Аталған мақсат-мүддеге сәйкес келмейтін субъектінің ақыл-ой жайлы мән айтуға құқысы жоқ екеніне Ж. Аймауытов орынды тоқталған.
Интеллект деген сөзді түрлі мағынада қолдануға болады. Бірінші, қарапайым сөзде, адам жөнінде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде колданылады. Екінші, әркім оны өзінше түсініп, адамдар өзара үнемі айтысқа түскенде айтатын мағынасында қолданылған. Бұл өзі парасат теріске шығарған кезде айтылады. Интеллект сөзінің үшінші мағынасы Аристотельдің Дәлелдеме деген трактатында айтылған. Төртінші мағынасы тағы да сол Аристотельдің Этика деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Бесінші - Жан туралы трактатында. Алтыншысы Метафизикада айтылған.
1) Ал енді қарапайым сөзде қолданылатын, ол өзі парасатты адам дейтін кездегі мағынасына келсек, мұны интеллекция актісі деп түсіндіреді. Сонымен, қосымша мысал ретінде кейде оны (адамды) парасатты деп атайды, ал кейде оны бұлай атаудан тартынып қалады дегенді білдіреді. Олар былай дейді: парасаттыға сенім керек, ал олардың пікірінше, сенім дегеніміз қайырымдылық. Олар парасатты деп қайырымды адамды, жақсылыққа жақсылық асық, жамандықтан қашық адамды айтады. Бұл тұжырымнан ойлау өнерінің өзі парасатқа бағынбаса, білімді адам зұлым болып шығады дегенді аңғартады.
Потенциалды интеллект бұл өзі әлдебір жан, жанның бір бөлшегі, жан қабілеттерінің бірі немесе материядан дүниеде бар заттардың парқы мен формасын абстракциялай алатын немесе соған даяр әлде бір сүрең. Заттық емес бұл формалар потенциалды интеллект формаға айналу үшін ғана өздерінің өмір сүруі тәуелді болып отырған тірек көздерден дерексіздік туады. Солардың субстанцияларынан абстракцияланған формаларына айналған формалар интеллекцияның танып білетін объектілері болып табылады. Бұлардың аты интеллект деген сөзден шыққан, өйткені дүниеде бар заттардың формаларын абстракциялағанда, олардың өздері сол заттардың формаларына айналған. Сөйтіп, 1) потенциалды интеллект дегеніміз формаларды жүзеге асыратын субстанция болып табылады. Егерде сіз әлдебір денелі материяны, мысалы, бір кесек балауыз алсаңыз, оған таңба түсірілсе, түсірілгенде ол таңба оның сырт жағы мен тереңдігін алып жатса және форма субстанцияны қамтып жатса, қамтығанда субстанция формаға тарап, түгелдей сол формаға айналатын болса және сонда бұл парықта заттардың формаларының қалай пайда болғанын түсінуге жақындайсыз. Өйткені парық форма үшін бейнебір субстанциясы өз бойына сыйдырушы болып табылады, бірақ денелі материядан айырмасы ол форманы өзінің тереңімен емес, тек бір қырынан қабылдайды.
Егер субстанциядан абстракцияланған интеллекцияның пайымдағыш объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілері интеллекцияның актуальды объектілеріне айналады. Алғашқы тірегінен бұрын бұлар интеллекцияның әлеуетті нысандары болып еді ғой, ал субстанциясынан айрылып, олар актуальды объектілерге айналды, өйткені ескі түрі мен жаңа түрі қайшылықта болады. Сонымен, бұл парық интеллегенцияның актуальды нысаны арқылы актуальды интеллектіге айналады. Демек, интеллекцияның пайымдалғыш актуальды нысаны мен актуальды интеллект, сайып келгенде, бір нәрсе. Сөйтіп, біздің сөздеріміз тек мынаны ғана: (парық) интеллекцияның пайымдалғыш нысанының өзі соның формаларына айналғандығын, өйткені бұл нысандар формамен бара-бар болғанын білдіреді. Демек, актуальды танушы (парық) мен 2) актуальды интеллект және интеллекцияның актуальды зерде жетерлік нысаны - бұлар бір нәрсе. Олай болса, өзгеріске түскен нысанды тану үшін ойдың оған сәйкестілігі қажет дегенді аңғарамыз.
Жан туралы трактатының үшінші кітабында Аристотель айтқан әрекетшіл интеллект дегеніміз ешуақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма. Бұл интеллект қайсыбір жағынан қарағанда актуальды интеллект болып табылады және жүре келе дарыған интеллектіге өте жақын. Потенциялда болатын парықты актуальды интеллектіге айналдыратын және интеллекцияның пайымдалғыш потенциалды объектілерін тиісті актуальды бейнеге айналдыратын да осы. Олай болса, алғашқыдан айрылған бейненің соңғысы ғана актуальді интеллекцияға ауысады.
Актуальды интеллектінің потенциальды интеллектіге қатысы күннің көзге, қараңғы уақытта тек потенциалды жанары болатын көзге қатынасы сияқты. Қараңғылық дегеннің өзі әрі потенциядағы мөлдірлік те, әрі сонымен бірге актуальды мөлдір еместік қой; ал мөлдірлік дегеніміз қарама-қарсы тұрған жарық көзінен түскен жарық. Жарық көз жанарында, ауада, сол сияқты бір нәрседе жүзеге асқан кезде, сол кезде көз жарықты қабылдаған бойда ол актуальды көрген жанарға айналады, сондай-ақ, түстер де актуальды көрінгіш түстерге айналады. Ол ол ма, біз көздің актуальды көреген болуы жарық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазіргі жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдары
Гобелен тоқу технологиясы
Жалпы білім беру пәндер циклы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ИНТЕЛЛЕКТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Студенттердің ұлттық санасын қалыптастыру әдістері
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
ҰСТАЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУГЕ ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ
Пәндер