Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Автореферат


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
ӘОЖ 37.013 : 001.895(574) Қолжазба құқығында

ИСКАКОВА ПАРИДА КУАНДЫКОВНА

Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін
басқаруды кәсіби қалыптастыру

13.00.08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008 Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшісі:
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Момынбаев Б.К.

Ресми оппоненттері:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Таубаева Ш.Т.
педагогика ғылымдарының кандидаты Тұрсынбаев А.З.

Жетекші ұйым:
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қорғау ____ __________ 2009 жылы сағат __ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14.61.35 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.

Автореферат 2008 жылы ____ ____________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы Беркімбаев К.М.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үдерісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технология-ларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленетінін мойындауға болады. Мұндай даму қоғамды ақпараттандыру технологиясын қарқынды дамыту аясында жүзеге асырылып отыр.
Жоғары оқу орнының басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау.
Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Бүгінгі күнгі педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері - әлемдік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, кәсіби қалыптастырудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру.
Қазақстан Респубикасының Білім туралы Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет, - деген болатын.
Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инновациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бұл инновациялардың басым көпшілігі технологиялық жеткіліксіздігі мен теориялық негізінің әлсіздігі салдарынан жаппай білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің жойылып, оның орнына жаңасының құрылып жатқандығын растай түседі.
Қазіргі заман педагогтары Б.Әбдікәрімов, М.С.Молдабекова, Т.С.Садықов, А.А.Саипов, Л.Х.Мажитова, Г.Ж.Меңлібекова, Е.Ө.Медеуов, Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Жолдасбеков, Ж.К.Оңалбек, С.Маусымбаев, А.М.Абдыров, Б.А.Оспанова, К.М.Беркімбаев және т.б. маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.
Жоғары оқу орындарында болашақ түрлі мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары А.В.Усова, И.Л.Беленок, Б.К.Момынбаев, М.А.Құдайқұлов, Ш.Т.Таубаева, А.Е.Әбілқасымова, А.Б.Абибуллаева, О.С.Сыздықов, А.Г.Қазмағамбетов, Б.Т.Кенжебеков, С.М.Кеңесбаев, Қ.Ералин, Б.Тойлыбаев, К.М.Беркімбаев, А.З.Тұрсынбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан талданған.
Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудің қазіргі заманғы келелі мәселелері Б.К.Момынбаевтың, Л.К.Керімовтің, С.Ж.Пірәлиевтің, М.Н.Сарыбековтың, С.С.Хасеновтың, В.А.Кимнің, Ж.И.Намазбаеваның, Н.Асановтың, Қ.Б.Бөлеевтің, О.Салимбаевтың, Ж.А.Шоқыбаевтың, Е.Омардың, Н.К.Ахметовтың, К.М.Беркімбаевтың және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Н.Асанов, Ш.Т.Таубаева, С.С.Хасенов, Е.Ш.Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н.А.Әбішев, К.Д.Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Б.К.Момынбаев, К.Ө.Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ.Ж.Аганина, А.М.Мүсілімов, Г.Т.Хайруллин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады.
Инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы алыс және жақын шетел ғалымдарының К.Ангеловски, М.В.Кларин, В.Я.Ляудис, М.М.Поташник, С.Д.Поляков, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова, В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый, Н.И.Лапин, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова, Н.Д.Никандров, Я.А.Пономарев, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Нұрахметов, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван, Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог ғалымдар зерттеген.
Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру үдерістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.
Атап айтар болсақ, С.А.Көшімбетова оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану, Қ.М.Нағымжанова бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру, Д.Р.Принбекова мектеп басқарушыларының инновациялық дайындығын негіздеп, кәсіптік ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелерін қарастырған.
Сонымен қатар, К.А.Сарбасова жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау үдерісін зерттеп, инновациялық педагогикалық технологиялар мүмкіндіктерін айқындаған. Инновациялық педагогикалық технологиялары негізінде мұғалімдердің дайындығын дамыту жолдары белгіленген.
С.А.Абдыманапов заманауи университет білімінің құрылымдық диверсификациясын талдап, университет білімін қалыптастыру әдістемесін (функциялары, макропринциптері, бағыт-бағдарлары, инновациялық технологиялары) жетілдірген. Білім жүйесінің тиімділігін арттыру және оны жетілдірілген потенциалға келтіру мақсатында білім беру саласына белсенді ақпартану қажеттілігін көрсеткен.
Е.Ш.Қозыбаев үздіксіз көп деңгейлі жоғары педагогикалық білім жүйесі үздіксіз білім мазмұнын интеграциялық тұрғыдан құру, басқару жүйесіндегі субъект - субъектілік өзара әрекет, білім сапасын басқарудың инновациялық механизмдері арқылы бітірушілердің педагогикалық дайындығының қажетті сапасын қамтамасыз етуге қабілетті екендігі анықтаған.
Т.А.Линчевская Қазақстан Республикасындағы орта білім жүйесіндегі инновациялық үдерістерді қарастырып, "инновациялық мектеп" түсінігі мен оның тұжырымының маңызын айқындаған. Қазақстан Республикасында инновациялық түріндегі оқу орындарының қызмет көрсету тәжірибесі жинақталып, қалыптасу және даму ерекшелігі айқындалған.
Қ.С.Құдайбергенева жалпы білім беру мектептерінде мұғалімдердің "өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру", "мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлығы", "атаулы мектеп", "инновациялық топ" базалық ұғымдарды нақтылап, мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлық үлгісін әзірлеген.
Г.Д.Такенова колледжді менеджмент негізінде инновациялық басқарудың принциптері мен функцияларын қарастырған. Инновациялық басқарудың құрылымдық-функционалдық үлгісін айқындап, колледждің ішкі инновациялық басқару жүйесін қолдануы және көрсеткіштер бойынша колледж қызметінің тиімділігін арттырудың өзара байланысын дәлелдеген.
Алайда, бұл еңбектерде жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру мәселелері ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.
Демек, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру тәжірибесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл - жоғары оқу орындарына инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын жаппай, жүйесіз енгізу мен жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізі мен оны дамытудың педагогикалық шарттарының жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықты сипаттайды. Осылайша, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жағдайында жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың теориялық негізін және оларды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, психологиялық-педагогикалық тұрғыда сараптау мәселесі туындайды.
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру түбегейлі түрде қарастырылмағаны және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орындарындағы білім берудегі инновация.
Зерттеудің мақсаты: жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау, оны тәжірибелік эксперименттен өткізу.
Зерттеудің болжамы: егер, жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігі теориялық тұрғыда негізделіп, оны пайдаланудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалса, онда олардың кәсіби қалыптастыру деңгейі жоғарылайды, өйткені жоғары оқу орындарында әр маманның білім беруге деген қызығушылығы артып, бағдарлылық, жүйелілік, инновациялық және іс-әрекеттік аспектілері жүзеге асырылады.
Зерттеудің міндеттері:
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
- инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін құру;
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың педагогикалық әдістемесін жасау;
- тәжірибедегі үлгіге сүйене отырып, жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ маманның кәсіби іс-әрекетін білімді ақпараттандыру жағдайында жоғары және жаңа деңгейде жетілдіру ғылыми-педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселе, себебі жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру жоғары деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: инновациялық білім беру іс-әрекетін жүзеге асыру, мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру заңдылықтарын, сондай-ақ, педагогикалық үдерістегі ақпараттың әлеуметтік рөлі туралы ережені ашып беретін қазіргі заманғы философиялық, психологиялық және педагогикалық тұжырымдамалар құрайды.
Диссертациялыќ зерттеудіњ теориялыќ, єдіснамалыќ, ғылыми-єдістемелік жєне эксперименттік ќаѓидаларын жасауда кєсіби оќыту үдерісін зерттеудегі ж%.йелілік, т+-лѓалыќ жєне іс-єрекет т+-рѓысынан ќараудыњ жалпы ѓылыми принциптері, сонымен бірге кєсіпќойлыќ, оныњ бєсекеге ќабілетті жєне кєсіби толысќан маман болып ќалыптасуындаѓы рuлі жайлы; іс-єрекеттіњ философиялыќ, психологиялыќ, педагогикалыќ теориясы; жеке тұлғаны әлеуметтендіру, әрекет, жүйе, сапа, басқару, инновация, технология, оқыту туралы философиялық, психологиялық және педагогикалық теориялары мен идеялары.
Зерттеудіњ кuздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардыњ, єлеуметтанушылардыњ, психологтардыњ, педагогтардыњ ењбектері; ЌР ‡кіметініњ ресми материалдары; Білім жєне ѓылым министрлігініњ жоѓары мектептіњ білім беру мєселелеріне ќатысты нормативті ќ+-жаттары мен оќу-єдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оќу баѓдарламалары, оќулыќтар, оќу ќ+-ралдары жєне т.б.); Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; Білім беру саласындағы педагогтардыњ ѓылыми жетістіктері мен озыќ тєжірибелері. Автордыњ жоғары оқу орнындағы көп жылдық педагогикалыќ жєне зерттеушілік іс-әрекет тєжірибесі.
Зерттеу єдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмперикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер); әлеуметтанулық (сауалнама); білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің кезеңдері: зерттеу жұмысы үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2004-2005 жылдар) - тєжірибелі - ізденіс жұмыстары жүргізілді; зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге және педагогикалық инновацияға қатысты отандық және шетелдік тәжірибелерге жан-жақты талдау жасалды. Олардың зерттеу мәселемізге байланысты қарама-қайшылықтары анықталды. Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың теориялық негіздері жасалды.
Екінші кезеңде (2005-2006 жылдар) - теориялыќ - єдістемелік т+-рѓыдағы жұмыстары жүргізілді; әдістемелік жұмыс өзінің оң нәтижесін беруі үшін, жалпы психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми тұжырымдарға талдау жасау арқылы, зерттеу барысындағы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес бір жүйеге келтірілген құрылымдық-мазмұндық үлгі жасалып, әдістемелер қолданылып, тәжірибелік-эксперимент ұйымдас-тырылды. Жасалған үлгінің тиімділігін және студенттердің білім дейгейлерін анықтау мақсатында арнайы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2006-2008 жылдар) - эксперименталды -ќорытындылау жұмыстары негізінде тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері анықталып, сандық және сапалық тұрғыда өңделіп, қорытындыланды. Деректер статистикалық өңдеуден өтті. Пайдаланылған әдебиеттер бір жүйеге келтіріліп, диссертациялық жұмыс талап бойынша дайындалды.
Зерттеу базасы. Тәжірибелі-экспермент жұмысы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделіп, олардың мәні мен түрлері анықталды;
- инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі құрылды;
- инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың педагогикалық әдістемесі жасалып, тәжірибеге ендірілді;
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік сынақтан өткізілді.
Қорыта келгенде, барлық көрсетілген жаңалық элементтері білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың үлгісін құрайды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған "Қазіргі заманғы педагогикадағы инновациялық үдерістер және оларды жүзеге асыру технологиялары" атты арнайы курс бағдарламасы жасалды; жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың әдіс-тәсілдері белгіленді; инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тәжірибелік - эксперименталдық мүмкіндіктері анықталып, оның мәні, түрлері, құрылымы және деңгейлері ашылды.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары оқу орындарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында және жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқарушылардың нақты практикалық қызметтерінде пайдалануына болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- қазіргі заман талаптарына сәйкес, адам мен қоғам арасындағы үйлесімділік туралы философиялық қағидаларға, таным теориясына, іс-әрекеттік теорияларына, ғылыми-педагогикалық теориялар мен кәсіби маман қалыптастыру тұжырымдамаларына негізделген жоғары оқу орындарында инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру үдерісінің теориялық негізі;
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың сапасын жетілдірудегі мәні, мазмұны және құрылымы;
- инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың әдістемелік-тәжірибесін жүзеге асыруға негізделген, инновациялық білім деңгейін анықтауға бағытталған (компоненттер, өлшемдер, көрсеткіштер) құрылымдық-мазмұндық үлгі;
- инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру нақты шарттар арқылы (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік) жүзеге асырылуы: мазмұндық - тұжырымдама негізінде пән бағдарламаларын жасаумен айқындалуы; ұйымдастырушылық - оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі жұмыс формаларын, әдіс-тәсілдерді пайдаланумен анықталуы; әдістемелік - білім беру үдерістерін басқаруды диагностикалау, жоспарлау, ұйымдастыру мен талдауға негізделген жұмыстар сипаттамасы.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты және "Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту" атты Орта Азия елдерінің ІІ Түркістан интеграциялық форумында, "Жоғары оқу орнында білім берудің жаңа технологиялары: теориясы мен практикасы" атты І халықаралық конференцияда және "ХХІ ғасырда білім мен ғылымды ұштастырудың жолдары және білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда баяндалып, мерзімді Қазақстан жоғары мектебі, Ұлт тағылымы, Ізденіс атты ғылыми-педагогикалық басылымдарда көрініс тапты.
Зерттеу нєтижелерініњ дєлелділігі мен негізділігі алѓашќы әдіснамалық және теориялыќ кuзќарастармен; практикалыќ ж+-мыс мазм+-ныныњ ѓылыми аппаратќа сєйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне барабар єдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерініњ дєлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үдерісіне кешенді ендірілуімен дәлелденді.
Диссертацияның құрылымы: диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты: көкейкестілігі, мақсаты, зерттеу пәні, нысаны, міндеттері, ғылыми болжамы, зерттеудің жетекші идеясы мен ғылыми жаңалығы айқындалып, жұмыстың теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы, зерттеу кезеңдері, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін енгізу жолдары сипатталды.
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың теориялық негіздері атты бірінші бөлімде инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық мәселелеріне; жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру мазмұнының қазіргі күй-жайына; инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі жасалып, сипаттама берілді.
Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың әдістемесі атты екінші бөлімде жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби тұрғыда қалыптастырудың педагогикалық шарттарына және инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың іс-әрекеттері мен құрылымдары анықталады, тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде дәлелденіп, кәсіби қалыптастырудың келешектегі даму жолдары қарастырылды.
Қорытындыда ғылыми-педагогикалық және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдармен қорытынды жасалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Қосымшаларда зерттеу материалдарына байланысты баспадан шыққан арнайы курстың пән бағдарламалары қамтылған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Б%.гінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті - білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы uзгерген сайын жоѓары оќу орындарына ќоѓам тарапынан ќойылатын талап та uзгереді. Ќазаќстан Респуликасыныњ Президенті Н.Ә.Назарбаевтыњ мемлекеттіњ болашаќ дамуына арналѓан Ќазаќстан - 2030 баѓдарламасында жоѓары білімніњ сапалылыѓы, адамс%.йгіштігі жєне жаћандануы арќылы мєдениет жасаушылыќ, интеграциялыќ роліне ерекше мєн берген болатын. Осыѓан байланысты елімізде жоѓары білім беру саласы соњѓы жылдары uзгерістерге +-шырап, жања баѓыт іздеу жолында.
Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады.
Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері "новация" мен "инновация" ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.
Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында "инновация, жаңалық, жаңару - техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы" деген анықтама беріледі.
Ал, сөздікте "новация - бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі" делінсе, "инновация - мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық" ретінде пайымдалады.
"Инновация" сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Қазақстанда ең алғаш "инновация" ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н.Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет" деп көрсетеді.
Ал, К.Құдайбергенова "инновацияны" - нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: "инновация" - жаңарту, "нововедение" - енген жаңалық, "новое" - жаңа, "новшество" - жаңалық, "инновационный процесс" - жаңарту үдерісі.
Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі - олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.
Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген және спонтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.
Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.
Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі:
1) Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.
2) Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.
3) Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады.
Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады.
Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады:
4) Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді.
5) Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.
6) Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.
Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді.
Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады.
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың ұйымдық-педагогикалық шарттар жүйесі:
- инновациялық білім беру үдерістері жұмыс істейтін оқу және білім беру ортасының ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін;
- жоғары оқу орындарының инновациялық құрылымын құру кезінде білім беру, ғылыми-зерттеу және коммерциялық (инновациялық білім беру үдерістеріне кететін шығынды өтеу және келешектегі инновациялық білім беру үдерістерін қаржыландыру әлеуетін қалыптастыру мақсатында) іс-әрекеттердің үйлесімділігінің орнатылуын;
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару құрылымының инновациялық білім беру үдерісінің кезеңдерін жүзеге асыратын функциялармен сәйкестігін;
- оқу материалдарының көлемін және пәндік дайындықтың қысқартылған мерзімін ескере отырып, оқыту әдістері мен түрлерінің ең оңтайлы үйлесімділігін;
- оқу материалының кәсіптік бағдарлану, өзекті мәселеге бағытталу және мәселені ашып көрсету деңгейінің қамтамасыз етілуін еңбек нарығы мен білім беру қызметтері нарығының маркетингтік зерттелуін қамтиды.
Қазіргі кездегі жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, инновациялық ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.
Ал енді, жоғары кәсіби білім берудің алдында тұрған неғұрлым маңызды, мәнді міндеттерге келсек, мыналарды бөле-жара атаған жөн:
біріншіден, білім жүйесін жетілдіру;
екіншіден, оны үздіксіз әрі көпсатылы құрылым ретінде енгізу;
үшіншіден, халықаралық біліми кеңестікке кіру.
Бүгінгі таңда бұрынғы жоғары білім беру жүйелерін осы заманғы әлеуметтік, экономикалық даму тұрғысынан жетілдіру талап етіледі. Ең басты мәселе - білімді жетілдіру, жаңа жүйеге көшу болып табылады.
Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Оқытудың кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін қолдануды атап айтуға болады.
Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақстанның жоѓары кәсіби білім берудің көп деңгейлі ќ+-рылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік жүйені енгізу жағдайларында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу %.дерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
ЌР Білім жєне Ѓылым министрлігі "Ќазаќстан Республикасындаѓы білім беруді дамытудыњ 2015 жылѓа дейінгі т+-жырымдамасын" дайындап, кuрсетілген кезењдердегі білім ќызметкерлері мен білім беру мекемелерініњ міндеттерін аныќтаѓан болатын.
Ал, Елбасымыз 2004 жылы білім беруде атќаруѓа тиісті наќты істер белгіленген 2005-2010 жылдарѓа арналѓан отандыќ мемлекеттік баѓдарламаны бекітті. Ендігі жерде біз білім берудегі басты ќ+-жат осы деп есептейміз.
Єлемдік білім кењістігіне ену Ќазаќстанныњ жоѓары оќу орындары Халыќаралыќ стандарттау +-йымы (ISO - International Standard Organisation) дайындаѓан 2000 жылѓы н+-сќаудаѓы ISO 9000 стандарттар сериясыныњ талаптарынан кем т%.спейтін, +-лттыќ ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім беру ќызметін +-сынѓанда ѓана м%.мкін болады. Себебі, біздіњ ѓасыр - білім, ѓылым жєне сапа ѓасыры. Осы %.шеуі элитарлыќ білімніњ негізі болып табылады. Біз жоѓары оќу орындарын тек білім беруші мекеме деп ќарайтын біржаќты т%.сініктен арылып, оныњ ѓылымныњ бастауы жєне орталыѓы екенін +-ѓынѓанымыз абзал. ¤йткені, элитарлыќ білімді ѓылым жетістігінсіз беру м%.мкін емес, ал оныњ дењгейін аныќтайтын uлшем - сапа. Ендеше, жалпыѓа бірдей жоѓары білім беруден элитарлыќ жоѓары білім беруге біртіндеп кuшуіміз ќажет.
Жоѓары білім беру жүйесін дәстүрлі принциптермен басқару, жоѓары білім беру саласындағы елеулі өзгерістердің қажеттілігінің арасындағы қайшылықтарды шешу қажеттілігі жаңа әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайлармен байланыстырылады, жоғары білім берудің басты мақсаттары және құндылықтарының өзгертілуі барлық жоѓары білім беру жүйесіндегі даму тенденциясын анықтайды. Жоѓары білім беру қызметі саласында Сапа менеджмент жүйесін қалыптастырғанда ғана жоғары оқу орны қарқынды дамуы мүмкін.
Кєсіби қалыптастырудың немесе кєсіби мамандарды қайта қалыптастырудың теориялық негізін жетілдіру, олардың саласын кеңейту және педагогикалық зерттеулердің фундаменталдық және қолданбалы ғылыми жаңа бағыттарын дамыту, университеттің жоѓары білім беру %.дерісіне Сапа менеджменті жүйесін енгізу, оқытудың кредиттік технологиясын енгізу негізінде білім беру және білім алу қызметтерініњ саласын арттыру, ѓылыми-педагогикалық кадрлардың, соның ішінде дарынды жастардың потенциалдарының өсуіне инновациялық демеу жасалынатындай университеттің материалдық-техникалық базасын дамыту болып табылады.
Жоғары оқу орындарындағы инновацияларды басқару мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерін шешуге арналған маңызды құралдарға басқару қызметтерінің жиынтығымен анықталатын басқарушылық іс-әрекеттің мазмұны, басқарушы жүйенің ұйымдық құрылымы, басқарушы субъектілер қолданатын басқару технологиялары және олардың қарамағындағы ресурстар кіреді.
Басқарушы жүйенің инновациялық үдеріске ықпалы нәтижесінде жоғары оқу орнындағы инновациялық іс-әрекеттің сәтті орындалуына қажетті мынадай алғы шарттар қалыптасу қажет:
ұжым мүшелеріне жоғары оқу орнын дамытудың қажетті әрі ортақ құндылық екендігін ұғындыру;
инновациялық өзгерістерге қатысушыларға жоғары оқу орнын дамытуға мұқтаж әрі қажетті екендіктерін сезіндіру;
жоғары оқу орнын дамыту жөніндегі іс-әрекетті негізгі құндылықтарымен қамтамасыз ету;
инновациялық іс-әрекетке қатысушыларды жаңалық жасауға және өзгерістер енгізуге ынталандыру;
қатысушылардың бойына инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілетті сіңдіру;
жаңалықтарды сәтті игеруге қажетті барлық ресурстарды дайындау.
Ал, нақты жоғары оқу орнында жүзеге асырылатын инновациялық үдерістерді басқаруды кәсіби қалыптастыру міндеттерінің жиынтығын айқындау үшін келесі шарттарды орындау қажет:
- жекелеген жаңалықтар арасындағы байланыстарды ескере отырып, оның жалпы құрылымын құру (осы құрылым жалпы даму бағдарламасының құрылымын сипаттайды);
- әр бір жаңалық енгізілген сайын оның пәндік ерекшеліктерін және алдағы өзгерістердің ауқымы мен тәсілдерін ескере отырып, басқару міндеттерін қайта анықтау;
- осы міндеттерді жоғары оқу орны ішіндегі инновациялық үдерістерді басқарудың әр түрлі деңгейлеріне тән мақсаттар иерархиясын игеруге бағытталған және мақсаттар бойынша ойластырылған басқару қисынына сай құрастыру;
- жоғары оқу орнының мүмкіншіліктерін бағалау және осы міндеттерді шешу.
Жоғары оқу орнының инновациялық үдерістерді басқарудың нақты міндеттерін шешу мүмкіншілігін бағалау үшін, біріншіден, осы міндеттерді шешуге арналған құралдарды дайындау қажет. Екіншіден, осы құралдардың қолданысына кедергі келтіретін жоғары оқу орны ішіндегі басқару мәселелерін айқындап алу керек. Үшіншіден, анықталған мәселелерді шешу жолдары мен тәсілдерін тауып, олардың шешілу деңгейін болжамдау қажет. Сонымен, басшылардың жоба құрушылық іс-әрекетінің сапасы мен тиімділігі даму үдерісін интенсивтендірудің маңызды факторы болып табылады.
Зерттеу жұмысымызда инновациялық білім берудің өзекті мәселелерін зерттеген шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерін, білім берудегі жаңалықтардың түрлерін, инновациялық үдерістің кезеңдерінің мазмұнын негіздей отырып, тақырымызға сәйкес жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың анықтамасын беруге мүмкіндік берді.
Сонымен, жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру дегеніміз - қазіргі талаптарға сай білім беру саласына жаңа оқу әдістерін ендіру арқылы, жеке тұлғаның кәсіби білімі мен біліктілігін жетілдіре отырып, кәсіби қызметке қажетті білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерісін және оның құрамдас бөліктері саналатын оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны мен ұйымдастырылуын жобалау, қадағалау, реттеу, түзету және ғылыми пайдалылығын анықтау мен сыналған тәжірибені тарату мәселелерін жан-жақты зерттеуге қажеттілік туындайды. Міне, сол себептен, инновациялық білім беру іс-әрекетімен қатар, оған тиесілі эксперттік жұмысты да атқарудың маңызы зор деп есептеледі.
Экспертиза (сараптама) - инновациялық бастаманың қоғамдық маңызын, жүзеге асу әлеуетін және жергілікті білім беру ортасына ену ерекшелігін сипаттайтын жағдайды бағалау болып табылады. Экспертизаның мақсаты осы бастаманың ықтимал қозғалу бағыттарын, оның өмір сүру түрлері мен жергілікті жағдайға ену формаларын анықтауға бағытталады.
Білім беру саласындағы инновациялық өңдеулердің экспертизасы, ең кемінде, мынадай үш мақсатты ұстанады:
1. Қарастырылатын материалдардың бұрыннан бар дәстүрлерге немесе кейбір үлгілерге сәйкестік деңгейін бағалау.
2. Автордың түпкі ойы мен бастапқы жобалық идеяны түсіну; оның дүниетанымдық маңызын, жобаның мақсатты бағыт-бағдарын және аса құнды мағыналық негіздерін анықтау.
3. Жоба жасаушылардың инновациялық жобаны әзірлеу мен кәсіби шеберліктерін көтеру жөніндегі іс-әрекеті мен жобаны жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекетті бағалау.
Осыған байланысты, тек құжаттар мен нәтижелердің сипаттамасын сараптап қана қоймай, тікелей практикалық іс-әрекетті де саралау қажет. Эксперименттік ізденіс кезінде мұндай сараптама инновациялық білім беру іс-әрекетінің нәтижелері мен мәселелерін анықтаумен қатар, оның даму бағыттарын да белгілеуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары педагогика ғылымында үлгілеу (модельдеу) әдісін кеңінен қолдануда, бұл әдіс білімнің басқа да салаларында көптеп қарастырылып келеді. Себебі, үлгілеу алғашқы ұғымдар мен болжамдар арқылы құрылатын іргетас негіздерін тексеріп алуға мүмкіндік береді. Үлгі бойынша алынған мәліметтер оқу-тәрбие үдерісінің теориялық негіздерін құру үшін мәнді мазмұнға ие болады.
Үлгі (лат. тілінен Modulus - модель - өлшем, үлгі, мөлшер) кең мағынада түпнұсқаның орынбасушысы деген ұғымды білдіреді. Біздің пікірімізше, үлгілеу бұл зерттеушінің меңгеруіне қолайлы түрде жинақтап қорытындыланған, дерексіз - қонымды бейнені жасау үдерісі деп түсіну керек.
Біздің зерттеу жұмысымыз өзінің оң нәтижесін беруі мақсатында, жалпы психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми тұжырымдарға талдау жасау негізінде, зерттеу барысындағы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес бір жүйеге келтірілген жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін жасауға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін кесте 1-де ұсынамыз.
Кесте 1 - Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі

Компоненттер
Өлшемдер
Көрсеткіштер

Мотивациялық

Инновациялық
білім мен іс-әрекетке оң көзқараспен қарауы
- басқарушылардың инновациялық үдерістің немесе жобаның қаншалықты шынайы өмір сүре алатындығын анықтауға ұмтылуы;
- басқарушылардың жобаның құрылымдық бөліктерінің үйлесімділігін ұйымдық, технологиялық, кәсіптік, қаржылық, материалды-техникалық ресурстарды бір-бірімен байланыстыра отырып, сауалға жауап іздеуге талпынуы;
-басқарушылардың инновациялық іс-әрекетке тартылатын адамдар тобын анықтауға ұмтылуы;
-басқарушылардың жобаны жүзеге асыратын тәсілдерді таба білуге ынталануы;

Танымдық

Инновациялық білім беру үдерісі
туралы сауаттылығы

-басқарушылардың инновациялық білім беру үдерісінің іске асушылығын білуі;
- басқарушылардың инновациялық жобаның жаңашылдық деңгейін және оның қаншалықты жаңалық әкелетіндігін анықтау сауаттылығы;
-ұжым мүшелеріне жоғары оқу орнын дамытудың қажетті құндылық екенін ұғындыру білімі;
-инновациялық іс-әрекетті басқарушылардың жаңалық жасау және өзгерістер енгізу білімі;
- инновациялық іс-әрекетті басқарушыларда инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілетті меңгерту білімінің болуы.

Іс-әрекеттік

Инновациялық білім беру үдерістерін пайдаланудағы кәсіби іскерліктің болуы
- басқарушылардың инновациялық жобаның тиімділігін жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар қоя білу және оны орындау іс-әрекеттері;
-басқарушылардың инновациялық білім беру үдерісінің келешектегі әр бір қадамы туралы болжамдар жасау іскерлігі мен дағдылары;
-басқарушылардың инновациялық білім беру үдерісінің топтағы адамдардың әрқайсысына нақты қызметтік міндеттемелерді жүктеп идеяны жүзеге асыру іскерлігі мен дағдылары;
-басқарушылардың жобаны жүзеге асыру барысындағы өзге де субъектілердің қатысуын, тартылуын, үйлесе жұмыс істеу деңгейін көрсететін инновациялық жобаны іске асыру іскерлігі мен дағдылары;
- жаңалықтарды сәтті игеруге қажетті барлық ресурстарды дайындау іскерлігі мен дағдылары.

Бұл мазмұн үлгі түрінде өрнектелгенде ғана нәтижелі сипат алады және үлгі зерттеу жұмысын жүйелі, мақсатты нақты жоспарлауда нәтижелі мәлімет
алуға көмектеседі. Үлгіде жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың мотивациялық, танымдық, іс-әрекеттік компоненттермен, өлшемдермен және бірқатар көрсеткіштермен сипатталған.
Осы үлгіні негізге ала отырып жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру деңгейін анықтауға болады, оларға мыналар жатады: төмен, орта, жеткілікті, жоғары.
Төмен деңгей: ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру
ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қызметін жетілдіру ұйымдастырушы экономикалық аспектілері
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Инновациялық педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі принциптері
Іскерлік ойындар технологиясы
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Білім берудегі инновациялар
Пәндер