Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін
басқаруды кәсіби қалыптастыру

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үдерісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технология-ларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленетінін мойындауға болады. Мұндай даму қоғамды ақпараттандыру технологиясын қарқынды дамыту аясында жүзеге асырылып отыр.
Жоғары оқу орнының басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау.
Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Бүгінгі күнгі педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері - әлемдік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, кәсіби қалыптастырудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру.
Қазақстан Респубикасының Білім туралы Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет, - деген болатын.
Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инновациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бұл инновациялардың басым көпшілігі технологиялық жеткіліксіздігі мен теориялық негізінің әлсіздігі салдарынан жаппай білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің жойылып, оның орнына жаңасының құрылып жатқандығын растай түседі.
Қазіргі заман педагогтары Б.Әбдікәрімов, М.С.Молдабекова, Т.С.Садықов, А.А.Саипов, Л.Х.Мажитова, Г.Ж.Меңлібекова, Е.Ө.Медеуов, Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Жолдасбеков, Ж.К.Оңалбек, С.Маусымбаев, А.М.Абдыров, Б.А.Оспанова, К.М.Беркімбаев және т.б. маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.
Жоғары оқу орындарында болашақ түрлі мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары А.В.Усова, И.Л.Беленок, Б.К.Момынбаев, М.А.Құдайқұлов, Ш.Т.Таубаева, А.Е.Әбілқасымова, А.Б.Абибуллаева, О.С.Сыздықов, А.Г.Қазмағамбетов, Б.Т.Кенжебеков, С.М.Кеңесбаев, Қ.Ералин, Б.Тойлыбаев, К.М.Беркімбаев, А.З.Тұрсынбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан талданған.
Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудің қазіргі заманғы келелі мәселелері Б.К.Момынбаевтың, Л.К.Керімовтің, С.Ж.Пірәлиевтің, М.Н.Сарыбековтың, С.С.Хасеновтың, В.А.Кимнің, Ж.И.Намазбаеваның, Н.Асановтың, Қ.Б.Бөлеевтің, О.Салимбаевтың, Ж.А.Шоқыбаевтың, Е.Омардың, Н.К.Ахметовтың, К.М.Беркімбаевтың және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Н.Асанов, Ш.Т.Таубаева, С.С.Хасенов, Е.Ш.Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н.А.Әбішев, К.Д.Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Б.К.Момынбаев, К.Ө.Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ.Ж.Аганина, А.М.Мүсілімов, Г.Т.Хайруллин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады.
Инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы алыс және жақын шетел ғалымдарының К.Ангеловски, М.В.Кларин, В.Я.Ляудис, М.М.Поташник, С.Д.Поляков, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова, В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый, Н.И.Лапин, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова, Н.Д.Никандров, Я.А.Пономарев, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Нұрахметов, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван, Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог ғалымдар зерттеген.
Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру үдерістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.
Атап айтар болсақ, С.А.Көшімбетова оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану, Қ.М.Нағымжанова бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру, Д.Р.Принбекова мектеп басқарушыларының инновациялық дайындығын негіздеп, кәсіптік ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелерін қарастырған.
Сонымен қатар, К.А.Сарбасова жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау үдерісін зерттеп, инновациялық педагогикалық технологиялар мүмкіндіктерін айқындаған. Инновациялық педагогикалық технологиялары негізінде мұғалімдердің дайындығын дамыту жолдары белгіленген.
С.А.Абдыманапов заманауи университет білімінің құрылымдық диверсификациясын талдап, университет білімін қалыптастыру әдістемесін (функциялары, макропринциптері, бағыт-бағдарлары, инновациялық технологиялары) жетілдірген. Білім жүйесінің тиімділігін арттыру және оны жетілдірілген потенциалға келтіру мақсатында білім беру саласына белсенді ақпартану қажеттілігін көрсеткен.
Е.Ш.Қозыбаев үздіксіз көп деңгейлі жоғары педагогикалық білім жүйесі үздіксіз білім мазмұнын интеграциялық тұрғыдан құру, басқару жүйесіндегі субъект - субъектілік өзара әрекет, білім сапасын басқарудың инновациялық механизмдері арқылы бітірушілердің педагогикалық дайындығының қажетті сапасын қамтамасыз етуге қабілетті екендігі анықтаған.
Т.А.Линчевская Қазақстан Республикасындағы орта білім жүйесіндегі инновациялық үдерістерді қарастырып, "инновациялық мектеп" түсінігі мен оның тұжырымының маңызын айқындаған. Қазақстан Республикасында инновациялық түріндегі оқу орындарының қызмет көрсету тәжірибесі жинақталып, қалыптасу және даму ерекшелігі айқындалған.
Қ.С.Құдайбергенева жалпы білім беру мектептерінде мұғалімдердің "өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру", "мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлығы", "атаулы мектеп", "инновациялық топ" базалық ұғымдарды нақтылап, мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлық үлгісін әзірлеген.
Г.Д.Такенова колледжді менеджмент негізінде инновациялық басқарудың принциптері мен функцияларын қарастырған. Инновациялық басқарудың құрылымдық-функционалдық үлгісін айқындап, колледждің ішкі инновациялық басқару жүйесін қолдануы және көрсеткіштер бойынша колледж қызметінің тиімділігін арттырудың өзара байланысын дәлелдеген.
Алайда, бұл еңбектерде жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру мәселелері ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.
Демек, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру тәжірибесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл - жоғары оқу орындарына инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын жаппай, жүйесіз енгізу мен жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізі мен оны дамытудың педагогикалық шарттарының жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықты сипаттайды. Осылайша, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жағдайында жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың теориялық негізін және оларды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, психологиялық-педагогикалық тұрғыда сараптау мәселесі туындайды.
Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті - білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтыњ мемлекеттіњ болашақдамуына арналған Қазақстан - 2030 бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және жаһандануы арқылы мәдениет жасаушылық, интеграциялық роліне ерекше мєн берген болатын. Осыған байланысты елімізде жоғары білім беру саласы соңғы жылдары өзгерістерге ұшырап, жаңа бағыт іздеу жолында.
Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады.
Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері "новация" мен "инновация" ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.
Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында "инновация, жаңалық, жаңару - техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы" деген анықтама беріледі.
Ал, сөздікте "новация - бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі" делінсе, "инновация - мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық" ретінде пайымдалады.
"Инновация" сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Қазақстанда ең алғаш "инновация" ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н.Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет" деп көрсетеді.
Ал, К.Құдайбергенова "инновацияны" - нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: "инновация" - жаңарту, "нововедение" - енген жаңалық, "новое" - жаңа, "новшество" - жаңалық, "инновационный процесс" - жаңарту үдерісі.
Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі - олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.
Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген және спонтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.
Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.
Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі:
1) Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.
2) Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.
3) Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады.
Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады.
Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады:
4) Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді.
5) Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.
6) Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.
Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді.
Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады.
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың ұйымдық-педагогикалық шарттар жүйесі:
- инновациялық білім беру үдерістері жұмыс істейтін оқу және білім беру ортасының ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін;
- жоғары оқу орындарының инновациялық құрылымын құру кезінде білім беру, ғылыми-зерттеу және коммерциялық (инновациялық білім беру үдерістеріне кететін шығынды өтеу және келешектегі инновациялық білім беру үдерістерін қаржыландыру әлеуетін қалыптастыру мақсатында) іс-әрекеттердің үйлесімділігінің орнатылуын;
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару құрылымының инновациялық білім беру үдерісінің кезеңдерін жүзеге асыратын функциялармен сәйкестігін;
- оқу материалдарының көлемін және пәндік дайындықтың қысқартылған мерзімін ескере отырып, оқыту әдістері мен түрлерінің ең оңтайлы үйлесімділігін;
- оқу материалының кәсіптік бағдарлану, өзекті мәселеге бағытталу және мәселені ашып көрсету деңгейінің қамтамасыз етілуін еңбек нарығы мен білім беру қызметтері нарығының маркетингтік зерттелуін қамтиды.
Қазіргі кездегі жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, инновациялық ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.
Ал енді, жоғары кәсіби білім берудің алдында тұрған неғұрлым маңызды, мәнді міндеттерге келсек, мыналарды бөле-жара атаған жөн:
біріншіден, білім жүйесін жетілдіру;
екіншіден, оны үздіксіз әрі көпсатылы құрылым ретінде енгізу;
үшіншіден, халықаралық біліми кеңестікке кіру.
Бүгінгі таңда бұрынғы жоғары білім беру жүйелерін осы заманғы әлеуметтік, экономикалық даму тұрғысынан жетілдіру талап етіледі. Ең басты мәселе - білімді жетілдіру, жаңа жүйеге көшу болып табылады.
Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Оқытудың кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін қолдануды атап айтуға болады.
Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақстанның жоѓары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік жүйені енгізу жағдайларында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
ҚР Білім жєне Ғылым министрлігі "Қазақстан Республикасындаѓы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын" дайындап, кuрсетілген кезеңдердегі білім қызметкерлері мен білім беру мекемелерініњ міндеттерін анықтаған болатын.
Ал, Елбасымыз 2004 жылы білім беруде атқаруға тиісті нақты істер белгіленген 2005-2010 жылдарға арналған отандық мемлекеттік бағдарламаны бекітті. Ендігі жерде біз білім берудегі басты құжат осы деп есептейміз.
Әлемдік білім кеңістігіне ену Қазақстанның жоғары оқу орындары Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO - International Standard Organisation) дайындаған 2000 жылғы нұсқаудағы ISO 9000 стандарттар сериясының талаптарынан кем түспейтін, ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім беру қызметін ұсынғанда ғана мүмкін болады. Себебі, біздің ғасыр - білім, ғылым және сапа ғасыры. Осы үшеуі элитарлық білімнің негізі болып табылады. Біз жоғары оқу орындарын тек білім беруші мекеме деп қарайтын біржақты түсініктен арылып, оныњ ғылымның бастауы жєне орталыѓы екенін ұғынғанымыз абзал. өйткені, элитарлыќ білімді ғылым жетістігінсіз беру мүмкін емес, ал оның деңгейін анықтайтын өлшем - сапа. Ендеше, жалпыға бірдей жоғары білім беруден элитарлық жоғары білім беруге біртіндеп көшуіміз қажет.
Жоғары білім беру жүйесін дәстүрлі принциптермен басқару, жоғары білім беру саласындағы елеулі өзгерістердің қажеттілігінің арасындағы қайшылықтарды шешу қажеттілігі жаңа әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайлармен байланыстырылады, жоғары білім берудің басты мақсаттары және құндылықтарының өзгертілуі барлық жоғары білім беру жүйесіндегі даму тенденциясын анықтайды. Жоғары білім беру қызметі саласында Сапа менеджмент жүйесін қалыптастырғанда ғана жоғары оқу орны қарқынды дамуы мүмкін.
Кәсіби қалыптастырудың немесе кәсіби мамандарды қайта қалыптастырудың теориялық негізін жетілдіру, олардың саласын кеңейту және педагогикалық зерттеулердің фундаменталдық және қолданбалы ғылыми жаңа бағыттарын дамыту, университеттің жоғары білім беру %.дерісіне Сапа менеджменті жүйесін енгізу, оқытудың кредиттік технологиясын енгізу негізінде білім беру және білім алу қызметтерініњ саласын арттыру, ғылыми-педагогикалық кадрлардың, соның ішінде дарынды жастардың потенциалдарының өсуіне инновациялық демеу жасалынатындай университеттің материалдық-техникалық базасын дамыту болып табылады.
Жоғары оқу орындарындағы инновацияларды басқару мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерін шешуге арналған маңызды құралдарға басқару қызметтерінің жиынтығымен анықталатын басқарушылық іс-әрекеттің мазмұны, басқарушы жүйенің ұйымдық құрылымы, басқарушы субъектілер қолданатын басқару технологиялары және олардың қарамағындағы ресурстар кіреді.
Басқарушы жүйенің инновациялық үдеріске ықпалы нәтижесінде жоғары оқу орнындағы инновациялық іс-әрекеттің сәтті орындалуына қажетті мынадай алғы шарттар қалыптасу қажет:
ұжым мүшелеріне жоғары оқу орнын дамытудың қажетті әрі ортақ құндылық екендігін ұғындыру;
инновациялық өзгерістерге қатысушыларға жоғары оқу орнын дамытуға мұқтаж әрі қажетті екендіктерін сезіндіру;
жоғары оқу орнын дамыту жөніндегі іс-әрекетті негізгі құндылықтарымен қамтамасыз ету;
инновациялық іс-әрекетке қатысушыларды жаңалық жасауға және өзгерістер енгізуге ынталандыру;
қатысушылардың бойына инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілетті сіңдіру;
жаңалықтарды сәтті игеруге қажетті барлық ресурстарды дайындау.
Ал, нақты жоғары оқу орнында жүзеге асырылатын инновациялық үдерістерді басқаруды кәсіби қалыптастыру міндеттерінің жиынтығын айқындау үшін келесі шарттарды орындау қажет:
- жекелеген жаңалықтар арасындағы байланыстарды ескере отырып, оның жалпы құрылымын құру (осы құрылым жалпы даму бағдарламасының құрылымын сипаттайды);
- әр бір жаңалық енгізілген сайын оның пәндік ерекшеліктерін және алдағы өзгерістердің ауқымы мен тәсілдерін ескере отырып, басқару міндеттерін қайта анықтау;
- осы міндеттерді жоғары оқу орны ішіндегі инновациялық үдерістерді басқарудың әр түрлі деңгейлеріне тән мақсаттар иерархиясын игеруге бағытталған және мақсаттар бойынша ойластырылған басқару қисынына сай құрастыру;
- жоғары оқу орнының мүмкіншіліктерін бағалау және осы міндеттерді шешу.
Жоғары оқу орнының инновациялық үдерістерді басқарудың нақты міндеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Автореферат
ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қызметін жетілдіру ұйымдастырушы экономикалық аспектілері
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Іскерлік ойындар технологиясы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Инновациялық педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі принциптері
Пәндер