Жүн өнімі
Жүн өнімділігі
Жүн өнімі қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың бір жыл ішінде қырқылған жүннің мөлшерінде және оның сапасына қарай бағаланады. Жүн негізінде өнеркәсіптік шикізат ретінде өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты, жүннің түсімі, талшықтар биязылығы, ұзындығы әртүрлі болады.
Жүн қылшықтары мынадай түрлерге бөлінеді: түбіт, аралық қылшық, өлі қылшық, тікенек қылшық. Қой жүнінің қылшықтарының екі түрін ажыратады: біркелкі және әркелкі.
Біркелкі жүн бірыңғай түбіттен немесе аралық қылшықтан тұрады. Түбіттен тұратын жүнді биязы, ал аралық қылшықтан тұратын жүнді биязылау деп атайды. Биязы жүн диаметрі 25 микрометрден аспайтын түбіттен тұрады, ұзындығы 6-9 см, бұйра, шайырлы, ақ, тығыз болады. Осындай жүнді алтай, солтүстік, оңтүстік меринос, қазақтың биязы жүнді тұқымдарынан қырқады. Биязылау жүннің диаметрі 25 микрометрден артады, түбіт немесе аралық қылшықтан, олардың аралас қоспасынан тұрады, ұзындығы 8-15 см, кейбір тұқымдарда 25-30 см, ирегі үлкен, жылтыр, шайыры орташа. Мұндай жүнді линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер, кроссбред қырқып алады.
Әркелкі жүн түбіттен, аралық құрғақ, өлі тікенек қылшықтан тұрады.Олардың бір-бірінен айырмашылықтары - жуан-жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы. Әркелкі жүн қылшықжәне ұяң деп бөлінеді.
Қылшық жүн қазақы, еділбай, гиссар, қаракөл т.б. қойлардан қырқылады.Ұяң жүн аралық қылшық пен түбіттен тұрады. Одан сапалы кілем, тоқыма бұйымдар жасалынады. Сапалы ұяң жүн сараджа, тәжік, балбас, қарғалы қойларынан алынады. Қойдан жүн алу үшін биязы жүнді қойларды жылына бір рет - көктемде, қылшық жүнді қойларды екі рет - көктемде және күзде қырқады. Ең көп жүн биязы жүнді қойлардан қырқылады. Дүние жүзілік рекорд ставрополь қойынан - 31,7 кг жүн қырқылған.
7.1. Қой қырқу. Қойдан алынатын өнім - жүн. Ол өзінің технолгиялық және биологиялық жағынан киім және басқа бұйымдар өндіруге еш теңдесі жоқ шикізатқа жатады. Жүннің сапасы - оны уақытында және дұрыс қырқып алынуына байланысты болады. Қылшықты жүнді қойларды жылына екі рет (көктемде, күзде) қырқады, ал биязы және биязылау жүнді қойларды жылына бір рет - көктемде - қырқады. Ерте қыста немесе көктемде туған қозыларды жазда немесе күзде қырқуға болады.
Қырқу мерзімі ауа-райына, жүннің өсуіне, тұқымға, қыстың ұзақтығына байланысты. Көктемдегі қырқымды күн жылыда, жауын-шашынсыз күндері жылы қорада ұстап бағады. Қырқу мерзімін кешіктірмеу керек, себебі мал өз салмағын ыстық күндері жоғалтады, ал қылшықты құйрықты қой түлей бастайды да, жарты жүні түсіп қалады.
Жоғары қоңдылықтағы қойдың жүні сапалы, тығыз, тез шайырланады, терісі мықты, тез қырқылады. Қойдың жүні құрғақ болу керек. Оны қырыққыш машинамен немесе қол қайшымен қырқады. Алдымен оның үш аяғын байлап, жерге төселген брезентке немесе ағаш еденге жатқызады. Содан кейін басынан бастап, мойнын, кеудесін қырқып, аяғын басатқан соң қарнын қырқады.Қырыққанда қайшыны теріге жақын, бірақ кесіп алмайтындай етіп ұстайды. Бір салған жерге екі рет салмау керек, себебі жүн қиқымы көбейіп кетеді. Аяқ, қарын, құйрық жүндерін және басқа былғанған жерлерін бөлек
қырқып, жинайжы. Жүнді орап, пресске салып, 100-110 кг бума қылып сорттап, жүн жинайтын мекемелерге, агенттерге өткізеді. Жүнді тек кепкен күйінде сақтауға болатынын ескеру қажет!
Егер қойды электр машинкаларымен қырықса, қырқу сапасы жоғарылайды. Өндіріс арнайы фермер қолдану үшін маркасы ЭСА-І Д электр қырыққыш машинкаларын шығарады. Айта кету қажет: бұндай машинкалар электр энергиясын қолданғандықтан, оларды тек қана электр тогы бар шаруашылықтар ғана қолдана алады.
7.2. Қаракөл елтірісін бағалау. Қойдан елтірі алынады. Елтірі дегеніміз 1-3 күдігінде сойылған қаракөл қозысының терісі, жүні бұйра және әдемі болады. Қозы есейген сайын бұйра жайыла береді. Елтірі сапасы қойдың тұқымына қозыны сою мерзіміне, тері сыдыру әдісіне және олардың алғашқы өңделуіне байланысты. Елтірі түсіне қарай қара, көк, қоңыр, қызғылт, ақ және алтын тәріздес түсті (сұр) болады.
Елтірінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштерге оның түсі, бұйрасының формасы, бұйрасының ұзындығы, биіктігі және жалпақтығы, түгінің жылтырлығы, жібектілік дәрежесі, көлемі мен қалыңдығы және тығыздығы жатады.
7.3. Қойдың жүн, ет өнімділігін бағалау. Қойдың жүн өнімін қырқылған жүнін өлшеу арқылы және оның таза жүн түсімімен анықтайды. Таза жүн түсімін анықтау үшін, әр қойдың жүнінен 200 г алынып, бес түрлі ыдыстардағы мөлшерлері әртүрлі содалы-сабынды суда 38-40о - та 5-6 минут жуады. Жүннің тұрақты құрғақ салмағын айыру үшін ЦС-153-1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz