Жүсіпбек Аймауытов- қазақтың көрнекті жазушысы, драматург


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Жүсіпбек Аймауытов

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастапБаянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

1911-1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны1918 жылы аяқтап шығады.

Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919) .

Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920) .

Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922-1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924-1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926-1929) қызметтерін атқарады.

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды.

Мағзом Бижанұлы Сүндетов

Мағзом Бижанұлы Сүндетов (29. 1. 1936, Атырау облысы Доссор мұнай кәсіпшілігі - 7. 2. 1999, Алматы) - жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. ҚазҰУ-ды бітірген (1959) . 1958 - 1959 ж. Қазақстан көркем әдебиет баспасының проза редакциясының кіші редакторы, 1959 - 1990 ж. сол баспада редактор, бөлім меңгерушісі, 1990 - 1996 ж. "Ана тілі" баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Сүндетов әнгімелері "Ақжелкен", "Парасат", "Қазақ әдебиеті" сияқты белгілі баспасөз беттерінде жарияланған. Сүндетовтің тұңғыш "Жол айырығы" кітабы 1961 ж. жарық көрген. Сүндетовтің повесть, әңгімелері шет ел тілдеріне аударылған. Сүндетов "Еңбек ерлігі үшін" медалімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған

29 қаңтарда Атырау облысы, Доссор кәсіпшілігінде туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін тамамдаған. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1990-1996 жж. «Ана тілі» баспасының бас редакторы болды.
Тұңғыш әңгімелер жинағы - «Жол айрығы» 1961 жылы шықты. Жазушының көптеген туындылары неміс, чех, венгр, югослав, тағы басқа тілдерге аударылды. 1977 жылы әдеби жабық конкурста жүлделі орынға ие болған «От ішіндегі адам» повесі 1978 жылы украин тілінде «Веселки» баспасынан, сол жылы орыс тілінде «Детгиз» баспасынан шықты. Мәскеу баспаларынан төрт кітабы жарық көрген.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын алған.

Шығармалары: Балық аулай барғанда. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1963; Күтем сені, Дидар. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Ескексіз қайық. Роман. А., «Жазушы», 1968; Үзеңгі жолдас. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1969; Құмдағы ауыл. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1973; От ішіндегі адам. Повесть. А., «Жалын», 1976; Қызыл ай. Роман. А., «Жазушы», 1978; Еліктің лағы. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1981; Бесқонақ. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1985; Шайтан базар. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1997.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі психологтар
Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы
Алаш арыстары
Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931)
ХІХ ғ. екінші жартысы –ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті
Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ психологиясының дамуына қосқан үлесі
Ж.Аймаутов - әдебиет сыншысы
Қазақ зиялылары
Ж. Аймауытов Ғ. Қарашев Б. Күлеев С. Сейфуллин І. Жансүгіров Б. Майлин шығармашылықтары
Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz