ЖҰМАБАЙ ШАЯХМЕТОВТІҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЖҰМАБАЙ ШАЯХМЕТОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
НКВД - ХАТШЫ
«САЯСАТКЕР БІРЕУ - ҚАЛҒАНЫМЫЗ ТІРЕУ»
«СТАЛИННЕН СҰРАП АЛДЫ»
«СОҒЫСТАН СОҢҒЫ СҮРГІН»
«ФУРМАНОВ НЕГЕ ӨЗГЕРМЕЙДІ?»
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жұмабай Шаяхметовтің өмірі мен қызметі
Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде еліміздің өткен тарихының ақтаңдақ беттерін қалпына келтіру, ұмыт қалған тарихи тұлғалардың есімін халқына қайтарып, лайықты баға беру бағытында едәуір жұмыстар атқарылды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қоғам тұтастығын, халық бірлігін нығайтуға бағытталған саясатына, бүгінгі үұпақтың тарихи санасын қалыптастыруға септігін тигізер шара. Осындай тарихи тұлғалардың бірі, есімі кеңес дәуірінде айтылмай, айтыла қалса тек сыни тұрғыда ғана аталып келген Ж. Шаяхметов болатын.
Жұмабай Шаяхметов Қазақстан тарихында өз орыны бар, республика экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткері. Оның ұзақ жылдар Қазақстанның ең жоғарғы басқару жүйесінде қызмет етіп, сегіз жыл республиканың бірінші басшысы қызметін атқарғаны мәлім. Жұмекеңнің өмір жолы мен басшылық қызмет атқарған жылдары И. Сталиннің Кеңес Одағы мемлекетін басқарған кезеңімен тұстас келді. Сондықтан да оның тоталитарлық жүйе кезеңінде өсіп қалыптасқан, сол жүйе аясында қызмет еткен аса көрнекті басшы қайраткер екені даусыз.
Кеңес Одағы мемлекетінде әртүрлі бетбұрыс кезеңдердегі өзгерістерге байланысты бұрынғы басшы мемлекет қайраткерлеріне деген көзқарастың да әртүрлі болғандығына, үнемі құбылып отырғандығына назар аударған жөн. Сондықтан 1950-1960 жж. әуелі И. Сталин кезіндегі одақтық және республикалық деңгейдегі басшыларға, сонан кейін Н. Хрущев кезіндегі басшы қызметкерлерге деген ресми партия және мемлекет органдарының көзқарасы осыған дәлел Себебі И. Сталин дүниеден өткен 1953 жылғы наурыздан кейінгі мезгілде СОКП пен КСРО-ның ең жоғарғы басқару аппаратындағы таластар тыс алдымен Лаврентий Берияны билік жүйесінен тайдырып, мүлдем жойып жіберуге алып келген еді. Соңынан Н. Хрущев өз әріптестері Г. Маленков, В. Молотов, Л. Каганович сияқты әріптестерін де биліктен аластатты. Осының алдында СОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н. Хрущев позициясын нығайтып алған соң, одақтас республикалар басшыларын өзгертіп, орталықтан жіберілген жаңа адамдармен алмастырды.
1954 ж. ақпанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатылып, Оңтүстік Қазақстан облысына бірінші хатшы болып жіберілген Ж. Шаяхметов көп ұзамай денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шығады. Оның есімі Н. Хрущев кезінде айтылмай, еңбегі елеусіз қалды. Н. Хрущев орнынан тайдырылғаннан соң да Ж. Шаяхметовтың есімі республика тарихында бірыңғай сыни сипатта, оның өзінде де тың және тыңайған жерлерді игеру қарсаңында Қазақстан экономикасының, оның ішінде әсіресе ауыл шаруашылығының артта қалуына байланысты ғана аталып келді. Шын мәнінде республика халық шаруашылығының өркендеуіндегі қиындықтарға тек Ж. Шаяхметов қана кінәлі емес екендігі, ол қиындықтардың сол кездегі кеңестік жүйенің дамуындағы, бастауы 1920-1930 жж. күштеп ұжымдастыру кезінде ауыл шаруашылығында қалыптасқан тәртіпке, ең бастысы Ұлы Отан соғысы кезіндегі орасан шығындарға сол кездегі халықаралық жағдайға да байланысты орын алғандығы ескерілмеді.
1980 жж. соңында демократиялық үрдістер күшейіп, КСРО мемлекетінің іргесі шайқала бастағанда қалыптасқан елдегі қоғамдық-саяси ахуал кеңестік жүйе тұсындағы бұрын айтуға, зерттеуге тыйым салынған оқиғаларға, саяси науқандар мен кемшіліктерге назар аударып, баспасөз бетінде бірінен-бірі асып түсетін өткір материалдардың жарық көруіин жол ашты. Бұл заңды құбылыс еді. Тәуелсіздік қарсаңындағы бұл процесс қоғамдық пікірдің қалыптасуына, егемендік идөологиясының күшеюіне жол салғаны белгілі. Ал осындай қаурыт кезеңде кеңестік жүйенің басқару аппаратында қызмет еткен көптеген белгілі қайраткерлерге байланысты қатаң сын айтылғаны да заңды.
Ол 1936 ж. НКВД Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасы бастығының орынбасары, ал 1938 ж. июнь айында Алматы облыстық басқармасына орынбасар болып тағайындалады. Бір айдан соң, 1938 ж. июль айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің үшінші хатшы болып сайланды.
Қазақстандағы басшы қызметкерлерді, интеллигенция өкілдерін жаппай репрессиялау науқаны 1930 жж. Москваның тікелей нұсқауы мен жүргізілді. Бұл жерде тағы бір назар аударатын нәрсе НКВД органдарының осыны ұйымдастырып, тікелей іске асырған жауапты қызметкерлерінің бір катары 1939-1940 жж., қалғандары 1957-1959 жж. жазаға ұшырағын болатын.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Ж. Шаяхметов республика партия ұйымының екінші хатшысы, 1946 жылдан 1954 ж. ақпанға дейін бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Бұл оның қоғам және мемлекет қайраткері ретінде жемісті қызмет атқарған, республика экономикасы мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегінің көзге түскен кезеңі еді. Ж. Шаяхметовтың ұйымдастырушылық қызметі әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше байқалды.
Халық шаруашылығын майдан талаптарына сай қайта құру, республикадағы әскери-мобилизациялық жұмыстардың ойдағыдай ұйымдастырылуы, майдан төңірегіндегі аудандардан тылға көшірілген кәсіпорындарды, бейбіт халықты орналастыру, соғыс кезіндегі білім мш мәдениет мәселелері, халықтың отанды қорғау бағытындағы патриоттық қозғалысын ұйымдастыру сияқты аса маңызды мәселелерге Ж. Шаяхметов өзінің қызмет саласы бойынша басшылық еткені мәлім. Соғыс жылдары Қазақстан территориясында құрылған 50-ден астам әскери құрамалардың құрылыуына, олардың ішінде үш ұлттық атты әскер дивизиясы мен екі ұлттық атқыштар бригадасының жасақталуына республика партия ұйымы қамқорлық жасағаны, олармен майданға барғаннан кейін де тұрақты байланыс жасалып тұрғаны құжаттардан белгілі.
Соғыс жылдары, әсіресе оның алғашқы біржарым жылы ішінде, Қазақстаннан майданға жарамды деген барлық ер азаматтардың түгелге жуық алынғаны белгілі. Соғыс кезінде әскери сапқа тұрған, еңбек армиясы қатарына әскери комиссариаттар арқылы алынғандардың жалпы саны 1 млн. 310 мың адам болса, соның тікелей әскерге жіберілгені 800 мың. Ал осы 800 мың адамның 600 мыңнан астамы Қазақ КСР әскери комиссариатының құжаттары бойынша 1941-1942 жж. майданға кетті. Олардың көпшілігі 1941 ж. Москва, Ленинград, Тула және басқа жерлердегі, 1942 ж. Харьков, сол жылғы жаз бея күзде Сталинград шайқастарында опат болды. Олардың ішінде қазақ ұлтының өкілдері де көп болатын. Осының салдарынан 1943 ж. жоспар бойынша әскерге шақырылатын адамдар қатары сарқылуға жақын болатын. Ал 1931-1933 жж. ашаршылықтан азайып қалған қазақ ұлты үшін бұл демографиялық апаттың тағы бір қатері еді. Сол кездегі Қазақ КСР-ы үкіметінің төрағасы Нұртас Оңдасынов пен Жұмабай Шаяхметовті бұл мәселе селқос қалдырмаса керек. Кезекті іс сапарымен Кремльде И. Сталиннің қабылдауында болған кезде бұл мәселе күн тәртібіне қойылып, осының нәтижесінде 1944 ж. әскерге шақырылған қазақ жастарының бір легі майданнан босатылып, Теміртаудағы қара металлургия заводының құрылысына, басқа да өнеркәсіп орындарына жұмысқа жіберілді.
Ж. Шаяхметовтың соғыс жылдары елдің ғылымы мен мәдениетінің жағдайына ерекше назар аударғаны белгілі. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық филиалы 1946 жылы 1 маусымда Қазақ ҚСР Ғылым Академиясы болып құрылды. 1944 ж. Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты құрылды. Сөйтіп алыстағы қазақ аудандарынан келген қазақ қыздарына мемлекет қамқорлығымен соғыстан қаңсыраған қиын-қыстау кезеңде білім алуға осылай қамқорлық жасалды. Ж. Шаяхметовтың араласуымен сол кездері Қарағанды тау-кен институты, Алматыда Қазақ физкультура институты, республикалық балалар мен жасөспірімдер театры ашылды.
Ж. Шаяхметов сол кезде НКВД ұсынысымда Қ. Сәтпаевтың үстінен қылмыстық іс қозғауға рұхсат ету мәселесі қаралған бюро мәжілісінде оны қорғап қалғанын мұндай жағдайда тек қызметтен босатумен шектелудің өзі жететінін дәлелдеп, ұлы ғалымның тағдырына араша түскенін құжаттар айқын дәлелдейді.
Ж. Шаяхметов қызмет еткен жылдары республикада ұлттық басшы қызметкерлердің үлкен тобы өсіп шыққаны мәлім. Д. Қонаев, Ж. Тәшенов, Ф. Кәрібжанов, М. Бутин, С. Жанбаев, Е. Тайбеков, Т. Тәжібаев, X. Арыстанбеков, С. Дәуленов сияқты саналуан көрнекті мемлекет қайраткерлерінің, шаруашылық басшыларының қызметі осының айғағы. Бұлардың ізін ала А. Асқаров, Б. Әшімов, Ж. Балапанов, С. Кенжебаев, Т. Әбдіразақов, Ә. Шәріпов, С. Тәнекеев және басқа да жүздеген талантты да білікті басшылар өз тарапында Қазақстанның ілгері даму ісін онан әрі жалғастырды.
Н. Хрущевтің кезінде 1954 ж. басында Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесіне байланысты Ж. Шаяхметовтың қарсылығы оның бұл науқанның кейінгі нәтижелері мен зардаптарының қандай боларын болжай білгендігінің көрінісі деп топшылауға болады. Себебі Қазақстанның мал шаурашылығын өркендетуге байланысты қабылданған шаралардың іске асырылмай жатып, көпшілік егістік және жайылым жерлердің жыртылып, сырттан қоныстанушылар мекеніне айналуының нәтижелерін кейінгі уақыт айқын көрсетті.
Ж. Шаяхметовтың қызметтен алынып, онан кейінгі кезде елеусіз қалуының себептері де осыдан. 1957 ж. Ж. Шаяхметов Москвада ауруханада емделіп жатқанда өзі де Н. Хрущевтың қаһарына ілігіп, Польшаға елші болып кеткен. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы П. Пономаренко оны ауруханаға іздеп келіп, өзінің 1954 ж. Пленумда Ж. Шаяхметовты орынсыз сынағаны, ғылым мен мәдениет қайраткерлерін қорғамады деп айыптағаны үшін кешірім сұрауы да көп нәрсені аңғартады. Пономаренко өзін республика КГБ-сының бастығы мен ККП ОҚ-ның бөлім меңгерушісі Новиковтың шатастырғанын мәлімдейді. Қалай болғанда да Жұмабай Шаяхметов өз заманының тұлғасы. Оның тағдырына 1930-шы жылдардағы зобалаң, 1941-1945 жж. жойқын соғыс, онан кейінгі ел еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан кездегі күрделі де қиын кезеңдері қызмет етіп, республика басшылығында болу үлесі тиді. Ж. Шаяхметов туралы өзінің мақаласында академик М. Қ. Қозыбаев айтқанда “Жоқ, біз тарихтағы тұлғаларға өте мұқият қарағанымыз абзал. Көзі тірісінде мақтамай, көзі тайған соң даттамай, тарихи тұлғаларды бір түсті бояумен мәнерлемей, азаматтығын айтып кемшілігін көрсетіп, болашақка тағлым боларлықтай саяси портретін жасауымыз керек”. Сондықтан оның қызмет еткен жылдарында Қазақстанның қол жеткізген табыстары да қиын-қыстау күндері де барша халқымыздың тарихынан өз орынын алады. Жұмабай Шаяхметов те сол күрделі заманның қайсар қайраткері ретінде халық жадында мәңгі сақталады.
НКВД - ХАТШЫ
1924 жылы жүргізілген Орта Азия республикаларын межелеу шараларына байланысты Түркістан АССР құрамындағы қазақтар мекендеген жерлер Қазақ АССР құрамына қосылып, негізінен қазіргі Қазақстан аумағы белгіленген соң республиканың бірінші басшылығы расында да қазақ коммунистерінің қолына тимей келген болатын.
«Межелеуге» дейінгі Қазақ АССР тізгінін ұстаған Халық комиссарлар советінің төрағасы Сәкен Сейфуллин мен Түркістан АССР орталық атқару комитетінің төрағасы Тұрар Рысқұлов 1924 жылы қызметтерінен босатылды. Олардың өкілеттігі кейінгі халық комиссарлар советі төрағаларының өкілеттігінен жоғары еді. Екеуін де СССР НКВД-сы (СССР Ішкі істер халық комиссариаты) 1937 жылы тұтқындап, 1938 жылы «халық жаулары» ретінде атып жіберді.
Жұмабай Шаяхметов жауапты қызметтер атқарған кезеңде, яғни 1927-1938 жылдардағы сталиндік саяси қуғын-сүргінді белсене жүзеге асырып, мыңдаған жазықсыз адамдардың өмірін қиған НКВД мейлінше қатігез жазалаушы орган ретінде танылды.
1936 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық НКВД бастығының орынбасарлығына тағайындалып, 1937 жылы желтоқсанда ВЧК-ОГПУ-НКВД органдарының құрылғанына 20 жылдығына орай марапатталған, 1938 жылы маусымда Алматы облыстық басқармасының орынбасары лауазымына бекітілген Жұмабай Шаяхметов 1938 жылы шілде айында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің үшінші хатшысы болып сайланды.
Жұмабай Шаяхметов жауапты қызметтер атқарған кезеңде, яғни 1927-1938 жылдардағы сталиндік саяси қуғын-сүргінді белсене жүзеге асырып, мыңдаған жазықсыз адамдардың өмірін қиған НКВД мейлінше қатігез жазалаушы орган ретінде танылды. Кезінде НКВД органдарында қызмет етіп, кейін жоғары билікке қол жеткізген адамдарға қатысты күдікті көзқарас та осы кезден бастап қалыптасып, әлі күнге жалғасып келеді.
Мәселен, зерттеуші Тұрсын Жұртбай «Мағжанды тіміскілеткен не тұтқындаған, Ахмет Байтұрсыновтың ісіне де қатысы бар тергеушілердің бірі - Қазақстанның бірінші басшысы, екіншісі - қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, үшіншісі - ішкі істер министрі, төртіншісі - төбе би болды» дегенді алға тартады.
Алайда қазақтан шыққан тұңғыш басшысы жайындағы көптеген естеліктер мен зерттеу еңбектерде ол көбіне жағымды жақтан ғана баяндалады.
Қазақтан шыққан тұңғыш басшысы жайындағы көптеген естеліктер мен зерттеу еңбектерде ол көбіне жағымды жақтан ғана баяндалады.
Кейбір зерттеушілер Жұмабай Шаяхметов НКВД-ның, яғни милицияның ішкі қауіпсіздік жүйесінде емес, ішкі тәртіпті күзету бөлімінде жұмыс істегенін жазады.
«Николай Ежов орнынан алынып, орнына Лаврентий Берия келген соң және одан кейін (1950-жылдардың соңында) НКВД-ның өз ішінде жүрген жазалау шараларынан аман қалуы - Жұмабай Шаяхметовтің тазалығының белгісі. Егер ол саяси қуғын-сүргінге кінәлілердің бірі болса, Н. Хрущев оны ескерусіз қалдырмайтыны анық еді» деушілер де кездеседі.
«САЯСАТКЕР БІРЕУ - ҚАЛҒАНЫМЫЗ ТІРЕУ»
1938 жылы Қазақстан Компартиясының бірінші хатшылығына сайланған Николай Скворцов та, үшінші хатшылыққа сайланған Жұмабай Шаяхметов те азамат соғысындағы ақ пен қызылдың айқасына түспеген, революциядан кейінгі идеялық тартыстарға араласпаған, советтік идеологиядан ауа жайылмайтын сталиндік номенклатураның типтік қызметкерлері болды.
20-жылдар мен 30-жылдардағы билік басындағылардан кейінгі үшінші буынның өкілдері болып саналатын олар жеке басының саяси амбициясын мейлінше тұмшалап, «саясаткер - біреу, қалғанымыз - тіреу» дейтін советтік шенеуніктердің әлі күнге жалғасып келе жатқан қасаң тұрпатының негізін салды.
Жұмабай Шаяхметовтің сайлануы советтік ұлт саясатының тағы бір шарты - ұлт республикаларына жергілікті кадрларды тағайындау мәселесін шешті. Ал оның аталған бес шартқа сай келгені кейінгі қызметінен де көрінді.
«Первые лица Казахстана в сталинскую эпоху» деп аталатын зерттеу авторлары Л. С. Ахметова, В. К. Григорьевлар 1938 жылы шілденің ортасында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшылығына кәсіби экономист Николай Скворцовтың сайлануына бес жағдай себеп болғанын айтады.
Олар: өз міндетін асыра орындаған жаппай қуғын-сүргінді аяқтап, елдегі саяси өмірді арнасына түсіру; Еуропа мен Қиыр Шығыстағы саяси шиеленістерге байланысты Қазақстанмен шектесетін Қытайдың Шыңжаң өлкесінен төнетін қауіптің алдын алу; екінші бесжылдық жоспарын орындап, экономиканы көтеру; Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сайлауын өткізіп, соған сәйкес басқару органдарын құру; 1938 жылы жарық көрген «БКП (б) тарихының қысқаша курсын» советтік саяси жүйенің идеологиясы ретінде елдің басты бағдарына айналдыру.
Осы ретте Жұмабай Шаяхметовтің сайлануы советтік ұлт саясатының тағы бір шарты - ұлт республикаларына жергілікті кадрларды тағайындау мәселесін шешті. Ал оның аталған бес шартқа сай келгені кейінгі қызметінен де көрінді.
«СТАЛИННЕН СҰРАП АЛДЫ»
1939 жылы маусымда Жұмабай Шаяхметов Қазақстан компартиясының екінші хатшылығына сайланып, оған республикадағы мемлекеттік және партиялық аппарат жұмыстары жүктелді. Сол жылы Николай Скворцовтың ұсынысымен қазақ графикасы кириллицаға ауыстырылды. Әуелі араб, 1929 жылдан латын графикасын қолданып келе жатқан қазақ қоғамы кириллицамен қайта сауат ашуға мәжбүр болды.
Жұмабай Шаяхметовтің ұйымдастырушылық қабілеті Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары айрықша көрінді. Ауыл шаруашылығын майдан қажеттіліктеріне сәйкестендіріп қайта құру, әскери-мобилизациялық жұмыстарды ұйымдастыру, тылға эвакуацияланған кәсіпорындар мен бейбіт тұрғындарды орналастыру, соғыс уақытындағы білім мен мәдениет мәселелерімен шұғылданды.
Жұмабай Шаяхметовтің ұйымдастырушылық қабілеті Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары айрықша көрінді.
1942 жылы Жұмабай Шаяхметовтің майдан мен тылдың рухын көтеру жөніндегі үндеуінен соң Жамбыл Жабаевтың әйгілі «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі жария болды.
1943 жылы әскерге жарамды азаматтар мейлінше азайып, 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтан кейін онсыз қатары селдіреген қазақ халқының демографиялық ахуалы апатты жағдайға тап болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz