Заратуштрашылдық, зороастризм



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Заратуштрашылдық, зороастризм -- Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім.
Зардұштшылық - отқа табыну дінінің есімі оны бастаушысы Зардұшт атына байланысты қойылған. Бұл дін Зардұшта пайғамбардың насихаттық кітабі Авестада айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді Маздалық дін деп те атайды.
Осыдан 3000 жыл бұрын Орта Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Таяу Шығыс елдері аумағына таралған. Қасиетті кітабы - Авеста. Заратуштрашылдық ізгілік пен қараулықты бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, дүниедегі барлық процестерді осы мәңгілік екі бастаудың күресімен байланыстырады. Бір ғана Жаратушы Ие - Ахура Маздаға сиынуды уағыздайды. Оттың адам баласының бойын тазартудағы рөлін жоғары бағалайды.
Зардұштшылық діні әлде бір жаратушы бар екенін, от оның бейнесі екенін айтады, сол үшін де олар маздаған отқа табынады. Авестадағы басты ұғым Мазда қазақ тіліндегі маздаған отпен байланысты дейді, қазақ этимологтары. Ол ғана емес, батыс тіл танушылары үшін түсініксіз болып келген Авеста сөздері қазақ тілінде, түп түркілік тілнде өзінің әуелгі мағынасын шығарып сарнап кетеді. Сондықтан да Авеста зерттеуші қазақ ғалымдары қазақ аңыздарында айтылатын Бабай түкті шашты әзіз бабаны осы Зардұшт пайғамбармен бір адам деген ойды алға қояды.
Заратуштрашылдықтың пайда болуы
Заратуштрашылдықтың пайда болуы туралы ғылымда екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Бірінші көзқарас бойынша, Заратуштрашылдық Батыс Иранда, негізінен, Мидияда пайда болып, олардан парсылар қабылдаған, парсылар арқылы бүкіл шығысқа таралған. Бұл көзқарас "Авеста" мен Заратуштрашылдықтың пайда болуының "батыстық" немесе "мидиялық теориясы" деп аталады. Бұған қарама-қарсы екінші көзқарас - Заратуштрашылдық пен "Авестаның" пайда болуының "шығыстық" немесе "бактриялық" теориясы. Бұл теория бойынша, Заратуштрашылдық Бактрияда пайда болып, кейін батысқа, Мидия мен Парсы еліне таралған. "Авестадағы" деректер, діни-мифологиялық сюжеттер ондағы жырлардың Орта Азияда дүниеге келгенін айғақтайды. [[2]]Орыс ғалымы И.С. Брагинский "Авестада" батыс ирандықтардың діни ерекшеліктерін сипаттайтын ешқандай белгі жоқ екендігін атап көрсетеді. Санкт-Петербургтік ғалымдар С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов "Авестада" баяндалатын тарихи оқиғалар Каспий мен Арал теңіздерінің маңында, Әмудария, Сырдария және Еділ өзенінің бойында орын алған деп тұжырымдайды. "Авестада" Заратуштра сиынған Ахура Мазда құдайға табынуға қарсы шыққан Қазақстан мен Орт. Азияның көшпелі тайпаларының бәрі "турлар" деп аталған. Кейбір зерттеушілер "тур" халқын грек деректемелері бойынша кеінгі массагеттермен, яғни сақ тайпасымен байланыстырады. Ресей шығыстанушысы В.И. Абаевтың пікірінше, сақтардың басым көпшілігі Заратуштрашылдықты қабылдамаған. [[3]]Алайда олардың бір бөлігі Заратуштра ілімін қабылдап, оны алтайлықтар арасына таратты. Кейін бұл ілім бір құдайға сиынудың бастауы болған тәңіршілдік сенімге негіз болып қаланған.
Зороастрийлік діни құрылыстар
Абаев Заратуштрашылдықтың тарихын төрт кезеңге бөледі:
1. ежелгі Заратуштрашылдық;
2. Ахемен әулеті империясы кезіндегі Заратуштрашылдық;
3. сақтар арасында таралған Заратуштрашылдық;
4. Сасани әулеті империясы кезіндегі Заратуштрашылдық
Бірінші және үшінші кезеңде Заратуштрашылдық Орта Азияда дамыған, мұны "жасампаздық кезеңдер" деп те атайды, ал екінші мен төртінші кезеңде Заратуштрашылдық Батыс Иранда дамиды, бұл кезеңді ғалымдар "догматтық-клерикалдық" деп атайды. Орыс философы А.О. Маковельский (1884 - 1969) шығыстық, Орта Азиялық және батыстық Заратуштрашылдықты бір-бірінен ажырата білу қажеттігін ескеріп, Орта Азиядан табылған алтын тақтайшаларда бейнеленген Заратуштрашылдық рәсімдер мен ежелгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті жайлы
Қазіргі замандағы әлемдік діндер
Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі
Ежелгі Рим діні
Ежелгі Иран жеріндегі зороастризм діні
«Ырқ бітіг» кітабы – көне түркілердің даналық мұрасы
«Авеста» шығармасы түркілер мекендеген хорезм аймағында жасалған мұра
Зороастризм тарихы. Қазақ мәдениетіндегі зороастризм көріністері
Зороастризм және қазақ халқының наным-сенімдері
Пәндер