Ағылшын тілінде сын есім шырайы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Degrees of Comparison: жасалуы

Заттың түр-түсін, сапасын, сипатын, салмағын, көлемін, дәмін, иісін білдіретін сөз табын сын есім деп атаймыз.

Ағылшын тілінде сын есім шырайының үш түрі бар:

1. Жай шырай

2. Салыстырмалы шырай

3. Күшейтпелі шырай

Жай шырай қарапайым формадағы сын есімді білдіреді. Жай шырайға қосымша жалғанбайды. Мысалы: long, green, hard etc.

Салыстырмалы шырай заттың сыны мен сапасының артық-кемдігін бір-бірімен салыстыру арқылы анықтайтын шырай түрі. Жасалу жолы негізгі бір буынды сын есімге -er жұрнағы жалғау арқылы, көп буынды сын есімге more сөзін қолданады. Өзіне тән ерекшелігі -than сөзін пайдаланады.

Мысалы: long - longer. Mike is longer than Tom.

Күшейтпелі шырай заттың сынын не асыра, не төмендетіп көрсетеді. Жасалу жолы бір буынды немесе кейбір қос буынды сын есімдірге - est жұрнағын жалғау арқылы жасалады. Көп буынды сын есімдердің алдына most пайдаланылады. Күшейтпелі шырайлар алдына белгілік артикль “the” қолданылады. Мысалы: beautiful -more beautiful - the most beautiful.

Екі затты салыстырғанда as…. as шылауы қолданылады, жай шырай сын есімдері as…. as жалғаулықты шылаудың арасында айтылады. Мысалы: This girl is as beautiful as that.

Шырайы ерекше жасалынатын сын есімдер:

good - better - the best

bad - worse- the worst

many - more - the most

little - less - the least

Ағылшын тіліндегі сын есім (the Adjective) де қазақ тіліндегі секілді анықтамаға ие, яғни, заттың сипатын, сынын, сапасын білдіреді. Мысалы: deep sea - терең теңіз, fresh air - таза ауа.

Сын есімнің екі түрі болады:

1) сапалық (негізгі) сын есім: big - үлкен, tall - биік, small - кішкентай, т. с. с.

2) қатыстық (туынды) сын есім: central - орталық, golden - алтын (алтыннан жасалған), т. с. с.

Қатыстық сын есімдер салыстырмалы шырайда (түрде) болмайды және «very - өте» сөзімен бірге жазылмайды () .

Сапалық сын есімдер жай шырайда, салыстырмалы шырайда және асырмалы шырайда болады. Мысалы: big (үлкен) - bigger (үлкенірек) - the biggest (ең үлкен) .

Сын есімдердің түрленуі

Бір буынды сын есімдердің салыстырмалы шырайлысына -er жалғауы, ал асырмалы шырайлысына -est жалғауы жалғанады. Асырмалы шырайдағы сын есімнің алдына кей жағдайларда the артиклі қойылады (the oldest man in our town (біздің қалашықтағы ең қарт кісі), my the newest socks (менің ең жаңа шұлықтарым) ) .

Соңы -y әрпіне бітетін бір буынды сын есімнің соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді.

Жай шырай

(Normal form)

Салыс-лы шырай(Comparative form)
Асырмалы шырай(Superlative form)
Жай шырай(Normal form): small (кіштентай)
Салыс-лы шырай(Comparative form): smaller
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) smallest
Жай шырай(Normal form): clean (таза)
Салыс-лы шырай(Comparative form): cleaner
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) cleanest
Жай шырай(Normal form): new (жаңа)
Салыс-лы шырай(Comparative form): newer
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) newest
Жай шырай(Normal form): dry (құрғақ)
Салыс-лы шырай(Comparative form): drier
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) driest
Жай шырай(Normal form): old (ескі, үлкен)
Салыс-лы шырай(Comparative form):

older

elder

Асырмалы шырай(Superlative form):

(the) oldest

(the) eldest

Жай шырай(Normal form): long (ұзын)
Салыс-лы шырай(Comparative form): longer
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) longest
Жай шырай(Normal form): big (үлкен)
Салыс-лы шырай(Comparative form): bigger
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) biggest
Жай шырай(Normal form): fat (семіз, қабақ)
Салыс-лы шырай(Comparative form): fatter
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) fattest
Жай шырай(Normal form):

Мысалы:

Abai is smaller than me - Абай менен кішілеу (кішірек) . Ескерту! Бұл сөйлемде бойының кіші екендігін айтып жатыр.

This book is the newest of all the books - Мына кітап - барлық кітаптардың ішіндегі ең жаңасы.

Егер сын есімнің соңында жалғыз ғана дауыссыз тұрса, оның алдында тұрған дауысты да жалғыз болса, онда, салыстырмалы және асырмалы шырайларда соңындағы дауыссыз екі еселенеді (bigger, fatter) .
Old сөзінің салыстырмалы және асырмалы шырайлы түрлерінде асты сызылып көрсетілген екі сөз (elder, the eldest) бар. Elder және the eldest екеуінен басқа olderжәне the oldest деген сөздерден мағыналық жағынан ерекшеленеді. Біз older мен the oldest дегендерді адамдар мен заттарға қатысты қолданамыз. Мысалы: My book is older than yours (your book) - Менің кітабым сеніңкінен (сенің кітабыңнан) ескірек. That woman is oldest theacher in our school - Анау әйел - біздің мектептегі ең қарт мұғалім.

Elder және the eldest екеуі отбасылық-туысқандық қатынастағы адамдар арасындағы жас айырмасын сипаттауға арналған. Бұл екеуін зат есімдерге қодана алмаймыз.

Мысалы: My elder brother can’t dance - Менің үлкен ағам билей алмайды. Zhanar is my eldest sister - Жанар - менің ең үлкен әпкем.

Кейбір екі буынды сын есімдердегі екпін екінші буынына түсетін болса немесе -y, -ow, -er, -le жалғауларына аяқталатын болса, ондай сын есімдер де бір буынды сын есімдер секілді түрленеді.

Жай шырай

(Normal form)

Салыс-лы шырай(Comparative form)
Асырмалы шырай(Superlative form)
Жай шырай(Normal form): polite (сыпайы)
Салыс-лы шырай(Comparative form): politer
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) politest
Жай шырай(Normal form): sunny (күн шуақты)
Салыс-лы шырай(Comparative form): sunnier
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) sunniest
Жай шырай(Normal form): easy (оңай)
Салыс-лы шырай(Comparative form): easier
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) easiest
Жай шырай(Normal form): shallow (ұсақ)
Салыс-лы шырай(Comparative form): shallower
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) shallowest
Жай шырай(Normal form): narrow (тар)
Салыс-лы шырай(Comparative form): narrower
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) narrowest
Жай шырай(Normal form): clever (ақылды)
Салыс-лы шырай(Comparative form): cleverer
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) cleverest
Жай шырай(Normal form): simple (қарапайым)
Салыс-лы шырай(Comparative form): simpler
Асырмалы шырай(Superlative form): (the) simplest
Жай шырай(Normal form):

Мысалы:

I’m not cleverer than Azat - Мен Азаттан ақылдырақ емеспін.

Sara is the politest girl in my group - Сара - біздің топтағы ең сыпайы қыз.

Екі буынды сын есімдердің біразы мен екіден көп буындардан құралатын сын есімдердің салыстырмалы шырайлылары more (более) және less (менее) сөздерінің көмегімен жасалады. Ал асырмалы шырайлылары most (ең) least (наименее) сөздерінің көмегімен жасалады. Сын есімдерге салыстырмалы және асырмалы шырайларда ешқандай жалғау жалғанбайды

Мұнда more, less және least сөздерінің орыс тіліндегі аудармасын жазу себебім, қазақ тілінде ол сөздерді қысқа қа нұсқа сипаттайтын сөздер жоқ. Бір сөз тура келгенімен, ол сөз басқа бір сын есімге сай келмейді. Тіпті, «Более деген сөздің қазақша аудармасы қандай?» деген сұрақ туады. Түсінуге оңай болғанымен, нақты аудармасын беру өте қиын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі сын есім туралы жалпы түсінік
Сапалық сын есім
Қазақ тіліндегі баламасын неғұрлым
Шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар. Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
Ағылшын және қазақ тіліндегі сын есімнің қолданылуы
Мектепте орта деңгейде ағылшын тілі грамматикасын қазақ тілі грамматикасымен салыстырып оқыту
СЫН ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің түрлері
Instagram әлеуметтік желісінің мәтіндеріндегі тілдік құралдардың лингвистикалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz