Зоопсихология ғылымының даму тарихы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Зоопсихология ғылымының даму тарихы

Жануарлардың психикасы адамдардың коршаған ортаны тани бастаған сәтінен бастап оларды қызықтырады. Антикалық ойшылдарды әсіресе, жануарлар психикасының адам психикасына қатынасы мәселесі қатты қызықтырған. Ғылыми зоопсихологияның және салыстырмалы психологияның пайда болуы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басына тән. Ол сол кезеңдегі ірі биологтар -- Ж.Л. Леклерк-Бюффонның және Ж.Б. Ламарктың зерттеулерімен байланысты.
Зоопсихологияның дамуына одан кейін Ч. Дарвиннің жұмыстары үлкен әсер етті. Ч. Дарвин жануарлар мен адамдардың психикалық үрдістерінің пайда болу жалпылығын дәлелдеді, бірақ салыстырмалы психология дамуының бастапқы кезеңінде адам мен жануардың психикасының сапалық айырмашылығы көзден таса болды. Антропоморфизм бағыты пайда болды, ол - адаммен аналогиялық түрде алғандағы жануарлардың психикалық үрдістері туралы пайымдаулар.
Психиканың пайда болу және даму мәселесін әйгілі ресейлік психолог А.Н. Леонтьев қарастырды. Бейненің психикалық формасы өсімдіктерге тән тітіркенгіштіктен эволюция үрдісі барысында пайда болды. Леонтьевтің айтуы бойынша, тітіркенгіштіктің дамуы тек сандық күрделенуге ғана келтірілмейді, тітіркенгіштіктің сапалық жаңа формасы - сезімталдық, яғни -түйсінуге қабілеттілік пайда болады.
Отандық зоопсихологияның негізін салушы В.А. Вагнер болып табылады. Ол адам мен жануарлардың психикасында жалпы элементтердің болатындығын жоққа шығарған жоқ, бірақ олардың арасындағы сапалық айырмашылықтарды жуып-шаятын антропоморфизмге, сонымен қатар психиканың эволюциясын қарапайымнан адамға дейін тек сандық өзгерулердің шынжыры ретінде қарастыратын жазық эволюционизмге де қарсы шықты. Басқа бағыттар ("психофизикалық параллелизм") психикалық үрдістердің олардың материалды негізінен толық алшақтығына сүйеніп жасалды.

2-дәрісбаян
Зоопсихологияның пәні мен әдістері

Зоопсихология -- жануарлық деңгейдегі психикалық бейнеленудің көрінулері, заңдылықтары мен эволюциясы туралы, жануарлардағы психикалық үрдістердің онто- және филогенездегі пайда болуы мен дамуы жайлы және адам санасының алғышарттары мен алғашқы тарихы туралы ғылым. Психика эволюция үрдісінде екі деңгейден өтті: төменгі және жоғарғы. Төменгі деңгей психикалық бейнеленудің басталуымен байланысты, ал жоғарғысы адам психикасының көрінуімен байланысты. Жануарлардың психикасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоопсихологияның этологиямен байланысы
Зоопсихологияның пәні мен әдістері
Зоопсихология пәні
Ресейдегі салыстырмалы психология және зоопсихология
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Психология. Жануарлардың интеллект мәселесі
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Психология ғылымының зерттеу әдістері жайлы
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Зоопсихология ғылымының дамуы
Пәндер