Зоопсихология ғылымының дамуы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Зоопсихология ғылымының даму тарихы
Жануарлардың психикасы адамдардың коршаған ортаны тани бастаған сәтінен бастап оларды қызықтырады. Антикалық ойшылдарды әсіресе, жануарлар психикасының адам психикасына қатынасы мәселесі қатты қызықтырған. Ғылыми зоопсихологияның және салыстырмалы психологияның пайда болуы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басына тән. Ол сол кезеңдегі ірі биологтар -- Ж.Л. Леклерк-Бюффонның және Ж.Б. Ламарктың зерттеулерімен байланысты.
Зоопсихологияның дамуына одан кейін Ч. Дарвиннің жұмыстары үлкен әсер етті. Ч. Дарвин жануарлар мен адамдардың психикалық үрдістерінің пайда болу жалпылығын дәлелдеді, бірақ салыстырмалы психология дамуының бастапқы кезеңінде адам мен жануардың психикасының сапалық айырмашылығы көзден таса болды. Антропоморфизм бағыты пайда болды, ол - адаммен аналогиялық түрде алғандағы жануарлардың психикалық үрдістері туралы пайымдаулар.
Психиканың пайда болу және даму мәселесін әйгілі ресейлік психолог А.Н. Леонтьев қарастырды. Бейненің психикалық формасы өсімдіктерге тән тітіркенгіштіктен эволюция үрдісі барысында пайда болды. Леонтьевтің айтуы бойынша, тітіркенгіштіктің дамуы тек сандық күрделенуге ғана келтірілмейді, тітіркенгіштіктің сапалық жаңа формасы - сезімталдық, яғни -түйсінуге қабілеттілік пайда болады.
Отандық зоопсихологияның негізін салушы В.А. Вагнер болып табылады. Ол адам мен жануарлардың психикасында жалпы элементтердің болатындығын жоққа шығарған жоқ, бірақ олардың арасындағы сапалық айырмашылықтарды жуып-шаятын антропоморфизмге, сонымен қатар психиканың эволюциясын қарапайымнан адамға дейін тек сандық өзгерулердің шынжыры ретінде қарастыратын жазық эволюционизмге де қарсы шықты. Басқа бағыттар ("психофизикалық параллелизм") психикалық үрдістердің олардың материалды негізінен толық алшақтығына сүйеніп жасалды.
Дарвин (1872) "антитеза қағидасын" ашты, ол қағида бойынша - мәні бойынша қарама-қайшы сигналдар өзінің сипаты бойынша қарама-қайшы позалардың көмегімен беріледі. Мысалы, агрессияны көрсететін поза достық қарым-қатынасты көрсететін позаға қарама-қайшы.
Ниет қозғалысы - жануардың не жасағалы отырғаны туралы ақпаратты алып жүретін аяқталмаған жүріс-тұрыс. Девистің бақылаулары бойынша, егер көгершін алдын-ала болатын ниет қозғалыстарынсыз ұшса, онда бұл калғандары үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоопсихологияның этологиямен байланысы
Зоопсихология пәні
Ресейдегі салыстырмалы психология және зоопсихология
Зоопсихология ғылымының даму тарихы
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Зоопсихологияның пәні мен әдістері
Психологияның құрылысы және зерттеу әдістері
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Психология. Жануарлардың интеллект мәселесі
Пәндер