И. Г Песталоццидің, Ф. А. В Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжрибесі
Тақырып-10
И.Г Песталоццидің , Ф.А.В Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжрибесі.
Жоспар
И.Г. Песталоций көзқарасындағы дене ,құлық ,ақыл-ой тәрбиесі.
Педагогикалық теория мен тәжрибенің мәні
Бастауыш білім берудің дербес әдістемесін жасау.
Дистервегтің дамыта оқыту дидактикасын жасауы.
Мұғалімге қатысты оқыту ережелері.
Дистервег мұғалім жайлы.
Дистервектің бастауыш мектеп мұғалімдерін түұбегейлі жақсартуға қамқорлығы.
Лекцияның мәтіні:
Ж.Ж.Руссоның "Эмиль" және "Қоғамдық шарт" еңбектері Иоганн Генрих Песталоццидiң (1746-1827) педагогикалық қызметіне ерекше әсер етеді, 1769 жылы "кедейлер үйін" ашқанда, оған елуге жуық жетім және панасыз балаларды жинап, оқытып, тәрбиелейді.
Оқушылар ауылшаруашылық және тоқыма кәсібімен шұғылданып еңбек еткенімен, тапқан еңбекақылары арқылы мектеп ұстап тұрамын деген ойын іске асыруға мүмкіндік бермейді. Өзі оқушыларға білім бере отырып, оқуға, жазуға, есептеуге үйретіп, оқуды еңбекпен ұштастыруына тура келді. Оқуды еңбекпен ұштастыру баланы жан-жақты тәрбиелеудегі басты құрал деп санады.
И.Песталоццидің педагогикалық жүйесінің басты арқауы - оқушыларға элементарлық білім беру идеясы болды. Бұл идея бойынша оқыту, тәрбиелеу ең жай элементтерден басталып, бірте-бірте күрделендіре түсуі керек делінді. Бастауыш білім беру әдістемесінің негізін қалаудағы оның еңбегі зор болды. Ол ана тілін оқыту үрдісінде оқушының сөйлеу дағдысын және сөздік қорын байытуда әріптерді қосып оқытуды ұсынды. Ана тілін оқытуды көрнекілік ұстанымына негіздеп жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді мақұлдады. Жазуға үйретуде И.Песталоцци балаларды әр әріптің элементтерін жазуға және ұзақ жаттықтырумен қатар орфографиялық дұрыс жазуға бейімдеді.
Швейцариялық И.Песталоцци "Лингард және Гертруда" атты әлеуметтік-педагогикалық романында халықтың шаруашылықты өнімді еңбекпен ұйымдастыру және балалардың адамгершілік қасиеттерін дұрыс тәрбиелеу арқылы елдің тұрмысын жақсарту идеясын көтерді. Осы романнан кейін педагогикалық идеялар көлемін одан әрі дамытып, "Гертруда балаларын қалай оқытады", "Аналар кітабы", "Бақылау әліппесі", "Сан жөнінде көрнекті ілім" шығармаларында И.Песталоцци бастауыш білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін айқындап берді.
И.Песталоццидің дүниеге әлеуметтік-педагогикалық көзқарасы демократиялық негізде болып, оқыту мен тәрбие барлық адамдарға бірдей мектепте жоспарлы түрде берілуі тиіс деген пікірді ұстады. Білім беру барысында оқушының бақылауына, тәжірибесіне сүйеніп ұйымдастыру, білімді жүйелеп жалпылауға икемдеу жағын ойластырды. Мысалы, бақылау арқылы оқушының есту, көру, сезіну, т.б. түсініктері негізінде ойлау қабілеті мен сөйлеу дағдысы дамиды. Пәндерді оқыту арқылы оқушы білім алса, алған білімдері оның ой-санасын дамытып, айналасындағы құбылыстарды тануға мүмкіндік береді. Құбылыстар мен заттар элементтерден тұратындықтан, олардың санын, формасын және аты-жөнін оқушылар білуі тиіс.
Оқыту үрдісінде өлшеу арқылы оқушы заттың формасын, санау барысында санын есептесе, тілін дамыту арқылы заттың, нәрсенің атын еске сақтап тілмен айтып жеткізеді. Сөйтіп, атақты педагог элементарлық білім беру өлшеу, санау және тілді меңгеруімен сипатталады деп санады. Ол алғаш рет дамыта-тәрбиелей оқыту идеясын ұсынды, бастауыш білім берудің жеке әдістемелері мен алғашқы оқытудың жалпы негіздерін жасады.
И.Песталоцци оқушының қалыптасуында тәрбиенің ролін жоғары бағалап, отбасында және мектепте жоспарлы түрде тәрбиені ұйымдастырғанда бірдей талап қойса, оның нәтижелі болатындығына күмән келтірмейді. Тәрбиенің мақсаты баланың барлық табиғи күшін, қабілетін жан-жақты дамытуда деп түсінеді.
Фридрих Вильгельм Адольф Дистервегтің педагогикалық идеялары. Германияда мұғалімдердің мұғалімі, белгілі неміс педагогы Адольф Дистервег (1790-1866) халық педагогикасын насихаттаушы болды, өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп "Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық" атты кең мазмұнды еңбегін (1835) жазды. Ол бүкіл Еуропаға, Ресейге кең тараған шығарма болды.
А.Дистервег бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауды жетілдіру мәселесімен өмір бойы шұғылданып, 1827 жылдан бастап "Тәрбие, оқыту жөнінде Рейн беттері" атты журнал шығарып тұрды. Оның жазған шығармаларының көпшілігі халық мектептерінің мұғалімдеріне арналды. Оның өзі де Рейн облысындағы Мерсе қаласындағы мұғалімдер семинарын басқарып, отыз жылдай директорлық қызмет атқарумен қатар педагогика, математика және неміс тілінен сабақ жүргізді.
Пруссия үкіметі 1854 жылы қабылдаған мектепті толығымен шіркеуге бағындыру және бастауыш мектепте берілетін білімнің көлемін азайтып, дін сабағының жүктемесін негізгі сабақ ретінде көтеруді міндеттеген болатын. Ол реакциялық заңға қарсы шығып, баспа және депутаттар палатасының трибунасы арқылы жоғарыда аталған заңның халыққа қарсы екендігін айтты және оған белгілі өзгеріс енгізуге үкіметті мәжбүр етті.
А.Дистервег халық педагогикасын оқу-тәрбие үдерісіне ендіруге атсалыса жүре, сословиелік тәрбиеге қарсылығын көрсеткен. Мектептің алдында тұрған басты мақсат - жастарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу және тәрбиенің мазмұны - адамдар арасындағы бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынастағы сүйіспеншілікке балаларды әдеттендіруіміз керек деп санаған. Тәрбиенің мәні - баланың табиғи мүмкіндіктерін дер кезінде байқап, дамуына қозғау салып, өзін-өзі тәрбиелеуге себепші болуда деп И.Песталоццидің пікірін қызу қолдады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр баланың дара өзгешіліктерін, зейін, ес, ойлау қабілеттерін мұғалімдердің білу керектігін атап көрсетті.
Ал оқу үрдісінің негізгі міндеті оқушылардың ақыл-ойын және қабілетін дамыту, оқыту арқылы баланы жан-жақты қалыптастырумен бірге, білім бере отыра, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуді міндеттейді. Оқушылардың ақыл-ойларын дамытуда жаратылыстану мен математиканың ролін жоғары бағалап, оған қоса тарих, география, ана тілі мен әдебиетін бірлікте оқыту барысында бұл үрдістің мән-мағынасы одан да бетер артатынын айтады.
Ол бастауыш мектепте берілетін білімнің көлемдерін кеңейтіп, жаратылыс, география, физика мен геометрия пәндерінен білім берумен қатар орта мектепте мамандыққа байланысты білім берілуін жақтады.
А.Дистервегтің мектептегі оқытудың мазмұнын және оны оқыту әдіс-тәсілдерінің дидактикалық негіздерін айқындаудағы еңбегі зор. Оқушылардың оқуды саналы қабылдап, негізгі оқу материалдарын ұғынып, айтып беруге дағдылануы ақыл-ойын, сөз байлығын дамытады дейді.
Ресей тарихындағы тәрбие мен мектеп және педагогика.
Х-ХҮІІғ Ресейдегі тәлім тәрбие мен білім беру
Жоспар:
Ағарту ісінің дамуының бастау алуы
Ресейде христиандықты қабылдап және мектептер дамуының басталуы.
Шіркеулік - діни педагогика.
Баланың жанұядағы тәрбиесі.
Оқытудың типтері.
Өсиет (жанұялық тәрбие бойынша нұсқаулар ) .Туысқандық мектептер және академиялар.
Ежелгі Русьте білім беру және тәрбиелеу мәдениеті қалыптаса бастады. Прокопий Кесарийскийдің (VI ғ.) шығармаларында славяндарға тән тұлғалық мынадай сапалар аталады: көпшілдік және әділдік, жоғары құдыретті күштің бар екендігін мойындау, сиқырлыққа сену, қайырымды болу, жауынгерлік, еркіндікті сүйетін, батыр, денесі шымыр, күшті болу.
Ежелгі славяндардың тыныс-тіршілігінде алғашқы қауымдық құрылыстағы білім беру мен тәрбиелеу дәстүрлері сақталды, олар:
балаларды балалық шақтан бастап түрлі істерге араластыру көзделді;
ер және қыз балаларды тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерінің болуы;
түрлі ғұрыптарды сақтауды ұстану.
Алғашқы қауымдағы экономикалық үдерістердің дамуынан шаруашылықтың түр-түрі пайда болды. Ол отбасының жіктелуіне, сөйтіп, түрлі әлеуметтік топтардың, яғни жер иеленушілер, қолөнершілер, ақсүйектер, дін иелері, т.б. пайда болуына ықпал етті. Осыған орай әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүддесіне қажетті тәрбие ерекшеліктері қалыптасты.
Бала тәрбиесі қашанда отбасынан басталады. Онда әсіресе ана тәрбиесі басым еді. Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай былайша бөлген: " сәби"- емшек еметіндер; "балдырған"- 3-6 жастағы ана тәрбиесіндегілер; "жеткіншек"- 7-12 жас аралықтарындағылар (сауат ашуға тартылғандар); "бозбала" - 12-15 жасар балалар отбасының түрлі кәсіби шаруашылық дағдыларын меңгеріп, тайпадағы ересектер қатарына қосылғандар.
Экономикалық жағынан дамыған қауым "бозбалалардан" дайындықтан өткен жауынгерлер жасақтарын құрды.
Қауымдағы алуан түрлі кәсіптердің дамуына байланысты, кәсіби дайындықты меңгеру үрдісі біртіндеп күрделене түсті. Соған байланысты VI - IX ғ. ғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік - оқыту формасы пайда болды. Қолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге, шеберліктің құпия сырын түсінуге және оның түрлі рәсімдерін орындауға да баулыды. Шығыс славяндар арасында шеберлер ерекше киелі қасиетке ие деген ұғым қалыптасты.
Ежелгі славяндардың тәрбиесі көптәңірлі дүниетанымға байланысты болды. Тәңірлердің дәрежесі әр түрлі еді. Мәселен, жер, найзағай, жануарлар, байлық, т.б. тәңірлер көптеп саналды. Сонымен қатар, олар жоғары құдыретті күшке де сыйынды.
Түйіндей келе, ежелгі славяндар табиғаттың тылсым сырын қайырымды және жауыз күштермен байланыстырды. Қауымдағы көптәңірлі дүниетаным бала тәрбиесіне жан-жақты ықпал жасады. Осы күнге дейін орыс деревняларында сақталған тұрмыстық салттар (нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, адамды жерлеу, жыл мезгіліндегі түрлі мерекелер - масленица, Иван Купала, т.б.) сол дүниетанымның нышаны болып табылады.
Шығыс славяндарда тәрбие балаларды әрекетке араластырумен іске асқан.
Отбасы тәрбиесі:
туғаннан 3-4 жасқа дейін - анасының қамқорлығы, қарапайым тәжірибе беру;
3-4 жастан 7 жасқа дейін - баланың шамасы келетін жұмыс, анасына көмек;
7 жастан 14 жасқа дейін жыныстық ерекшелігіне байланысты жұмыстармен айналысу.
Кесте 1 - Шығыс славяндардағы тәрбие беру
Ер балалар
Қыздар
:: Жас шамасына сай оқыту. Ерлер жұмысында (ауыл шаруашылығы, жер өңдеу, мал шаруашылығы) әкелеріне жәрдемдесу. Бұл 7 жастан бастап ер балалар отбасындағы әйелдер жағынан ерлер жағына өту сияқты салт арқылы жүргізілген.
:: 14 жастан бастап отбасының толыққанды мүшесі бола бастаған.
:: Ер балалар әскери даярлықтан өткен.
:: Үйде әйел жасайтын жұмыстарды игерген. Иірген, өрген, құмыра жасаған.
:: VII ғасырда- сақшыларды 12 жастан тәрбиелеген, олар арнайы үйлерде тұрған. Бұл тәрбиенің белгілі бірден-бір ұйымдастырылған формасы болған
:: VI- IX ғ.ғ. қол өнеріне үйренуші оқушы, өйткені еңбектің қоғамдық бөлінісіне сай қолөнер жерөңдеуден бөлінген еді.
:: VII-VIIIғ.ғ. атақты ақсүйектің балалары 7-8 жасқа дейін бағынышты отбасына берілді.
:: VI-IХғ.ғ. тәрбие отбасылық сословиелік сипаттала бастады, еңбектің қоғамдық бөлінісімен анықталды.
:: X-XIIIғ.ғ. ежелгі Русь педагогикасында екі мәдениет болды: тіндік мәдениет және христиандық, кітаптық.
Монғол шапқыншылығына дейінгі педагогикалық ойдың ерекшелігі адамды бостандық еркіндігі бар, жақсылық пен зұлымдылықтың біреуін таңдау мүмкіндігіне ие деп түсінуі болды.
Тәрбиелік - діни идеал - ойлай алатын, қайырымды, ұяты бар, әдеміні түсіне алатын, өзінің қатысуымен әлем мен адамдарды жетілдіруге ұмтылатын адам тәрбиелеу қажеттігі. Бұл идеалдағы патриоттық негіз - Отан ең жоғары этикалық құндылық, - деп саналады.
Ортағасырлық Русьте сауаттылық барлық жер-жерлерге тарады. Педагогикалық ойлар Златоустың педагогикалық идеяларында, Владимир Мономахтың өсиетінде және тағы сол сияқты жинақтарда болды.
Шығыс славяндар тарихындағы Киев кезеңі (X-XIII ғ. ғ.). X-XIII ғ. ғ. Киев кезеңінде ежелгі орыс халқы және олардың мемлекеті қалыптасты, сондықтан да оқу-тәрбие айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Киев Русінде білім беру мен тәрбие 988 жылдан бастап Византия ықпалына көшті, осы кезеңнен бастап олар православие дінін ресми түрде мойындады.
Ежелгі Русьтегі педагогикалық ой-пікірлер мен мектеп славяндық көптәңірлік дүниетаныммен және шығыстық христиан дәстүрімен бірігіп, өзіндік ерекшелікке ие болды. Сонымен құдайға құлшылық ету, жазу және балаларға тәрбие беру, оқыту славян тілінде жүргізілетіндіктен, славян алфавиті - кириллица қолданылды.
Орыс жеріндегі алғашқы дін иелері гректер болды, кейіннен шіркеу мен монастырлар жанынан дін басыларын даярлайтын мектептер ашыла бастады. Византиядан орыс жеріне келген дінді уағыздаушылардың славяндар болуы немесе славян тілін білетін гректер болуы сауат ашу ісінің тез дамуына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz