Иммунды тапшылықтар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Иммунопатологиялық үрдістер

2. Иммунды тапшылықтар

3. Жергілікті аллергиялық реакция

3. 1. Гиперсезімталдық реакциялар

3. 2 Реакцияның пайда болу механизмі

4. Аутоиммунды аурулар

5. Иммунды кешеннің пайда болуы

III. Қорытынды

1. Иммунопатологиялық үрдістер

Иммунопатология-әр түрлі формадағы жоғары сезімталдық пен аллергиялық реакциялармен көрінетін тіндердің өзгерісін сипаттайды. Иммунды жүйе - барлық лимфоидты ағзалар мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрициев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі - антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.

Кемік майы кабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол ағзада өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2, 5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.

Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер ағзаға тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам ағзасында 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.

Т- жасушалы иммунитетке жауап береді.

  • Т-хелперлер(help-жәрдем) В-лимфоциттердін плазмалық жасушаларға айналуына жәрдемдеседі.
  • В-лимфоциттер өмірі қысқа, отырықшы жасушалар қатарына кіреді.
  • Т- немесе В-лимфоциттерден басқа таңбасы(маркері) жоқ лимфоциттер де болады. Олар жалпы лимфоциттердің 10-20% құрайды.
  • Организмде иммундық реакциялар қалыпты жүруі үшін иммундық жүйенің осы негізгі екі жасушасы- Т- немесе В-лимфоциттер мен үшінші жасуша- макрофактар(А-жасуша) бірлесіп қызмет ету керек.

Ісіктегі Т-лимфоцит

Иммунопатологиялық үрдістердің типтері:

- Иммунды тапшылықтар

- Аллергия

-Аутоиммунды аурулар

2. Иммунды тапшылық

Иммундық тапшылық (ИТ) иммунды жауап механизмінің бір немесе бірнеше ақаулығына байланысты өзгерген иммундық статус. Иммундық тапшылықтар: біріншілік (туа пайда болған), екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді. Сонымен бірге иммундық жүйесінің өзі де жұқпамен зақымданады (ЖИТС, Т- клеткалық лейкемия) . Иммундық тапшылық симптомдары, иммунитет ақауының тереңдігі мен сипаты кең ауқымды өзермелі. Жаңа жіктелуі иммундық ақаудың басымырақ орналасуына және иммундық жүйенің маңызды бөліктеріне сәйкес біріншілік иммунды тапшылық жағдайлары негізгі 4 топқа бөлінеді:

- антиденелер өндіру ақаулары;

- біріккен иммундық тапшылықтар;

- фагоцитоз ақауы;

- комплемент жүйесінің ақауы;

Біріншілік иммундық тапшылық дамуына жауапты көптеген гендер анықталды. Бір иммундық тапшылық жағдайының клиникалық көінісі бір отбасы мүшелерінің ішінде әртүрлі болып кздеседі. Бұл жағдай гендер мутациясымен түсіндірілген, бірақ зерттеулер нәтижесінде науқастар фенотипі мен генотипінде нақты ауытқулар анықталмады. Барлық иммундық тапшылық жағдайының ішінде (симптомсыз жүретін IgА жеткіліксідігінен басқа) В-жасушалық антидене өндіру ақауы - 50%, Т-жасушалық ақау - 18%, фагоцитоз жүйесі - 18% және комплемент жүйесі - 2%. Иммундық тапшылық жағдайының формаларының жалпы жиілігі 1: 10 000.

Иммундық тапшылық жағдайының диагностикасы бірінші ретте ауру тарихына, науқас өміріне, отбасылық анамнезіне иммунологиялық жеткліксіздіктің клиникалық көрінісіне және иммунологиялық ақауды анықтауға негізделеді.

Біріншілік иммундық тапшылық жағдайының клиникалық көрінісі көп жағдайда балалық кезеңде алғаш анықталады, бірақ кейбір формалары кешірек анықталады, негізінен жалпы вариабельді иммундық жетіспеушілік.

Иммундық тапшылық жағдайының клиникасы келесі симптомды комплекстер түрінде кездеседі: инфекциялық, аллергиялық, аутоиммундық, онкологиялық. Иммундық тапшылық жағдайының көпшілік клиникалық белгілері жиі ауыр жүретін инфекциялармен байланысты және бірінші ретте ЛОР және бронх-өкпе жүйесінің жедел және созылмалы аурулары - бронхиттер, пневмониялар, плевриттер, отиттер, синуситтермен бірігіп жүреді. Тері және шырышты қабаттардың инфекциялық заымданулары жиі кездеседі. Науқастар созылмалы асқазан - ішек ауруларына жоғары дәрежеде бейім келеді. Сирек жағдайда остеомиелит, энцефаломиелит, сепсис, менингит сияқты ауыр инфекциялық аурулардың дамуы мүмкін. Қоздырғыш түрі иммунологиялық ақау сипатымен анықталады. Мысалы, антиденеөндіру ақауына антибактериалды препараттарға төзімді, жоғары патогенді инкапсулирленген флора ( пневмония стрептококкты, алтын түсті стафилакокк, гемофильді таяқша) тән; шартты - патогенді бактериялар кейбір жағдайда ауыр бактериалды аурулардың негізгі этиологиялық факторы болуы мүмкін. Т - жасушалық жетіспеушілігі басымырақ науқастарда инфекция қоздырғыштары вирустар (цитомегаловирус, Эпштейн - Барр вирусы ж. б. ), саңырауқұлақтар (Candida albicans), қарапайымдылар (P. Carinii) болып табылады. Фагоцитоздық ақауларда - стафилококктар, грамтеріс бактериялар, Candida albicans, Aspergillus; комплемент жүйесінің бірқатар компоненттерінің жетіспеуінде - іріңді бактериялар, Neisseria.

Иммундық тапшылық жағдайымен науқастардағы патологиялық жағдайлардың ерекшеліктері болып бірнеше ауыр созылмалы және қайталамалы инфекциялық аурулардың болуы. Инфекциялық аурулар ауыр барысымен және микробқа қарсы емнің әсері жеткіліксіз болуымен сипатталады. Бірақ созылмалы аурулардың тұрақты ремиссиясына барлық жағдайда жетуге болады, ремиссиялары ұзақ емес, аурулар үздіксіз қайталамалы сипат алуы мүмкін.

Иммундық тапшылық жағдайында аллергиялық реакциялар IgA - ның таңдамалы жетіспеушілігі және Вискотта - Олдрич синдромы сияқты формаларына тән.

Иммундық тапшылық жағдайымен науқастарда әртүрлі аутоиммундық синдромдар: жүйелі қызыл жегі, Шогрен синдромы, созылмалы белсенді гепатит, пернициозды анемия, гемолитикалық анемия, тромбоцитопения және нейтропения ж. б. қалыптасуы мүмкін. Иммундық тапшылық жағдайымен науқастар тобында қатерлі ісіктер бірнеше рет жоғары, әсіресе атаксия - телеангиоэктазия, Вискотта - Олдрич синдромымен науқастарда жиі кездеседі. Ісіктер типі жалпы популяциядан өзгеше, ең жиі лимфоретикулярлы ісіктер кездеседі.

Иммундық тапшылық жағдайының көпшілік формаларына екі немесе одан да көп созылмалы аурулардың бірігуі, созылмалы интоксикация синдромы, физикалық дамудың тоқтауы, аутоиммунды типті аурулар, шеткері қандағы ауыспалы немесе тұрақты өзгерістер ( анемия, лейкопения, тромбоцитопения ж. б. ) тән. Лимфоидты тіннің гипо немесе гиперплазиясы жиі анықталады.

Гуморальдық иммунитет ақауы иммундық тапшылық жағдайының жиі тараған формасына жатады және иммунологиялық ақаудың тереңдігі мен сипатына байланысты бөлінеді: антиденелердің тотальді жетіспеушілігі және қан сарысуындағы иммуноглобулиндердің бөлек класстарының болмауынан иммуноглобулиндердің субкласстарының жетіспеушілігі және спецификалық антиделердің таңдамалы жетіспеушілігі.

Біріншілік иммундық тапшылық жағдайының басқа да жіктелуі бар. Р. М. Хаитов жеті типін бөлді:

- антидене жетіспеушілігімен синдромы;

- Т - лимфоциттердің жетіспеушілігімен синдром;

- комплемент компоненттерінің жетіспеушілік синдромы;

- НК клеткалық ақау синдромы;

- Фагоцитоздық ақау синдромы;

- адгезия молекулаларының ақауы синромы;

- біріккен Т және В жетіспеушілігі;

Р. В. Петров және Ю. М. Лопухинмен иммундық тапшылық жағдайының оригинальді жіктелуі ұсынылды.

Д. В. Стефани және Ю. Е. Вельтищев біріншілік және екіншілік иммундық тапшылық жағдайын қосатын келесі жіктелуін ұсынды.

Біріншілік және екіншілік иммундық тапшылық жағдайының жалпы жіктелуі

А. Тұқым қуалайтын иммундық тапшылық жағдайы

2. 1 Гуморальдық иммунитеттің тапшылығы (В - лимфоциттер жүйесі )

2. 1. 1. Агаммаглобулинемия, Брутон ауруы-бұл дерт Х- хромосомасымен тіркесіп ұрпаққа беріледі. Сондықтан көбінесе тек ұл балалар ауырады. Оның даму жолдары әлі белгісіз. Болжам бойынша В-лимфоциттерінің аналық жасушасы деңгейінде гендік мутациядан дамиды. Бұл дерттің ерте дамитын түрінде балалар бір жасқа толмай шейіт болады. Бұл кезде қанда В- лимфоциттер қатты азаяды, жұқпаларға қарсы антиденелердің ( гамма- глобулиндердің ) түзілуі болмайды. Аурудың кеш дамитын түрінде балалардың 2-3 жасқа дейін дені сау болады. Оның дамуы баланы емшектен айырған соң байқалады. Ауырған балаларда лимфалық түйіндердің гипоплазиясы, бадамша бездердің, ішектердің лимфоидтық тіндердің атрофиясы байқалады. Қанда В-лимфоциттері қатты азаяды, плазмалық жасушалар толығынан болмайды, иммуноглобулиндердің барлық түрлерінің өндірілуі қатты төмендейді.

Бұл кезде иммунитеттің жасушалық көрсеткіштері өзгермейді. Сондықтан вирустық жұқпаларға организмнің төзімділігі сақталып қалады, бірақ бактериялық жұқпаларға төзімділік қатты төмендейді. Осыдан мұндай балаларда жұқпала жиі қайталанып өтеді.

2. 1. 2. Дисиммуноглбулинемия:

А) жалпы вариабельді гипогаммаглобулинемия;

Б ) ІgА - ның селективті тапшылығы

В ) IgG және IgA иммуноглобулиндердің тапшылығы мен IgМ синтезінің көбеюі (гипер IgМ - синдром)

Г) IgG подкластарының тапшылығы ( IgG1, IgG2, IgG3, IgG4 жоқ болуы ) және IgМ деңгейінің көбеюі неесе көбеймеуі.

2. 2. Жүре пайда болған иммунды реакциялары тапшылығы ( Т- лимфоциттер жүйесі )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар
Иммунопатологиялық үрдістер
Иммуннопатология
Ауру түрі
Иммунология
Иммунопатология
Иммунологиялық реакциялар: маңызы, түрлері, механизмдері, қою тәсілдері. Инфекциялық аурулардың иммунопрафилактика және иммунотерапия негіздері.
Дисбактериоз. Дисбиотикалық жағдайдың лабораторлық диагностикас және коррекциялау әдістері.
Дисбактериоз туралы ақпарат
Иммунитет туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz