Индивидуалды және топтық психотерапия курсынан қысқаша лекциялар



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Индивидуалды және топтық психотерапия қысқаша курсының лекциялары

1 Лекция. Психотерапия психологиялық көмектің формасы ретінде

Психотерапия --
-- психикаға және психика арқылы емдік әсер ету жүйесі -- адам организміне;
-- денсаулықты сақтау және қамтамасыз ету мақсатында адам психикасына спецификалық тиімді әсер ету формасы;
-- тәрбиелеу және емдеуді біріктіретін аурулар тобының немесе аурудың психикасына емдік әсер процесі.
Анықтама ретінде, көпшілік дәрежеде психологиялық ыңғайларды белгілейтін және тұлғааралық өзара әрекеттесу, психологиялық құралдар, психологиялық мәселелер мен конфликтер, қатынстар, бағдарлар, эмоциялар, мінез-құлық сияқты ұғымдардан тұртын төмендегілерді көрсетуге болады:
психотерапия --
-- тұлғааралық өзара әрекеттің ерекше түрі, бұл жағдайда пациенттерге оларда психологиялық сипаттағы мәселелер мен қиындықтарды шешуде психология құралдарыменен кәсіби психологиялық көмек көрсетеді;
-- интеллектуалды, әлеуметткі немесе эмоциялық негативті болып табылатын қатынастар мен мінез-құлықтарын модификациялауда адамға көмектесу мақсатымен вербалды әдістемелер мен тұлғааралық өзара қарым-қатынастарды пайдаланатын құралдар;
-- ұзақ уақыт арасында біреуі адамдардың өзара қарым-қатынасын түзетуге маманданған екі немесе одан да көп арасындағы тұлғааралық өзара әрекеттесуі;
-- кез келген бсқа техникадан өзгешелігі адамды өзінің ішкі конфликтерімен және қайшылықтарымен бетпе-бет қоятын жоспарланатын, адамның қатынастарын, сезімдері мен іс-әрекетіндегі өзгерістер мен тнымдық процесс техикасының арасындағы ортасы болып табылатын персонализацияланған техника.
Психотерапевтикалық араласу, немесе психотерапевтикалық интервенция - бұл белгілі бір мақсаттарымен және осы мақсаттарға сәйкес келетін әсер ету құралдарын таңдаумен, яғни, әдістерді таңдаумен сипатталатын психотерапевтикалық әсер етудің түрі (типі, қалыпы). Психотерапиядағы негізгі үш бағытқа сәйкес келетін психотерапиялық араласудың үш негізгі типі бөлініп алынады: психоаналитикалық, іс-әрекеттік және тәжірибелік (гуманистік), бұлардың әрқайсысы жеке өзінің саулық пен ауру, терапевтикалық мақсаттарымен, араласу жазықтығымен және сәйкес келетін тәсілдері мен құралдарымен сипатталады.
Психотерапия тарихында екі үлкен (негізгі) кезеңді бөліп алуға болады. Біріншісі, ғылымға дейінгі кезең мыңжылдықтарды қамтиды және екінші кезең - бар болғаны екі жүз жылдық, XIX-XX ғасырлар - психотерапияның ғылыми кезеңі.

Лекция 2. Топтық динамика. Топтық терапевт тұлғасына қойылатын талаптар

Топтық динамика сипаттамасына келесілер жатады: топтың мақсаты және міндеті; топтың ережелері, құрылымы, топтық рөлдер және көшбасшы мәселесі, топтағы қысым, бұрынғы эмоциялық тәжірибені жетілдіру, кіші топтардың қалыптасуы, психотерапиялық топтың даму фазалары.
1. Психотерапиялық топтың мақсаты: әрбір қатысушының мәселесін қарастыру, оларға өзінің күйін өзгертуге және түсінуге көмектеседі, адекватты әлеуметтік бейімделуіне қол жеткізе отырып пациенттің ақырындап әлсіз үйренуін өзгерту; адамдармен тиімді және үйлесімді қарым-қатынас жасаудың негізі ретінде интерперсональды және топтық процесстердің заңдылықтары жайлы ақпарат беру; тұлғаның даму процессін жеке өзіндік және рухани әлеуетінің өсуі мағынасында қолдау; ауырушаңдылық белгілері мен симптомдарын жою.
2. Топтың нормалары - бұл оған қатысушылар арасындағы қарым-қатынастар мен іс-әрекеттерін реттейтін ережелер мен талаптар, іс-әрекет стандарттарының жиынтығы. Топтық нормалар топта не істеуге болатынын, болмайтынын ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін анықтайды. Нормалар топ дамуының барысында өзгерістерге ұшырауы мүмкін, әсіресе, жаң күрделі топтық жағдайлар туындаған кезде, бірақ, оларды келісімдеусіз ұйымдасқан белсенділік бола алмайды.
3. Топ құрылымы, топтық рөлдер және көшбасшылық мәселелері. Топ құрылымы бір уақытта формальды және формальды емес болады. Шиндлер (Schindler R., 1957) ең жиі кездесетін төрт топтық рөлді сипттаған болатын. Альфа - көш басшы, топқа жағымды, топты белсенділікке тартады, бағдарлама құрады, бғыттап, оған сенімділік пен шешімділік береді. Бета - топқа қажетті немесе топ жоғары бағалайтын арнайы білімі, біліктілігі, қабілеті бар сараптамашы. Гамма -- көбіне пассивті топтың өзінің анонимділігін сақтап қалуға тырысатын оңай бейімделгіш мүшелері; олардың көпшілігі альфалармен теңестіріледі. Омега -- топтың ең шеткі мүшесі ол қабілетсіздік, басқалардан өзгешелігінің немесе үрей салдарынан ұжымнан қалып қояды. Психотерапевтикалық топта сондай-ақ, басқада рөлдер кездеседі.
4. Топтық ұйымшылдық топтың оның мүшелері үшін тартымдылығы, топқа қатысу қажеттілігі және ортақ мәселелерді шешуде ынтымақтасу ретінде және индивидтердің бір-біріне өзара ұмтылуы түсініледі. Топтық ұйымшылдық топтық психотерапияның әсерлілігі мен тиімділігінің қажетті шарты болып табылады.
5. Топтық шиеленушілік топқа қатысушылардың күткендері шынайы топтық жағдайға тура келмеуіне, жеке бастық ынталануларының, өз қажеттіліктерін, қалауларын, орындарын, топтың басқа мүшелерімен қойылымдарын, сырқатты мәселелер мен уайымдарға қарай шамалай білу қажеттілігімен байланысты туындайды. Шиеленіс агрессивтіліктен, ызақорлықтн, шамданушылықтан, ұнатпаудан, үрейден көрінуі мүмкін. Дегенмен топтағы шиеленіс топ мүшелерін белсенділікке, өзгерістерге итермелейтін позитивті рөл ойнайды.
6. Бұрынғы эмоциялық тәжірибені актуализациялау (проекция).
7. Топтың ішінде шағын топтарды қалыпртастыру және олардың іс-әрекетке әсері. Топтарда шағын топтарды құру тенденциясы айтарлықтай жиі байқалады. Топтың ішіндегі шағын топтар белгілі бір принциптерге (жастық, жыныстық, интеллектуальдық және басқада) сәйкес пайда болады және ол психотерапевтік топтың іс-әрекетіне әсер етеді.
8. Психотерапевтикалық топтың даму фазалары ең алдымен, топқа қатысушылар арасындағы өзара әрекеттесу мен өзара қарым-қатынастың басым типтерінің топтық интеракцияның негізгі типімен ауысуымен анықталады.
Тиімді терапевт тұлғсын M.S.Corey және G.Corey (1987) айтрлықтай сипаттауға тырысты. Бұл; батылдық, топ қатысушылары үшін үлгі болу, топта эмоциялық қатысу, ашықтық, агрессияны қабылдай білуі, жеке күші, жаңа тәжірибеге ұмтылуы, әзіл оспақты түсіне білуі, тапқырлық, өзіндіктаным.
Лекция 3. Белсенді тыңдау әдістері. Белсенді тыңдау дағдыларын дамыту тренингі

Белсенді тыңдау төмендегілер үшін қажет:
-- әңгімелесушіге зейініңді көрсету, оның айтқандарының мазмұнын түсіну;
-- айтылғанды дұрыс түсінгендігін тексеру;
-- айтушыға өз ойын жеткізуге көмектесу.
Белсенді тыңдау тәсілдері (вербальды және вербальды емес):
Белсенді тыңдаудың 1 тәсілі. Мадақтау, мақұлдау, әңгімелесушіні белсенділендіру.
o Сөйлеу тактісіне бас изеу, көзбен көз түйісуі.
o Иә... дұрыс... осылай...
o Бұл қызық екен...
o Түсінікті...
Белсенді тыңдау 2 тәсіл. Анықтау -- қосымша, дәлірек түсінік беруді сұрау.
Егер қосмағыналы, көпмәнді, түсініксіз, сәттер болса оларды анықтау үшін сұрақтар қойылады:
Белсенді тыңдау 3 тәсіл. Қайталау -- әңгімелесушінің сөздерін сөзбе-сөз қайталау.
Белсенді тыңдау 4 тәсіл. Қайтафразалау -- әңгімелесушінің ойларын өз сөздеріңмен қайталау:
o Мен сізді түсінуім бойынша...
o Сіз осылай деп есептейсізбе...
o Егер мен қателессем мені түзетіңіз, бірақ мен ... екенін түсіндім.
o Басқа сөзбен айтқанда...
o Мен сізді дұрыс түсіндім ба - сіз ... деп айттыңыз?
o Сұрау ырғағымен қайталау
o Сіз...деп ойлйсыз ба
o Яғни..келісуге ...болады
o Яғни...
Белсенді тыңдау 5 тәсіл. Әңгімелесушінің ойының дамуы -- сөздердің ішкі мәтінін қайталау, сөздердің шынайы мағынасын табу.
Белсенді тыңдау 6 тәсіл. Әңгімелесушінің сезімдерінің көрінуі -- басқаның сөздерін қалай түсінгендігі жайлы сөздер:
o Сіз өзіңізді біртүрлі сезініп тұрған сияқтысыз...;
o Сіз уайымдап тұрған сияқтысыз...;
o Сырт көзге сіз өте)...;
o Менде...ой қалыптасты
o Сізді бұл нәрсе қатты толғандырып жіберген сияқты!
Белсенді тыңдау 7 тәсіл. Сезімдерді бөлісу, бірге уайымдау.
o Мен сіздің орныңызда болсам мен де өзімді солай сезінер едім
o Иә, сіздің эмоцияларыңызды түсінемін...
o Мен де бұған байланысты өзімді сенімді сезінемін...
Белсенді тыңдау 8 тәсіл. Жалпылау, қорытынды (резюме).
o Сонымен, сіз былай дедіңіз...
o біз әңгімеден кейін мынандай нәрсеге келдік...
o Егер айтылғанды қорытындылайтын болсақ...
o Естігеннің бәрінен меніңі түсінгенім...

Лекция 4. Т-топтар. Негізгі мақсаттар, процедуралар, техникалар, жаттығулар

Тренингтің алғашқы топтары (Т-топтар) 1946 ж. Курт Левинмен оның әріптестері топ қатысушыларының өздерінің топтық уайымдарын талдаудың пайдалылығын байқағаннан кейін құрылған болатын. Зертханалық тренинг шағын топтарда болатын тұлғааралық біліктерін дмыту мен ондағы процесстерді зерттеуге бағытталған оқыту әдістерінің кең спектрін ұсынады. Сензитивті топтар атауын алған кейбір Т-топтар жекелеген қатысушылардың тұлғасын жан жақты дмыту мақсатын қоюы мүмкін.
Т-топтар қозғалысынд жататын құндылықтар: мінезқұлықтық және қоғамдық ғылымдарға бағытталуын, авторитарлыққа қарсы демократиялық процесстерді, өзара көмек қатынастарын қалыптастыру қабілетін қамтиды. Т-топтармен байланысты негізгі ұғымдар: оқыту зертханасы, қалай оқу керектігіне оқыту, осында және қазір принципі. Оқыту зертханасы мінезқұлықтың жаңа түрлерін қауіпсіз ортада байқап көруге зейінін шоғырландырады. Қалай оқу керектігіне оқыту келесі циклден: өзінұсыну - кері байланыс - эксперимент жасау. Кері байланыс Джогари терезесі мысалында ашылады - Т-топтар әдіснамасындағы ең маңызды ұғым.
Т-топтың жетекшісі (тренер) топ қатысушыларына олардың мінез-құлықтарын жән е қарым қатынастарын зерттеу бойынша бірлесіп жұмыс істеуді сеніп тапсырады. Т-топпен ұқсастығы бар тэвистоктік шағын оқу тобы индивидуалды мінез құлықтар топта болып жатқан процестерді көрсетеді дегеннен шығады. Тэвистокстік жетекшінің рөлі Т-топ жетекшісінің рөліне қарағанда пассивті. Т-топ сондай ақ қатысушыларға белсенді тыңдау, конфронтация, мінез құлықты сипаттау, сезімдер туралы хабарлама сияқты өзіндік ерекше коммуникативті біліктерді дамытуға көмектеседі. Кейбір Т-топтар топ мүшелерінің өзіндік ерекше мақсаттарына жету үшін құрылымдық ыңғай пайдаланылы.
Т-топтарды зерттеуде екі облысты бөліп алуға болады: топтық процессті зерттеу және соңғы тиімділікті бағалау. Ұзақуақыт зерттеу жүргізу қажеттілігі бар, атап айтсақ топтық тәжірибесінің нәтижелерін шынайылыққа көшіруді зерттеу үшін , мысалы жанұялық топқа. Т-топтар бүтіндей топтардың тнымалдылығының өсуіне ықпал етті және психологиялық ұғымдармен танысуды кеңейтті. Олар қоғам мүшелерінің тұлға дамуына және сондай ақ тұлғааралық қатынастардың шынайылығына деген өсіп отырған қызығушылығының бір бөлігі болып отыр. Соңғы кезде Т-топтар өз зейінін өзіндік ерекше біліктерді дмытуға аударды және басқада бағыттардың техникасын енгізе бастады.

Лекция 5 Кездесу топтары. Негізгі мақсаттар, процедуралар, техникалар.

Тренингтің Ұлттық зертханасында жүргізілген эксперимент психологиялық әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
ТҰЛҒА ДАМУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ қысқаша лекция курсы
Психикалық сырқат жасөспірімдерді тексеру әдістері
Патопсихология пәні және мақсаты
Әлеуметтік технологиялардың қоғамдағы алатын орны, маңыздылығы
Психотерапия пәні бойынша дәрістер
Топтық психотерапияның қалыптасуы
Өткен ғасырдың ойшылдары
Пәндер