Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың дамуы


2. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың дамуы.
3. Индустриалды-инновация Қазақстан экономикасын дамытудың бірден-бір жолы 4. Инновациялық стратегиялар - инвестициялық стратегиялар негізінде қалыптастырыладыПайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстандағы инвестиция және инвестициялық қызмет` Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету. Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан - 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.
«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. » -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.
2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:
Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.
Индустриалық - инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады.
Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар.
Қазақстанның инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс.
Инвестициялық саясат . Он жылдықта әлеуметтік - экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған.
Экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету басты міндет ретінде алға қойылып отыр.
Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.
ҚР ИЖТМ Инвестиция комитеті инвестициялық келісімнің жаңа жүйесін енгізеді - Е. ҚайыровМемлекет басшысы Жолдауын жүзеге асыру аясында ҚР ИЖТМ Инвестиция комитеті инвестициялық келісімнің жаңа жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР ИЖТМ Инвестиция комитеті төрағасы Ерлан Қайыров Strategy2050. kz агенттігіне берген сұхбатында.
АСТАНА ҚАЛАСЫ14 Ақпан, 10:40
«Біз шетелдік инвесторларға жаңа мүмкіндік беріп ынталандырғымыз келеді, сонымен қатар инвестициялық келісімнің жаңа жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұның мәнісі неде? Біріншіден, біз заңнамалық тұрақтылықтың орнығуын қамтамасыз еткіміз келеді. Қазіргі заңнаманың өзгеруі аясында өңдеуші сектордағы жобаларда да ауыс-түйістер болады. Екіншіден, бұл шетелдік жұмыс күшін тартудың ең тиімді жолы. Осы арқылы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұзақмерзімді тапсырыстар мүмкіндігіне жол ашылып, шетелдік инвесторлар елімізге жаңа технологиялармен келіп жұмыс істейтін болады», - дейді Е. Қайыров.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Жолдауда басты тапсырманың жаңа технологиялардың дамуы мен инвесторларды барынша молынан тарту екенін айтқан еді.
Е. Қайыровтың айтуынша, қазіргі таңда ведомство мойнына инвестициялық стратегияны таңдауда ұлттық компанияларды дұрыс бағыттау міндеті жүктелген.
«Біздің ойымыз, ұлттық компаниялардың инвестициялық стратегияны таңдағанда қателеспеулері керек. Сонда олар шет елден құрылғыларды сатып алуда ұтылмайтын болады. Олар ұзақмерзімді тапсырыс беруі үшін осында өндірушілерді алып келіп, өзара келіссөздер ұйымдастырулары керек. Дәл осы мәселе Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған болатын», - дейді комитет төрағасы.
2. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың дамуы.
Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға өтуге байланысты инвестицияларды тартумен тұрақты дами бастады. Бұл еліміздегі жүргізілген инвестициялық саясатының нәтижесі деуге болады. Осы бағыттағы шаралар барысында ол дағдарыстан шығудың нақты тұтқасына айналып, экономиканың өсуі және оны қайта құрылымдаудың негізгі шарты болғанын күнделікті өмір көрсетіп отыр.
Одан басқа «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бағдарламасына» сәйкес, таяудағы онжылдықта инвестициялаудың жалпы көлемі 6, 5триллион теңгелік 162 жобаны іске асыру болып отыр, ал бұл елдің ІЖӨ 40%-дан астамы, олар бізге таядағы үш жылда ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын тікелей ашуға мүмкіндік береді» [1] .
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі- Қазақстан экономикасына келетін инвестициялар ағынын әртараптандыру болып табылады» деп инвестициялық саясаттың қазіргі бағыттарына назар аударған болатын [2] .
Осыдан қазіргі ҚР үкіметінің инвестициялық саясатының мақсаты - экономиканы дамыту және заманауи технологияны қолдану арқылы іс жүзіндегі өндірісті кеңейту мен жаңарту, бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа орындарды ашудағы, қоршаған ортаны қорғаудағы инвестицияны ынталандыру.
Жалпы инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау.
Ол күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс жүргізілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.
Елдегі инвестициялық саясаттың даму деңгейін елдің әл-ауқатының артуынан көруге болады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында отандық нарыққа шетелдік инвесторларды тарту инвестициялық саясаттың басымдылығы болып табылды. Ал инвестициялардың ішкі көздері не құнсызданды, не назардан тыс қалып отырды. Сондықтан рыноктік реформалардың алғашқы жылдарында отандық инвесторлардың қаражаты нарықтық қайта құру үдерістеріне тартыла алмады. Сонымен қатар, ол кезде орын алған отандық өндірістің үздіксіз құлдырауы ішкі жинақтар көлемін төмендетті. Академик У. Баймұратов өз еңбегінде былай деп жазады: «теріс сипаттағы экономикалық фактордан басқа, нәтижесінде елде жемқорлықтың күшеюін алып келген өзге де желілік емес санаттар іске асып отырды. Жемқорлық, несиелік мүмкіндіктердің шектен тыс қол жетімсіздігі мен шектеулігі, шетел инвестицияларын тиімсіз пайдалану, заңнамадағы кемшіліктер, нормативтік базаның әлемдік стандарттарға сай еместігі осы кезеңдегі инвестициялық ахуалға кері әсер тигізді» [3] .
Инвестициялық сұраныс пен жиынтық сұраныстың төмендеуі мен құнсыздануы экономиканың тұрақсыздануына алып келді.
Осы жағдайларда ескере отырып алдағы уақытта Қазақстанның экономикалық жүйесінде инвестициялық саясатты жетілдіру арқылы ел экономикасын дамыту алға қойылды. Қаржыландыру көздерінде инвестициялардың үлесі арта бастады. 1998 жылдан бастап инвестициялардың ЖІӨ үлесі 8, 4%-дан 2006 жылы 43, 0% дейін тұрақты өсу үрдісіне ие болды [4] . Сонымен бірге елімізге шетелдік инвестицияларды тартудың құқықтық заңнамалық базасы да құрыла бастады.
Нәтижесінде шетелдік инвестициялау көмегімен Қазақстанда дағдарысты тежеуге, экономиканы қаржылық тұрақтандыруға мүмкіндік құрды және тапшылықпен күрес, құрылымдық қайта құрулар, экономиканың технологиялық және басқарушылық сияқты макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге ықпалын тигізді. Яғни, осындай факторлар сыртқы капиталдық салымдарды тарту және пайдалану маңыздылығын дәлелдейді.
Республикаға шетел инвестицияларын тартудың негізгі нысаны бірлескен кәсіпорындар (БК) мен 100% шетел капиталы бар еншілес кәсіпорындар болғаны белгілі. ҚР Ұлттық статистика агенттігінің мәліметтері бойынша шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың көбі Түркия, Ресей, Қытай, Германия, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және басқа елдермен бірлесе отырып құрылған. Олардың ішінде «Филипп Морристің» қатысуымен «Табако К. » АҚ, «Шеврон Оверсиз К. » (АҚШ), «Теңізмұнайгаз» «Теңізшевройл» БК және АВN Амrоваnк, Теxакаваnк, Альфабанк және тағы басқалар.
Одан басқа рынокке өтпелі кезеңде өндірістік сектордағы төмен инвестициялық сұраныс негізгі қорлардың тозуын күшейтті. «2001 жылдың өзінде негізгі қорлардың тозу деңгейі жалпы халық шаруашылық бойынша 38, 7%, оның ішінде өнеркәсіпте - 43, 2%, электр энергетикасында - 19, 1%, қара металлургияда - 47, 9%, құрылыс материалдары өнеркәсібінде - 43, 5% құрады». Осыдан жабдықтар мен технологиялар түріндегі капиталдың ескіруінің жоғары деңгейі, еңбек пен капиталдың төмен өнімділігі көзге түседі. Бұл мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыруда, инвестицияларды өндірістік күштерді қайта құрылымдаудың факторы ретінде қарастыруды алға қойды. Себебі қазіргі күнгі өндірістік күштер жүйесі бәсекеге қабілетті емес, қажетті өсу әлеуеті жоқ, бұл экономиканың шығындық сипатына, ғылыми-техникалық үдерістен кеш қалуға байланысты болды. Ғалым М. Б. Кенжеғозиннің пікірі бойынша, «өндірістік күштерді жаңартудың, жетілдірудің мүмкіндіктері мен стратегиялық бағыттарын жоғалтып алсақ, бір сәттік мақсаттар мен ағымдағы шығындардан шыға алмасақ, дағдарыстан шыға алмаймыз, кейінгі үдерістерге іліге алмаймыз. Өндірісті мұндай жаңарту қажеттілігін ескеретін шаралармен күшейтілген нарықтық жолға қою республиканы шикізат пен арзан жұмыс күшін жеткізетін елдер қатарына қосуы мүмкін» [5] .
Экономиканы қайта құрылымдау мәселелерін инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар көмегімен немесе жекелеген салаларды дамыту жөніндегі үстіртін және жалпы бағдарламалар арқылы шешу мүмкін емес. Сонымен бірге ресурстарды тиімді пайдалану және қалдықсыз өңдеу технологияларын қолдану, сондай-ақ өндірістегі дайын өнім үлес салмағын ұлғайту керек. С. С. Айсағалиева өзінің еңбегінде «өнеркәсіптік саясаттың ғылыми-техникалық, технологиялық, инновациялық және инвестициялық құрамдас бөліктері әзірленіп, енгізілмей, нақты да айқын ережелері (ұйымдық-институционалдық құрылымы) бар «макродеңгей - мезодеңгей - микродеңгей» байланысы құрылмай, қазіргі жағдай жақсармайды» деп атап көрсеткен болатын [6] .
Республикада өндірісті инвестициялау деңгейінің төмендеуі негізгі қорларды жаңартулардың қысқаруына алып келді. Әдетте, негізгі капиталдың табиғи және сапалық тозуы келешекте орнықты да тұрақты экономикалық өсімге әкелмейді.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасының 2010 жылы өндірілген жалпы ішкі өнімiнің (ЖІӨ) көлемі 15 907 млрд. теңгені құрады, нақты өсім - 3% (2009 жылы - 8, 9%) . 2009 жылы инфляция 9, 5% құраса, 2008 жылы 18, 8% құраған[7] .
Жалпы ішкі өнімнің 2010 жылғы өсуін тау-кен өндірісі, электр энергиясын, газ және су өндіру және бөлу, байланыс сияқты экономика салалары қамтамасыз етті. Экономикалық қызмет нәтижелерінің 2009 жылы төмендеуіне қаржы саласындағы, ауыл шаруашылығындағы, сонымен қатар өңдеуші саладағы баялау ықпал етті.
Соған қарамастан тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5, 3%-ға, электр энергиясын, газ және су өндіру және бөлу саласында 6, 4%-ға артса, өңдеуші өнеркәсіпте 2, 6%-ға кеміген. Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 2010 жылы ағымдағы бағамен 1 316, 4 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 5, 6%-ға төмен. 2010 жылғы жалпы ішкі өнімнің құрылымында тауар өндіру үлесі 45, 0% болса, қызмет көрсету үлесі 52, 5% құрады. Қазақстанның ЖІӨ құрылымында қызмет көрсетудің басымдығы алғаш рет 2002 жылы байқалған болатын. Бұл ағым әлемдік ЖІӨ өндіру мен пайдалану құрылымына тән.
Елімізде қабылданған үдемелі индустриалды- инновациялық даму бағдарламасына сай алдағы уақытта тұрақты экономикалық өсімнің әлеуетін айқындайтын көрсеткіш - негізгі капиталға жасалатын инвестициялар деп айқындалды. Осыдан 2010 жылы негізгі капиталға жасалған инвестиция көлемі 3 836, 1 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4, 6%-ға артық. Негізгі капиталға жасалған инвестициялардың басым бөлігін, яғни 53, 3%-н қазақстандық жеке меншік нысандағы жеке қожалықтар жасаған. Шетелдік инвестиция көлемі - 26, 1%. Мемлекеттік сектордың салымдардағы үлесі -20, 6%.
3. Индустриалды-инновация Қазақстан экономикасын дамытудың бірден-бір жолы.
«Индустриялды-инновациялиқ даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстырумен көзделген экономикалық даму бағыты. Қазақстан Республикасының Индустриалдық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстан Президентінің «Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсіпкерлерінің оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленген болатын. 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын дамыту көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемді жаһандану процесінің орын алуы, еліміздің ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету болып отыр. [1]Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған. Дегенмен де қазіргі таңда ел экономикасын дамытуда проблемалар да жоқ емес. Оларға: экономиканың шикізатқа бағытталуы; өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі, ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негізгі қорлардың тез тозуы, кәсіпорындардың техника және технология жағынан артта қалуы; отандық ғылымның нарықтық экономикаға нашар бейімделуі; ғылыми-техникалық өнімді тауар деңгейіне дейін жеткізудің ықпалды тетіктерінің болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейінің төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы; экономиканың өңдеуші секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы; менеджменттің экономиканы ғаламдану үрдістеріне және сервистік-технологиялық экономикаға өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі т. б. [2]
Осы проблемаларды шешу мен Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттары құрылған болатын. [4] Елімізде индустриалды-инновация -дамудың дұрыс жолдарының бірі.
Индустриалды-инновацияны дамыту мен оны жүзеге асыруда инновациялық қордың рөлі ерекше. Қазақстанда инновациялық жүйені дамытуға арналған барлық алғы шарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсіпкерлік. Бұл технопарктер мен бизнес-клубтардың құрылуын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттік -жекеменшік әріптестік тәсілдерінің кеңінен қолдануын көздейді. Ұлттық инновациялық қор жобаларды дамытудың әртүрлі кезеңдерінде қаржыландырады: идея мен үлгі жасауынан бастап өндірістің кеңейтуіне дейін. Ұлттық инновациялық қордың қаржыландыруының тетігі -жоба құнынан 49 пайызға дейін үлестік инвестиция салу.
Ұлттық инновациялық қордың портфелінде бірнеше жобалар бар. Одан басқа, қазақстандық ғалымдар мен кәсіпкерлерге 2004 жылдан бастап тәжірибе- конструкторлық зерттемелерге 48 грант берілді. Қордың одан арғы міндеті -өз еншісіндегі үлесін сату жолымен инновациялық жобалардан шығу және тәжірибе конструкциялық зерттемелерді қаржыландыру. Елде тәжірибе конструкциялық зерттемелердің бірі - кәушікті гидридтеу катализаторы. Мұндай технология арнайы синтетикалық кәушіктің өндірісінде, негізінен екі елде ғана -Германия мен Жапонияда қолданылады. [4]
Жалпы қазіргі таңда индустриалды-инновация картасы -елімізде жағымды инвестициялық ахуал, бизнеске қолайлы белбеу қалыптастырып отыр. Осындай маңызды қадамдардың арқасында еліміздің қаржы-несиелік, фискалдық, тарифтік экономикалық саясат заманауи талаптарға сай бола бастады. Мемлекет инвесторларға тек міндет қоймай, қаржы және қаржылық ресурстар бойынша қол ұшын созып келе жатқанын да айта кетуіміз керек. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жүздеген тетік іске асырфылып отыр. Олар -инвесторларды, инноваторларды, экспорттаушы компанияларды қолдауға бағытталған және «Бизнестің жол картасы-2020» мен «Өнімділік-2020» бағдарламалары. Биылғы жарты жылдықта 75 инновациялық жоба іске қосылады, бұл дегеніміз 114 млрд теңгенің инвестициясы игеріліп, 10 мыңға жуық қазақстандықтар тұрақты жұмыспен қамтылады деген сөз. [2]
Елбасы атап көрсеткендей, 2010 жылы экономикадағы өсімнің жеті пайызын осы жылы іске қосылған жаңа кәсіпорындар қамтамасыз еткені белгілі. Ал биылғы жылы осынау индустриалды дамудың үлесі ел экономикасын тағы да 2, 6 пайызға арттыра түседі деп күтілуде. Бүгінде Қазақстанның жолы - индустриалды инновациялық дамудың кең арнасына айналып отыр. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізінде ағымдағы жылдың өзінде бірнеше объектілер іске қосылды. Бірінші жартыжылдықта бес объекті өз ісін бастады. Атап айтсақ: 1) «Кормовик-Евротехнология» ЖШС премикстер мен концентраттарды өндіру заводы, қуаттылығы жылына 1200 тонна жем қоспаларын өндіру;
2) «Юр-ИнвестСтрой» ЖШС асфальт өндіру зауыты, қуаттылығы жылына 850 мың тонна; 3) Жылына 1800 тонна сүт өнімдерін өндіру зауыты «Байсерке Агро» ЖШС; 4) Пішінді құбырларды өндіретін завод «Компания SONIK» ЖШС, қуаттылығы жылына 24 мың тонна құбырларды өндіру; 5) Хундай жүк автомобильдері мен автобустарын ірі-тораптық жинақтау бойынша жоба «Хундай АвтоТранс» ЖШС, қуаттылығы жылына 500 автокөлікке дейін өндіреді. [5] 2011 жылғы екінші жартыжылдықта үш жоба іске қосылады: 1) Индустриялық (станционарлық) қрғасын-қышқыл аккумуляторларын игеру «Қайнар АКБ» ЖШС, іске қосылуы қараша айында. 2) Текелі қаласында 3, 65 га жерінде жылыжайдың құрылысы «Green House- Жасыл үй» ЖШС іске қосылады; 3) Вакуумдық орауышта блокты ет және ірі тілімді еттерді шығару бойынша етті қайта өндіру кешенін құру «Байсерке Агро» ЖШС іске қосылуы желтоқсан айында. Сонымен қатар Республикалық Индустрияландыру картасының аясында екі объектіні іске қосу жоспарланған: Шарын өзенінде Мойнақ СЭС және «Жетіген- Қорғас» теміржол желісі; «Агрофос- Оңтүстік» жобалау компаниясы, фосфоры бар зиянды қалдықтардан аммониленген супер фосфат өндіріп шығаруға мүмкіндік беретін техникалық шешімді қолданысқа енгізуде; Құрылыс секторында екі жоба бар: Павлодардағы ағаш өңдеу комбинаты базасында жеке меншік инвестормен бірге келесі элеметтері бар толық циклді өндірістік кешеннің ұйымдастырылуын ескеретін жоба қаржыландырылды: формальдегидтік шайыр шығаратын фабрикасы, МДФ және ДСП өндірісінің линиясы, МДФ бұйымдары өндірісінің цехы. Комбинат осы уақытта тұтынушылардың әртүрлі санаттарына арналған қолжетімді баға бойынша бөлме аралық есіктерді шығаруын және сатуын қалпына келтірді. Агроөнеркәсіптік кешенде: ... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz