МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МАРИИ МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік

университеті

Педагогика факультеті

Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МАРИИ МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

5В010100
Күндізгі
МДОТ-14

АВТОР

(аты-жөні) (қолы, күні)

ЖЕТЕКШІ

(аты-жөні) (қолы, күні)

Петропавл, 2017ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 М. МОНТЕССОРИ ӨМІРІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

1. 1М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі, әдіс-тәсілі және оның маңызы . . . 7

1. 2 М. Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму . . . 13

2 М. МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ШАРТТАРЫ

2. 1 М. Монтессори құрастырған жүйе бойынша мектепке дейінгі балаларға арналған монтессори топтары . . . 15

2. 2 Баланың сенсорлық сезімдерін дамытуға арналған ойын түрлері және іске асыратын жаттығулар . . . 17

2. 3. Мүмкіншіліктері шектелген балаларды түзете-дамыту жұмыстарында Монтессори әдісін қолдану . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру реформасының негізгі мақсаты - баланың жеке басын үйлесімді дамыту, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу арқылы оның мүдделерін қанағаттандыру мен баланың жеке басының құндылықтарын дамыта отырып оқытуға көшу болып табылады. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологияларды қамтамасыз ету де соншалықты орын алады. Қоғамда қабылданған адам құқығы мен еркіндігі жүйесіндегі ең маңыздысы-білім алу[1, 486] . Дене мүшелерінің немесе ойлау қабілетінің жетіспеушілігіне байланысты баланы бұл құқықтан айыруға жол берілмейді. Барша баланың білім алу құқығы халықаралық құжаттармен бекітілген және Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көрініс тауып, Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген[2] . Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау. Монтессори технологиясы тек мүмкіндігі шектеулі балаларды ғана емес, сонымен қатар толыққанды балаларды да тәрбиелеуге болады. Ұсынылып отырған Монтессори технологиясы баланың өз мүмкіндіктерін, қабілеттіліктері мен қажеттіліктерін түсінуі арқылы тұлғалық даралануын қамтамасыз ете отырып, балаларды жан - жақты дамытуға, олардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға және потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған[3, 32] .

Баланың дамуына арналған орта ұйымдастыру. Баланың өз бетімен жұмыс жасауына кедергі келтірмеу, тек қана бір жағдайда көмектесу керек, тек қана өзі көмек сұрағанда. Балаға айналаны қоршаған ортаны тануға көмектесу, соған арнайы жағдай туғызу. Баланың қызығушылығын ояту, дамыту: заттық орта баланың көру, есту, тату, сипау, дәм, иіс, сөйлеу сезімдеріне тәрбиелейді. Осы алтауы бізді заттық ортамен таныстырады. Мектепке дейінгі балалардың тұлғасының негізгі құралдарының бірі - орта. Орта бала үшін жаңа білім мен әлеуметтік тәжірибенің көзі. Мектепке дейінгі ұйымның тұтас педагогикалық үрдісінде дамытушы ортаның рөлі. С. Л. Новоселованың пікірінше, дамытушы заттық орта балалардың дербес шығармашылық және ойын әрекеттерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар, ойыншықтар, құралдар, іс-әрекетінің материалдық нысаналардың жүйесі. Оның басты бағыттарының бірі балаларды әлеуметтендіру және оған сәйкес заттық дамытушы орта құру. «Заттық ортаны» осылайша игерудің баланың тұлғалық жағын дамыту, бұйымдық әлемге шығармашылық көз қарасын ояту үшін зор маңызы бар. Баланы әлеуметтендіруде дамытушы заттық ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сәйкестігі болашақтың зерттеу мәселесі деп есептейміз. Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі- заттық орта. Заттық орта әр түрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық, дене, адамгершілік т. б тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады. Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады. Заттық ортаны алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру, есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес, қиял, ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көру не есту керек.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Баланы дамытуға арналған бағдарламалар өте көп. Бірақ М. Монтессори әдістемесі қазіргі таңда баланың танымдық белсенділігін, сенсорлық эталондарды қалыптастыруда негізгі тиімді әдістері болып табылады. Баланың сенсорлық тәрбиесі- бұл заттардың сыртқы қасиеті туралы көзқарастарын қалыптастыру және қабылдау тәрбиесі, яғни олардың формасы пішіні, түсі, көлемі. Кеңістікте орналасуы, сонымен қатар иіс және дәм сезу т. б. Ерте жас сезім мүшесінің іс-әрекетін жетілдірудің сәтті кезеңі. Қоршаған ортаға деген көзқарасының жиынтығы. Cондықтан сенсорлық тәрбие бұл мектеп жасына дейінгі тәрбиенің аса маңызды жағы[4] . Сенсорлық тәрбие жалпы ақыл-ой дамуының негізін қалайды, ол баланың сәтті оқуының қажеттілігі. Заттарды қабылдау, және қоршаған ортаға деген танымдық айғағы. Мектепке дейінгі ұйымдарда Монтессори әдісін қолдану арқылы баланың небір қасиеттерін ашуға болады. Баланың сөйлеу тілі 6 жасына дейін қарқынды дамиды. Яғни ол тек қана сөйлеп қоймай, заттарды ұстап, сипаттап, көріп, танып, ойланады және де қоршаған ортамен тығыз байланыста болады. Ол үнемі ізденісте, жаңа бір ұғымды танып білуге осы әдіс арқылы құштар болады. Бүгін біз өз жобамызда мектепке дейінгі мекемелерде Марии Монтасрои әдістемесінің қолданылуын ұсынамыз.

Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады, әр түрлі іс-әрекетте әрқилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады. Көркемдік шығармада заттық ортаның рөлі зор. Мысалы: музыкалық шығармаларды музыкалық есту қабілетінсіз, бейнелеуді нәзік түстерді қабылдаусыз, поэзияны жетілген тіл сенімінсіз түсіну мүмкін емес. Психологиялық дамуда заттық үрдісінің рөлін бағалай отырып, белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте маңызды. Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін дамыту қажет, яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет. Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады. Дәл осы шақта баланың психологиялық дамуының негізі қаланады.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Мектепке дейінгі мекемелерде Марии Монтессори әдістемесінің қолданылу арқылы балаларды дамыту.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі, әдіс-тәсілі және оның маңызы талдау;
  • Балабақшада Монтессори тобының құрылу маңызын анықтау;
  • М. Монтессори жүйесіндегі сенсорлық дамуды қалыптастыру жолдарын айқындау;
  • М. Монтессори әдістемесінің қолданылу шарттарын жүйелеу;
  • М. Монтессори жасаған жүйе бойынша мектепке дейінгі балаларға арналған монтессори - топтарын анықтау;
  • Баланың сенсорлық сезімдерін дамытуға арналған ойын түрлері және іске асыратын жаттығуларды жүйелеу;
  • Мүмкіншіліктері шектелген балаларды түзете-дамыту жұмыстарында Монтессори әдісін жүйелеу;

Зерттеу жұмысының әдісі: талдау, бақылау, әңгімелесу, сараптау, жүйелеу.

Зерттеу жұмысының нысаны: Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі Марии Монтессори.

Зерттеу жұмысының пәні: Мектепке дейінгі мекемелерде Марии Монтессори әдістемесінің қолданылуы.

Курыстық жұмыстың практикалық маңызы: мктепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілер осы Марии Монтессори әдісін сабаұ барысында қолдана алады.

  1. М. Монтессори өмірі, қағидалары және мазмұны

1. 1. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі, әдіс-тәсілі және оның маңызы

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән -мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы. Монтессори өз әдісін "өмірдің көмегі" деп атаған. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны белгілі[5] .

Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйес. XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын сол ойлап тапқандықтан, соның атымен аталады. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Мария Мантессори 1870 жылы 31 тамыз айында дүниеге келген. Итальяндық педагок, әрі ғалым. Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді. 1896ж. Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М. Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады. Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді. 1900ж. Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтарды ңұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады. Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.

1870-1952 жылдар аралығында кішкентай балаларды тәрбиелеп оқытуға байланысты, ерекше әсерлі жүйені жер шарына кеңінен әйгілі еткен. Монтессори педагогикасының феномені: даму жолындағы адамға түсетін кез-келген авторитарлық қысымды жоюға тырысу және де бала табиғатына шексіз сенім арту. Монтессори өзінің әдістемесін қалыпты табиғи жағдайда баланы бақылай отырып құрды.

1909ж. бастап М. Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910ж. әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді. 1929ж. Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды. Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды, оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды. 1950ж. оған Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлық құрметті дәрежесі берілді. Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Алғаш рет өзінің жүйесін ақылы кеміс мектепке дейінгі жастағы балаларға қолдануды 1907 жылы бастады. Ол қиындығы бар кішкентай балаларға ересен еңбек сіңірмей-ақ білім мен дағдыларды сондай жоғары деңгейде меңгеретіні соншалықты, олар, тіпті, дені сау құрдастарымен теңесіп, кейде асып түсетін ерекше дамытатын ортаны жасай алды. Баланың тұлға ерекшеліктері мен дағдыларының қалыптасуына мүмкіншілік туғызу және де интелектуалдық, жеке бас қасиеттерімен физиологиялық дамуын жүзеге асыру. Яғни тәрбие және білім беру процесі үнемі жүзеге асады. Жұмыс жасау барысында баланың жас ерекшелік психологиясын, даму процесінің психофизиологиялық заңдылықтарын ескере отырып, әрбір балаға ерекше көзқараспен қарым - қатынас жасайды. Монтессори педагогика жүйесінде жүргізілетін жұмыстардың барлығы бақылауда жүреді. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен жұмыс жасайды. Соңғы жылдардағы тағы бір жетістік - Монтессори әдістемесін енгізілуі. Бағдарлама бойынша қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектептер жұмыс істейді. Жалпы білім беру, қосымша білім беру бойынша және психофизиологиялық дамуы тоқтап қалған балаларға арналған бағдарлама бойынша сабақ оқытылады.

Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады[6] . Оның негізгі қағидаты - «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі - баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты екеніне біртіндеп көз жеткізіп келеміз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отырғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Бала ата-ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер кейде, керісінше, ата-анасының көңіліне уайым мен алаңдаушылық ұялатып жататыны да қоғамымыздағы белгілі жәйт. Туғаннан мүгедектікке душар болған, не есейе келе әртүрлі жағдайдың салдарынан денсаулығына, соның ішінде, жүйке жүйесіне зақым келген балаларды тек ата-анасы емес, мемлекет те бақылауда ұстап, қолынан келген жәрдемін аяп отырған жоқ. Өткен жылғы халық санағының қорытындысы бойынша еліміздегі осындай балалардың саны 58 мыңдай екені анықталды.

Әдістің ұраны: «Мұны менің өзімнің орындауыма көмектес, өз бетіммен жұмыс жасауға қолдау көрсет» [7] .

М. Монтессори қағидалары,

  • антропологиялық қағидасы - Монтессоридің педагогикасы “баладан” басталады, оның ортасында білімі антропология мен психология тұрғысынан құралатын бала тұрады. Бұл педагогикалық жүйеде адамның еркіндігі мен қадір-қасиетіне деген көзқарас бала кезінен маңызды болып келеді,
  • бала дамуы еркіндігінің қағидасы - тәрбие құрылымының өзгеруінің астарында Монтессори тәрбиелеу үрдісіне “еркіндік жағдайларын” жасауды түсінеді. Басты мақсат еркін, өздігінен ойлай алатын, өзін басқара алатын, жауапты жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Осыдан Монтессори бойынша білім берудің девизі пайда болады: “Өзіме істеуіме көмектес”.
  • назарды шоғырландыру қағидасы - Ұзақ уақыт алаңдамай бір нәрсеге назарын аударып жұмыс істеу, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, материалмен қалай жұмыс істеуді көрсетіп беретін педагогтың қимылын мұқият бақылау, егер қажет болғанда түсініктемелерді тыңдау, өздігінен жұмыс істеу және өзінің қателерін бақылауда басқаларға бөгет болмау орындалғанда ғана еркін және өздігінен бір іспен айналысуға болады. Монтессори мұны ”назардың поляризациясы” деп атады.
  • арнайы дайындалған оқыту орта қағидасы - қоршаған оқыту ортасын жасағанда баланың физикалық мүмкіндіктері міндетті түрде ескеріледі. Оңай қол жететін сөрелерде оқып үйренушіні жан-жақты дамытатын керемет мүмкіндігі егжей-тегжейлі ойластырылған көптеген дидактикалық материал қойылады. Өз еркімен таңдап алынған істің мәнін ақылға салу пайда болады.
  • сензитивтілік қағидасы - Монтессоридің дидактикалық материалы өзінің құрылымы мен заттық логикасы бойынша бала дамуының сензитивті кезеңдеріне сәйкес келеді. Монтессори, мысалы алты жасқа дейінгі баланың дамуын алты сензитивті кезеңдерге бөлді: сөйлеу дамуының сензитивті кезеңі, қабылдау мен тәртіп орнатудың (“ұқыптылықтың сензитивті кезеңі”), ұсақ заттарды үйрену, қимыл мен істі үйрену, әлеуметтік дағдылардың дамуы.
  • шектеу мен тәртіп қағидасы - тәртіпті бұзу мен қайта қалпына келтіру - бала іс-әрекетінің ең күшті мотиві деп санады. Монтессори себебі балаға өзінің айналасындағы заттардың бір орында тұрғаны ұнайды, ол осы тәртіпті бұзған болса, қайтадан өз орнына келтіргісі келеді. Тәртіпті жасағанда және орнатқанда баланың табиғи қажеттіліктерін ескеру керек.
  • әлеуметтік тәрбиелеу мен интеграция қағидасы - жеке жұмыс пен жеке қызығушылықтың болуы жасы мен тәжірибесі гетерогенді (даму кезеңі мен тәжірибесі бойынша әртүрлі және әр жастағы) топтарда жеке жұмыс істеуге арналған оқу құралдарына байланысты болады. Балалардың арасында өзара көмектің табиғи жүйесі дамиды: кіші жастағылар үлкеніректерден көмек сұрайды (сондықтан, кейбір қиналған кездерде педагогтың көмегі керек бола бермейді) . Олар үлкендердің ісін қайталайды, тәртіпті үйренеді.

М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері

ХХІ ғасыр табалдырығын біліммен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы[8, 100] . Өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтанда қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топтада, жекеде жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі, 3 пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды[9, 224] . Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесінде өзі жөндеуі ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды. Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін-монтессори әдісін қолдану тиімді. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Монтессори материалы қандайда бір іс-әрекетке итермелейді. Монтессори материалы төрт түрлі жолмен іске асады.

М. Монтессори әдістемесінің маңыздылығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейде М.Монтессори жүйесінің даму және қалыптасу тарихына зерттеу
Мектепке дейінгі мекемелерде Мария Монтессори әдістемесінің колданылуы
М.Монтессоридің өмірі мен педагогикалық жүйесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды математикаға оқытуда пайдаланылатын дамытушы ойындар ерекшеліктері
Тіл кемістігін топтастыру
Балабақшада сауат-ашуды түсіндірудің әдістері
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды ерте әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен принциптері
Интерактивті оқыту
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН М. МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПАРАДИГМАСЫ
Мектепке дейінгі мекемелерде интерактивті оқыту үрдісін пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz