Интерактивті оқыту технологиясы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Интерактивті оқыту технологиясы
2. Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы
3. Пайдаланылған әдебиеттер

Интерактивті оқыту технологиясы
Қазіргі таңда білім берудегі тарих сабағына қойылатын талаптар.
Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуші мұғалімдер - сонау ұстаз деген есімнің ұлылығын дәлелдеп кеткен, ұлы ұстаздардың еңбегімен сусындаған, әмбебап жандар. Бүгінгі таңдағы ұстаздар қауымының жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан - теңіз.Жаңашыл ұстаз болмысы, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші.Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты - қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Ұстаздың тағы бір ерекше қасиетінің бірі - жетелеуші, алға ұмтылдырушы. Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ...Егер мұғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім болады. - деген еді Л.Н.Толстой.
Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру.Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда.Қазір дәстүрлі білім беруде студенттерге тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.
Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1)оқытудың жалпы мақсатын қою;
2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3)студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
4)оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5)нәтижені бағалау енеді.
Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және
танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін - есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар ар-қылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы Интерактивті оқытудың басты мақсаты - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Мәселе қойып оқыту технологиясы
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздері
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Интерактивті тақта – жаңа заман талабы
Мектепке дейінгі мекемелерде интерактивті оқыту үрдісін пайдалану
Оқушының білім сапасын интерактивті әдістер арқылы көтеріп, шығармашыл тұлға тәрбиелеу жолдары
Пәндер