Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Информатиканы оқыту әдістемесі

пәні туралы түсінік . . . 2

Негізгі бөлім

1 Информатика кабинетіне қажетті құралдар . . . 4

2 Информатика кабинетінің жабдықталуы . . . 12

3 Информатика кабинетіне қойылатын талаптар . . . 14

4 Есептегіш техника кабинетін ұйымдастыруға

гигиеналық нұсқаулар . . . 17

5 Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік

техникасының ережелері . . . 19

Қорытынды . . . 24

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 25

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Информатиканы оқу пәні ретінде бұрынғы КСРО барлық типтегі орта мектептеріне 1985 жылдың 1 - қыркүйегінен бастап енгізілді. Жаңа оқу пәні «Информатика және есептеуіш техника негіздері» деп аталады. Жалпы білім беру мектебінде бұл пән екі жоғарғы сыныпта (ол уақытта IX және X сыныптар) оқытылады. Информатика саласынан жалпы білім беру мектептерінің оқу жоспарына біртіндеп енуі бұрынырақ басталып, бұл үрдіс оқушыларды бағдарламалау және кибернетика элементтеріне оқыту тәжірибелерінен бастама алған еді.

ЭЕМ және бағдарламалауды орта мектепке енгізудің негізгі кезеңдері:

- XX ғасырдың 50 - жж. басындағы алғашқы ЭЕМ пайда болуы;

- математиканы тереңдетіп оқитын мектептерді бағдарламалау бойынша мамандандыру;

- оқушыларды кибернетика элементтеріне оқыту;

- арнаулы факультативті курыстар енгізу;

- оқу - өндірістік комбинаттар (ОӨК) базасында мамандандыру;

- жалпы білім беру тұрғысын дамыту;

- көпшіліктің қолданылуына арналған ЭЕМ пайда болуы.

Алғашқы электронды есептеуші машиналары (ЭЕМ) біздің елде XX ғасырдың 50 - жж. басында пайда болды. Олармен қатар адам қызметінің жаңа саласы - ЭЕМ үшін бағдарламалау қарқынды дами бастады. Осылайша, алғашқы ЭЕМ ғылыми - зерттеу мекемелері мен ірі жоо - дың орталықтарында пайда болғаннан кейін, аса қызығушылық танытқан мамандар мен оқушылар ЭЕМ арналған бағдарламалаудың бастамаларын оқуға ниеттенген шәкірттер тобын құрды. Мысалы, алғашқы мектептік информатиканы енгізуді ұйымдастырушы, КСРО Ғылым Академиясының академигі А. П. Ершов (1931-1988) Академқалашыққа тиісті есептеуіш техникасының базасында Новосибирскінің бір қатар мектептерінде осындай топтарға жетекшілік етті.

Орта мектеп оқушыларға бағытталған бағдарламалау курсы бойынша алғашқы ресми оқу бағдарламаларын жасауға 1960 - жж. басындағы орта білім беру базасындағы есептеуіш - бағдарламалаушылардың кәсіптік даярлығын қарастыратын математикалық мамандандырылған мектептердің ашылуы себепші болды. Мысалы: Мәскеудегі Первомай ауданының №425 мектебінің есептеуіш - бағдарламалаушы сыныптары, мұнда Кешендік автоматизациялаудың ғылыми - зерттеу орталық институты бірлесіп шеф - кәсіпорын ролін атқарады. Мамандандырылған мектеп желілердің дамуы бағдарламалау саласына игі әсерін тигізді - оқушыларға бағдарламалауды оқыту мәселелеріне арналған мақалалар мен әдістемелік әзірлемелері жарияланды. Бұл жылдары А. Л. Брудно, С. И. Шварцбурдтің математикалық мамандандырлған мектептерге арналған арнаулы оқулықтар, материалдар жоғарғы әдістемелік деңгейде жазылып, кеңінен таратылды.

Мектептік информатиканың негіздерінің келешегі зор мазмұнды - әдістемелік саласы оқушыларды кибернетика элементтеріне оқыту бойынша тәжірбиелер жүргізуге байланысты 1960 - жж. басынан бастап дамыды. Бұл зерттеу бағытын 1961 жылы В. С. Леднев көтерді. Кейін кибернетика негіздерін орта мектеп курсына енгізу бойынша жаңа ғылыми - әдістемелік зерттеулер бағытына В. С. Леднев шәкірті А. А. Кузнецов та белсенді араласып, орта білім берудегі кибернетика негіздерінің политехникалық маңызы туралы жүйелі аргументтер келтірілді.

1966 жылдан бастап оқушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту және білімдерін тереңдету мақсатында оқу жұмысының жаңа формасы ретінде «Бағдарламалау», «Есептеуіштік математика» және «Векторлық кеңістіктер және сызықты бағдарламалау» факультативтік курстары бір қатар орта білім беру мектептеріне енгізілді. Мұндай арнаулы факультативтік курстар аясында ЭЕМ және кибернетика үшін бағдарламалау элементтерін оқытудың мазмұны мен әдістерін әзірлеумен байланысты негізгі әдістемелік мәселелер И. Н. Антипов, В. М. Моназов, В. С. Леднев, А. А. Кузнецов, В. Н. Касаткимн және М. П. Лапчиктің еңбектерінен өз шешімін тапты.

1970 - жж. басында мектеп және оқу - өндірістік комбинат аралық жүйелерінің дамуы аясында мектептің жоғарғы сынып оқушыларын есептеуіштік техниканы қолдану саласындағы кәсіптік даярлық курстарында оқыту қолға алынып, аз уақыт ішінде бүкіл елде қалалық, аудандық мектеп және оқу - өндірістік комбинат аралық жүйелердегі есептеуіштік техниканы қолдану саласындағы кәсіптік даярлық курстары ашыла бастады.

1960 - 1970жж. микропроцессорларды өндіру игерілгенен кейін ЭЕМ парк құрлымын түпкілікті өзгерісіне әкелді. Отандық есептеуіш техника дамуының жаңа кезеңі мектепке ЭЕМ және бағдарламалау негіздерін енгізу мәселесі бойынша көптеген зерттеулердің жүргізілуіне себепкер болды.

ИНФОРМАТИКА КАБИНЕТІНЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР

Информатика курсы мен басқа да жалпы бiлiм беретiн жекелеген пәндердi оқытуда жаңа ақпараттық технологиялық құрылғыларды пайдалану барысында информатика кабинетiнiң құрамына келесi құралдар енедi:

  • Психологиялық-педагогикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды қанағаттандыратын оқу-есептеу техникасының жиынтығы;
  • Арнайы жиһаз бен оргтехника;
  • Информатика кабинетiнде жұмыс iстеу барысында техника қауiпсiздiгiн сақтауды қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар;

“Информатика” курсы бойынша базалық және мамандыққа баулу бағыттарына негiзделген программалық құралдар:

  1. Информатикадан дидактикалық материалдарына тақырыптық картотека.
  2. Тақарып бойынша тараптпа материалдардың жинағы.
  3. Әрбір сынып бойынша тексеру, бақылау жүмыстарының мазмұнымен талдаулары (кіру және шығу үзіктері, тақырыптық, жартыжылдық) .
  4. Сынып бойынша тестік тапсырмалар.
  5. Информатикадан олимпиадалық тапсырмалар.
  6. Информатикадан бақылаушы және жаттығушылық программалар.
  7. Информатикадан ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық әдебиеттер кешені.
  8. Жалпы білім беретін пәндерді жүргізу үшін арналған (электрондық оқулықтар, энциклопедиялар, оқыту программалар, ойын программалары) компакт-дискіларындағы мультимедиялық шығармалар.
  1. Информатика кабинетінің құжаттары:
  • Қалалық (аудандық) басқармаларының СЭС-ымен берілген рұқсат.
  • Кабинеттің паспорты.
  • Оқу жылына информатика кабинетiнiң дайындық актiсi.
  • Өткен жылы информатика кабинетiнiң жұмысына талдау
  • Кабинеттің даму және жұмыс жоспарлары (мектеп директорлар бекітеді) .
  • Информатика кабинетінің жұктемесінің графигі.
  • Оқытудың техникалық құралдары тiркелген инвентарлық журнал
  • Әрбір дербес компьютерді қолдану жұмыс орнының журналы.
  • Машиналардың істен шығу және жөндеуде тұрғанын тіркеу журналы.
  • Оқушыларға техника қауiпсiздiгi бойынша кiрiспе және деңгейлi нұсқаулардың өтiлуiн қадағалау журналы.
  • Программалық қамтамасыздандыруының тізімі (электрондық оқулықтар және т. б. ) .

2 . Мектептің оқыту процесін ақпараттандыруын дамыту құжаттары:

1) Педагогикалық ұжымды компьютерлік сауаттылыққа оқытудың бағдарламасы, мектеп бойынша бұйрық, оқытылатын мұғалімдердің тізімі (мектеп директорымен бекітілген) .

2) Internet-ті пайдалану және жұмыс істеу журналы.

3) Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып әртүрлі оқыту тәртіптерін жұргізу журналымен графигі

  • компьютерде оқушылардың өзiндiк жұмысы мен тапсырмаларды орындау жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған тапсырмаларды құрастыру;
  • ғылыми-танымдық, анықтамалық және әдiстемелiк әдебиеттер жиынтығы;
  • Жаңа ақпараттық технологиялық жабдықтарды қолдануға бағытталған және жалпы оқу пәндерiнiң құрылымдық жүйеде жүргiзуге арналған, игерiлетiн материалдың мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес оқу, демонстрациялау құралдарының жекелеген түрлерiн жинақтауға болатын оқу-әдiстемелiк жинағы;
  • Техника қауiпсiздiгi бойынша оқушыларға нұсқаулар жүргiзу мен оны мерзiмдi түрде тексерiп отыру журналы;
  • Компьютердiң iстен шығуы мен оны жөндеу журналы;
  • Оқушылардың жұмысын көрсететiн кестелер мен қабырға материалдары;
  • Мектеп директоры бекiткен информатика кабинетiнiң жабдықталу жоспары, кабинеттегi құрал-жабдықтардың есебi жазылған кiтапша;
  • Алғашқы медициналық қызмет көрсетуге қажеттi дәрi-дәрмектер қобдишасы;
  • Өрт сөндiруге қажеттi құрал-жабдықтар;
  • Техника қауiпсiздiгi мен оның сақталуын қамтамасыз етуге арналған құрал-жабдықтар.
  1. Жаңа ақпараттық технологиялық жабдықтарды қолданатын зерттеу-тәжiрибе жұмыстарын өткiзуге арналған зертхана (лаборатория)
  2. Болашақта әлемдiк деңгейде және аймақтық телекоммуникациялық желiлердi жүйелеудi қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар (компьютерлiк желiлер мен телефондық, теледидарлық, спутниктiк байланыс құралдарының синтезi)

3. Информатикадан дидактикалық материалдар жүйесi

  • Программалаудан (сыныптар бойынша) бақылау жұмысының материалдары.
  • Әрбiр тақырып бойынша деңгейлiк тапсырмалардан құрастырылған таратпа материалдар.
  • Сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық)
  • 8-11 сыныптар үшiн информатикадан олимпиада материалдары (мектепiшiлiк, аудандық, қалалық (облыстық), республикалық) .
  • Сыныптар бойынша жұмыс дәптерлерi
  • Информатикадан бақылау және жаттығу программалары

4. Нормативтiк-ұйымдастырушылық құжаттары

  • ҚР “Бiлiм туралы” Заңы.
  • Қазақстан Республикасы орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы
  • Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың аймақтық бағдарламасы.
  • 7-11 сыныптарға арналған информатикадан мемлекеттiк бiлiм стандарты
  • ҚР Бiлiм және Ғылым министрлiгiнiң әдiстемелiк нұсқау хаты.
  • Сыныптар бойынша информатикадан оқу бағдарламалары
  • 7-11 сыныптарға арналған информатикадан күнтiзбелiк-тақырыптық жоспар.
  • 7-11 сыныптарға арналған информатикадан сабақ жоспарлары
  • Кабинет жұмысының жоспары
  • Кабинет жұмысына талдау
  • Кабинет активiнiң жұмыс жоспары
  • Кабинеттi дамытудың келешек жоспары
  • Оқу процесiн ақпараттандыруды дамытудың жоспары

5. Информатикадан оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң тiзiмi

  • 7-11 сыныптарға арналған информатикадан оқулықтар мен оқу құралдары
  • Мұғалiмге арнлаған әдiстемелiк құралдар
  • 7-11 сыныптарға арналған информатикадан электрондық оқулықтар
  • 7-11 сыныптарға арналған информатикадан деңгейлiк тапсырмалардан құрастырылған жұмыс дәптерлерi

6. Кабинет кiтапханасы

  • Анықтамалық-ақпараттық әдебиеттер
  • Сыныптан тыс жұмыстарға арналған әдебиеттер
  • Мерзiмдiк басылымдар
  • Мұғалiм мен оқушының шығармашылық жұмыстары

7. Техника қауiпсiздiгi

8. Санитарлық-гигиеналық нормалар

9. Информатика кабинетi мазмұнын зерттеу белгiлерi

Бағалау белгiлерi
ұпайлар саны
Эксперт бағасы
Бағалау белгiлерi: 1. Информатика кабинетi ережесiнiң талаптарына сай жабдықталуы мен безендiрiлуi. (Кабинеттiң төлқұжаты, кабинеттiң келешек жоспары, орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасын дамыту жоспары, кабинет кеңесiнiң жоспары, оқу кабинетiнiң жабдықталу тiзiмi) .
ұпайлар саны:
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 2. Құжаттар (төлқұжат, есепке алу кiтабы, оқу жабдықтарының каталогы) .
ұпайлар саны:
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 3. Жаңа типтi техникалық құрылғылармен жабдықталуы (компьютер, қолмен және дистанциялық басқарумен жабдықталған диапроекторлар, кинопроектор, телевизор, видеомагнитофон, видеокассеталар, лазерлiк дискеталар, слайдтар және т. б. ), оларды пайдалану тиiмдiлiгi.
ұпайлар саны:
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 4. Оқу-әдiстемелiк жинақтармен жабдықталуы (оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдiстемелiк әдебиеттерi, факультативтiк курстарға арналған құралдар, сөздiктер, тест жинақтары, дидактикалық материалдар, базалық программалық қамсыздандыру, электрондық оқулықтар, мультимедиялық программалар) .
ұпайлар саны:
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 5. Алынған және өздiгiнен дайындалған оқыту құралдары (көрнекi құралдар, плакаттар, кестелер, кескiндер, деңгейлiк тапсырмалардан құралған карточкалар, сыныптар бойынша бақылау тестiлерi (тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық), слайдтар, үйрету және бақылау программалары) .
ұпайлар саны: 1 - 10
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 6. Оқу-көрнекi құралдарын жүйелеу (электрондық картотекалар)
ұпайлар саны: 1 - 5
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 7. Оқушылардың өзiндiк шығармашылық жұмыстары (рефераттар, бағдарламалар, орындалған шығармашылық жұмыс үлгiлерi)
ұпайлар саны: 1 - 10
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 8. Информатикадан ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар (олимпиада материалдары, ғылыми жобаларды қорғау, үйiрмелер, факультативтер және оларды сыныптар мен тақырыптар бойынша жүйелеу) .
ұпайлар саны: 1-5
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 9. Оқушылардың бiлiм сапасының мониторингi (графиктiк ақпарат түрiнде)
ұпайлар саны: 1-5
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 10. Бiлiм беру технологияларын енгiзудi негiздеу, оларды сипаттау, дәстүрлi оқыту әдiстерiмен салыстыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi
ұпайлар саны: 1-10
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 11. Педагогикалық iс-тәжiрибенiң бөлiктерiн айқындайтын сандық және сапалық көрсеткiштерi (сабақ жоспарлары, дидактикалық материалдар, технологиялық карта және т. б. )
ұпайлар саны: 1-10
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 12. Кабинеттi жабдықтау: қазiргi талапқа сай болуы, ұқыптылығы, оқытылатын материалдарға сай болуы, оқушы мен мұғалiмнiң оны жабдықтауға үлесi
ұпайлар саны: 1-10
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: 13. Техника қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық норма ережелерiн сақтау
ұпайлар саны: 1-5
Эксперт бағасы:
Бағалау белгiлерi: Барлығы
ұпайлар саны: 100
Эксперт бағасы:

10. Кабинет паспортын жабдықтаудың құжаттар тiзiмi

  1. Сыртқы бетi
  2. Оқу жылына информатика кабинетiнiң дайындық актiсi
  3. Өрттi сөндiруге арналған құралдар
  4. Техника қауiпсiздiгi мен оны сақтауды қамтамасыз етуге арналған құралдар
  5. Жұмыс орнының жарықтылық деңгейi
  6. Информатика кабинетiндегi оқу-көрнекi құралдары мен жиһаздар және техникалық құралдар тiзiмi
  7. Информатика кабинетiн жабдықтау шараларының жоспары
  8. Информатика кабинетiнiң жұмыс графигi
  9. Оқытудың техникалық құралдары тiркелген инвентарлық журнал
  10. Бiлiм мекемелерiнде информатика кабинетiнiң орналасу кескiнi
  11. Электр желiлерiнiң жүргiзiлу кескiнi

Сонымен қатар информатика кабинетінде «Информатика кабинетінен эвакуация жоспары», өрт сөндіру құралдары мен «Алғашқы көмек көрсету аптечкасының» болуы міндетті.

Алғашқы көмек көрсету аптечкасының құрамы

Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi
Қолданылуы
Саны
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: Жеке таңуға арналған антисептикалық пакеттер
Қолданылуы: Таңу үшiн
Саны: 3 дана
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: Бинттер
Қолданылуы: Жарақатты таңу үшiн
Саны: 3 дана
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: Пакеттегi мақта
Қолданылуы: Жарақатты сүрту, таңу мақсатында
Саны: 3 дана
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: Қан кетудi тоқтату орамы
Қолданылуы: қан кетудi тоқтату мақсатында
Саны: 1 дана
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: Йод ерiтiндiсi
Қолданылуы: Жарақаттың, жараның, iсiктiң жан-жағына жағу үшiн
Саны: 1 флакон
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: Нашатыр спиртi
Қолданылуы: Естен танып қалған жағдайда мақтаға 2-3 тамшы тамызып, мұрнына иiскету
Саны: 1 флакон
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: 2-4% бор қышқылының ерiтiндiсi
Қолданылуы: Көздi шаю үшiн, күйген жағдайда көздi сүрту үшiн
Саны: 1 флакон
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: 1% спирттiк брилиантты жасыд ерiтiндi
Қолданылуы: Терiдегi әр түрлi жарақатқа, жараға жағу үшiн
Саны: 1 флакон
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: Кардиомин
Қолданылуы: Орталық нерв жүйесiн, жүрек соғысын, тыныс алуды қалпына келтiру үшiн 25 тамшы (1 шәй қасық)
Саны: 1 флакон
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: Резина қолғап
Қолданылуы:
Саны: 1 пар
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: Калий магранциялық қышқылы (марганцовка)
Қолданылуы: Терi сыртының жарақатына жағу үшiн
Саны: 1 флакон
Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi: Жабысқақ пластырь
Қолданылуы:
Саны: 1 дана
  • Болашақта әлемдiк деңгейде және аймақтық телекоммуникациялық желiлердi жүйелеудi қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар (компьютерлiк желiлер мен телефондық, теледидарлық, спутниктiк байланыс құралдарының синтезi)
  • Қазақстан Республикасы орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк нормативтiк-.

ИНФОРМАТИКА КАБИНЕТІНІҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ

Информатиканы оқыту құралдар жүйесіне оқулықтар, оқу және методикалық материалдар, компьютерге арналған программалармен қатар компьютерлерде жатады. Осы аталғандар бір комплексті жүйе құрып, оқушылардың көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Мектептегі информатиканы оқыту құралдар жүйесінің негізгі компоненттері төмендегідей:

  • информатика курсының программа - методикалық қамтамасыз етілуі. Құрамына программалық құралдар да; оқытушының оқу процесін ұйымдастыруға, қойылған педагогикалық мақсаттарға жету үшін оқыту мақсатында жазылған программалық құралдар жасауға және оқу барысын автоматтандыруға арналған программалық құралдарда кіреді;
  • негіздеріне қолданушының белгілі бір объектілік моделі (мысалы, текстік редактор, мәліметтер базасы, электрондық кестелер, әртүрлі графикалық жүйелер) жатқан, оқу процесінің мәдениетін қалыптастыратын объектілік бағытталған программалық жүйелер;
  • дербес ЭЕМ - мен сәйкестендірілген оқытушылық, демонстрациялық құралдар. ЭЕМ - нің жұмыс істеу принціптерін, олардың бөліктерін, құралдарын демонстрациялау моделі;

оқушыларға информацияның оңай таралуын, олардың оқу іс - әрекетіне қызығушылығын, қамтамасыз ететін, интелектуалдық мүмкіндіктерге және Дүниежүзілік информация пайдалану түрлеріне бай телекомуникация құралдары.

Информатика кабинеті, оның жабдықталуы мен қызыметі.

Есептегіш техника кабинеті дегеніміз - оқу есептегіш техника комплектісімен, оқу көрнекілік құралдарымен жабдықталған “Информатика және есептегіш техника” курсы бойынша теориялық және практикалық класта, кластан тыс және факультативтік сабақтар өткізуге арналған жалпы білім беретін орта мектептегі оқу - тәрбие жүргізетін орын.

Есептегіш техника кабинетінде жүргізілетін сабақ төмендегідей қызмет көрсетеді:

- оқушылардың компьютерлік сауаттылығынан бастап информациялық мәдениетін қалыптастыру - қазіргі есептегіш техниканың құрлымы, басқаруы жайлы білім мен ЭВМ - да есеп шығару дағдысы мен іскерлігі;

- оқушылардые есептегіш техниканың өндірісте, жобалау - конструкциялық ұйымдарда, ғылыми - мекемелерде, оқу процесі мен басқару орындарында қолданылуымен таныстыру;

- информатика негіздерін оқу процесінде оқушылардың теориялық ойлауын дамыту;

- оқыту әдістерін жетілдіру мен мектептегі оқу тәрбие процесін ұйымдастыру.

ИНФОРМАТИКА КАБИНЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Есептегіш техника кабинетінде жүргізілетін сабақтар:

- “Информатика және есептегіш техника негіздері” - курсы бойынша сабақ немесе есептегіш техника, кинофильм, диапозитив, кестелер басқа да оқу құралдарын пайдаланатын жалпы білім беретін жеке оқу пәндерін пайдалану;

- мектептің қажеттілігіне қарай оқушылардың немесе мектеп басшылығымен оқушылардың құратын қолданбалы программаларын жасау;

- “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсы бойынша кластан тыс және факультатив сабақтар;

- эксперименттік және факультатив сабақтар.

Жоғарыда аталған жабдықтармен қатар, есептегіш техника кабинетінде:

- информатика курсын және басқа да пәндердің кейбір бөлімдерін оқытуға арналған бағдарламалар жиынтығы;

- оқуда дербес әдісті жүзеге асыруға арналған, компьютердегі жаттығулар мен оқушылардың өз беттік жұмысын ұйымдастыруға арналған тапсырмалар;

- ғылыми - танымал анықтамалық, әдістемелік әдебиеттер тобы;

- мектеп директоры бекіткен, есептегіш техника кабинетінің жабдықталуы жөніндегі инвентарлық кітап;

- ОЕТ комплектісіндегі әрбір жұмыс орнын пайдалану жұрналымен;

- машиналарды жөндеу жұмысы атқару жұрналы;

- оқушыладың жұмысын көрсетуге арналған қабырға газеттері мен кестелерді қыстырғыштар;

- оқушыладың ЭЕМ - да өздері құрған таңдамалы программалары;

- алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған дәрі - дәрмектер;

- өрт сөндіру құралдары болу тиіс.

Есептегіш техниа кабинетіндегі дербес компьютердің орналасуына және жабдықталуына қойылатын талаптар

- Есептегіш техника кабинеті табиғи жарықпен жарықталынуы керек. Терезе солтүстік, солтүстік шығысқа бағытталынуы керек.

- Есептегіш техника кабинеті подвалда және іргетас үстіндегі үй қабырғасының төменгі бөлігінде орналаспауы қажет.

- Есептегіш техника кабинеті шуды көп шығаратын орындардан алыс орналасуы қажет.

- Есептегіш техника кабинетіндегі бар дербес ЭЕМ - нің алатын орны 6 кв. м. - ден, ал бөлменің биіктігі 4 метірден кем болмауы қажет.

- Есептегіш техника кабинетіндегі дербес ЭЕМ - дер саны 10 - нан кем болмаса ауданы 18 кв. м. болатын лаборант бөлмесі берілуі тиіс.

Есептегіш техника кабинетіне өзінің құрамынан зиянды химиялық заттар бөліп шығаратын құрылыс материялдарын пайдалануға руқсат етілмейді.

Дербес ЭЕМ қойылған столға электір қауіпсіздігі сақталған жергілікті желінің кабелі жүргізіледі.

Оқушыға арналған жұмыс орнының столының ұзындығы 70 см - ден, ал ені клавиатураның алдынан 30 см - дей асып тұруы қажет. Столдың манитор орналасатын беті горизонталь болуы, ал клавиатура орналасқан бет 15 - 160 - қа көтерінкі болуы қажет.

Жұмыс орындары мен құрылғылардың орналасуы

Құрылғылардың орналасуына қойылатын негізгі талаптар:

1) Оқшылардың, мұғалімнің және құрылғылардың жұмысының қауіпсіздігі;

2) Оқушыларға ыңғайлы болуы;

3) Сабақты жүргізу, сабақ тәсілдерінің әртүрлілігі және бақылауды ұйымдастыру тұрғысынан мұғалімге ыңғайлы болуы;

4) Жөндеу және қызмет көрсету жағынан ыңғайлы болуы;

5) Кабинет ауданын дұрыс қолдану.

Құрылғылардың орналасуына негізгі түрлері:

http://portal.vkgu.kz:1010/2232/unita3/leksia2_files/image002.gif

ОЖО - оқушы жұмыс орны

МЖО - мұғалім жұмыс орны

http://portal.vkgu.kz:1010/2232/unita3/leksia2_files/image004.gif

ЕСЕПТЕГІШ ТЕХНИКА КАБИНЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ГИГЕНАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР

- Есептегіш техника кабинетінде дербес ЭЕМ жұмыс кезінде температура жоғарылап, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы азайып ауаның құрамы өзгеретіні белгілі. Сондықтан кабинетте төмендегідей микроклиматтың үйлесімді параметрлерін ұстаған жөн.

- Есептегіш техника кабинетіндегі шаңды азайту үшін:

- Сырт аяқ киімін есептегіш техника кабинетінде ауыстыру қажет;

- Есептегіш техника кабинетінің кіре берісінде портфель, сумкаларды сақтайтын полкалы шкафтар болғаны дұрыс;

- Бормен жазылатын класс тақтасы фламастермен жазылатын тақтамен алмастыру қажет. Немесе тақтаның орнына мұғалімің столындағы дербес ЭЕМ - ға жалғастырылған демонстрациялық телевизороды пайдалануға болады.

- Видеоманетор экранына қарсы қабырғаны қара, қоңырқай түстермен бояуға болмайды. Жұмыс столының бетінің түсі табиғи ағаш түсі, немесе ашық жасыл, ашық көк болғаны абзал.

- Клас тақтасының түсі қара жасыл, қара қоңыр болуы керек. Терезенің жақтаулары міндетті түрде ақ майлы бояумен боялуы қажет. Терезеге ілінетін шторлар табиғи жарықты жібермеуі керек. қара түсті шторды терезеге ілуге болмайды. Есептегіш техника кабинетіндегі дербес ЭЕМ - ға шеке қосымша шам арқылы жарық түсіруге руқсат етілмейді.

- Жұмыс столы мен класс тақтасының ең төменгі жарықталынуы 400 - 500 люкс болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информация, информатика
Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Информатика курсын оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz