Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)


Кіріспе

Мемлекеттің даму деңгейі оның табиғи қорларының байлығымен ғана анықталмайды. Мұндағы ең маңызды мәселе елдің парасатты және шығармашыл күш - қарқынының болуында. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты - жоғары білімді, бәсекелесуге қабілетті шығармашыл тұлғаның қалыптасуына қажетті оң жағдайларды жасау. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сай, « Информатика және есептеуіш техника негіздерін оқыту әдістемесі» курсында информатика пәніне байланысты жаңа білім негіздерін үйрену, компьютерлік технологияны пайдалану іскерлігін қалыптастыру, оқытудың әдістері мен технологияларын тиімді қолдану мәселелері қарастырылады.

Информатиканы оқыту әдістемесі компьютерлер мен компьютерлік тех нология құралдарын пайдалану тәсілдерін үйрену барысында әдістемелік пән ретінде жетекші орынға ие. Бұл пәнді оқытудың мақсаты оқушылардың шығармашылық дамуын жетілдіру, олардың өнімді де айрықша ойлауын дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылаады. Бүгінгі күні оқу, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ғылыми- зерттеу жұмыстары, медицина, тағы басқа адам қызметініің барлық салаларына информациялық технология, интернет жүйесі бірқатар өзгерістер енгізуде. Бұл жағдайлар болашақ иннформатика мұғаліміне пәнді оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын, оқытудың әдістерін терең меңгеріп, оны сабаққа тиімд қолдана білу міндетін жүктейді.

Информацияның қарқындап өсуі мен техниканың соңғы жетістіктері, информатика ғылымның үздіксіз дамуы мен оның жаңа салаларының пайда болуы информатиканың мазмұнын үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Соған сәйкес информатиканы оқыту әдістемесінің мазмұны да үнемі өзгеріп отырады. Мұнда оқытудың жаңа технологилары мен әдістері, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді сабақта тиімді қолдана білу тәсілдері қарастырылады және ол үнемі жаңару, жетілдіру жағдайында жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін орта мектептерде информатика пәнін оқыту 1985 жылдан басталған. Бұл пәнді енгізуге ғылымның, білім беру жүйесіінің, халық шаруашылығының түрлі мекемелерінің компьютерлендірілуі және осы компьютерленген салаларды жұмыс істеуге қабілетті, компьютерлерді қолдана алатын қоғам мүшелерін дайындаудың қажеттілігі себеп болды. Сонымен бірге, халықаралық желі арқылы информация алмасу, компьютерлендіру мен ақпараттандыру мәселелерінің жүзеге асырылуы әсер етті.

Орта мектептерге информатика пәнінің енгізілуіне орай, информатика және есептеуіш техника пәнінің мұғалімдерін даярлау қолға алынып, 1985 жылдан бастап информатика пәнінің мұғалімдерін жүйелі түрде дайындаудың жоспары жасалған. Осы жоспарға байланысты информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ) жаңа пән ретінде 1987-1988 оқу жылында педагогикалы нституттардың оқылу жоспарына енгізлген. Алғашқы кезде информатика пәнін мектепте оқытудың мақсаты оқушылардың бойында компьютерлік сауаттылық қалыптастыруға бағытталса, бүгінгі күні оқу мақсаты уақыт талабына сәйкес өзгерді.

Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын талаптардың мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Яғни, болашақ информатика пәнінің мұғалімі аталған курс материалдарын игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.

Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.

Осы мақсатта ұсынылып отырған «Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі» оқу құралы университеттердің «информатика», «математика және информатика», «физика және информатика» мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға және мктеп мұғалімдеріне арналған.

информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері

  1. Педагогикалық білімдер жүйесінде информатиканы

оқыту әдістемесі

Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ) - біілм беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогиканың дидактика деп аталатын салаасына жатады. Дидактиканың талабына сәйкес информатиканы оқыту тек білім берумен шектеліп қалмай, тәрбиелеу мақсатында қамтиды. Себебі, оқыту теориясы оқушыларды білім, іскерлік пен дағды қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қамтамасыз ететін тәрбиенің біртұтас бөлігі және жеке тұлғаны қалыптастырудың, оқушының ақыл - ойы мен білімін дамытудың маңызды құралы (1- схема) .

1 - схема

Мектептерге «Информатика және есептеуііш техника негіздері» пәнінің енгізілуіне байланысты дидактикада информатииканы оқыту әдістемесі атты жаңа сала пайда болды. Информатиканы оқыту әдістемесі информатика ғылымының даму деңгейіне және қоғамның оқыту мақсаттарына сәйкес мектепте информатиканы оқытудың заңдылықтары мен әдістерін зерттейдіі. Информатиканың мектептегі мәселелерін қараастыратын мектеп информатикасы - информатика ғылымының бір саласы ретінде оқу процесіне дербес компьютерлерді пайдалану мен олардың техникалық, программалық, оқу - әдістемелік, т. б. жабдықталуын қамтамасыз етеді.

Информатиканы оқыту әдістемесінің мазмұны ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Ол өзінің дамуында философия, психология, педагогика, информатика, т. б. ғылымдарының мәселелеріне сүйенеді. Жаңа ақпараттық технологияға сәйкес информатика пәнінің мазмұнында жаңа салалар пайда болды. Оларды оқыту теориялық жағынан зерттеліп, іс - тәжірибеден өткізілуде. Информатиканы оқыту әдістемесінің алдында әлі де зерттеуді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Атап айтқанда, информатиканың мектепке дейінгі, бастауыш сыныптардағы, төменгі, орта, жоғары буындарда оқыту жағдайларын зерттеу; өз бетінше оқитындарға әдістемелік көмектер ұйымдастыру; қолданбалы программаларды пайдалану; ашық програаммаларды өңдеу секілді көптеген мәселелер жан - жақты зерттеуді қажет етеді.

1. 2. Инорматиканы оқыту әдістемесі пәнінің тарихы

Электронды есептеу машиналары 1950 жылдардан бастап білім саласында қолданыла бастады. Ғылыми - зерттеу жұмыстары мен жоғары оқу орындарында ЭЕМ - мен орындалатын жұмыстарға байланысты программалаумен айналысатын оқушы топтары пайда болды. 1960 жылдары Москваның математика пәніне бейімделген мектептерінде программалауға мамандандыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Бірақ мамандардың жеткіліксіздігі мен есептеуіш техника мүмкіндігінің аздығы бұл жұмыстардың кең таралуына кедергі болды.

1960-1970 жылдары көпшілік пайдаланатын үшінші буын ЭЕМ - дері пайда болғаннан бастап информатиканың салалы даму кезеңі басталды. Атап айтқанда, Новосибирск қаласының бірқатар мектептерінде А. П. Ершовтың басқаруымен «мектеп информатикасы» мәселелерімен айналысатын ғалымдар Г. А. Звенигородский, Ю. А. Первин, т. б. жұмыс істеді. Оның ішінде Г. А. Звенигородский Рапира программалау тілін және Ю. А. Первинмен бірге мектеп информатика курсының тұжырымдамасын жасады. Нәтижеде, мектепті компьютерлендіру мәселелеріне арналған мемлекеттік шешімдер қабылдауға толық негіз жасалды. 1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың басында информатика пәнін оқу процесіне енгізуге байланысты жекелеген тәжірибелер Москвада, Санк - Петербургте, Новосибирскіде, Прибалтикада жүргізілді.

1982 жылы КСРО Министрлігі шешіммен жалпы білім беретін орта мектептердің оқу процесіне калькуляторлар енгізілді.

1984 жылы сәуір айында өткен Кеңестер Одағы Коммунистік Партиясының (КОКП) «Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгіі бағыттары» Пленумында «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін мектептерге енгізу мерзімін 1985 жылдың 1- қыркүйектегі деп аталады.

Бұдан кейін «Программалау - екінші сауаттылық» бағытында әдістемелік, дидактикалық, техникалық, әлеументтік, психологиялық тұрғыдан ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бағдарламасы жасалып 1985-1986 жылдары А. Ершов, В. Манахов, А. Кузнецов, Я. Гольц, М. Лапчик секілді ғылым әдіскерлердің алғашқы информатика оқулығы шықты.

1985 жылдың 1-қыркүйегінен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту басталып мектеп мұғалімдері қысқа мерзімдегі дайындық курстарынан өте бастады.

1986-1987 оқу жылының басында «Информатика и образование» журналының бірінші саны шықты. Мектептер үшін информатика оқулығына байқау жарияланды. Байқау негізінде А. Ершов, А. Кушниренко, В. Житомирский, В. Каймин т. б. авторлар ұжымы информатикадан алғашқы оқу құралдарын дайындады. Қазақстан Республикасында 1992 жылдың қаңтарынан бастап, «Информатика. Физика. Математика» журналы, кейіннен бұл журналдың «Алгоритм», «Информатика негіздері» деген атпен қосымшалары баспадан шыға бастады.

1994 жылы информатика курсы 8-9 сыныптарға көшірілді. Қазақстан Республикасында 7-11 сыныптар үшін мемлекеттік білім беру стандарты жасалды. Информатикадан 7, 8, 9 сыныптарға арналған байқау оқулықтары шықты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2030 стратегиялық даму бағдарламасына сай мектептер жаңа типті компьютерлермен жабдықталды. Информатиканы бастауыш сыныптан бастап оқыту қолға алына бастады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері компьютерлік желіге қосылып, оны мектептер пайдалана бастады.

1. 3. Информатиканы оқыту әдістемесінің басқа

ғылымдармен байланысы

Информатиканы оқыту әдістемесі басқа мектеп пәндерін оқыту әдістемелерімен тығыз байланыста дамиды. Мысалы, информатиканы оқыту әдістемесі математиканы оқыту әдістемесімен тектік (генетикалық) тұрғыда байланысады. Себебі, информатиканың бастапқы ұғымдары алгоритм, функция, т. б. математикадан алынған. Математикада дәлелдеулер алгоритмдік құрылымға негізделген, ал информатикада осы алгоритмдерді құрайтын бөліктерді ерекшелей білу мақсаты қойылады.

Информатиканы оқыту әдістемесінің физмка, химия пәндерінің оқыту әдістемесіне ұқсастығы оның тәжірибеге, экспериментке (лат. exsperimentum - тексеріп көру, тәжірибе) негізделгенінен көрінеді. Компьютерде программаны жүктеу мен жүргізу эксперимент ретінде әсіресе, программадағы қатені іздеуде айқын байқалады. Физикалық көзқарас тұрғысынан компьютер приборлар секілді қарастырылады. Оның жан - жақты сипаттамасын зерттеуге және тәжірибелер жүргізуге байланысты әдістерді физиканы оқыту әдістемесінен алып қолдануға болады.

Информатиканы оқыту әдістемесіне қос сипаттылық тән. Бұл біріншіден, оқушыларға алгоритмді құру мен талдау әдістерін үйрету барысында байқалады, екіншіден, программаларды іске қосу кезіндегі экспериментке сәйкес «тәжірибе» жасау әдістері кезінде айқын көрінеді. Физикалық құбылыстарды математикалық модельдеу кезіндегі сандық эксперимент бұл жағдайларды өзара бірлікте қарастырады.

Информатиканы оқыту әдістемесінің психологямен байланысы оқушылардың компьютермен қарым - қатынас мәселесінде көрінеді. Сұхбаттық программалармен, компьютерлік ойындармен жұмыс істеу оқушылар үшін «Компьютерге жан біткендей» әсер етеді. Информатикада таңбалармен белгілеулер кең қолданылатындықтан оларды түрлендіруде компьютердің ролі ерекше. Оқушылардың ақыл ойының дамуына компьютердің әсері әлі зерттелуде. Оқытуда компьютерлік ойын элементтерін шектеулі түрде пайдалануды ИОӘ жоққа шығармайды, кейде тіпті ұсынады. Мысалы, программаларды үйлестіруді «кім ақылды» компьютерлік ойыны арқылы жүргізуді ұсынып, оқушылардың ой - өрісін кеңейтуді көздейді.

Компьютерді оқыту процесіне енгізу жағдайында танымдық ақыл - ой әрекеттері -- анализ, синтез, индукция, дедукция, жалпылау, салыстыру, аналогия, т. б. әдістері енгізіледі. Мұнда оқытудың білімділік, тәрбиелік мақсаттары жалпы дидактикадан алынып, информатика материалдарының мазмұны арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық принциптер информатиканы оқыту әдістемесінде пән ерекшеліктеріне сәйкес айқындалып, оқу процесінде қолданыс табады.

Информатиканы оқыту әдістемесінің шет тілдерін оқыту әдістемесімен байланысы аударма жасау, текстерді өңдеу кезінде көрінеді. Сондай - ақ формальды тілден мазмұндылыққа көшу информатика ғылымының жетістіктері негізінде табысты шешілуде.

Информатиканың пән аралық байланысы оның білім беру саласындағы мүмкіндігінің мол екенін, ал адам еңбегін жеңілдету мақсаты философия ғылымына сүйенетіндігін көрсетеді.

1. 4. Информатиканы оқыту әдістемесінің кейбір ерекшеліктері

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты информатика пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Осы ерекшелігіне байланысты пән мұғаліміне компьютердің түрі мен программалық жабдықталуын ескере отырып оқушыларға уақыт талабына сай блім беруі қажет.

Информатика пәнінің басқа мектеп пәндерімен тығыз байланысы оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда информатика пәнін философия ғылымымен салыстыруға болады. Себебі,, оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа пәндерді оқып үйрену барысында жан - жақты қолдана алады. Оның тағы бір ерекшелігі пән мазмұнындағы тақырыптардың арасындағы пән ішілік байланыстың күштілігінен көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика оқыту әдістемесі туралы қысқаша мәлімет
Зерттеу объектісі мектеп оқушыларының компьютерлік ойындар тақырбын сабақта меңгере алуы
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Информатика пәні мұғалімі
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Информация, информатика
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)
Информатикада Adobe Photoshop программалық оқыту құралын үйрету технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz