Ислам Конференциясы Ұйым құрамындағы институттар



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ислам Конференциясы Ұйымы
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Құрылуы, құрылымы, қызметі 2011 жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстан Республикасы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді. Ол - әлемдегі ең ірі халықаралық ұйымдардың бірі. Қазір оған Азия, Африка, Еуропа және Латын Америкасының 57 мемлекеті мүше. Бұл ұйымның жиындарына 5 мемлекет және 5 халықаралық ұйым байқаушы ретінде тұрақты түрде қатысып келеді. Ислам Конференциясы ұйымы (ИКҰ) - Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі ірі халықаралық саяси ұйым.
Басшылық органдары
Ислам Конференциясы Ұйымы - мұсылман елдерін бір орталыққа біріктіріп отырған халықаралық ұйым. Ол 1969 жылғы қыркүйек айында Рабат қаласында (Морокко) өткен ислам әлемі саяси қайрат-керлерінің бірінші Ислам мәслихатында құрылған болатын. Оның алдында қойған негізгі мақсаты - өзіне мүше мұсылман елдерінің бірлігін нығайту, бірін-бірі қолдауын қамтамасыз ету, бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейту, мәдени, өнер-білім салала-рындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту.
Бұл ұйымға тұрғылықты халқы мұсылман болып табылатын 57 мемлекет мүшелікке қабылданып отыр. Штаб - пәтері Сауд Арабиясының Жидда қаласында. Ислам Конференциясы Ұйымының алғашқы Жарғысы 1972 жы-
лы қабылданған-ды. Осы Жарғы бойынша, ИКҰ-ның жоғарғы мәслихаты үш жылда бір өткізіліп тұратын мем-
лекет және үкімет басшыларының конференциясы, саяси органы - сыртқы істер министрлерінің конференция-
сы. Осынау конференциялар аралығында атқару қыз-метін жүзеге асыратын орган - Бас хатшылық. Ұйымға мү-
ше мемлекеттердің басшы-лары мен корольдерінің қа-тысуымен өткізілетін жоғарғы деңгейдегі Ислам самми-тінде Ұйымның Жарғысына сәйкес күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, соған байланысты шешімдер қа-былданады. Мұнда ұйым конференциясына (саммитіне) қатысушы елдердің, Умманың (мұсылман қауымының) мүддесін көздейтін көкейкесті мәселелер де талқыланады.
Кейде Ислам Конференция-сы Ұйымының төтенше сессиясының шақырылуы мүм-кін. Ол Умма талап еткен жағ-
дайда ғана жүзеге асырылады. Яғни, Умма мүддесі үшін
ерекше бір маңызды мәселе-лерді талқылау қажет болса, кез келген уақытта осынау төтенше сессияны шақыруға болады.
Ислам Конференциясы Ұйымының құрамында сауда-экономикалық; ынтымақтыстық; Иерусалим жөніндегі комитеттер; Ислам даму банкісі; Ислам мәдениеті мен өнерін зерттеу жөніндегі Орталық; Ислам сауда дамыту
Орталығы; Кәсіптік-техника-лық оқу мен зерттеулер жөніндегі орталық; Ислам кеме иелерінің қауымдастығы тә-
різді құрылымдар жұмыс істейді. Олардың қайқайсы да ұйымға мүше елдердің әлеуметтік-экономикалық мәсе-лелерін шешуге сүбелі үлес қосып келеді. ИКҰ Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз ынтымақтастықта. 1975 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ИКҰ-ның ресми мәртебесін мойындап, оған БҰҰ-да өз бақы-лаушыларын ұстау құқығын берген-ді.
1995 жылдан бастап Қазақ-станда Ислам даму банкісі жұмыс істеуде. Ол біздің елімізде Қарағанды - Астана автожолы бөлігін, Астана - Бурабай автожолын қайта салу, Астанада ұлттық кітапхана үйін салу, почта байланысын же-тілдіру тәрізді жобаларды қар-жыландырып келеді. Иә, Ислам даму банкі займының кө-
мегімен өткен мерзім ішіндегі Алматы - Гүлшат автокөлігінің жолы салынды, Астана - Қара-ғанды автожолының учаскесі қайта жөнделді, Сызғанов атындағы хирургиялық орта-лықты жабдықтауға қаржы бөлініп, Қарағанды облысы-ның ауылдық елді мекендерін сумен қамтамасыз ету жобасы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің жаңа ғимаратының құрылысы қаржыланды-рылды. Ислам даму банкі елімізде Білім және ғылым ми-нистрлігі физика-техникалық институтының ғылыми-эксперименталдық базасын техни-калық жағынан жақсартуға да көп жәрдемдесті.
Ислам даму банкісі - негізінен, халықаралық дамуды қаржыландырушы аймақара-лық қаржы ұйымы. Ол 1973 жылғы желтоқсанда Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) өткен Ислам мемлекеттері министрлерінің бірінші конфе-
ренциясында жарияланды және Ислам конференциясы ұйымына мүше 23 мемлекеттің өкілдері қол қойған Ниет декларациясына сәйкес құрыл-ған болатын. 1975 жылғы 20 қазаннан бастап жұмысқа кіріскен ИДБ-нің штаб-пәтері Джидда қаласында орналас-қан. Ислам Даму банкісінің басты мақсаты - ИДБ-ге және мұсылман қоғамдастықтарына мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына және әлеу-меттік тұрғыдан ілгері басуына шариғат қағидаларына сәйкес көмек көрсету.
Қазіргі таңда Ислам Конференциясы Ұйымы құрылымын-да Атқарушы комитет, тұрақты өкілдер комитеті, Халықа-ралық Ислам соты және Адам құқығы жөніндегі тәуелсіз тұрақты комиссия да бар. Ат-қарушы комитеттің төралқасын Ұйымның қазіргі кездегі, оның алдындағы, алдағы уақыттағы елдер құрайды, штаб-пәтері Жидда қала-сында. Адам құқығы жөніндегі тәуелсіз тұрақты комиссия Ұйымның шарттары мен декларацияларында айтылған азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары-ның қорғалуына ықпал жасайды. Халықаралық Ислам соты болса, Ұйымның басты заң-дық органы. Ол 1987 жылы Кувейт қаласында құрылығанды.
Ұйымның Бас хатшылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және Ислам Конференциялық ұйымы
Қазақстан ислам конференциясы ұйымымен ынтымақтастығы туралы
Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) құрылымдық жүйесі
Ислам конференциясы ұйымының халықаралық құқықтық статусы
Хатшылық және Халықаралық ислам
Қазақстан жетістіктері
Әлеуметтану және саясаттану
Ислам Конференция Ұйымы
Халықаралық қатынаста және аймақтық саясаттағы ықпалды ұйым - Ислам конференциясы Ұйымы
Діни басқарма тұсында
Пәндер