Халықаралық қатынаста және аймақтық саясаттағы ықпалды ұйым - Ислам конференциясы Ұйымы



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынаста және аймақтық саясаттағы ықпалды ұйым - Ислам Конференциясы Ұйымы Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің 57 мемлекетін және 1,5 млрд халқын біріктіріп отыр [1].
Тарихи оқиғалар тізбегі мен сабақтастығына сүйеніп кері шегінсек, ИКҰ-ның құрылуы 1967 жылғы араб әлеміндегі саяси, әлеуметтік, әскери және рухани дағдарыспен байланысты. Араб елдерінің Египет, Сирия, Иордания, Ирак, Алжирдің аталған жылы Израилмен арада болған соғыста жеңіліс табуы, соның нәтижесінде Синай, Голанд биіктігі, Иорданның батыс бөлігінен айырылып, оны Израильдың окуппациялауы араб мемлекеттерінің жақындасуын тездетіп, олардың бірігу идеясын алдыңғы орынға шығарды. Бірақ, бұл кезде Израильмен арадағы саяси шиеленіс, мүде қайшылығы туғанымен, ол діни сипат алған жоқ. Ислам дініндегі мемлекеттерінің арасындағы саяси-экономикалық, рухани байланыста дін - басты, ықпалды фактор емес еді. Мұсылман дінін ұстанған зайырлы Түркия да, шахтық Иран да, Кеңестік Орталық Азия мемлекеттері де арабтардың саяси одақтасы емес болатын [2].
Осы кезеңде Израильдың барлық мұсылмандар үшін қасиетті Ирусалимнің шығыс бөлігін жаулап алуы, Израиль мен араб елдері арасындағы жағдайды одан сайын ушықтырды. Израильдың бұл әрекетін араб әлемі ғана емес, тұтастай мұсылман дүниесі басыну, қорлау, ислам құндылықтарын құрметтемеу деп қабылдады.
1969 жылы еврей экстремистері Мароккадағы Рабатта Әл-Ақса мешітін өртегеннен кейін, Марокко королі Хасен ІІ мен Сауд Арабиясы королі Фесала бен Әбделазиз бастамасымен өткізілген ислам мемлекеттері мен өкімет басшыларының кездесуінде Ислам конференциясы Ұйымын құру жөнінде шешім қабылданды. ИҰК құрушылар қатарында Ауғаныстан, Алжир, Гвинея, Египет, Индонезия, Иран, Иордания, Йемен, Кувейт, Ливан, Ливия, Малайзия, Мали, Мавритания, Марокко, Нигер, Пакистан, Сауд Арабиясы Сенегал, Сомали, Судан, Тунис, Турция, Чад және Палестина болды.
Ал, келесі жылы Джиддеде сыртқы істер министрлерінің бірінші ислам конференциясы өтіп, онда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Бас хатшылық және оның басшысы сайланды. Джидде Ирусалим толық азат болғанға дейін ИКҰ-орталығы болып жарияланды.
Ислам конференциясы Ұйымы халықаралық қатынастарда ауқымды мәселелерді қамтиды. Саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық өзара байланыс пен өзара әрекеттесу, мүше-мемлекеттердің тұрақты дамуына жағдай жасау ұйымның маңызды мақсаты болып саналады.
1972 жылы сыртқы істер министрлерінің Үшінші конференциясында Ислам конференциясы Ұйымы Жарғысы қабылданып нақты мақсаттар белгіленді. Олар:
- ұйымға мүше мемлекеттер арасында ислам бірлігін нығайту;
- қатысушы мемлекеттер арасында экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылми және басқа да маңызды салаларда ынтымақтастық орнату мен нығайту;
- халықаралық қатынастарда маңызды мәселелерде өзара кеңесу;
- отаршылдықтықты қандай түрін болса да жою мен нәсілдік кемсітушілікке жол бермеу;
- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін әділдікке негізделген қажетті шараларды қабылдау;
- қасиетті жерді сақтауға байланысты бағытталған күштерді үйлестіру және Палестина халқының күресін қолдау, оларға өз жерін азат мен өз құқын қайтарып алуы үшін көмек көрсету;
- барлық мұсылман халқының өз тәуелсіздігі, ұлттық құқығы мен абройын сақтау мақсатындағы күресін қолдау;
- мүше-мемлекеттердің бір бірімен және басқа мемлекеттермен ынтымақтасуы мен өзара түсінісуін нығайту мақсатында тиімді ахуал қалыптастыру;
Осы аталғандар ИКҰ қатысушы мемлекеттері қызметінде басты қағида болуымен, мемлекетаралық қатынаста, аймақаралық саясатта басты ұстанымға айналды. Сонымен қатар, Израиль басып алған Ирусалимді азат ету ИКҰ мүше мемлекеттерін біріктіруші, оларды өзара байланыстырушы символ болғанымен біртіндеп халықаралық жағдай өзгерді. Алты күндік соғысқа қатысушы араб мемлекеттері Израильмен дипломатиялық қатынас орнатты. Қазіргі уақытта ИКҰ қатысушы-мемлекеттердің бірқатары Израильмен экономикалық қана емес, әскери байланыс та орнатты. Бірақ, бұл мемлекеттерді ИКҰ құрамынан, кезінде Египетті шығарғандай, шығару мәселесі күн тәртібіне қойылған жоқ. Сондықтан бұл мәселеге байланысты, зерттеушілер мен саясаттанушылар арасында төмендегідей қайшылықты пікірлер қалыптасты.
1. Араб елдері уақыт өте келе Таяу Шығыстағы Израильдың басты серіктесі, әрі қолдаушысы Американы жақтаушылар және қарсылар болып жіктелді. Сондықтан, олар саяси жағдайды бағымдап Израильмен байланыс орнатуға мүделі болды, американдық жаққа, баррикаданың келесі жағына шықты деп санайды [3].
2. Араб мемлекеттерінің бірқатары өзгермелі жағдайға сәйкес, негізгі позициясынан бас тартпаса да толерантты бағыт, бейбіт қатар өмір сүру жолын ұстанды.
3. Араб мемлекеттері геосаяси позициядан толық немесе ішінара бас тартып, геоэкономикалық мүдені басты орынға қойды.
4. Ислам елдерінің бірқатары өз позициясынан бас тартпай, олардың ішінде, араб мемлекеттері де Батыс елдері мен Израильға қарсы күрестің қандай түрі болмасын қолдап, қаржыландыруда.
ИКҰ-на қатысушы мүше елдер ұйым Жарғысында ұйым мүшелері басшылыққа алатын басты принциптері де белгіленді. Ол қатысушы мемлекеттер арасындағы өз ара қарым қатынасты, аймақтық жағдайды реттеді.
- мүше-мемлекеттердің арасындағы толық теңдік;
- өзін өзі билеу билеу құқын құрметтеу, сонымен қатар мүше мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау;
- қандай да болмасын туған шиеленістерді бейбіт жолмен келіссөз, бітістіру, татуластыру арқылы реттеу;
- мүше мемлекеттердің қайсысының болмасын территориялық тұтастығына, ұлттық бірлігіне немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы күш көрсету мен қауіп тудырудан және қолданудан бас тарту;
Саясаттанушылар пікіріне сүйенсек, олар ИКҰ маңызды форум болғанына қарамастан, өздері қабылдаған шешімдерін жүзеге асыруға құралдары мен табандылығы жетпеді. Сондықтан, қарарлары қағаз жүзінде декларация түрінде ғана қалып жүзеге аспады. Мысалы, 1981 жылы ИКҰ мүше-мемлекеттерді Ирусалимді және басып алынған территорияны азат ету мақсатында екі есе күш жұмсауға және Израильға экономикалық бойкот жариялауға шақырды. Солай болғанымен, ИКҰ-ның бірқатар мүшелері Индонезия, Египет, Иордания және Парсы шығанағы мемлекеттері Израильмен экономикалық байланысты қолдады. Азамат соғысы мен стихиялық жағдайға душар болып, зардап шеккен ИКҰ-мы мүшелеріне немесе мұсылман қауымдастығына қаржылық көмек көрсетуге шақырғанда бірқатар мүше-мемлекеттер қалыс қалды.
Әлемнің әр тарабындағы ИКҰ мүшелері халықаралық қатынаста, мемлекетаралық аймақтық саясатта ортақ позиция ұстана алмады, кей жағдайда олардың өз арасында қайшылықтар туып, соғысқа ұласты. Мысалы, Ирак пен Иран немесе Ирак пен Кувейт арасындағы жағдай ислам елдері ынтымақтастығына сына қақты. Мемлекетаралық қайшылық ИКҰ бірлігін әлсіретті, оларды бір біріне қарсы қойды. 1990 жылғы Ирактың Кувейтке басқыншылығын қолдаған Иордания мен Палестинаны Азат ету Ұйымының саммитке қатысуына қарсылық ретінде, 1991 жылы Сенегалда өткен ИКҰ саммитіне 12 мемлекет басшысы келмеді. Ислам әлеміндегі саяси қайшылық, олардың өз ішінде алауыздықтың тууы ИКҰ мүше-мемлекеттері бірлігін әлсіретті, олардың саяси-экономикалық, мәдени байланысын әлсіретті.
Бірақ, мұсылман әлемін олардың бәріне тән ортақ жәдігерлері және дамыған Батыс елдерінің олармен әріптестік позиция емес, үстем, артықшылық позиция ұстануы, ислам дүниесі құндылықтарын сыйламауы жақындастыра түсті. 2005 жылы бір дат газетінің Мұхаммед пайғамбар суретін карикатуралауы әлемде наразылық акциясын тудырды, барлық елде мұсылмандар қарсылығы басталып, ол үздіксіз наразылық шеруіне ұласты. Осы жылдың желтоқсанында ИКҰ басшылары дат газетінің іс әрекетін айыптап кезектен тыс саммит өткізді. Бұл ислам әлемінің жақындастыра түсті.
2008 жылы ИКҰ-ның жаңа Жарғысы қабылданып, бірқатар өзгерістер енді. Ұйым мақсаты жиырмаға дейін көбейтіліп, оған адам құқын қорғау, өркениеттер мен дін аралық диалогты және тұрақты дамуды қолдау т.б. енді. Ал, принциптер қатары қоршаған ортаны қорғау, адам құқы мен бостандығын қолдау секілді пункттермен толықты.
ИКҰ-ның функциональдық қызметі барысында екі басты шара оның даму үрдісін айқындайды. ИКҰ-ның Жарғысына сәйкес саммит үш жылда бір өткізіледі. Сыртқы істер министрлері Кеңесі жыл сайын өткізіліп, онда өзекті ағымдық мәселелер қаралады. Осы жылдың басында Египеттегі саяси шиеленіскен жағдайға байланысты, Шарм-әл-Шейхта наурызда өтуге тиісті ИКҰ-ның 12-ші саммиті кейінге қалдырылды.
Қазір саммитта төрағалық қызметті Сенегал атқарса, Сыртқы істер министрлері Кеңесі кезекті 38 сессиясы Астанада өтіп, Қазақстан осы құрылымда бір жыл төрағалық қызмет атқарады.
ИКҰ-ның құрылымында саммит, сыртқы істер министрлер Кеңесімен қатар, тұрақты комитеттер, атқару комитеттері, халықаралық сот, тұрақты өкілдік комитеті, бас хатшылық, адам құқы жөніндегі тұрақты комитет және басқалар өз қызметін атқарады. Сонымен қатар, мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы мен қаржылық нығаюында ықпалды болып отырған субсидиалық органдар қызметі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам конференциясы ұйымы
Қазақстан және Ислам Конференциялық ұйымы
Хатшылық және Халықаралық ислам
Мәселенің өзектілігі
Ислам конференциясы ұйымының халықаралық құқықтық статусы
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу
Қазақстанның халықаралық жағдайының нығаюы және қарым қатынастағы ролінің артуы
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты
ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Пәндер