Ислам өркениеті және оның қазақ халқының дүниетанымына ену тарихы Әл-Фарабидің рухани мұрасын жаңғыртудағы А.Қасымжановтың орны


ислам өркениеті және оның қазақ халқының дүниетанымына ену тарихы әл-фарабидің рухани мұрасын жаңғыртудағы а. қасымжановтың орны
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 А. Х. ҚАСЫМЖАНОВ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУ ЖОЛЫ
- А. Х. Қасымжановтың өмірі мен шығармашылық қызметі . . . 9
- А. Х. Қасымжанов жасаған фарабитанудың тарихи және рухани танымдық негіздері . . . 15
2 ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМДА ЖАҢҒЫРТЫЛУЫНДАҒЫ А. ҚАСЫМЖАНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
2. 1 Әл-Фараби ілімінің философиялық талдануы … . . . 26
2. 2 Әл-Фараби ілімнің діни-философиялық ерекшеліктерін танытқан А. Қасымжанов танымындағы иман, рух тәрбиесі және оның қазақ ұлттық мәдениетін жетілдірудегі орны . . . 35
2. 3 . А. Х. Қасымжанов шығармашылығының келешек ұрпақ үшін маңызы . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57
Кіріспе
«Ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірініші талап-ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде, адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды»
Шығыс ғұлама-ойшылы, ұлы ұстаз Әл-Фараби.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамзат тарихында рухани және мәдени құндылықтар мен ғылыми жетістіктері арқылы мол мұра қалдырған есімдері елге танымал ойшылдар қазақ жерінде өмір кешкен. Міне осы ойшылдар шығармашылығын зерттеп, кейінгі жастарға өнеге берумен қатар, ғылым мен білім жолын таныта білу жолына түскен ғалымдардың да орны ерекше. Олар қоғамдық қызметтер мен қатар халқының өткен тарихының сан-алуан саласына үңілді, қоғамдық өмірде тудырған сұрауларға жауап іздеді, пайымдады өз тұжырымдарың жасады, қазіргі уақытта да бағасын жоймаған келелі зерттеулер еңбектер ұсынды. Міне, осы ойшыл-ғұламалардың қатарынан Әл-Фараби мұрасын зерделеген А. Қасымжановтың ерен еңбегін ерекше атап өтуді мақсат етіп, зерттеу нысанына алдық.
Елбасы, Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Дүниетанымдық құндылықтарды сақтау бағытында басты басымдық рухани танымдық ғылыми ізденістерге түседі. Халықаралық деңгейде бұл салада жасалып жатқан жұмыстар мен жедел іс-жүзіне ендіру мәселесі жүйелі түрде дамып келеді» [1] - деп, осы бағытта еңбек етіп келе жатқан ғалымдардың еңбектеріне баға береді.
Түрлі мәдениеттер тоғысқан жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымызды рухани биіктеткен тұлғалардың қалдырған мұрасын, оның тағылымдық мәнін зерделеу - заман тудырып отырған қажеттілік. Сол ғұлама, ойшылдардың бірі Әл-Фараби. Ойшыл шығармашылығы даналыққа толы.
Ағын Қасымжановтың пікірінше: «Шығыс халықтары өздерінің үзілген мəдени дəстүрілерін тануға қабілетті. Əл-Фараби, Ибн Сина, Бирунидей ғұламалар бүкіл адамзат мақтанышы. Тарихтың асыл қазыналары қазіргі ке-зеңде ұлтшылдық, өзімшілдік пен масаттанушылық негізінде емес, жаңаша танылуымен құнды» [2] .
Ағын Қасымжанов философия тарихын зерттеушілерге қарама-қарсылығы мен күрделілігіне қарамастан, ақылға сыйымды жəне қисынды үрдіс ретінде ұлттық құндылықты бағалап, шынай бейнесін таныта білуді дұрыс көрді. Өйткен, ол осы бағытты бірінші негіздеген жəне азды-көпті жүйелі түрде көз жүгірте алғандардың алғашқысы болатын. Ағын Қасымжановтың қосқан ең үлкен үлесі қазақ дүниетанымын тарихи-философиялық үрдіс екендігін, ұлттық философиялық ойдың тарихи жағдайлар мен заман талаптарынан тəуелділігі идеясын енгізуі болып табылады. Гегель айтқандай, «философия дегеніміз оймен ұғынылған дəуір». Ағын Қасымжановқа дейін қазақ философиясы идеологиялық тапсырыстар кең мəтінінде ғана қарастырылды. Бұл бүкіл Шығыс философиясына тəн жағдаят болды.
Шығыс халық-тарының тарихынан алынған эмпирикалық материалдар бұл жағдайда кездейсоқтық сипатта еді жəне аса маңызды ниеттерімен емес, дұрысы «экзотиканы іздеумен» түсіндірілді. Шығыс мəдениетінің шынайы өзіндік ерекшелігін түсіну туралы əңгіме болуы мүмкін де емес еді.
Ағын Қасымжанов атап өткендей: «Қазақ сияқты халықтардың ұлттық сана сезімінің өсуі мəдени құрылыстың ерекше күрделі міндеттерімен байланысты болды, олардың бүкіл дүниежүзілік тарихқа белсенді субъект ретінде шынайы қатысуы ғана олардың мəдениетінің тарихына мұқият қарауды, дəстүрлерін тануды талап етті, сөйтіп тарихи білім шеңберінің кеңеюіне əкелді. Бұл жергілікті дəстүрлердің керемет бірдемені жасаушы, əлемнің бір бөлігін құрауы мүмкін, ол толық бір организмде өзінің өзгешелігінің арқасында қажетті əрі таптырмайтын болатын, тірі əрі қажетті клеткаға айналуға қабілетті деген жаңалыққа əкеледі» [3] . Демек, жалпы тарих пен қазіргі заман арасындағы шекті анықтау қиын ғой. Барлығы уақыт өткен сайын тарихқа айналады. Ал кейбір тарихи жəйттар қазіргі заманғы конъюнктуралықтан өзектілеу болады. Осыны ұстанудың мəні бар, өйткені заман қарқының өсімпаз ұрпақтар арасындағы үлкен психологиялық алшақтық елесін туғызады. Балалар өз əке-шешелері туралы: «арғы тектер» деп айтады. Көп адам, осы күнгі адамның түбегейлі мəселелерін түсіну үшін жəне оларды шешу əрекеті үшін өткенді тану ештеңе бермейді деп ойлайды.
Өткен мəдениетті зерттеуде шынайылықты сезінуден тіптен Ағын Хайруллаұлы Қасымжанов сияқты дəуір адамдарымен кездесуден олардың ой желісінен олардың ұрпақтарына жеткізгісі келгенінен, өздері де білмей, олардың бізге түсінуінен беретінінен ғажайып лəззат аласың. Сөздің кең мағынасында мəдениет тарихына барлық қоғамдық құбылыстар жатады. Кез келген философия мен кез келген ғылыми жаңалық мəдениет тарихы шеңберінде арнайы қарастыруға лайықты емес. Шындығында, философия өзінің бастапқы интенциясы бойынша кең мəдени мəнге ие, мəдениет тарихында ерекше орын алады.
Өз қойнауынан философияны жасап шығармаған халық, құлшылық ететін, аса құрметтісінен басқасының бəрі бар храм тəріздес деп айтты. Əрине, бұл тым əдемі əрі асырып айтушылық. Ағын Қасымжанов ойларын алсақ, онда философияның мəдениет дамуындағы рөлі, ол əрқашан адамның əлемге əмбебапты, əсіресе этикалық қатынасын анықтау талпынысымен белгіленеді. Философиядан жеке ғылымдарының бөлінуімен сол уақытта философияның мұнан былайғы өмірдегі, қоғамдағы орнын өзі белгілеуі үрдісі болып табылған, философияның білім субъектісі ретіндегі адам туралы ғылым ретінде функциясы нақты белгіленді. Адам болмысының, жалпы мəдениеттің негізгі құндылықтарына қатысты мəселелер əрқашан философиялық деп танылған.
Сөйтіп, азды-көпті дүниетану мен гуманистік функцияларды атқаратын, көзқарастар жүйесі ғана, мəдениет тарихы құрамына тікелей кіреді. Оны нақты тарихи контекстіге салып, ол дəуірдің қандай күштерінің орталығы болатынын көру қажет. Бірақ мəдениет тарихындағы қандай да бір Ағын Қасымжанов тəрізді тұлға өзін қазіргі заманда ғана тəмамдамайды, өйткені оның негізі өткен уақытта, ал сəулесі жақын жəне алыс болашаққа түседі. Сонымен, маңызды істерін қалдырған, мəдениет өкілдері - бұл жіптері барлық бағыттарда басқа «түйіндерге» тартылатын, мəдениет тарихы торының «түйіндері». Ағын Қасымжановтың қазақ руханилығына қосқан басты жетістігі фарабитанумен байланысты. Қазақ философы айтқандай, дүниежүзі мəдениетінің дамуында із қалдырған аса көрнекті қайраткерлер шындығында адамзат мəдениетінің бірлігін паш етіп келеді.
Еркін ойшылдыққа жол ашылған еліміз егемен заманда казақ философиясының ірі өкілдерінің бірі Ағын Қасымжановтың дүниетанымын зерттеудің маңызы зор. Ағын Қасымжанов дүниетанымын зерттеу, ойшылдың шығармашылығындағы дүниетанымдық мәселелерді біртұтастықта, жүйелілікте қарастыра отырып, оның ойлау мәдениетінің ерекшелігін тануға жол ашады. Қазақтың қай ойшылын алып қарасақта, олардың шығармашылығы белгілі бір тарихи кезеңмен байланысты, қоғамдық қарама-қайшылықтардың негізінде қалыптасқандығын көруге болады. Ағын Қасымжановтың философиялық дүниетанымы мен шығармашылығы халқымыздың тарихымен тығыз байланысты. Оның үстіне, ойшылдың даналық дүниетанымы қазақ халқының ұлттық философиясында ерекше орын алады. Міне сондықтан да ойшылдың шығармашылығы мен танымы қазақ жастарының дүниетанымын қалыптастыруда үлкен маңызға ие.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Ағын Қасымжанов философия тарихында қазақ философиясынан өзіндік орын алып отырған негізгітұлғалардың бірегейі болып табылады. Орта ғасыр ойшылы шығармашылығын зерттеп, оны ғылыми ортаға сол қалпында таныта білу, кеңес құрсауына бағыныштылықтан жоғары тұрып, Әл-Фараби шығармашылығын рухани байлық ретінде қарастырған.
Бүгінгі күні фарабитану тіл, мәдениет, дін, әлеуметтану, музыка өнерімен шектеліп қалмағанын таныту да оңай іс емес. Оның дүниетанымын неміс философтары М. Шелер (1874-1928) мен Х. Плеснердің (1892-1985) көзқарастарымен салыстырып қарастыруға болады. Олардың 1928 жылы жарық көрген «Ғарыштағы адамның орны» (М. Шелер) және «Органикалықтардың сатылары және адам» (Х. Плеснер) деген еңбектері адам болмысына, оның мағынасына өзгеше көзқарастар енгізгені белгілі. Осыған байланысты А. Көбесов, М. Хайруллаев, Ә. Дербісәлиев сияқты ғалымдардың еңбектері ерекше қызығушылықты тудырады. Шығыс мұсылман философиясының ықпалында ойшыл танымы рухани рең алады. Ғылым Фарабиді емес, Фараби ғылымды түсіндіретінін ұмытып кетпейік -деп Ағын Қасымжанов айтқандай, ғылымды зерттеуге өзіндік жол ашқан дана ойшылдың шығармашылығын қарастырамыз. Адам интелекті мен қоғам ішілік қатынастарды, имандылықты сараптау мәселесін қарастыруда С. Ж. Кенжебаев, А. Жақып, Т. Х. Ғабитов, Т. Бурбаев, Ж. Мүтәліпов, Т. Қ. Айтқазин, Ғ. Есім және тағы басқа ғалымдарымыздың туындыларын ерекше атап өтуге болады. Соңғы жылдары еліміздің ойшылдары философияда иман, салт дәстүрлер төңірегінде кең ауқымды зерттеулер жүргізуде.
Дегенмен Ағын Қасымжанов болмысы туралы жоғарыда келтірілген әртүрлі көзқарастар арқылы мәселенің зерттелу дәрежесіне талдау жасайтын болсақ біз бүгінгі күні ол туралы белгілі бір жүйелі философиялық бағыттың анықталмағандығын байқаймыз. Мұның өзі қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін, маңыздылығын одан әрі ауқымдай түседі.
Зерттеудің негізгі мақсаты ретінде Ағын Қасымжанов дүниетанымы қарастырылып, оның тұлғалық даралығы, көзқарасының ерекшелігі және жалпы философиялық тұжырымдары сарапқа салынады. Осыған байланысты зерттеуге келесі міндеттер белгіленген:
- Қазақ философиядағы Ағын Қасымжанов философиясының орнын анықтау.
- Ағын Қасымжанов дүниетанымы мен Шығыс философиясында екінші ұстаз атанңан Әл-Фарабидің әртүрлі философиялық бағыттағы еңбектеріне талдау жасау және өзара теориялық бірлігін көрсету.
- Ағын Қасымжановтың көзқарасындағы ерекшелікті жалпы адамзаттың рухани даму тарихының белгілі бір кезеңіне (Кеңес дәуірі) сәйкес келе ерекше дамығынын анықтау.
- Қазақ мәдениеті, жалпы рухани құндылықтар, жалпы шығармашылық өміріндегі танытқан еңбектеріне талдау жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Ұсынылып отырған ғылыми жұмыста төмендегідей ғылыми жаңалықтар анықталған:
- Ежелгі Шығыс ойшылы дүниетанымы, оның көзқарастардағы иман және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік, адам болмысының рухани келбетіне тән субьектілі - обьектілі бастамалар, жалпы құндылықтарды сараптаған Ағын Қасымжановтың көзқарасы қарастырылады.
- Ағын Қасымжановтың шығармашылығын қарастыру тарихи қажеттілік екендігі анықталды. Мәдениетте, экономикада, саясатта, болып жатқан өзгерістер олардың рухани танымды өзгертудегі орны, Әл-Фарабидің адам бойындағы әр түрлі рухани қасиеттерді жан-жақты анықтап, қоғамды жетілдіру жолында жасалған еңбектері жан-жақты талданып Ағын Қасымжанов көзқарасында көрсетілді.
- Өзін өзгеден жоғары ұстау, өзара бәсекелестік, рухани бостық, діни сауатсыздық қоғамда белең алғанда рухани-мәдени мұраларды жетілдірудегі ойшылдар дүниетанымын зерттеудің маңызы қарастырылады.
- Құндылықтардың құнсыздануы, мәдениетінің құлдырауы сияқты көріністер адам болмысының өзгеруіне негіз. Ағын Қасымжанов танымының жастар ұлағатына өсиет, өнеге еткен шығармашылық жұмысының жемісті еңбегі қарастырылды.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы тақырып пен қойылған міндеттерді шешудегі ішкі логикалық байланысымен сипатталады. Зерттеу жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралды. Жұмыстың көлемі 62бет.
1 А. Х. ҚАСЫМЖАНОВ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУ ЖОЛЫ
1. 1А. Х. Қасымжановтың өмірі мен шығармашылық қызметі
Тәуелсіз ел өз тарихын, өз кемеңгер тұлғаларын өздері дәріптеп, зерттеген. Міне, осы сәт жетпіс жыл құрсауда болған халық үшін туындап отырған кезеңде бір тума кемеңгер ойшыл, ғалым, Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, белгілі педагог, кемелді ұстаз, философия ғылымдарының докторы, профессор А. Х. Қасымжанов шығармашылығын зерттеу. Оның өмір жолына шолу жасасақ. А. Х. Қасымжанов 1931 жылы 19 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді.
Алғашқы мамандығын таңдауда жаны даналыққа құштар А. Х. Қасымжанов оқу бітіргеннен кейін философия мамандығын таңдады. Қазақ Ұлттық университетінің философия факультетіне 1949 жылы түсіп, 1954 жылы алғашқы түлегі болып бітірді. Ғылым жолына түскен А. Х. Қасымжанов 1954-1957 жылдары философия факультетінің аспирантурасында оқыды. Аспирантураны бітіргеннен кейін 1957 жылдары ҚазССР: ғылым Академиясының философия иниститутында кіші ғылыми қызыметкер қызметін атқарды [4] .
1960 жылы Москва қаласында СССР ғылым Академиясының философия иниститутында («Разработка В. И. Лениным проблемы совпадения диалектики, логики и теория познания в «философских тетрадях»), «В. И. Лениннің философиялық дəптеріндегі диалектиканың, логика жəне таным теориясының сəйкес келуі проблемасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.
1962 жылы жас қазақ ғалымына үлкен құрмет көрсетіліп, А. Х. Қасымжанов бес томдық философиялық энциклопедияның авторларының бірі болды. Бұл энциклопедия редакциясының құрамында сол кездегі философтар В. Ф. Асмус, М. Т. Иовчук, Б. М. Кедров, Е. П. Ситковский т. б ғалымдар болды. А. Х. Қасымжанов сол ғалымдармен тең жоғары деңгейде бірнеше ғылыми мақалалардың авторы болды [4] .
Ғылыми ортада арнайы мақалалар жазумен қатар ол бірнеше жылдар бойы «Философские науки» журналының редколегия мүшесі болды. Өзінің философиялық ізденістері мен басқа да мақалаларды салыстырмалы зерттеу мүмкіндігі оның шығармашылығының өзіндік ерекшелікпен қарқынды дамуына жол ашты.
1963-1966 жылдары аралығында ҚазМҰУ-де жұмысқа орнығып, доцент қызметін атқарды [4] .
1966-1976 жылдары ҚазССР Ғылым Академиясының философия иниститутында «Философия тарихы жəне Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1969 жылы А. Х. Қасымжанов Москва қаласында «Диалектиканың логикалық аспектілері» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғайды. Ал, 1970 жылы ҚазССР Ғылым Академиясының ең жас корреспондент мүшесі болып сайланады [5] .
1970 жылдары А. Х. Қасымжанов тұңғыш рет әл-Фараби мұраларын зерттеуді мақсат етті. Ақиқатқа бергісіз әл-Фараби атты ұлы дала перзентінің Екінші Ұстаз аталуы кездейсоқ емес. Оның ұлан-ғайыр мұрасы -әр түрлі ойлау мәдениетінің, дәстүрлі, әрі сан қырлы ой кешу нәтижелерін бойына мықтап сіңірген және өз заманындағы ғылыми философиялық жетістіктерді жан-жақты қорытып, жаңа деңгейде жаңа сапалы тұжырымдау жүйесін құрайды.
Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасытының жетіліуіне орасын зор еңбек сіңірген ғұламаларының бірі қазақ топырағынан шыққан данышпан Әбу-Насыр Әл-Фараби шығармашылығы А. Х. Қасымжановты қатты қызықтырды. Әл-Фараби 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келіп, өзінің терең ойларымен ерекше орын алған Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым [6] . Ол өз замынындағы дамыған ғылым салаларының бәріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдыра білген тұлға үнемі зерттеу обьектісіне айналды. Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ғалымдардың үлкен тобын құрайды.
Әл-Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол. Екі жүзге жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын - философия мен логиканы, математика мен физиканы, астрономия мен ботаниканы, минералогия мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды. А. Х. Қасымжанов осынау ұланғайыр еңбектерінің ішінде философия мен әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың проблемалары үлкен орын алатынын білді.
Фараби шығыс перипатизмнің аса көрнекті өкілі, араб тілінде әлемге тараған прогресшіл қоғамдық философияның негізін салушылардың бірі. Ол
философияның, логиканың, әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың әр түрлі саласына сан қырлы үлес қосты. Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік мәдениетке өз үлесін қосқан адамзаттық мұраның асыл қазынасы болып табылатынын зерттеген ғалымдар А. Х. Қасымжанов басшылығымен көптеген фундаменталды еңбектерді жарыққа шығарды.
«Философия тарихы жəне Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар» бөлімі жанынан құрылған топқа А. Х. Қасымжанов жетекшілік етіп, бұл шығармашылық ғылыми топқа алғашқыда Ильяс Омар Мұхаммед (Иран) арабтанушы Б. Я. Яшерович, европа тілдерінің маманы А. К. Кубесов кейіннен келіп қосылған арабтанушылар А. С. Иванов, К. Т. Таджикова, Н. Караев, əуел баста байланыста болған Мəскеулік атақты арабтанушылар Б. Г. Гафуров, А. В. Сагадеев кірген болатын. Осы ғылыми шығармашылық топтың арқасында ұлы ғұлама философ əл-Фарабидің шығармашылығымен, қолжазбаларымен мұқият танысуға зерделі зерттеулер басталып кетті.
Өзінің сан-салалы мұраларымен қазақ халқын өткен түркілік дәстүр жолымен байланыстырса, Батыс Аристотель мұрасымен сусындатып, Шығыс мәдениетін Европа мәдениетімен жалғастырып, адамзаттық мәдениеттін дамуына Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әртүрлі өзіндік үлесін қосып, әлемдік мәдениеттің дамуына зор ықпал ете келіп, Шығыс Ренесансының көш басы атанды. Бұл бағытта зерттеу жұмыстары ертеде немесе қатар жүргізілгеніне қарамастан, олардың арасындағы байланыстар мен отандық зерттеулер қажеттігі арта түсті.
Зерттеуде әл-Фарабидің ғылыми-философиялық, қоғамдық-саяси еңбектерімен қатар ойшылдың өзінің таза еңбектерінде келтірілген деректерге сүйенеміз. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс.
Түрлі халықтардан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын мыңдаған жыл бойы тынбастан зерттеп келеді. Олардың ішінде араб-парсы тілдерінде жазған Ибн-Әл Надим (995ж), Әл-Байхаки (1169), Ибн-Әл-Кифти (1248), Хаджи Халифа(1657), латын тілінде жазған Велике (1484), Камерариус (1638(, француз тілінде жазған Козегартен (1844), неміс тілінде жазған Генрих Зутер (1902), ағылшын тілінде жазған Георг Сартон (1927), орыс тілінде жазған Григорян (1958), өзбек тілінде жазған М. Хайруллаев (1963), т. б бар [7] .
Сондай-ақ Әл-Фараби мұраларына басқа шет елдерде де мән берілуде. «Бұл тұрғыда америкалық ғалым Николас Решерді айтуға тұрарлық еңбек. Николас Решерд ұзақ ізденудің нәтижесінде 1962 жылы ағылшын тілінде «Фарабидің аннотацияланған библиографиясы» деп аталатын, Фарабиді зерттеушілер үшін құнды еңбек жарияланды.
Фарабиді зерттеу ісіне неміс ғалымдарының да еңбек сіңіргенін айтуымыз керек. Морис Штейншнейдер, Фридрих Дитирици, Генрих Зутер, Карл Броккельмандардың Фараби мұраларын игеруде айтарлықтай үлес қосқандығы белгілі. Мәселен, Дитерици «Әл-Фарабидің философиялық трактаттары» деп аталатын жинақты жарықа шығарған (1883-1904 жылдары) .
Карл Брокельман «Араб әдебиетінің тарихы» (1886-1937 жылдары жазылған) деп аталатын көп томды библиографиялық еңбегінде Фарабиге үлкен орын берген.
Француз ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935 жылдары Фарабидің аса үлкен де терең мағыналы трактаты «Музыканың ұлы кітабын» француз тіліне аударды. Фарабиді зерттеуде түрік ғалымдары да біраз жұмыстар жүргізуде. Олар 1950 жылы Әл-Фарабидің 1000 жылдығын атап өтсе, ал 2000 жылы Қазақстанда көрнекті шығыс ойшылының шығармашылығына, оның қазіргі әлем мәдениетіндегі біріктіруші ізгілікті ыкдалына арналған Халықаралық ғылыми форум болып өтті.
А. Х. Қасымжанов басшылығымен алғаш рет əл-Фарабидің «Философиялық трактаттары», «Əлеуметтік-этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттары», «Математикалық трактаттары», сондай-ақ («Комментарии аль-Фараби к «Алмагесту» Птоломея»), «Птоломейдің «Алмагеске» əл-Фарабидің түсініктемесі» атты шығармалары қазақ-орыс тілдерінде жарық көрді. Осы аудармалардың арқасында əл-Фарабидің еңбектері ғылыми-көпшілік оқырмандарға жетіп, оларға барлық жерде сілтемелер жасалына бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz