Ислам экономикасының негізін және ерекшеліктерін зерттеу


Мазмұны

Кіріспе . . . . . ……… . . . …4

І Бөлім. Экономикалық ғылым ретінде ислам экономикасы

1. 1 Ислам экономикасының мәні мен маңызы . . . 7

1. 2. Мұсылмандық ғұламалар ілімдеріндегі экономикалық мәселелер . . . 20

ІІ Бөлім. Ислам экономикасының ерекшеліктері

2. 1. Ислам экономикасының концепциялары . . . 32

2. 2 Ислам экономикасының негізгі ерекшеліктері . . . 46

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61

Кіріспе

Зерттелу жұмысының өзектілігі. Ислам экономикасы ислам дінініңмұсылман мемлекеттерінің экономикалық өміріне ықпалын зерттейтін ғылым саласы. Ислам діні өмірдің тек рухани жағын ғана емес, сонымен қоса материалдық жағын да қарастырады, зерделейді. Мұсылман қоғамының экономикалық өмірінің регламентациясына қатысты Құран мен Хадистерде және ортағасырлық көптеген ислам әдебиеттерінде кезедседі. Бұл ұғым "әлеуметтік-экономикалық доктрина" деген терминмен көрсетіледі; оның алғашқы қайнары барлық жағдайларда Құран мен Сүннет, болып табылады, ал оның күнделікті өмірде жүзеге асырылу тәртібі шариғатпен бекітілген[1, 15] .

Ислам дінінің тіршілік етуінің алғашқы он жылдығының өзінде-ақ мұсылман теологтары мен құқықшыларына қоғамның (үмметтің) экономикалық қызметіне және мұсылман мемлекетінің (халифаттың) экономикалық саясатына қатысты әр түрлі проблемалармен бетпе-бет келуіне тура келді. Бұл ислам дінінің тарихи ерекшеліктеріне байланысты, себебі ислам діні Мұхаммед (с. а. с) пайғамбар заманында тек дін ғана емес, сонымен қатар сыртқы экспанцияға қарсы мемлекеттің ресми идеологиясына айналды. Хулафа’и Рашидин (әділетті төрт халиф) дәуірінің өзінде халифат территориясының толассыз кеңею жағдайында, мемлекеттің шаруашылық белсенділгі артты. Ислам ғұламаларының алдында осы пайда болған мәселелерді ислам принцптеріне сәйкестендіре отырып шешу мақсаты тұрды.

Дін философиясы, дін социологиясы және дін психологиясы сынды ғылым салалары батыс мелекеттерінде пайда болып, дамығандығы белгілі. Бірақ батыс әлемінде «дін экономикасы» немесе «дін және экономика» атымен байланысты зерттеулер жоқтың қасы. Діни экономика тек қана мұсылмандардың өз діндерінің экономикалық жағын зерттеу нәтижесінде пайда болған «Ислам экономикасы» немесе «дін экономикасы» атымен белгілі жаңа ғылым саласы. Бүгінге дейін ислам экономикасының теориясы нақты қалыптаса алған жоқ. Тек қана бұл тақырыпта түрлі пікірлер айтылды, кейінгі уақыттарда ғылыми зерртеулер жүргізіліп жатыр. Осы зерттеулердің нәтижесі Ислам экономикасының тек бір ғана доктринасы немесе бір ғана экономикалық жүйесін қалыптастыру үшін жасалынып жатқан сияқты көрінеді [2, 23] .

Ислам діні -- қоғамдық дін. Сол себепті ислам діні өзіне сенушілердің рухани жағымен қатар материалдық жағын да қарастырады. Ислам пайғамбары Мұхаммед (с. ғ. с) пайғамбар болумен қатар білікті мемлекет басшысы бола білді. Ол мемлекет басқару жүйесін, мемлекеттің шаруашылық - экономикалық даму бағытын ислам дінінің негіздеріне сай етіп жасады. Сол уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін ислам экономикалық жүйесі қалыптасып, даму үстінде. Осы күнге дейін түрлі тұжырымдамалар жасалды. Ислам экономикалық моделі біркелкі болған емес, мұндағы басты шарт шариғат қағидаларына қайшы келмеу керектігінде. Осы тұрғыдан алғанда ислам экономикасы ерекшеліктерін зерттеу, оны мұсылман мемлекеттері үшін және еліміздің экономикалық өмірі үшін пайдалану бүгінгі күнде өзекті болып саналады.

Соңғы уақыттардағы дүние жүзін шарпыған қаржылық дағдарысы кезінде ислам қаржы жүйесі батыстық зерттеушілер жағын қатты қызықтыруда.

Зерттелу жұмысының мақсаты мен міндеті. Ислам экономикасының негізін және ерекшеліктерін зерттеу. Сондай-ақ ислам банктерінің құрылымы мен ислам экономикасының болашағын зерделеу. Осы мақсаттарға сәйкес келесідей міндеттер қойылады.

  • Ислам экономикасын тарихи тұрғыда саралау;
  • Ислам экономикасы ұғымын, концепциясын ашықтау;
  • Мұсылман мемлекеттерінің пайыз, пайда, табыс, кіріс-шығыстарына анализ жасау;
  • Ислам банктерінің тиімділігін қарастыру;

- Ислам банктерінің Қазақстандағы келешегін айқындау.

Зерттелу жұмысының деңгейі. Экономика тақырыбы болып саналатын пайыз, зекет беру, қаржы мәселесі бойынша қасиеттері Құран аятары мен Пайғамбар (с. а. с) Хадистерінде көптеген мысалдар келтірілген.

Орта ғасырдағы әл-Фараби, ибн Сина, ибн Халдун, имам Ғазали сынды ислам ойшылдары алғаш болып иқтисад тақырыбына қалам тартты. Бірақ, орта ғасырдағы ислам ойшылдары экномиканы саясат пен этика ғылымы шеңберінде қарастырды.

Жаңа замандағы ислам реформаторларынан Жамаладдин Афғани, Мухамед Хамидуллах, Мухамед Иқбал сынды ағартушылар осы салада өз зерртеулерін жүргізді.

XX ғасырдың 40-50 жылдары алғаш Сайид Маназир Мухаммад әл-Ғиланидің «Исламдық экономика», Махмуд Ахмадтың «Ислам экономикасы» және Мухаммад әл-Ғазалидің «Ислам және экономикалық заңдылықтар» атты ғылыми еңбектері жарыққа шықты. Шииттік ғалымдардан Хомейни, Телегани, Банисадр, М. Б. ас-Садр осы саладағы кітаптарын жариялады.

Батыстық ғалымдардан М. А. Маннан, М. Е. Хан, Ф. Ниенхаус, Э. Найман ислам экономикасының ерекшеліктері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізді.

Ресейлік ғалымдарданA. B. Малашенко, Р. И. Беккин, А. Ю. Журавлев, Г. Ф. Нуруллина және т. б зертеу жұмыстарын жасады.

Түркиялық ғалымдардан Шукру Бабан, Сабахаддин Займ, Хасан Гурак, Х. Апайдын сияқты ғалымдар зерттеген.

Қазақстан әлі зерттеле қоймаған тың тақырып болып есептеледі.

Зерттелу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. .

Зерттелу жұмысының ғылыми жаңалығы . Ислам экономикасы Қазақстанда әлі зерттелмеген ғылым саласы. Ислам экономикалық моделі біркелкі емес, және дәстүрлі экономикадан өзіндік ерекшелігі бар. Негізін Құран мен Хадистерден алады.

І Бөлім. Экономикалық ғылым ретінде ислам экономикасы

  1. Ислам экономикасының мәні мен маңызы

Ислам экономиксы термині ең алғаш рет Үндістандық ғұлама Мұхамад әл-Ғилани тарапынан қолданылды. 1947 жылы «Исламдық экономикасы» деген еңбегін жарыққа шығарды. Ислам экономикасы - шариғатқа негізделген экономиканың бір түрі, оның негізгі қайнары Құран мен Сүннет болып саналады. Ислам дін ретінде сенушілердің рухани қырын ғана емес, материалдық қырын да қарастырады [3, 18] .

Экономика термині мұсылман өлкелерінде «иқтисад» сөзімен беріледі. Бұл екі ұғым арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Екі ұғым да бір мағынаны көрсетеді. Сондықтан осы екі ұғымды бір-бірінің орнына қолданылды.

Иқтисад сөзі арапшадағы «қсд» түбірінен шығады. Мағынасы: 1. тура мақсатқа ұмтылу; 2. тура жол, мақсатқа сай дегн мағыналарға келеді. Арап-түрік сөздігінде «иқтисад» ұғымына мынадай анықтама берген: Иқтисад - салауаттылық үшін әрекет ету, шығын шығарғанда үнемді болу [4, 356] . Яғни термин ретінде экономика ұғымымен бір мағынада қолданылады.

Экономика ұғымы грекше «Oikonomia» деген сөзден алынған, үй, шаруашылық деген мағыналарға келеді. Ежелгі грек философтары пайда мен табыс табуға жасалған әрекеттерді оikonomia сөзімен емес, «Khrématistik» сөзімен берген.

Еуропада Ренесанс дәуірінде технологиялар дамуы нәтижесінде экономика сөзі жаңа мағынаға ие болды. Бұдан былай экономика үй, шаруашылық, мүлікті басқару, күнделікті шығындар мен қажеттіліктердің орнын толтыру мағынасында емес, XVII ғасырдан бастап мемлекеттің әл-ауқатын мен байлығының көрсеткіші ретінде қолданылатын болды. Ең алғаш рет 1615 жылы француз экономисті Антонио де Монкрестин"économie politique", яғни саясиэкономика терминін қолданды. Экономика атасы саналатын Адам Смитт (1723-1790) "The Wealth of Nations" (Ұлт байлығы) деген атаумен экономика тақырыбында кітап жазды. Осылайша экономика ұғымы шаруашылық, жеке адамның өзінің күнделікті шығындар мен қажеттіліктерінің орнын толтыру мағынасынан әрі асып, мемлекеттің әл-ауқаты мен байлығының көрсеткіші, одан қала берді жеке бір ұлттың өз байлығын қамтамасыз ету әрекетіне қолданылатын болды.

Экономистер бұл ғылымды әр түрлі қырынан сараптап, түрліше анықтамалар жасаған, солардың бірнешесіне тоқталып өтсек:

Джейн Баптист Сай:

Экономиканың мақсаты - капиталдың қалай пайда болғанын, айналымға түскенін, жұмсалғандығын және таусылғандығын зерттеу.

Элвин Хансер мен Фредерик Гарвер:

Экономика -адам қызметінің бағасын өтем ретінде айырбас жөнінен зерттейтін ғылым саласы.

Альфред Маршал:

Экономиканың тақырыбы: материалдық әл-ауқат жағдайына еру және бұлардан қажетінше пайдалану мақсатында өмір сіру процесінде индивидтер мен қоғамның жағдайын зерттеу.

Филип Гетри Уикстид:

Экономика - индивид-отбасы-фирма арасындағы байланысты мемлекеттік жүйе негізінде реттеу, сондай-ақ осы пайда табу мен шығыс шығару әректеттерін құрамына алған ғылым саласы.

Кнут Уиккел:

Материялдық мұқтаждықты қамтамасыз ету үшін ең аз шығын шығару мақсатында мүмкін болған нәтижеге жету.

Лионелл Роббинс:

Экономика - түрлі альтернативаларда қолданыла алатын шектеулі мүмкіндіктер мен қанағат етуді мақсат қылған мұқтаждықтар арасындағы тың әрекеттерді зерттейтін ғылым саласы.

Түркиялық ғалым Шүкру Бабан:

Қоғамдық құрылым ретінде өмір сүретін адамдардың ақыл тұрғысынан өздерінің шығыс - кірістерін, пайдасын бағамдай алатындардан хабардар ететін ғылым саласы.

Байқағаныңыздардай бұл анықтамалар экномика ғылымының әр түрлі ерекшеліктерін зерттей отырып жасалынған. Сондай-ақ экономикалық қызметтерді жекелеген анықтамалармен түсіндіруі мүмкін. Адам өмір сүруді қалайды. Олай болса адамның өмір сүруі үшін қажетті мал-мүлік пен капиталдар пайдаланып, тауысу жағдайына дайын емес. Мұндай жағдайда адамдар ізденіп, жұмыс жасау қажеті туындайды. Осылайша бұл арада экономикалық қызметтің екі негізгі ерекшеліктері туындайды: біреуі іздену, жұмыс жасау болса, екіншісі өмір сүру. Осы тұрғыдан алғанда экономика ғылымына мынадай анықтама жасауға болады: өмір сүру үшін жасалынған қызметтердің бір жүйеге келтірілуі, яғни экономика ғылымын жұмыс істеп, іздену арқылы өмір сүру ғылымы дегенге саяды.

Дін мен экономика байланысы. Дін философиясы, дін социологиясы және дін психологиясы сынды ғылым салалары батыс мелекеттерінде пайда болып, дамығандығы белгілі. Бірақ батыс әлемінде «дін экономикасы» немесе «дін және экономика» атымен байланысты зерттеулер жоқтың қасы. Діни экономика тек қана мұсылмандардың өз діндерінің экономикалық жағын зерттеу нәтижесінде пайда болған «Ислам экономикасы» немесе «дін экономикасы» атымен белгілі жаңа ғылым саласы. Бүгінге дейін ислам экономикасының теориясы нақты қалыптаса алған жоқ. Тек қана бұл тақырыпта түрлі пікірлер айтылды, кейінгі уақыттарда ғылыми зерртеулер жүргізіліп жатыр. Осы зерттеулердің нәтижесі Ислам экономикасының тек бір ғана доктринасы немесе бір ғана экономикалық жүйесін қалыптастыру үшін жасалынып жатқан сияқты көрінеді. Бұл жерде ишарат ретінде еркше мыналарды атап өтуге болады: өндіріс, акциздар, айырбас және бөліске салу экономиканың негізгі тақырыптары екендігі белгілі жәйт, осы тақырыптарда ислам дінінде бірқатар «әмірлер мен тиымдар және ұсыныстар бар». Еркек пен әйел жұмыс істеп соны иемдену үшін өндірісте меншік ұғымы бар. Асыраусыз жетім, ауру сондай-ақ мұқтаж жандар ішіп-жеу, киім кию, баспаналы болу сияқты шарттаға құқығы болғандығы үшін қолданыста ортақтық негізге алынады. Адамдар өндірген өнімдерін немесе жұмсаған табыстарын көңіл ризасы үшін алып - сатулары үшін айырбаста еркін сауда шарты негізге алынады. Капитал, банк және кредит операцияларында тек қана беделді мемлекет басшысы ықпалды болғандығы үшін ақша айналымын жоспарлы түрде жүргізу негізге алынады [5, 53] .

Нәтижесінде діни экономика болсын, дін және экономика болсын немесе дін экономикасы деп айтылсын, мұндағы мағына ислам экономикасы немесе ислам иқтисады. Себебі басқа дін өкілдері өз діндеренің экономикалық жағын бар болуын талап етпейді. Тек ислам ғұламалары ғана исламның экономикалық жүйесінің барлығын құптайды. Олар пікірлерін қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбар (с. а. с) Хадистеріне негіздейді. Біз де ислам дінінің адамдық әлеміне экономикалық модель ұсынғандығына сенеміз және соған сай шарттарды қабыр етеміз [6, 75] .

Ислам экономикасы. «Ислам экономикасы» ұғымы «Ислам құқығы» үғымы сияқты ұғым. Ислам дінінің құқығы болғаны сияқты ислам дінінің экономикасы да бар, сонымен қатар болуға міндетті. Осылайша ислам экономикасы ұғымы жаңа заманда пайда болып, ғылым ретінде жаңадан қалыптасты. Дұрысын айтқанда экономикаға байланысты айтылған әмірлер мен тиымдар сонымен қатар ұсыныстар қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбар (с. а. с) Хадистерінен шығарылып, фикх ілімінен де пайдаланылып исламның экономикалық моделі теориялық тұрғыда пайда болды, яғни осы күнге дейін қалыптасып жатыр деуге де болады.

Осы жағынан алғанда ислам экономикасы - ислам дінінің экономикаға байланысты жағы, яғни экономика ұғымымен байланысты бүткіл мәселелер жайында жеткізілген әмілер мен тиымдардың және тапсиелердің барлығына берілген ат.

Ислам экономикасының қысқаша тарихы. Ислам экономиксы немесе ислам иқтисады ұғымы алғаш рет Үнді-Пәкістандық ислам ойшылдары тарапынан қолданылды және сонда қалыптасып дамыды. ХХ ғасырдың екінші ширегінде Үндістандық мұсылман ғалымдар батыс мәдениеті турасын айтқанда ағылшын мәдениетімен таныс болңғандығы, сонымен қатар ислам мәдениеті негізінде көзқарастарының қалыптасып, арапша және парсыша білгендері үшін, мұсылман қауымының кездескен социо-экономикалық мәселелері алдында, Исламның экономикалық фикх кітаптары шеңберінен шығарып, модернистік экономикалық ұғымдар мен теориялар тұрғысынан зерттеуді бастады [8, 56] .

Осы процестер жүзеге асқаннан кейін ғана Ислам экономикасы ұғымы арап тілінде сонымен қатар арап әдебиетінде кеңінен қолданыла бастады.

Түркияда ислам экономикасы ұғымы Үндістандық ғалым Мухаммед Хамидуллах тарапынан танытылды, осы сала бойынша біраз зерттеулер жасады.

Стамбул университеті Әдебиет факультеті Ислам зерттеулері институтына келіп лекциялар оқыған Үндістандық ғалым профессор докторМухаммед Хамидуллах ең бағалы зерттеулерін жариялап, «Ислам иқтисады» деген кішігірім кітабын жазды. Бұл осы сала бойынша Түркияда түрік тілінде жазылған ең алғашқы кітап.

Бұдан соң Сабахаддин Займ мырза 1967 жылы Стамбул дін қызмеркерлері тарапынан Кадыкөй Халкевинде ұйымдастырылған конференцияда «Заманауи экономика және ислам» атты тақырыпта баяндама жасады. Бұл конференциядан соң Ихсан Бабалы тарапынан «Ислам дүниетаным межмуасы» газетіне мақала ретінде жарияланды. Түркиядағы ислам экономикасына қатысты зерттеулер осылайша басталды. Бірақ Түркия мемлекетінің басқару жүйесі зайырлы демократиялық тәртібінде еді. Мұндағы ғалымдар ислам экономикасын зерттеуге қызығушылық танытып, белгілі бір тұжырымдамалар айтса да, практикалық түрде ислам экономикалық моделін жүзеге асыру процесі болған жоқ. Тек соңғы уақыттарда ғана ислам банктерінің кедергісіз жұмыс жасауына жағдайлар жасалынып жатыр сонымен қатар ислам даму банктері бүкіл әлем бойынша қарқынды жұмыс жасап жатқанын ұмытпағанымыз жөн.

Осы уақыттан бастап ислам экономикасы саласын зерттеуде едәуір ілгерілеушілік байқалды. Әсіресе 1976 жылғы «дүниежүзілік конгрестен» соң бұл саладағы зерттеулер өз жалғасын тауып, қарқынды түрде дамыды. Сол уақыттан бастап қазірге дейін әр түрлі мемлекеттер арасында конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылды. Жидда қаласындағы Малик Абдулазиз университетінде, и Ислам даму банкінде, Кибрис халықаралық ислам банктік жіне экономикалық институтында, Исламабат және Малайзия Ислам университетінде ғылыми зерттеу институттары құрылды. Айрықша ислам банк жүйесі мен финансы тақырыбында жүздеген кітаптар мен мақалалар басылып шығарылды. Ислам экономикасына байланысты арап, ағылшын, урду, түрік, неміс, француз, орыс тілдерінде көптеген кітаптар жарияланды. Ал Қазақстанда бұл мүлдем зерттелмеген сала десе де болады. Бірақ, Қазақстан үкіметі ислам банктерімен тығыз қараым қатынас орнату үшін белгілі мақсаттар қойғанын ұмытпағанымыз жөн [9, 11] .

Ислам экономикасы ұғымының пайда болуы мен дамуы жайындағы бұл ақпараттардан белгілі болғаны, ислам экономикасы енді ғана дамып келе жатқан ғылым саласы. Сондықтан теория ретінде ислам экономикасының барлығынан хабардар ету ерте деген пікірлер де бар. Бірақ жоғарыда айтып өткеніміздей, Құран мен Хадистерді негізге алу нәтижесінде ислам құқығы қалай пайда болса, осы негізде ислам құқығы теориясы бар деп білсек, онда дәл осындай процестер негізінде ислам экономикалық доктринасы пайда болған уақытта «ислам экономикалық теориясы» бар деп айта аламыз, - дейді кейбір зерттеушілер.

Ислам экономикасының жекелеген ғылым саласына айналуы үшін Құран Кәрімді негізге ала отырып, тәпсрлерді, Хадис кітаптары мен олардың комментарийлерін, экономикалық тұрғыдан зерттей отырып, түрлі методтарға ие барлық мазхабтардың фикх кітаптарының осы саладағы үкімдерін зерттеп барып жүзеге асады. Тек осы процестер жүзеге асқан жағдайда ғана ислам экономикалық теориясы қалыптасады делінген.

Ислам экономикасының барлығы. Жоғарыда мысал келтіргеніміздей исламныңқұқықтық қыры бар. Сол себептен де ислам құқығының барлығын қабыл еткендер, ислам эконмикасының да бар екеніне инанулары тиіс. Себебі құқықтану мен экономикада зерттеу объектісі ретінде адам мен адам әрететтері алынғандықтан тақырыптары ұқсас ғылым салалдары. Осы себептен ислам дінінің құқықтық қыры бар екендігін қолдайтындар, исламдінінің экономикалық қыры бар екендігін, алдағы уақытта исламның экономикалық теориялары түбегейлі қалыптасып, дамитынын қабыл етулері керек. Ислам құқығының бар екендігін жалғыз мұсылмандар ғана емес, мұсылман емес халықтар да жоққа шығармайды. 1938 жылы Лахей қаласында болған «Халықаралық құқық» конференциясына қатысушылар, мұсылманы, мұсылман болмағаны барлығы бірауыздан ислам құқығының бар екендігі, оның өміршеңдігі, еш жерден көшіріліп алынбағандығын, негізін ислам дініен алатыныны турасында қарар қабылдады [10, 88] .

Қасиетті Құран Кәрімде баға (қызмет көрсету мен жалға алуда) (Талақ 65/6; Неджм 53/39; Бақара 2/286. ), сауда саттық (Бақара 2/275; Бақара 2/282; Ниса 4/29. ), пайыз (Бақара 2/275, 276, 279; Али Имран 3/130; Ниса 4/161. ), ақша ( Кехф 18/19; Юсуф 12/20; Али Имран 3/75. ), өнімдерінің пайдаларының түсірілмеуі (Aғраф 7/85; Һұд 11/85; Шуара 26/183. ), зекет (Бақара 2/43, 83; Муминун 23/4; Tәубе 9/60. ), зекет берілетін орын, сауда (Бақара 2/282; Ниса 4/29; Tәубе 9/24; Нұр 24/37. ), және ауыл шаруашылығы (Юсуф 12/47; Уақия 56/64. ) тақырыбында көптеген аяттар бар. Экономикалық негіздердің Құранда заһири, яғни ашық түрде кездеспегендігін де айтатындар бар. Сол себептенде ислам экономикасы ұғымын жоққа шығаратындар да бар. Құранда намаз қылыңдар деген аят бар болғанымен, қалай орындалуы керектігі жайында ешнәрсе айтылмаған. Біз оны Пайғамбар (с. а. с) сүннетінен білеміз.

Осы тұрғыда ислам экономикасын жоққа санайтындар, исламда намазды жоқ деуге тура келеді. Болмаса Құранда ашық түрде айтылмағандығы үшін, ислам экономикасын жоқ дегендердің логикасымен түсінер болсақ, осы методты намаз тақырыбына қолданар болсақ, нәтижесінде намаз жоққа саналады, яғни мұндай пікірді мұсылмандар түгілі кәпірлер де қабыл етпеген болар еді.

Бірақ, жоғарыда атап өткеніміздей ислам экономикасы барлық қырынан ғылыми теориялық түрде түгелдей қалыптасып үлгерген жоқ. Ислам экономикасының жекелеген ғылым саласына айнауы үшін, әлі де ұзақ уақыт осы салада зерттеулер мен ғылыми ізденістер жүргізілуі тиіс, сонымен қоса теориялық зерттеулер ғана жүргізіліп қана қоймай, осы ізденістер мен зерттеулер нәтижесі практикалық түрде жүзеге асырылуы қажет. Бұл арада көңіл аудартарлық маңызды жайт бар: Ислам экономикасының негізі Құран мен Сүннетте білдірілген, сол себепті бұл негіздерді біріктірген уақытта ислам экономикасының басты негіздері ортаға шығады. Ислам ғұламалары өткен уақытта ислам құқығыни қалай қалыптастырса, бүгінгі күнгі ислам ғалымдары осындай қадамға бара отырып, негізгі қайнаркөздерге (Құран мен сүннет) сүйене отырып ислам экономикасы теориясын қалыптастырулары керек.

Екі түрлі тұрғыдан дін ұғымы. Бұл ғылымның ресми аты «Діни және экономика» болуына байланысты дін мен экономика терминдерін тереңірек ашықтаған жөн. Алдында атап өткеніміздей дін ұғымына түрлі мәдениеттер тарапынан түрліше анықтамалар жасалынған. Діннің анықтамасы мен табиғаты түрліше қабылдануына байланысты, дінге көзөарас жағы да түрліше болуына орай, құқықтық немесе экономикалық тұрғыдан болсын ортаға қойылған пікірлер мен көзқарастардың да түрліше болуы белгілі жайт. Осы себептен хритиан мәдениетіне негізделген экономика түсінігі менн ислам мәдениетіне негізделген экономика түсінігінің түрлі-түрлі болуы табиғи құбылыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСЛАМ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ ИСЛАМ БАНКИНГІ
Діни-этикалық құндылықтар және исламдық қаржы жүйесі
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
Сахара маңайы аймағындағы елдерге экономикалық-географиялық тұрғысыдан толық сипаттама
Қазақстан экономикасының дамуына шетел инвестицияларын тарту және пайдалану мәселелері
ІСКЕРЛІК ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Адастырушы діни ағымдар
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz