Ілияс Жансүгіров еңбектері



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Өмірбаяны
2. Қазақ әдебиетіндегі орны
3. Еңбектері
4. Философиялық шығармаларының мәні

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Ілияс Жансүгіров -- қазақ совет әдебиетінің барлық саласының өсіп, өркендеп дамуынамол улес қосқан, әдеби асыл мұра қалдырған ірі қалам қайраткері, әдебиетіміздің көшбасшыларының бірі.
Бала жасынан туған халкының ғасырлар бойы жасаған рухани бай қазынасы -- ауыз әдебиетінің тұнығынан сусындап, онын ең асыл мұрасынан нәр алып өскен Ілияс кейін сол мұраны жинап, зерттеуші фольклорист те болды. Ол Сүйімбай ақынның, Біржан сал, Акан сері, Шернияз, Базар жыраудың, Кемпірбай, Шөже, Түбек, Жанақ, Әсет сиқты өрен жүйрік ақындардың өлен-жырларын жасынан ынтыға тыңдап, жаттап алып, домбыраға қосып айтып жүреді. Болашақ акын ержетіп, есейген кезінде олардын өмірін, өлен-жырларын зерттеп, жарыққа шығару ісінде мағыналы еңбек етті.
Ол қоғам кайраткері, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, партияның адал ұлы, халықтың ардақты азаматы еді.
Ілияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысы (қазіргі Талдықорған облысы), Ақсу ауданында 1894 жылы дүниеге келген. Әкесі Жансүгір хат танитын көзі ашық, көңілі ояу адам болады. Өз заманында баспадан шыққан өлең-жыр кітаптарын босатпай, өзіде оқып,елге де оқып беретін, көркем сөзге құмар, әдебиетәуесқойы екен. Шешесінен төрт жасында жетім қалған Ілияс әкесінің тәрбиесінде болып, одан жақсы тәлім алып өседі. Оған тұңғыш хат таныткан ұстазы да өз әкесі. Онан сон ауыл молдаларынан тиіп-қашып оқиды.
Ілиястың әлеуметтік қызметке араласа бастауы 1920 жыл. Ол өзі жазып қалдырған Қысқаша өмірбаяным деген қолжазбасында:
Ақсуда 1920 жылы ақтар жеңіліп, алаштар тарады. Кеңес өкіметі орнады. Ел аш, жұттан шыққан жұрт. Жер-жерлерге ревкомдар жасалды. Аштарға бидай улестіретін ауылдағы комитеттің мүшесі болып қызмет істедім -- дейді. Сол жылы Алматы қаласында ашылған қысқа мерзімді (үш айлық) мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Осы жолы ауыз әдебиетен жинауға шыққан Жетісу экспедяциясына қатысады. Сол, 1920 жылы Ташкент қаласына келіп, мұғалімдер даярлайтын курста бір қыс оқып осында шығып тұратын Ақ жол газетінде корректор болып қызмет істейді. Өлендерін баспа-сөзде жариялап, әдебиет өміріне араласып кетеді.
Ташкенттен ауылына келіп, оқытушылық қызметін атқара жүріп, өлең, әңгіме, фельетондар жазып, ол жазғандары Алматы, Ташкент, Орынбор қалаларында шығып тұратын Тілші газетінде, Сана,Шаншар, Жас қайрат, Жаңа мектеп, Әйел теңдігіжурналдарында, тағы басқа газет, журналдарда, Терме атты тәрбие, білім, әдебиет жайындағы жинақта басылып, оның аты Қазақстанға мәлім бола бастайды.
Өзінің табиғи талантына білімі сай еместігін түсінген Ілияс Жансүгіров, 1925 жылы Москвадағы журналистер институтына барып, оқуға түсіп, ол инстнтутты 1928 жылы бітірген соң, сол кездегі Қазақстан астанасы Қызылорда қаласына келіп, әдебиет майданына белсене шығады. І. Жансүгіров 1926 жылдан Коммунистік партияның мүшесі болады.
1932 жылдан 1934 жылға дейін яғни Қазақстан және СССР жазушыларының бірінші съезіне дейін Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыру комитетінің председателі қызметін аткарды. Ал 1335 жылдан 1937 жылға дейін көркем әдебиет баспасында редактор қызметін атқарды. Қысқаша шолып айтқанда Ілияс Жансүгіровтің өмір сапары осындай.
Ілияс Жансүгіров ақындық сапарын 21 жасында бастаған екен. Опың алғашқы үлгі-өнегесі қазақ халқының ауыз әдебиеті. Туған халқының көркем сөз өнеріен сусындап, асыл нәр алып өскен дарынды ақынның одан былайғы ақындық сапарындағы адастырмас Темірқазығы, ұлы ұстазы -- Абай болады. Абайдың ақындық дәстүрі Ілиястың қаламгерлік өнерінің өркендеуіне, ақын, ақындық өнер деген ұғымдарды терек сезіне, кең түсінуіне өнеге болады. Абайды Ілияс Жансүгіров өзінің ақындық өнердегі ұлы ұстазым деп таныды.
Абайдын 1909 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағы Ілияс акынның қолына тек 1916 жылы түсіпті. Абай кітабы туралы Ілияс: Оған: шейінгі көрген, оқыған әдибиеттің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды, ойым оянға бастады, қанбай қайта-қайта оқи беретін болдым. Өзімде біртүрлі сергектік, сілкініс, жүрегім де жаңалық сезгендей болды. Жазуға талабым оянды -- дейді. Ілияс Абайды оқып, оның асқан дана ақындық құдіретіне табынып, ұлы ақынның әуелде еліктеуші шәкірті болғанын да адал жүрегімен мойындап: Маған жазуға ынта туды. Оғай себеп солкездегі қазақ әдебиетінің әсері болды. Әсер, әсіресе Абайдан жұқты. Абайға еліктеу пайда болды. Абайша бірдемелер (балдырған) жазуға талпынсам да ештеңе шығара алмадым ғой деймін -- дейді. Сөйтіп, Ілияс та алғашқы ақындық қадамында көп ақындарға тән еліктеуші, ізденуші шәкірттік кезеңдерді басынан кешіреді. Ол Абайға еліктеуші шәкірт-ақын дәрежесінде қалмайды, ұлы ақынның әдебиеттегі дәстүрін советтік заман талабына сай ілгері дамытушы, социалистік реализм әдебиеті қалам қайраткерлерінің алдыңғы легіндегі классиктердің қатарынан орын алады.
Ол орыс, Батыс Европа әдебиеті классиктерінен, көп ұлтты совет әдебиетінің жақсы дәстүрінен үлгі-өнеге алып өскен, орасан еңбек сүйгіш жазушы болды. Ілияс әсіресе М. Горькийден көп үлгі-өнегеалсан. 1936 жылы жазған Ұлы ұстазымызды үлгі қыламыз деген естелік мақаласында:
Мен орыс әдебиетін оқуға шаркым жеткен соң-ақ Горькийге таман талпындым. Олың кітаптарын бірінен соң бірін
сонырқап, іздеп оқыдым. Горький кітаптары мені жазуға жігерлендірді. Көзімді ашып, сарайымды тазалап, ілгері қарай
сүйреді. Әсіресе, маған ерекше әсер еткен оның асқан ақындықпен жазылған Сұңқар жыры, Дауылпаз жыры сияқты өлендері болды. Адамзатты азаттыққа шақырған ұлы дауылдың дауылпазы -- атақты Буревестниктің дауылы менің құлағыма саңқ-саңқ етті, мен сол өзімді оятқан, ұлы дауылдың айғайына шақырған Дауылпазды жаттап, қазақшаға аудардым. Оны бүгін қазақ халқы сүйіп оқиды -- дейді.
Ұлы ұстазы М. Горькийдің өзін көруді арман еткен Ілияс, ол арманына да жетеді.
Әріне, Горькийдің кітабын оқып, сөзіне сусындап жүргеншәкірттерінің өзінің ұстазын көру арманы азғана болмайды, -- дейді Ілияс, -- мен Горькийді көруді көксеуші едім. Ондай бақытты күн маған 1933 жылдың қысында кез келді. Сол жылы Кеңес Одағындағы елдердің жазушылары әдебиет жұмысы туралыМәскеуге жиналғанымызда, бізді Алексей Максимович қаладан сыртқарғы жердегі үйіне шақырды, біз барғанда ол өзгеше достық, өте қуанышпен қарсы алды. Амандасып жайласқан соң әдебиет жөнінде әңгіме басталды. Біздің әр қайсымыз өзді-өзі еліміздің әдебиетімен Алексей Максимовичты таныстырдық. Ол бізді өте ықыласпен тындады. Сөзді ара-тұра бөліп, сұраулармен әр елдің тарихын, әдебиетін анықтап отырды... Әсіресе, Алексей Максимович қазақ халкының тарихы мен қазақ даласын... сұрастырып отыр-ды дейді Жансүгіров. Бұдан кейінде М. Горькиймен бірнеше рет жолыққанын баяндай келіп:
Мен бір жолыққанда Алексей Максимовичке қазақ жазушыларының кітабын беріп отырып, өзім аударған Дауылпаздың қазақшасын оқып бердім. Ол өте ықыласпентындады. Мен оқып болған соң қолымды қысып тұрып: - Мен сіздің тіліңізді білмесем де мен ұққаныңызды сеземін, - деді. Мен өте өркештеніп қалдым - дейді.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақ әдебиетіндегі орны
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.
Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы -- ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
Философиялық шығармаларының мәні
Ілиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетінің құлагері
Ж. Аймауытов Ғ. Қарашев Б. Күлеев С. Сейфуллин І. Жансүгіров Б. Майлин шығармашылықтары
«Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы
Орыс және батыс классиктерінің шығармалары Ілияс аудармасында
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Қазақтың биязы әйелдеріне тән мінезден ада
Б.Кенжебаевтың «Шындық пен шеберлік» атты сын мақалалар жинағы
Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары
ТАРИХИ ДЕРЕК ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ (ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ ЖОЛДАСТАР РОМАНЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ, ТІЛДІК-КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ-СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ Б. ШАЛАБАЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ КӨРІНІС ТАБУЫ )
Ілияс Жансүгіров прозасындағы образдық бейнелердің көркемдігі
Пәндер