Іс әрекетке психологиялық талдау


ЖОСПАР
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Іс әрекетке психологиялық талдау
2. 2 Іс-әрекет құрылымы және оның түрлері
2. 3 Іс-әрекет психологиясы
2. 4 Адам іс-әрекетінің түрі мен дамуы.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Іс әрекетке психологиялық талдау
Адам психикасы оның іс-әрекетінде қалыптасады әрі көрініс береді.
Іс-әрекет - жалпы адамзаттық тәжірибе негізінде саналы белгіленген мақсаттарға жету арқылы болмысты игерудің адамдық әдіс-тәсілдері.
Адамның қандай да әрекеті белгілі сеп-түрткілерден болады да нақты мақсатқа бағдарланады, сонымен бірге ол арқылы түрлі, мәселелер шешімін табады әрі адамның қоршаған ортаға болған қатынас, көзқарасын танытады. Іс-әрекет сананың барша қызметін, толықтай көңіл-күй толғаныстарын өз ішіне қамтиды. Әрбір адамдық қарапайым әрекет, яғни адамның нақты тән-денелік әрекеті - міндетті түрде қайсы бір психологиялық әрекетпен, әрекеттегі адамның басқаларға, қоршаған ортаға қатынасын білдіруші ауқымды күйзеліс-қуаныштары және бағаларымен бірлесе жүреді.
Психика Іс-әрекетте қалыптасып, мінез-құлықта белгі береді.
Өзіндік іс-әрекеттің дерек-мәнін түсіну оның орындалу шарт, жағдайларына өзгерістер ендіреді, нәтижеде оның жалпы жүрісі мен сипаты жаңа өң алады; іс-әрекет сыртқы тітіргендіргіштерге жауап қимылдардың қарапайым бірігімі болып қалмастан, ол енді басқаша реттелуге түседі: іс-әрекет өзіне арқау болған физиология заңдылықтары тұрғысынан түсіндірілмей, психологиялық заңдылықтар биігінен айқындалуды қажет етеді.
Сана адам іс-әрекетін сырттай басқаратын тысқы орта күші емес. Ол іс-әрекеттің алғышарты, сонымен бірге оның нәтижесі де.
Сананың әрқилы денгейлері мен типтері сонымен бірге әрекет-қылықтың да түрлі деңгейлері мен санқилы типтерін білдіреді (бейсана жауап қимылдар, түсінімді әрекет, әдет қылықтар) . Сана дамуындағы сатылар әрекеттің не мінездің қылықтық ішкі табиғатындағы өзгерістерді аңдатады, ал ішкі табиғи өзгеріс іс-әрекеттің сырттай шынайы өту психологиялық заңдылықтарына ықпал жасап, оларды өзгерістерге келтіреді. Осыдан, сана құрылымын өтіп жатқан әрекеттің сыртқы, шынайы көрінісімен анықтауға, түсіндіруге болады.
Сонымен, сана мен іс-әрекеттің не мінездің қылықтық бірлігі сана мен болмыстың не тұрмыстың, субъект пен объекттің бірлігіне негізделеді. Ал сана осы бірліктің мазмұнын жанама күйге келтіреді. Нысанға деген бір қатынастың өзі санаға да, әрекет-қылыққа да себепші болады, бірі - психикалық бейне (ой) пайда етсе, екіншісі - заттасқан әрекетке жұмылдырады.
Іс-әрекет құрылымы және оның түрлері
Іс-әрекет - бұл саналы түзілген мақсаттың орындалуына бағытталып, қоғамдық мәнді құндылықтар немесе әлеуметтік тәжірибені игеруге байланысты субъекттің болмысқа деген белсенді қатынасының формасы.
Іс-әрекет барысында адам болмысы және оның психикасы көрініс береді, қалыптасады және дамиды.
Іс-әрекет - екі негізгі белгіге ие өте ерекшеленген қатынас формасы:
1. Іс-әрекет - бұл қандай да нәтижені қолға түсіруге көзделген өнімді қатынас түрі. Бірақ мұндай іс-әрекеттің өнімі тек заттасқан күйде ғана (тұрмыс қажеттері, құнды жәдігерлер және т. б. ) болып қалмай, адамның әлеуметтік тәжірибе формалары да (білім, ептілік, дағды және т. б. ) болуы мүмкін. Осыдан іс-әрекет үш негізгі түрде көрінеді, іске асып барады. Олар - еңбек, ойын және оқу.
2. Іс-әрекет - болашақ нәтиженің идеалды бейнесі ретінде саналы танылған мақсатпен реттелуші қатынас түрі. Іс-әрекеттің мазмұнын, құрылымын және қозғалысын айқындаушы басты өлшем - бұл мақсат. Осынысымен де іс-әрекет адамның басқа белсенділік формаларынан ажыралады.
Іс-әрекетті анықтаушы жоғарыда аталған екі ерекше белгі оның негізгі жалпы психологиялық қасиеттерін нықтылауға мүмкіндік береді. Мұндай қасиеттерді атасақ, олар: белсенділік, өнімділік (нәтижелілік), танылу мүмкіндігі, әлеуметтік шарттылығы, іс-әрекеттің заттасқандығы (субъект әрекетінің міндетті түрде өзінен тыс нысанға бағытталуы), іс-әрекеттің икемшілдігі (жағдай өзгерісіне орай ауысуы, қайта құрылуы), жүйелілігі.
Іс-әрекеттің сырттай сипаттамасы еңбек (ойын, оқу), «субъект», «нысаны»(объекті), «зат», «іс-әрекет жағдайлары және жабдықтары» түсініктері негізінде беріледі.
Еңбек заттары - субъекттің өз іс-әрекетінде практикалық не ой жүзінде ықпалды өзара қатысқа түсетін мүліктер, үдерістер, құбылыстар жиынтығы.
Еңбек құрал-саймандары - еңбек заттарының ерекшеліктерін тану және оларға ықпал жасауда адам мүмкіндіктерінің жоғарылауына себепші жабдықтар жиынтығы.
Еңбек шарттары -іс-әрекеттің әлеуметтік, психологиялық және санитарлық-гигиеналық сипаттамалары.
Іс-әрекеттің ішкі сипаттамасы- үдерістер мен нақты әрекеттің реттеліп бару тетіктерінің, құрылымы мен мазмұнының, сондай-ақ оны іске асырудың әрекет-қимыл шараларының баянын белгілейді.
Белсенділік - адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты қатынас формаларының бірігімі. Белсенділік формаларының бәрі де бірдей негізгі деңгей түрінде қарастырылады.
Жоғары деңгейде тұлғаның мінез-құлық, әрекет-қылық, әлеуметтік себеп-салдарлы белсенділігі көрініс береді, ал төменгі деңгейде - тек өкілінің мекенді жүйешелерінің белсенділігі орын алады.
Іс-әрекет типтері: еңбек, оқу және ойын.
Еңбектік іс-әрекет - адам қажеттерін қамсыздандыру мен әрқилы құндылықтар жасау мақсатында табиғат, заттасқан және рухани өмір дүниелерін белсенді өзгеріске келтіру үдерісі.
Еңбектік іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеу аймағы - бұл адамның еңбектік белсенділігін және оның тұлғалық қасиеттерін реттеуші психикалық процестер, жағдаяттар, қалыптар. Тұлға қасиеттері еңбек әрекетінің ерекшелігін анықтайды және оның барысында өзгеріп барады.
Ойын - адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (когнитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала үшін рольдік ойындар өте маңызды. Ойнай жүріп, сәби ересектер роліне еніп, заттарды өз мәніне сәйкестендіре қолданады. Әлеуметтік талаптарды рольдік ойындар арқылы меңгеруден бала тұлғасының әлеуметтенуі жеделдеседі, сеп-түрткілік және қажеттілік аймағы жетіле түседі.
Оқу іс-әрекеті - мақсаты адамның білім, ептілік және дағдыларды игеруге бағытталған ерекше үдеріс түрі. Оқу әрекеттері ұйымдасқан формада арнайы білім мекемелерінде іске асып барады. Сонымен бірге оқу-үйрену әрекеттері ұйымдастырылмаған күйде, басқа әрекет түрлерімен қабаттаса, оның қосымша нәтижесі ретінде атқарылуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің ерекшелігі - ол тікелей тек өкілінің психологиялық дамуының құралы ретінде қызмет етеді.
Қалаған іс-әрекет түрі сияқты оқу іс-әрекеті де құрылымдық деңгейге ие бола тұрып, жекеленген бірліктерден құралады (әрекет, амал (операция), шарт-жағдайлар, қажеттер, сеп-түрткілер, міндеттер) . Оқу іс-әрекеті бірліктерінің өзара қатынасқа түсіп, орайласуы оның даралықты сипатын береді.
Аталған іс-әрекет түрлері әлеуметтік-тарихи даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырады. Осыдан әр кезеңде тұлғаның жас деңгейі мен даму ерекшеліктеріне байланысты жетекші іс-әрекет түрі алға тартылады.
Жетекші іс-әрекет түрі - бұл адамның қандай да бір даму сатысындағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болып, қалыптасуына ықпал етуші әрекет түрі.
Іс-әрекет типі - жеке - дара және бірлікті іс-әрекеттер.
Бірлікті іс-әрекет - жеке-дара әрекеттен өзгеше, ұжымдасқан субъект тарапынан орындалады, мұндай субъект ортақ мақсат, міндеттер төңірегінде одақтасқан екі не одан көп адамдардан құралады.
Іс-әрекет түрлері дәстүрлі екіге бөлінді - сыртқа және ішкі.
Сыртқы іс-әрекет - орындалу барысында өзінің қозғалыс, әрекет, көңіл-күй, тілдесу -қатынас бірліктерімен көрінетін іс-әрекеттің барша түрлері, типтері және үдерістері.
Іс-әрекет субъект-объектті, субъект-субъектті болып, екі түрде ажыралады.
Іс-әрекеттің субъекті-объектті типінде әрекет нысаны ретінде жансыз зат алынады, ал субъект-субъектті әрекетке бірі екіншісін «өзге» деп таныған екі не одан көп адамдар қатысады.
Іс-әрекет сондай-ақ орындаушы және басқарушы болып, бөлінеді.
Орындаушы іс-әрекетте субъект басқа да субъекттермен байланыс жсауымен шектелмей, еңбек затына тікелей ықпал жасайды, онымен қатынасқа түседі.
Басқару әрекетінде бір субъект өзге субъекттердің қызметін ұйымдастырады және олардың сатылы өзара бағыну деңгейлерін белгілейді.
Қолданбалық тұрғыдан іс-әрекет тікелей және жанама типтерге бөлінеді.
Тікелей іс-әрекетте еңбек субъекті өңдіруге не өңдеуге, т. с. с, түскен затқа тікелей әсер-ықпал жасайды әрі оған байланысты ақпаратты нақты табиғи көзбен қолма-қол алады.
Жанама іс-әрекетте еңбек заты жөніндегі ақиқат адамға белгі, рәміз күйінде жеткізіледі (код, сұлба, формула, буклет, индикаторлық құралдар) .
Іс-әрекет психологиясы
Іс-әрекет бұл таным мен шығармашылыққа бағытталған адамның өзінің өмір сүру кәсіби салалары бойынша айтылуы үшін адамның белсенділігін түрін айтуға болады. Адам іс-әрекет арқасында материалдық және рухани құбылыстарда жасалынады қабілеттілігі арқасында табиғатты қоршайды оны жетілдіреді. Адам өзіне генотивтік мүмкіндігіне негізделіп және одан шеңберінен адам өз іс-әрекетімен шығармашылық сипатқа жасайды. Еңбек құралдарының арқасында жаңа қоғамды техникалық материалдық мәдени рухани даму жасауының арқасында адам өзін-өзі қайта құрып отырды . Тарихи даму прогресіне көз жіберер болсақ, адам іс-әрекет арқасында жетіліп отырды.
Адам іс-әрекет тұтынушылық сипаты үшін ғана емес, жемісін беретін шығармашылықта көрініп, жалғасады.
Адам іс-әрекеті өзге тіршілік иелерімен ерекшеленеді. Жануар белсенділігі жаратылыстық қажеттілікке байланысты болса, адам іс-әрекеті адамзаттың бұрын-соңғы жасалған мәдени- тарихи жетістіктеріне сүйеніп оны қажеттіліктерінде сүйене жалғастырады.
Адам іс-әрекеті күрделі қимыл қозғалыстық біліктілік пен дағдыға байланысты.
Адам іс-әрекетінің басқа тіршілік иелері мен айырмашылығын белгілеп көрейік.
1. Адам іс-әрекеті жемісті шығармашылықты, жасампаздыққа ие.
Ал жануарлар белсенділігі тұтынукшылық негізде болады.
2. Адам іс-әрекеті заттық материалдық, рухани мәдениетпен
Бұларды өз дамуы үшін пайдаланады. Ал жануарлар өз биалогиялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасайды.
3. Адам іс-әрекеті адамның өзін өмір жағдайын қажеттілігі мен қабілеттілігін де қайта қайта құрайды немесе көркейте түседі.
4. Адам іс-әрекеті түрлі форма мен оның әр түрлі құралдар арқылы жүзеге асыруы тарихтық жемісі. Ал жануарлар белсенділігі биалогиялық эвалютциялық нәтижесі ретінде болады.
5. Адамға заттың іс-әрекеті туа берілмейді. Ол тәлім тәрбие қалыптасуы мен жүзеге асуы Ал жануарларда бұл іс-әрекет ген. отипке негізделінетіндіктен туа беріледі.
Творчестваға шабыт (вдохновение) өте қажет.
Шабыт - адамның барлық қабілеттіктерінің жіберлі түрде әрекет етуінен туындайтын күй. Шабыт үстінде жасалған шығарма адам жазушы болсын ғылым болсын, ғылым болсын, кім болса да оның еңбегі жемісті болмақ. Бірақ шабыт өзінен-өзі келе бермейді. Ол үшін бір нәрсе адамға әсер етуі қажет. Бұл бұрыннан ойланып толғанып жүріп, сол кезхде келген шабыт. Дайындық кезінде материал жинамай, бір мезетте шығармашылық жасай алмайды. Адамда шабыт пайда болуы үшін үлкен дайындық жігерлі еңбек керек творчествалық жемісті нәтижелі болуы түрлі дағдыларға машықтануға байланысты .
Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Адам өзінің істейтін еңбегіне орай, тиісті дағдыларды меңгермесе өзінің істейтін жұмысының тектігіне жете алмайды жұмысын дұрыс ұйымдастырып, еңбек өнімін арттыра алмайды әр уақытта күнделікті істейтін жұмысына шамадан тыс көп жігер көп күш жұмсайтын болады.
Дағдылардың педагогикалық процесте алатын орны ерекше. Егер оқушы оқу процестерінде оқуға, озуға, есеп шығаруға т. б. машыұқтанбкаса олар жақсы оқи да, ғылыми негізін меңгере де алмас еді.
Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.
Ұлы басты мақсаттар мен мүдде адам тұрмысында жетекші болып адамды ұмтылдырып, жігерлендіріп отырады. Басты мақсатқа байланысты күнделікті тұрмыста бірнеше мақсаттар мен мүдделер болуы мүмкін . Бірақ олар барлығы болуы міндет, мақсаттарға бағынышты болып, түбінде соларға ыңғайланып отырады.
Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс--әрекетінің басты басты белгілерін атап өткен жөн. Осындай айрықша сипаттардың бірі -адамның дүниедегі заттарға, құбылыстарға, еңбек объектісіне, оның процесіне назар салуы, зейін қоюы әр уақыт адамның санасының бір затқа, құбылысқа, болмысқа бақыт алып отыруы. Сананы айналадағы дүниеге бағыттап отырмаса ол затты дұрыс қабылдай алмайды. Өйткені адамның санасында ол дұрыс сәулеленбейді.
Саналы әрекеттің айрықша, маңызды сипаттарының бірі-шығармашылық. Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды болады. Онсыз адамның қоғамы ғылым мен техника өнер әдебиеті прогресифті жолмен өсіп дамымаған болар еді. Біздің тіршілік әрекетімізді творчествалық әрекет болмаса, ондай ешбір жаңа ой, соны пікір болмай, нәтижелі табыстарға жетпеген болар едік. Іс-әрекет тек белсенділік пен емес, мінезбен де ерекшеленеді. Мінез құлық әрдайым мақсаты, әрбір нәтиже алу үшін құрыла бермейді, ол көпшілігіне пассивта болады.
Мінез- құлық споталдықты (ішкі себептер мен пайда болған сыртқы әсерден болмаған) болады, ал іс-әрекет - ұйымдастырушылықта, мінез-аяқ астынан, іс-әрекет- жүйелік болады. Адам іс әрекетінің мативы әр түрлі, ол аргоникалық материалдық функцияналық, әлеументтік, рухани болуы мүмкін.
Іс әрекеттің органикалық мативі организімнің табиғи қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Мұндай мативтер өсу, өзін-өзі сақтау, организімін дамуымен байланысты.
Іс-әрекеттің функцияналдық мативі түрлі мәдени формадағы белсенділігі қанағаттандыруға арналады. Мысалы, спорттық ойын мен сабақтар.
Іс-әрекеттің материалдық мативтері - тұрмыстық қажеттіліктерді атқаруға арналады. Тұрмыс заттарын азық түрлерін, ас-ауқат т. б. адамның табиғи қажеттілігін қамтамассыз етуге болады.
Іс әрекеттің әлеуметтік мативі - қоғамда белгілі бір ортаға ие болуы үшін болатын адамдардың құрметпен мойындауын тудыруға байланысты туындайтын әр түрлі іс-әрекеттер.
Іс -әрекеттің рухани мативі - адамның өзін-өзі білімін әрекеттендіруіне байланысты болады.
Іс-әрекеттің мақсаты ол жүйесінің немесе нәтижесінің болуы. Іс-әрекет мақсаты мен мативі бір бірімен қабысып жатады.
Заттық іс-әрекет дегеніміз - ол белгілі бір іске тікелей байланысты болады. Мысалы танымдық іс-әрекет пәні түрлі мәлімет оқу іс-әрекетінің пәні- білім, білік дағды болса іс-әрекетінің пәні- жасамдал материалдық жеміс (нәтижесі) болады.
Кез келген іс-әректтің құрылымы болады. Олардың құрылымына: Әрекет пен операция жатады.
Әрекет - іс-әрекеттің бір бөлшегі ол адамның саналы мақсаты мен дербестігі мен жүзеге асады.
Мысалы: Танымдық іс-әрекеттегі әрекетте кітапты алу, оны оқу, ол бойынша дайындалу сияқты әрекеттер бар.
Операция - әрекетті жүзеге асыруда болатын тәсілді айтамыз.
Іс-әрекетті жүзеге асыру құралы - ол әрекет пен операцияны жүзеге асыру үшін пайдаланатын құрал, инструменттер жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz