HTML ТІЛІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОФФ ЛАЙНДЫҚ ЖУРНАЛ ЖОБАСЫН ЖАСАУ

Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ІС-ТӘЖІРИБЕ ӨТУ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАРЫ . . . 6
1. 1 МЕКЕМЕНІҢ ТАРИХЫ . . . 6
1. 2 МЕКЕМЕНІҢ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ . . . 7
1. 3 ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ МАЗМҰНЫ . . . 8
2. HTML ТІЛІНДЕ «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ОФФ ЛАЙНДЫҚ ЖУРНАЛ ЖОБАСЫН ЖАСАУ . . . 11
2. 1 HTML НЕГІЗДЕРІ . . . 13
2. 2 WEB -ҚҰЖАТ ҚҰРУ ӘДІСТЕРІ . . . 14
2. 2. 1 КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28
KІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жаңа ғасырдан бастап компьютер технологиясына көп көңіл аударылуда. Яғни Қазақстан Республикасының барлық аумағын компьютерлендiру қолға алына бастады. Осы жұмыстардың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының азаматтары республиканың кез-келген нүктесінде тұруына қарамай жаңадан келген жаңалықтармен таныс болып отырады. Тәжірибеден білетініміздей уақтылы алынған информация - бұл өлшенбейтін байлыққа тең. Осылардан келiп шығатыны информациялық технологияның дамыған ғасырында компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін мемлекеттік және коммерциялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары және т. б. көптеген салалар кемде-кем деп айтсақ та болады.
Информациялық технологиялардың дамуы қолданбалы математиканы инженерлік ізденістерде қолдануға кең жол ашып берді. Өмірімізге өндірістік, технологиялық және инновациялық процесстермен бірге информациялар ағыны кіріп келді. Кез келген маман экономиканың өтпелі кезеңінде, өз міндетін жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін, информациялық технологиялармен жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Қазіргі кезде информацияны пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген маман әрқашан сұраныста.
Глобализациялау процестері әлемдік экономикаға сандық және сапалық өзгерістер алып келеді. Әлеуметтік-саяси құрылымды елдердің көпшілігіндегі экономика біркелкі нарықтық заңдар бойынша дамып келеді. Түрлі бағыттардағы келісім мен интеграция дамып келеді.
Нарықтық экономика бағытымен дамып келе жатқанын әлем жұртшылығы мойындап отырған қазіргі Қазақстан қысқа мерзім ішінде әлемдік цивилизацияға қарқынды ұмтылыс жасады. Біздің қоғам өзінің дамуындағы жаңа саты - экономиканың үдемелі ғылыми-техникалық, инновациялық және инвестициялық дамуына және адам факторы әсерінің күшеюі жағдайына өтуде.
Мұның барлығы білім сапасына деген талаптарды барынша күшейтеді, себебі нарықтық қоғамда тек әлемдік стандарттарға сай жоғарғы деңгейлі дайындыққа ие мамандар ғана қажет екендігі бірден түсінікті. Соңғы кездердегі ҚР-ның білім жүйесіндегі реформаларды осымен түсіндіруге болады. Оған қоса, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы аса қуатты интеграциялық процесстер жоғарғы білім жүйесінен сәйкес адекватты жауаптарды, мамандар дайындауды ұйымдастырудағы халықаралық компоненттерді күшейтуді талап етеді, білім мен ғылымды қажет етеді.
Республикада алғашқылардың қатарында “Европалық аумақта жоғарғы білімге қатысты квалификацияларды мойындау туралы Конвенция” (Лиссабон, 1997) негізінде жоғарғы білімді дамыту стратегиясын қабылдаған университеттер өздерінің білім беру технологиясының негізіне халықаралық стандарттың жалпы бірлігі ретіндегі академиялық білім кредиттерін құруды пайдалана бастады.
Қабылданған білім технологиясының негізіне кредит-сағаттар жүйесі ендірілді. Оларды мұнан әрі “Европалық аумақта жоғарғы білімге қатысты квалификацияларды мойындау туралы Лиссабон конвенциясының талаптарына Қазақстан Республикасының жоғарғы білім жүйесін бейімдеу технологиясы” деп атай бастады.
Тақырыптың көкейтестілігі:
Жоғарғы кәсіптік білім жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану шарттары Лиссабон конвенциясының (1997) және Болон декларациясының (1999) негізгі ережелеріне барынша бейімделген Қазақстандық модельді құруды талап етеді.
Европалық білім беру жүйесіне ену қажеттілігі.
Құрылып жатқан Қазақстандық білім моделінің заңдық негіздері Қазақсан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсанда жария еткен №202-1 “Европалық аумақта жоғарғы білімге қатысты квалификацияларды мойындау жөніндегі Конвенцияны ратификациялау туралы” Заңы болып табылады.
Мамандарды дайындаудың кредиттік технологиясын 1997-1999 ж. ж. Республиканың санаулы университеттері қолданды. Эксперименттің қысқа мерзімді қамтығанына қарамастан оның нәтжелері “21 ғасырдағы жоғарғы білім” атты Бүкіләлемдік университтетік жобада (Зальцбург, 1999) қолдау тапты.
Негізгі мақсат - білім берудегі прогрессивті модельдердің бір нұсқасы болып табылатын жоғарғы оқу орындарында мамандар дайындаудың кредиттік технологиясын дайындау және ендіру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер қойылды және шешілді:
индустриалды дамыған мемлекеттердің қазіргі жоғарғы білім беру жүйесін аналитикалық талдау;
білім беруді гуманизациялау және гуманитаризациялау, фундаментализациялау, әмбебаптандыру, ақпараттандыру, үздіксіздендіру және демократияландыру мәселелерін шешуге қабылетті модель құру;
қазақстандық жоғарғы мектептің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы.
Кредиттік технологияның негізіне европалық білім беру стандартының жалпы бірлігі болып табылатын академиялық білім беру кредитін қалыптастыру қабылданды.
Академиялық білім беру кредиті - бұл білімнің санын және оқытылатын материал көлемін есепке алудың функционалдық бірлігі болып табылады. Кредиттік жүйе бойынша оқу жоспарының негізіне кредит-сағаттардың саны түрліше пәндердің белгілі жиыны жатқызылады. Бұл оқу жоспарларын олардың құрылу идеологиясына тәуелсіз унификациялауға және батыс университеттеріне түсінікті етуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдарда М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің төменгі студенттері де әлемдік стандарттарға сай деңгейдегі білім беру технологиясы - кредиттік технология негізінде білім ала бастады. Атап айтқанда, алдымен Экономика факультетінің студенттері, ал соңынан басқа да көптеген мамандықтың студенттері аталған технологияның негізінде білім алып келеді.
Кез-келген саладағы жаңалық сияқты, кредиттік технологияның да білім беру жүйесіне өзінің көптеген қиыншылықтарымен қоса енгені белгілі. Олардың қатарына ЖОО-ның оқытушы-профессорлар құрамының аталған технологияны толық меңгеру қиыншылықтары (оны оқып-үйрену семинарларына барық оқытушыларды жіберу мүмкіндігі шектеулі), осыған байланысты студенттердің білімін бағалаудағы және есепке алудағы қиындықтар, студенттерді қажетті әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мәселесі және т. с. с.
Құрылған программалық жабдық ең алдымен Тіркеу Офисінің (Офис Регистратора), сонан соң тьюторлардың, эдвайзерлердің, кафедралардың, деканаттардың және т. б. құзырлы орындардың өз жұмыстарының білгілі бір бөлігін жеңілдетуге арналды.
1 ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ӨТУ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАРЫ
1. 1 МЕКЕМЕНІҢ ТАРИХЫ
Кафедра «Информатика, қолданбалы математика және механика есептерін модельдеу» бойынша мемлекеттік бюджеттік тақырыпта ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Кафедра оқытушылары қолданбалы математика, информатика, механика және химиялық технологияның теориялық, практикалық мәселелері бойынша Республикалық және халықаралық конференцияларға белсенді қатысады.
Информатика кафедрасының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
білім беру (педагогикалық) - информатика пәні оқытушысы;
өндірістік-технологиялық - программист, информатика және ақпараттық технологиялар саласының маманы;
ұйымдастырушылық-басқарушылық - компьютерлендіру менеджері;
ғылыми зерттеу - ғылыми қызметкер.
Жоғары кәсіптік білім бағдарламаларын табысты меңгерген түлектер әрі қарай:
магистратурада «Информатика», «Математика», «Қолданбалы математика», «Ақпараттық жүйелер»;
аспирантурада «Информатика және ақпараттық жүйелер», «Информатиканың теориялық негіздері».
«Есептік техникасының математикалық үлгілеуді ғылыми зерттеуде қолдану»;
«Есептеу машиналарын, кешендері мен желілерін математикалық және программалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша оқуға дайындау.
Кафедра оқытушыларын Республикалық және халықаралық конференцияларда математика, информатика және химиялық технологияның теориялық негізімен механикалық мәселелері бойынша белсене қатысады. Кафедра Қазақстан және шет елдер мекемелерімен тығыз байланыста.
Қазіргі кезде «Информатика» кафедрасында бес компьютерлер сыныбы бар. Солардың ішінде екі компьютер сыныбы ең соңғы техникамен жабдықталған. Біздің сыныптардағы компьютердің сипаттамасы.
1. 2 МЕКЕМЕНІҢ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бірінші барған күні жетекшім мені мекемедегі техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Онда компьютерді қалай қосып-өшіру керектігін көрсетті. Және де электр сымдарына абай болу керек екенін айтып отырды. Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою қажеттігін, компьютердің алдына міндетті түрде кактус гүлін қойып қою көзге қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін жауып, бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Егер бұл міндеттерді орындамаған жағдайда кенеттен төтенше жағдай болуы мүмкін екендігін ескертті. Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім.
Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
Электр тогымен зақымдалған студентке әрбір қызметкер алғашқы көмек көрсете білу керек.
Электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.
Өрт сөндіретін құралдармен әрбір студент жұмыс істей алу керек.
Суланған қол, ылғал киіммен ЭЕМ-мен жұмыс істеуге болмайды.
Зақымдалған сым дұрыс істемей тұрған есептеуіш техникасының ққұралдарымен жұмыс істеуге болмайды.
ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса, ЭЕМ-ді өшіріп мұғалімге хабарлау керек.
ЭЕМ-ді іске қосып ескерусіз қалдыруға бөлме ішінде жүріп, жолдастарының назарын аударуға болмайды.
ЭЕМ-нің үстіне кітап, дәптер, киімдер тағы басқа заттарды қоюға болмайды.
ЭЕМ-мен жұмыс істеп жатқанда сырттан кірген кісілерге тұрудың қажеті жоқ.
ЭЕМ бөлмесіне рұқсатсыз кіруге болмайды.
1. 3 ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ІС - ТӘЖІРИБЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Мен Амангелдіқызы Нүргіл өзімнің диплом алдындағы іс - тәжірибемді 2007 жылдың 31 Желтоқсан мен 10 Қаңтар аралығында ТОО «Оңтүстік жарық транзитте» өттім. Жалпы диплом алдындағы іс - тәжірибенің мазмұны мен маңыздылығы ол мекеменің жаңа үлгідегі компьютерлерімен танысу, мекеме қолданатын жаңа бағдарламаларын үйрену, сол жердегі қызметкерлермен білім алмасу, дипломдық жұмысты оларға таныстыру және сол жерде оны қолдану және ең бастысы өзімнің бес жылдық оқыған білімімді компьютердегі жұмыста пайдалана білу болды.
03. 01. 08. -05. 01. 08. Жетекшімен танысу.
Тәжірибе нысанының, яғни ТОО «Оңтүстік жарық транзит» шығу тарихымен, онда жұмыс істеген Қазақстан және өзге де мемлекеттерге кеңінен танымал жұмысшылармен, олардың атқарған жұмыстарымен таныстым. Қазіргі уақытта ТОО «Оңтүстік жарық транзит» директоры қызметін Маман Шынгысбаев атқаруда. Қазір компьютерлік сыныптардың барлық саны бесеуге жетті. Ұжымда- математика ғылымдарының кандидаттары, доценттер, 2 техника ғылымдарының кандидаттары, және жоғарғы білікті қызметкерлер жұмыс істейді.
06. 01. 08. -08. 01. 08. Техника қауіпсіздікпен танысу.
Техникалық қауіпсіздік пен өрт сөндіру ережелерімен танысу күндері болды. Яғни бұл күндері техникалық қауіпсіздік ережелеріне сай, алғашқы көмек көрсете білу мақсатына арнайы екі сағат бөлінді және алғашқы өрт сөндіру кезінде қолданылатын жабдықтардың орнын көрсетіп шықты. Жалпы мекеменің техникалық қауыпсіздігі өрт сөндіруге қарсы алғашқы кезде қолданатын жабдықтармен жабдықталған. Оны мекеме ішіне кірген кезде байқауға болады. Жабдықтар қазіргі заман талабына сай, жоғары деңгейлі болып келеді. Мекемедегі әр қызметкер немесе іс - тәжірибеші ондай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, келесі техникалық қауыпсіздік ережелерін сақтау қажет:
Электрлік тоқпен зақымдалған адамды әрбір адам бірінші көмек яғни алғашқы көмек көрсете білу қажет:
a. электр тоғымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
b. Егер тынысы тоқтаған жағдайда міндетті түрде дәрігер көмегін шақырып не жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету қажет. Бұл әрекет тыныс пайда болғанша жасалу қажет.
Қызметкер өрт сөндіретін құралдарымен жұмыс істей білу қажет.
Өрт жағдайында қызметкер эвакуация жолдарын білу қажет.
Қызметкерлер ЭЕМ -сым өткізгіштеріне рұқсатсыз тимеу қажет.
ЭЕМ-мен су қолымен не ылғал киіммен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Зақымдалған сымтетіктерді өз бетінше жөндеуге не жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса, компьютерді өшіріп мұғалімге хабарлау қажет.
ЭЕМ ді ескерусіз қалдыруға не бөгде ададарды кіргізуге болмайды.
ЭЕМ-нің үстіне кітап, дәптер, киім тағы басқа бөгде заттарды қоюға болмайды.
09. 01. 08. -10. 01. 08. Кафедраның техникалық және программалық жабдықтармен қамсыздандырылуымен таныстық.
ТОО «Оңтүстік жарық транзит» техникалық және программалық жабдықтармен қамсыздандырылуымен таныстым. Мұнда жоғары технологиялар маңызды және ең қажетті жабдықтардың бірі болып табылады, өйткені жұмыс барысы соны талап етеді. Әсіресе жоғары деңгейлі компьютерлер мен оның көптеген қосымша қосалқы бөлшектері(принтердің, сканердің, модем т. с. с соңғы үлгілері) үлкен рөл атқарады. Ұжымның балансындағы 426, 428, 430 және 439 аудиторияларда соңғы деңгейдегі компьютерлік техника бар. 441 аудитория компьютерлік техниканы жөндеу және жетілдіру лабораториясы ретінде жабдықталған. 429 бөлмеде екі компьютер сканер және 2 Canon принтерлерімен, 32 ұяшықты желілік Hub-пен жабдықталған. Сондай-ақ, компьютерлік сыныптардағы техника өзара ішілік жергілікті желіге және университеттің серверлік компьютерлері арқылы бүкіләлемдік Интернет желісіне жалғанған. Жұмыскерлер құрамы кез-келген мезетте әлемдік желіге байланысып, қажетті жұмыстарымен айналыса алады.
426 аудиториядағы су жаңа 10 техниканың параметрлері мынадай: Intel Core 2 Duo E4500 2. 20 GHz, ал басқа аудиториялардағы 22 компьютер - Pentium ® D CPU, 3. 0 GHz.
Компьютерлердегі жүйесінде түрлі офистік бағдарламалар мен кафедра пәндері бойынша оқытылатын арнайы бағдарламалары бар. Олардың құрамында MS Windows, UNIX, LINUX операциялық жүйелері өздерінің утилиталарымен бірге, MS Office 2003(2007) оффистік программалар пакеті, Macromedia Flash, Corel Draw, Adobe FotoShop сияқты графиктік жүйелер, FoxBase, Oracle, Paradox, FoxPro сияқты мәліметтер қорын басқару жүйелері, Borland Delphi, Visual C++, Borland C++ Builder, HTML, PHP, JavaScript, Object Pascal, Assembler, Visual Basic, сияқты программалау орталары, MathCad, FrontPage, 3D StudioMax, AutoCad, Trace Mode сияқты көптеген қолданбалы программалармен танысып, оларда жұмыс істеу принциптерін қайталап алдым.
11. 01. 08. - 12. 04. 08. Дипломдық тақырыппен жұмыс істедім.
Дипломдық тақырып бойынша офис-регистратордың атқаратын қызметтерін модельдеуге және орындауға Borland Delphi ортасының барынша дұрыстығына көз жеткіздім. Сондықтан, Delphi ортасының мүмкіндіктерімен толығырақ таныса отырып, офис-регистратордың интерфейсін модельдедім.
Университет кітапханасынан диплом жұмысына қатысты кітаптармен таныстым:
А. Я. Архангельский. Работа с локальными базами данных в Delphi 5. Москва, ЗАО «Издательство БИНОМ», 2000.
А. Я. Архангельский. Язык SQL в Delphi 5. Москва, ЗАО «Издательство БИНОМ», 2000.
В. Гофман, А. Хомоненко, Delphi 5, Наиболее полное руководство. Изд-во "БХВ- Санкт-Петербург", 1999 г.
Бобровский С., DELPHI 5: учебный курс. С. -П., «Питер», 2000.
10. 04. 08. -11. 04. 08. Borland Delphi ортасында офис-регистратор интерфейсі дайындалды. Студенттердің мәліметтерін ендіру терезесі, оқытушылар туралы, оқылатын пәндер туралы, емтихан нәтижелерін енгізу туралы терезелер дайындалды. Олардың жұмысқа қабылеттілігі, пайдаланушыға ыңғайлылық дәрежесі тексерілді.
Microsoft Word бағдарламасын пайдаланып, есеп жазу. Компьютерлік технология жағынан көмек көрсету ретінде бізге практиканттарға әрқайсысымызға бір компьютер орнынан берілді. Программалық жабдық құрып болғаннан кейін осы жасаған бағдарламамыз жөнінде есеп жаздық. Отчет жазуда Microsoft Word бағдарламасын қолдандық. Microsoft Word бағдарламасында негізі кез келген тексттерді, құжаттарды теруге болады. Сонымен бірге математикалық формулалары бар тексттерді де жазуға болады. Біздің бөлімде бағдарламалардың барлығы соңғы үлгідегі бағдарламалар деп айтып кеткенмін, бөлімдегі қолданылатын Microsoft Word бағдарламасы 2003-ші жылғы, яғни Microsoft Word 2003 бағдарламасымен жұмыс жасадым.
2. HTML ТІЛІНДЕ «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ОФФ ЛАЙНДЫҚ ЖУРНАЛ ЖОБАСЫН ЖАСАУ
HTML тілі Web-құжатқа суреттерді, кестелерді енгізу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар желідегі басқа Web-құжаттармен байланысуда гиперсілтемелерден пайдаланады. Web-құжатқа сілтеме, сурет, объект, апплет және скрипттер енгізуді қарастырайық. Оларға төмендегі тегтер жатады:
(anchor)
(image)
<embed>
<noembed>
<applet>
<param>
<object>
<marquee>
Web-құжатта ақпаратты ықшам түрде бейнелеуде тізімдерден пайдаланады. Тізімдер екі түрге бөлінеді:
нөмірленген;
маркерленген.
Тізімдерді құру тэгтерін қарастырайық. Оларға төмендегі тегтер жатады:

unsorted list

ordered list

list item
<menu> <dir>

definition list

definition term

definition description

тэгі маркерленген тізім құрады. Тэг ішінде бірнеше
тэгтері қолданылуы тиісті. Тэг
тэгімен жабылады. Мысалы:

«Гамлет» трагедиясын кім жазған:

Шекспир

Монтень

Гомер

Рабле

Софокл

Браузер терезесінде төмендегі маркерленген тізім көрінеді:
«Гамлет» трагедиясын кім жазған:
Шекспир
Монтень
Гомер
Рабле
Софокл

тэгі нөмірленген тізім құрады. Тэг ішінде бірнеше
тэгтері қолданылуы тиісті. Тэг
тэгімен жабылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
start - атрибуты нөмір қай саннан басталатынын анықтайды. Мән ретінде тек қана бүтін санды алады;
type - атрибуты нөмірлеу силін анықтайды. Қабылдайтын мәндері:
"A" - латын бас әріптері: A, B, C, …
"a" - кіші латын әріптері: a, b, c, …
"I" - үлкен рим цифрлары: I, II, III, …
"i" - кіші рим цифрлары: i, ii, iii, …
"1" - араб цифрлары: 1, 2, 3, …
Егер type атрибуты берілмесе, онда нөмір араб цифрларымен жазылады. Мысалы:

«Гамлет» трагедиясын кім жазған:

Шекспир

Монтень

Гомер

Рабле

Софокл

Браузер терезесінде төмендегі нөмірленген тізім көрінеді:
Шекспир
Монтень
Гомер
Рабле
Софокл

тэгі тізім қатарын құрады. Тэг
және
тэгтері ішінде қолданылады. Тэгтің value атрибуты тек қана
тэгінде қолданылады. Атрибут қатар нөмірінің басталу ретін көрсетеді. Тэг
тэгімен жабылады.
Мысалы:

«Гамлет» трагедиясын кім жазған:

Шекспир

Монтень

Гомер

Рабле

Софокл

Браузер терезесінде төмендегі нөмірленген тізім көрінеді:
Шекспир
Монтень
Гомер
Рабле
Софокл
<menu> және <dir> тэгтері HTML 4. 0 тілі тэгтеріне жатпайды. Олар нөмірленген тізім құруда
тэгінің орнына пайдаланылуы мүмкін.

тэгі анықтамалар тізімін құрады. Анықтамалар термин (
тэгі) және оның сипаттамасынан (
тэгі) тұрады. Тэгтің compact атрибуты тізімді ықшам түрде бейнелейді. Атрибуттың мәні жоқ. Тэг
тэгімен жабылады. Мысалы:

HTML
гипермәтінді белгілеу тілі

WWW
бүкіләлемдік өрмек

тэгі анықтамалар тізімінің терминін анықтайды. Ол
тэгінің ішінде қолданылады. Тэг жабылу тэгісіз жазылады.

тэгі анықтамалар тізімінің сипаттамасын анықтайды. Ол
тэгінің ішінде қолданылады. Тэг жабылу тегісіз жазылады.
2. 1 HTML негіздері.
Интернеттің WWW (World Wide Web) қызметіндегі барлық гипермәтінді құжаттардың жалпы бір қасиеті, олардың барлығы HTML тілінде жазылған. HTML (HyperText Markup Language) -гипермәтінді белгілеу тілі мәтіндерді Web-құжат (HTML-құжат) түрінде бейнелеуге арналған нұсқаулар жиынын анықтайды. Сонымен қатар Web-құжатқа суреттерді, кестелерді түрлі түспен бейнелеу мүмкіндігін береді. Web-құжаттар Интернеттің WWW қызметімен бірге дами отырып, оның соңғы технологияларымен үнемі толықтырылып отырылады. Төменде тілдің Интернет консорциум ұсынған HTML 4. 0 версиясын қарастырамыз.
HTML тілінде жазылған гипермәтіндік құжаттар браузер терезесінде ықшам түрде көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсету тіліне жатпайды. Ол гипермәтіндердің атқаратын қызметін анықтап, оларды тұтынушыға бейнелеп жеткізетін тіл болып есептеледі. Web-құжаттар тұтынушы мониторының мүмкіндіктеріне қарап, браузермен әртүрлі бейнеленуі мүмкін.
2. 2Web-құжат құру әдістері.
Web-құжат файлдары . html немесе . htm кеңеймесі бар мәтіндік файлдар. Оларды құруда қарапайым мәтіндік редакторлардан пайдалануға болады. Мысалы: MS Windows ортасында Notepad (Блокнот) редакторы.
Бірақта Web-құжаттарды арнайы HTML-редакторларда құру ыңғайлы. HTML-редакторлар екі топқа бөлінеді:
ASCII-редакторлар (ASCII-editors, Source editors) ;
WYSIWYG-редакторлар (WYSIWYG-editors) .
ASCII-редакторлар қарапайым мәтіндік редакторлар. Тек олар HTML-құжаттарды құруға арналған қосымша мүмкіндіктерге ие. Оларға Webber, Macromedia HomeSite, DarekWare HTML Author, WebEdit редакторлары жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz