Бағалы қағаздардың жіктелуі мен түрлері



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бағалы қағаздардың жіктелуі және түрлері
Жоспар
1. Бағалы қағаздардың жіктелуі.
2. Акция. Акция түрлері.
3. Облигация. Облигация түрлері.

Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін көрінісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілімен айналым жеріне байланысты:
1) Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2) Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
1) Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министірлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп таралған түрлері қазыналық векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
2) Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
3) Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындары мен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.
4) Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификаттар, чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
5) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары -- олар коммерциялық векселдер, фъючерстік шарттар және капитал арасындағы қағаздар.
3) Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал арасындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Акция -- үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден - бірі түрі. Акция компанияның акционерлер алдында қарыз міндеттемесі.

Акция бірнеше түрге жіктеледі . Бірінші жағынан, акционерлерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқару қатынасу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

1) Атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабының қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер болып есептеледі.
2) Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітап ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.
Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолы да әртүрлі:
Біріншіден, сату механизімі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір толтырылған сертификат алады. Бұл акцияларды сатқандағы сертификаттың сырт жағында екі жақтың қол қойылған " индоссамент " деген белгі қойылады.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын иемденушілер құқын белгілеу тәртібі әртүрлі. Бұл туралы атулы акция иесі корпорацияда хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға бұндай механизмнің жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын жүзеге асырады.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар.
Артықшылықты акциялар- меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төлеуін қамиамасыз етеді. Бұл акция дауыс құқын бермейді.
Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға болады
1) Қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивті және кумулятивті емес, конвертабельді және конвертабельді емес. Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің артықшылықтарын пайдалануына байланысты. Олар:
Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
2) Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд мүмкіндігіне келешекте қатысу;
3) Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
.Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түр тармағының бірі -- дивиденд төлеуден кейін қалдырылған акциялар. Олар корпорация құрылтайшыларына ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Бағалы қағаздар классификациясы
Вексельдерді қолдану бойынша есеп айырысу есебі
ҚР бағалы қағаздар рыногы
Бағалы қағаздар рыногы және оның Қазақстан Республикасындағы дамуы
Қаржылық инвестициялардың мәні және объектілері
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР
Бағалы қағаздардың маңызы мен қызметі
Бағалы қағаздар нарығын құру
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Пәндер