Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі.

Түркістан - 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 АҚЫЛ-ОЙЫ КЕМ БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Ақыл-ой кемістігі туралы жалпы түсінік және олардың түрлері . . . 6

1. 2 «Кемтар бала» туралы ұғым, кемтарлықтың даму ерекшеліктері және олардың тілдік қорын дамыту . . . 14

1. 3. Көмекші мектептің дидактикалық прициптері және ондағы ақыл-ойы кем балалардың қоғамдағы орны . . . 20

2 АҚЫЛ-ОЙЫ КЕМ БАЛАЛАР МӘСЕЛЕЛЕРІН ІС-ТӘЖІРИБЕДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Психикалық қасиеттердің бұзылуы және баланың психологиялық даму нормасы мен нормадан ауытқу көрсеткіштері . . . 27

2. 2 Балалардың психикалық даму деңгейін диагностикалық зерттеу әдістері . . . 35

2. 3 Балалардың танымдық әрекетін дамытуға арналған коррекциялық жаттығулар және ойындар . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 63

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Қоғамдағы экологиялық, әлеуметтік, экономикалық және т. б. жағдайлар адамның жан-жақты дамуына ықпал етуде. Бұл ең алдымен дүние есігін жаңа ашқан балалар үшін аса қолайсыз болып отыр. Жан-жағымызға көз жіберсек, дене және психикалық дамуында әртүрлі бұзылулары бар балалар саны өте көп екенін байқауға болады. Бірақ олардың қоғамның бір мүшесі екенін ескеру аса маңызды. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып тәрбиелеудің заңдылықтарын, қағидаларын, әдістерін, оқытуды ұйымдастырудың формаларын дефектология ғылымы қарастырады. Дефектология мамандығы аса үлкен жауапкершілігі бар мамандық. Осы тұрғыда дефектолог маманының негізгі міндеті мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Яғни дефектолог- бұл осы категориядағы балаларды оқыту, тәрбиелеу және кемістіктерін түзетумен айналысатын, ең негізгісі әлеуметтік ортаға қосуды қарастыратын арнайы маман болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бағдарлау, бейімдеу, кәсіптік және еңбектік реабилитациялау-қоғам алдында тұрған күрделі міндет болып табылады. Бала бойындағы қандай да бір кемістік оның толық дамыуына кедергі келтіреді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды бағдарлау, бейімдеу және қайта қалпына келтіру психологиялық көмек, қолдау және арнайы оқытуға байланысты. Бейімдеу міндеттерінің ішіндегі аса күрделі үрдіс әлеуметтік бағдарлау болып табылады. Бұл міндеттер арнайы ұйымдастырылған мекемелерде жүзеге асырылады.

DSC03769 Балалар ақыл-есiнiң артта қалуына негiзгi екi себеп бар: бiрiншiсi, туа пайда болады, екiншiсi, жүре пайда болады.

Туа пайда болған ақыл-естiң кемуiнiң бiрден-бiр себебi - гендiк ауру. Былайша айтқанда, даун ауруы деген атпен белгiлi болған ол хромосомалардың нормадан ауытқуынан болады. Мұндай аурумен туылған балалардың беттерi дөңгелек, көздерiнiң көлемi кiшкентай, саусақтары және алақан сызықтары өзгеше болады. Көбiне ол белгiлер балада туылған кезден байқалады, ал кейбiреулерiнде өсе келе айқын бiлiне бастайды. Бiзде даун ауруын облыстық перинаталдық орталықтағы цитогенетикалық лаборатория мамандары анықтайды

Ал, жүре пайда болған ақыл-ес кемiстiгi үш жағдайда: жатырда даму кезiнде зиян тиюден, босану кезiнде, туылған соң пайда болады.

Жоғарыда айтылған ақыл-ес кемiстiгiнiң бiрiншi түрi - көбiнесе әйелдердiң жүктiлiк кезiндегi түрлi ауруларынан болады. Олардың iшiнде ең көп тараған түрi - анемия, яғни қаназдық.

Туылғаннан кейiнгi кезеңдегi зиян түрлерiнiң негiзгiлерiне бас, ми жарақаты, нейроинфекция, уланулар жатады.

Ақыл-естiң артта қалуына әкеп соғатын себептердiң негiзгiлерi осы. Ал, ендi оның белгiлерiн қалай бiлiп-тануға болады? Ол үшiн әр жастағы баланың психоневрологиялық даму нормасын бiлу қажет.

Балабақшаға бару балалардың ақыл-есiнiң дамуына көп көмек бередi.

4cc6bbd6c9d97

Мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келгенде ата-аналар алдында оны арнайы мекемеге беру керек пе, әлде үй жағдайында қарау керек пе деген таңдау шығады. Ата-аналар бала туылғаннан кейін психологиялық және өзге де қажет кеңестер алмайтындықтан, бұл өте қиын таңдау. Мүмкіндігі шектеулі баланы үй жағдайында тәрбиелеу туралы шешім қабылданып, алғашқы қадам жасалғаннан кейін олармен толыққанды жұмыс жасау міндеті тұрады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үй жағдайында көмек көрсету бойынша тренинг - ерекше тренинг. Бұл оқыту емес, балаларға күтім жасаудың тиімді жолдарын анықтау үшін ата-аналарға көмектесу әр баланың өз диагнозы бар және көбінің диагнозы бір болғанымен, әр балаға жеке көмек, жеке кеңестер беретін білікті мамандар керек. Біздің мақсатымыз - ата-аналарға балаларына күтім көрсету жолдарын жақсартуға, олармен жақсы қарым-қатынас орнатуға, өзіне және отбасы мүшелеріне деген .
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылармен жұмыс жасайтын әлемнің барлық бағдарламалардың ұранына айналған төмендегі сөздер, КАЖ бағдарламасының қызметкерлері мен еріктілерінің де ұранына айналды:
Сіз жалғыз емессіз. Әлемде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны сіз ойлағаннан әлдеқайда көп. Өзіңізді осындай мәселеге тап болған жалғыз отбасымыз деп ойламаңыз. Бәрі соншалықты жаман емес. Мүмкіндігі шектеулі балаларда толыққанды және өте бақытты балалық шақтың болу мүмкіндігін мыңдаған ата-ана растайды. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу өте қиын болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап болу дегенді білдірмейді. Бүгінде қиын деп отырған мәселелер ертең Сізге жеңіл немесе кем дегенде үйреншікті болып кетуі мүмкін. Ерекше балаңызды тәрбиелеу Сізге де өзгелерге сынды қуаныш пен бақыт сыйлауы мүмкін.

Кемақыл балаларды «әлеуметтік бейтарап адам» деп атайды. Қоғамда «әлеуметтік бейтарап адам» болуы мүмкін емес. Мұндай пікір кемтар адам тәрбиесіне немқұрайдылықпен қарау. Сондықтан қазіргі қоғамның міндеті ерекше көмекке мұқтаж адамдарды әлеуметтік өмірге бейтарап қалдырмай керісінше оның қоғамда өз орнын табуға көмектесу.

Ақыл - ойы кем балалар үшін ең маңызды мәселелердің бірі қарым - қатынас мәселесі екені даусыз.

Тұлғаралық қарым - қатынастың пайда болуы мен нәтижелі дамуы оған қатысушылардың өзін - өзі және өзара түсінісуге байланысты. Балалар бірін - бірі қалай, қай деңгейде қабылдайды, түсінеді, сезімдері мен қасиеттерін қалай бейнелейді, өзге арқылы өзін қалай таниды, қарым - қатынас барысы да, арақатынастары да соған байланысты.

Зерттеудің көкейтестілігі: Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселелерін анықтау. Оларды дұрыс қарым - қатынас жасауға үйрету, қарапайым жалпы қоғамда қабылданған ептілік пен дағдыларды қалыптастыру баланың қоғамда үйлесімді дамыған тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.

Зерттеудің мақсаты: Ақыл - ойы дамуында кемістігі бар балалардың қарым - қатынасын диагностикалау арқылы анықтау. Диагностика нәтижелеріне қарай коррекциялық дамыту жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу нысаны: Ақыл - ойы дамуында кемістігі бар балалардың

қарым - қатынасы.

Зерттеу міндеттері:

  1. Қарастырылатын мәселе бойынша әдебиеттерді талқылау.
  2. Зерттеуге қажеттті әдістерді таңдап алу. Олардың түсініктемесін беру.
  3. Зерттеу нәтижелерін талқылау, соның негізінде тәжірибелік ұсыныстар беру.

1 АҚЫЛ -ОЙЫ КЕМ БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

  1. Ақыл-ой кемістігі туралы жалпы түсінік және олардың түрлері.

Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму- процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.

Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез - құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеуқажеттілігіне аударады.

Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады - делинквенттілік және девианттылық . Делинквентті мінез-құлық - заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз - қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т. б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы» ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың жеткіліксіздігі» ұғымдарынан айыра білу керек. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді.

Көптеген ғылымдарда « қалыпты» және « аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында « қалыпты» / «аномалды» мінез- құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез- құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез- құлық деп түсіндіреді. Осыған ұқсас, қалыпсыз мінез- құлықты: нормативті- қабылданбаған, патологиялық, стандартқа сай емес деп бөлуге болады. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» қазіргі кезде ғылымда норма- эталонына сәйкес келуі болып саналады. Нормаларды алу тәсілдерін әдетте критерийлер деп атайды.

Осы орайда бала кемістігін қарапайым психологиялық жаттығулар арқылы түзетуге болады.

Кеңес ғалымдарының, яғни Л. С. Выготский, Н. Л. Коломинский, В. Н. Мясищев, С. Л. Рубинштейн пікірлері бойынша мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының дамуы қалыпты жағдайдағы жасөспірімдердің тұлғасының даму заңдылықтарына сай болып келеді. [1, 2] Сондықтан, мінез-құлқы ауытқушы болған балаларды дұрыс тәрбиелеу жүмысы, арнайы мекемелерде жүргізіліп отырған жағдайда, ол қоршаған ортасына барабар түрде қарым-қатынас жасауға, өз бетінше жұмыс жасап, өмір сүруі әбден мүмкін.

Алайда, бұл балалардың тұлғасын дұрыс бағытта қалыптастыру және тәрбиелеу өте қиынға соғады, өйткені олардың дамуы екінші рет шиеленіскен себептермен байланысты мидың органикалық зақымдалу жағдайында жүріп жатады. Мінез-құлықтарында ауытқылары бар жасөспірімдердідұрыс тәрбиелеу үшін мұғалімдер мен тәрбиешілер олардың тұлғасының қалыптасуына қиындық туғызатын ерекшеліктері жөнінде хабардар болуы тиіс.

Осы тұрғыдағы жасөспірімдердің бір қатар ерекшеліктері, олардың жоғары жүйке әрекетінің зақымдануымен, таным іс-әрекеттерінің, эмоционалды еріктік сфералары және т. б. қасиеттерінің толық жетілмегенімен ескеріледі. Бұл ерекшеліктер, өз кезегінде салғырттық, әлсіздік, енжарлық және жұмысқа қабілеттілігін төмендеуін қамтамасыз етеді.

Кейбір мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінезі тұйық, ешқандай адамдармен араласпау қасиеттері де байқалады. Бұның бәрі олардың тұлғалық құрылымына өзіндік із қалдырып отыруы сөзсіз. Алайда, мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғалық құрылымдарының негізгі компонентері қалыпты жағдайдағы жеткіншектердікіндей болып келеуін әрқашанда ескеруіміз керек.

Белгілі психологС. Л. Рубинштейн өз еңбегінде, мінез-құлықтан, қоршаған ортамен ағзаның байланысын жүзеге асыратын ұйымдастырылған іс-әрекетті белгілі түрде айыруға болады, - деп өз пікірін айтқан. [3]

Дегенімен, психикалық дамудың әр кезеңіндегідей, жасөспірім үшін маңызды болып іс-әрекеттің негізгі түрлері саналады. Жасөспірімнің тұлғалық дамуының қайнар бұлағы негізгі іс-әрекетпен ғана тамдамағанымен, сол негізгі әрекет оның бойында маңызды өмірлік қажеттіліктерді қалыптастырып, өскелең ұрпақтың бейнесін анықтайды.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мінез-құлқы мен тұлғасын зерттей отыра, олардың құрылымындағы сақталған компоненттерді ашуға мүмкіндік туады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар, қасиеттерінің қалыптасуымен оның даму деңгейі және мінез-құлқының тұрақтылығы үшін керекті коррекциялық жүмыстарды және шараларды ұйымдастыруға болады.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінез-құлық бағытарына - мотивтер, қажеттіліктер, қызығу жүйелері кіреді. Осыған байланысты айтып кететін жәйт, ақыл-ойларының жеткілікті дамымауымен себебінен, олардың қажеттіліктері кедей және сана тұрғысында реттеуі әлсіз болып келеді. Бұл жәйт, оның қарапайым органикалық қажеттіліктерінің (тамақ ішу, ұйықтау т. б. ) үстем болуында нақты көрініп отырады.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларға тән ойлау іс-әрекетінің реттеуші қызметінің әлсіздігі, жиі жағдайда өзінің және өзгелердің әрекеттері мен қылықтарына сын көзбен қарай алмауын қамтамасыз етеді. Сана сезім деңгейінің төмендігі көп жағдайда, олардың әрекетті орындар алдында емес, орындалғаннан кейін ойлануға алып келеді.

Бұл әрине, қате әрекеттерге, алдындағы орындалатын әрекетті жоспарлай білмеуіне алып келеді. Бұл тұрғыдағы жасөспірімдер әдетте, өз мүмкіндіктерін, бейімділіктерін, өз әрекеттерінің нәтижелерін сын көзбен бағалай алмайды. Бұның себебі ең алдымен бас миының органикалық зақымдануынан болады.

Ақыл-ой кемістігін халықаралық ғылыми тілде олигофрения деп атайды. Олигофрения гректің «oligos» - сәби, «ptaen» - ақыл дегенді білдіреді. Ол қазақ тілінде ақылы таяз деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді ғылымға немістің психияторы Э. Креплин енгізген. [4] Олигофрения ауруының белгілері болып табылатындар:

  1. Тұрақтылық;
  2. Қайталанбаушылық;
  3. Дефектінің органикалық түрде туындауы;
  4. Тез дамымаушылық;

Алғашқы рет кеңес М. С. Певзнер және В. И. Лубовский (1963) клиникалық, педагогикалық және физиологиялық көзқарастарды үйлестіре отырып, ақыл-ойы кем балалардың мектепке баруынан бастап, еңбек іс-әрекетінің басталуына дейінгі тұлғаның эмоционалды-еріктік сфералары мен таным іс-әрекетінің дамуына байланысты ұзақ уақыттық зерттеулер жүргізген. [5, 6] Зерттеу нәтижесінде, олигофрендердің күрделенбеген топтарының көпшілігінде эмоционалды-еріктік сфералары және жалпы тұлғаларының дамуы алға басатыны көрсетілген.

Қозуы басым тұрғыдағы олигофрендердің коррекциялық жүмыстары мен дәрігерлік шараларының нәтижесінде эмоционалды-еріктік сфераларының дамуында қолайлы өзгерістер байқалады, алайда экперименттің барысында " олардың мінез-құлықтары психопат тәрізді болып сипатталғаны бейнеленген. Ал тежелу тұрғысындағы балалардың алға басуы, күрделенбеген топтардағы балаларға қарағанда баяу жүріп, қозулары басым тұрғыдағыларға қарағанда айтарлықтай дамулары байқалғаны дәріптелген.

Р. С. Муравьева (1980ж. ) өз зерттеулерінде, мотивацияның нәтижелігі іс-әрекеттің түріне, қалыптасу деңгейіне, сол іс-әрекет дағдысына және оның бала үшін маңыздылығына байланысты деп көрсетеді. [7] Олигофрен балалардың мотивациялық деңгейінде, олардың мінез-құлықтарының жас және типологиялық ерекшеліктері бейнеленеді. Жасы өсе типологиялық ерекшеліктерінің мотивацияға әсері әлсіреп, мотивтің мағыналы қызметі маңызды орынға ие болады.

-еріктік сферасының дамымауы, олардың тұлғалысы мен мінез-құлық жетілмеуінің маңызды көрсеткіші ретінде Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Г. И., Сухарева, Ж. И. Намазбаева өз зерттеулерінде айқын тұрғыда көрсеткен. Зерттеушілер, эмоцияның жетілмегендігін, уайымдардың түрлері біркелкі, тар болуын, тек тікелей тітіркендіргіш қана маңызды болатындығын және эмоционалдық тұтқырлықтың байқыланғыны жайлы белгіледі. Құмартуын баса алмаушылық, бұл тұрғыдағы балалар мен жеткіншектерде жиі мінез-құлық корреакциясының үстемділігіне бейімді болуынан көрініп отырады (мысалы, қатты ашулануы, басымқорлық) .

Л. С. Выготский ақыл-ойы кем балалардың еріктің ауытқығанын - "өз мінез-құлықтарын меңгерудің кемістігі" - деп анықтаган. [8] Ж. И. Намазбаева, көмекші мектеп оқушылары әртүрлі эмоциялардың нәзіктігін жігін түсініп айыра білетіндігін анықтаған. [9] Ойлау мен тілдің дамуы, өмір тәжірибесінің кеңеюі, түрлі сезімдерді әртүрлі сөздермен белгілей алуға алып келіп, сол сезімдерге түлғалық және мінез-құлық қатынасын көрсете алып, олардың себебі мен нәтижесін түсіндіруге, көмекші мектептің жоғары сынып, оқушыларының мүмкіндіктері болатыны анықталған

Сонымен қатар, ақыл-ойы кем оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу барысында, сөйлеу тілдерінде эмоционалдық күйлерінің әр түрлі реңктерін түсіну мен белгілеу динамикасы көрініп отырады. Ақыл-ойы кем оқушылардың барлығында да "жағымды эмоциялардың" едәуір сақталғаны анықталған. Көмекші мектептің жоғары сынып оқушыларының көпшілігі, яғни 80% әртүрлі ақыл-ой сезімдерді атай алады. Л. И. Лаужикас (1967) өз зерттеулерінде, олигофрен балалардың әр түрлі типті топтарында еріктік және мінез-құлық ерекшеліктері түрлі болатындығын көрсетеді. Мысалы, байсалды балалар келесі реттегі ерік қасиеттерімен сипатталады: мақсатқа ұмытылушылық, табандылық, төзімшілдік, ұстамдылық. [10]

Қозуы шапшан балалар, нұсқауларды жете түсінбей, зерттеушінің тапсырмасын орындауға кірісе береді. Тежелген балалар үшін: тапсырмаға немқұрайлы қараушылық, ықыласының болмауы, белсенділігінің болмауы тән; бұл балалар қиындықпен ұштасқанда табандылықты көрсетпейді.

И. П. Лаужикас мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушыларды ерік және мінез-құлық қасиетіне қарай келесі үш топқа бөледі:

  1. топ - белсенді, ұтымды балалар;
  2. топ - белсенді, ұтымсыз, қозуы басым тұрғыдағы балалар;
  3. топ - енжар, ұстамсыз, тежелген балалар.

М. Г. Царцидзе зерттеу барысында, еріктің жоғары даму кезеңдерін' анықтаған: 1) 10-11 жаста, 2) 13-14 жаста, 3) 15-16 жаста. Көмекші мектеп оқушыларының, жасөспірімдік жас кезеңнің 54, 4% оқушыларында тұлғасының еріктік қасиеттері көрініс береді. [11]

Сонымен, жоғарыда айтып өткен ғалым-дефектологтардың зерттеулері, мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез-құлық құрылымдарының дамуындағы ерекшеліктерді ашып көрсетті.

Дегенмен, олардың тұлғалық және мінез-құлықтарының жетілмеуіне қарамастан, зерттеушілер жалпыға бірдей және көмекші мектеп оқушыларының тұлғалық даму заңдылығының бірлігін көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдердің әлеуметтік жетілген тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жұмысының мүмкіндіктері мен болашағын анықталған.

Жасөспірімдердің қалыптан ауытқыған мінез-құлқы ауытқушылығы бар балалардың клиникалық-психологиялық-педагогикалық құрылымын екі психологиялық түрге бөлуге болады:

1. Невротикалық түрдегі психикалық декомпенсация;

2. Психопат тәрізді типінің психикалық декомпенсациясы;

Сонымен, ақыл-ойы кем жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқуының қалыптасу заңдылықтары, жалпыға бердей мектептердегі және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептердегі "тәрбиесі қиын" жеткіншектегілердей болып келеді. Психологиялык және клиникалық сипаты, ақыл-ой кемдігінен жанамаланған тұрақтылықпен ерекшеленеді. Жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқуы жоғарыда келтірілген биологиялық немесе әлеуметтік факторлардың бірімен ғана емес, нақты түрлерінің әрқайсысына тиесілі кешенімен байланысты.

Дамуында кемістігі бар балалардың көпшілігін ақыл-ойында кемістігі бар балалар (жалпы балалар популяциясының 2% ал кей маліметтерге қарағанда 3% ке жуығын) құрайды. Бүгінгі таңда ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларды төмендегі кестеде көрсетілген ретпен түсіндіругі болады.

Ақыл-ой кемістігі бар балалар
Интернатальді кезеңде, яғни туылу кезінде пайда болатын ақыл-ой кемістігі 17, 1%
Іштен туа пайда болатын ақыл-ой кемістігі 74, 5%
Генетикалық формадағы ақыл-ой кемістігі-75%
Баланың жас кезінде пайда болатын ақыл-ой кемістігі -8, 4%

Генетикалық формадағы ақыл-ой кемістігінде аурудың хромосомды формаларын жатқызуға болады. Хромосомды форамлар бүгінгі таңда барлық ақыл-ой кемістік жағдайларын 15, 7% құрайды.

Ақыл-ой кемістігінің даму барысындағы деңгейіне және сапалық жәрежесінің өзіне тән өзгешілігіне қарай олигофрения: идиотия, имбецильность және дебильность болып басты-басты үш топқа бөлінеді.

Идиотия -гректің сөзі. Оның қазақ тіліндегі мағынасы нақұрыс ұғымға тура келеді. Демек, идиотия туа біткен психикалық бұзылуының нәтижесінде болатын ақыл-ой кемісітігінің ең ауыр түрі.

Біріншіден, идиот балалардың физикалық дамуы өтте қатты күйзеліп бұзылған. Олардың бас сүйектері мен дене құрылысы сүйектерінің сыртқы мүсіндік тұлғалары майысып-қисайып бүлінген және оның салдарынан қимыл-қозғалыстары толық жетілмей қалған. Физикалық кемістіктің мұндай зардабынан идиот балалардың кейбіреулері тіпті өздіктерінен емін еркін отырып-тұрып, түзу жүреде алмайды. Олар бүкіл денесімен аударылып төнкеріліп немесе теңселіп-шайқалып таспақаша митыңдап жүреді.

Екіншіден, идиот балалардың сөйлеу тілдері жекелеген кейбір жеңіл дыбыстарды айтудан ары бармайды. Тек кейбір жағдайларда ғана бір - екі, буыннан тіркескен бірнеше сөздерді бұрмалап бұзып айтуға шамалары келеді. Айткенменде бұлардың жеңілдеу түрлеріндегі сөйлеу тілдерінің бір шама сақталатындықтарын байқауға болады. Бірақ олар айтқан сөздерінің мағыналарын өздері түсінбейді.

Үшіншіден, бас миының үлкен жарты шары қыртысының жұмыс істеу қызметінің соншалықты өрескел қатты бұзылғандығының нәтижесінен идиот балалардың тіпті қарапайм деген шартты рефлекстерінің өздері өте қиыншылықпен орындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен оңалту және коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктері
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды ерте әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен принциптері
Адамзат даму тарихындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік мәдени статусы
Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Тұқым қуалаушылық ауруы бар балалар
Әлеуметтік жұмыстың әдістері және оның жетілдіру жолдары
Арнайы білім беру жүйесін регламенттейтін құжаттар
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz