Кеңестік дәуірдегі педагогика және білім беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кеңестік дәуірдегі педагогика және білім беру

90 жылдардың басына дейін жарық көрген Кеңестік кезеңдегі педагогика және білім берудің отандық жүйесінің тарихы бойынша оқу әдебиеттері мен ғылыми әдебиеттерінің барлығы тарихи-педагогикалық үрдісі тұрғысынан келу кезеңдерінің әдіснамалығына бағытталғаны құпия емес. Осындай тұрғыдан келу, кеңестік білім беру мен педагогика “әлемдік педагогикалық ойлардың жоғары жетістігі”, социалистік қайта құру ретінде қарастырылады. Әлемдік социалистік жүйенің құлдырауы, Кеңес одағының ыдырауы Егемендік Қазақстанның құрылуы нәтижесінде ”Кеңестік педагогика және социалистік білім беру жүйесі” басымдылығы туралы тезисі өз мағынасын жоғалтты. КПСС әлеуметтік- мәдени үрдісінің негізгі факторы ретінде “жетекшілік және бағыттаушылық” рөлі басқаша бағалана бастады. Отандық тарихи оқиғалар жөнінде пікірлер, ойлар бар, соның ішінде қазақстандық білім беру жүйесі жөнінде де.

Қазақстанның білім беру жүйесі тоталитарлық қоғам жағдайында дамыды, әлеуметтік-саяси ықпалда дамыды. Қазақстанның білім беру жүйесінің қалыптасуы “жаңа адамдарды” тәрбиелейтін маркстік тұжырымдамамен байланысты, жаңа социалистік қоғамға қажетті кеңестік қоғамның қалыптасуы жағдайында жүрді. “Коммунистік рух” шеңберінде жаңа мектепте білім берудің жалпы мазмұны, мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар әр халықтың адамдарының тарихындағы жалпы адамзаттық және рухани, материалдық және моральды-этикалық жоспарындағы өзара іс әрекет жасауды ұсынады.

Социалистік қауымдастыққа қарамастан, ұлттық мектеп әлеуметтік институт ретінде өзінің іс-әрекетін осы өзара іс-әрекет жасау негізінде құрады. Сондай-ақ, оқу-тәрбие жүйесіндегі ұлттық-ерекшіліктердің болуын жоққа шығармау. Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы орта білім берудің дамуын қарастырғанда біз бірқатар ішкі қайшылықтарды ескере кетуіміз керек. Бірінші бесжылдықта Ресейдің ұлттық жерлеріндегі бұрынғы мектептер, біртұтас әдіснамалық принциптерге қарамастан, оларға ғана тән ерекшеліктері болды. Бұлар мынандай факторларды қарастырды: тарих және этностың мәдениеті, тілі, шаруашылығы, яғни дәстүрлі еңбек іс-әрекеті, демографиялық ерекшеліктері, тұрғындардың ұлттық құрамы, қоғамдық-экономикалық даму деңгейі. Бұл факторлар қазақстандық білім беру жүйесіне арналған соларға тән болды. Республика көп ұлтты республиканың бірі болды. Бүгін революцияға дейінгі мектеп жүйесінің негізі қайта қарастырылып жатыр, соның негізінде Қазақстанның жаңа мектебі құрылды.

“Кеңестік педагогика” феномені революциядан кейінгі алғашқы жылдары пайда болды. Тәрбиенің негізгі принциптері екі бастапқы көздерге сүйенді: социалистік тәрбиенің маркстік идеалға және ресей және шетел педагогикасының теориялық және тәжірибелік іс-тәжірибелеріне . Социалистік тәрбие идеяларының қалыптасуы және гуманистік педагогиканың дамуына үлкен үлес қосқан маркстік-педагогтар Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, С. Ф. Шацкий т. б білім беру жүйесінің реформаторлары. 20 ғасырдың 90-ы жылдары педагог -марксистердің идеялары сынға алынды. Н. К. Крупскаяның педагогикалық концепциясы оның жеке гуманистік педагогикалық тәжірибесіне, қазіргі білім беру жүйесінің болашығының дамуы және тарихи-педагогикалық үрдістерге талдау жасау негізінде қалыптасты. Оның пікірінше, болашақтағы мектеп педагогикалық ғылымның дамуына оның антропологиялық негізіне, алдыңғы қатарлы ізгілік технологиялардың қазіргі деңгейіне сай ұйымдастырылуы қажет. Н. К. Крупскаяның гуманистік идеялары білім беру жүйесінде, қазіргі мектеп принциптеріне қарсы келмейді. “Халық ағарту” журналында бағдарламалық мәні бар мақаласымен сөз сөйледі: мектептің мақсат және міндеттері, “Теорияда және практикада еңбектің қай түріне болсын дене еңбегі, ақыл-ой еңбегіне дайын қоғамдық өмірді қуанышты және әдемі, толық мазмұнды құра білетін адамдарды, қоғамдық өмірде және табиғат айналасында болып жатқан құбылыстарды ашық түсінетін, мақсатты қөзқарасы бар, қоғамдық инстинктермен ұйымдастырылған саналы адамдарды жан-жақты тәрбиелеу. ”

“Мектептің мақсаты туралы мәселеге” деген мақаласында социалистік мектептің буржуазиялық мектептен негізгі айырмашылығы-мектептердің алдына қойған мақсатында деп көрсетті. Жұмысшы табының мектеп ісінде алдына қоятын мақсаты-әр баланың жеке басын дамыту, оның білімін тереңдету, санасын өсіру, ал мұндай мақсатты буржуазиялық қоғамдағы мектеп қоя алмайды.

Н. К. Крупская политехникалық білім беруді өндірістік еңбекпен ұштастырып оқыту жайлы идеясы бүгінде өзекті мәселе болып табылады. Оның пікірінше, социалистік мектеп тек қана еңбек мектебі емес, сонымен қатар политехникалық болуы керек деді. Ол мектепте индустриальды өндіріс педагогикалық үрдіс базасы болып табылады. Политехникалық білім беруге Крупская тірі табиғатты, материалдардың технологиясын, өндіріс құралдарын, олардың механизмін, энергетиканы білу, сонымен қатар экономикалық қатынастардың географиялық негізін білу жатады деп санады. Политехнизм жеке пән емес, -деді ол - барлық пәндерді оқытуда сол пәндердің материалдарын іріктеп алу арқылы берілетін білім: ол пәндер бір-бірімен байланысты оқытылумен қатар, тәжірибемен ұштастырылуы тиіс, әсіресе оқыту еңбекпен байланыстырылуы керек деп есептеді. Политехникалық білім теория мен технология деңгейінде меңгеріліп, білім алушылар еңбектік іс-тәжірибе алды. Н. К. Крупскаяның айтуынша, индустриальды өндіріс өзінің ағартушылық потенциалында оқушылардың интеллектуалды дамуына, олардың ізденушілік шығармашылығына, кәсіпкерлік іс-тәжірибесіне, еңбек адамзат өмірінің негізі деген көзқарастарының саналы түрде қалыптасуына әсер етеді.

Н. К. Крупская қарастырған мәселесінің қай сұрағын қарасақ та, бізге балалық шақтың гумандық көрнісі түсінікті болады, баланың жеке бас қорғанысы, адам дамуының шексіз мүмкіндіктеріне деген сенімді нығайтады.

Н. К. Крупскаяның көзқарасына Наркомпростың жетекшілерінің бірі А. В. Луначарскийдің позициясы жақын келеді. Сонымен қатар ол партия ережелеріне бағынбайтын еркіндігімен, адамның мәдени құндылықтарын бағалаумен ерекшеленеді.

Революциядан кейінгі саяси идеологияға толы алғашқы жылдары бұрыңғы білім беру жүйесінің орнына жаңа жүйе құруда жалпы адамзаттық және отандық гумандық идеялар мен құндылықтарды жеткізуші ғылыми -педагогикалық зиялылар қауымының қызметтері ерекше болды. Тарихи қалыптасқан білім беру жүйесін бөлшектеп қайта құруда оның реформалауда принциптік көрнісі қарам-қарсы қойылды. “Ескі” мектептерді құлатып, орнына гумандық және демократиялық идеялар мен құндылықтар бағытында білім беру жүйесін өзгерту шартты болды. Ғылыми-педагогикалық зиялылар қауымы отандық білім бере отырып балалық шақтың, мәдениеттің құндылықтарын қорғауды жалғастырды. Ол педагогикалық бірлестіктің интеллектуальды, рухани-адамгершілік атмосферасының құрушысы, гумандық педагогиканың сақтаушысы болды. Мұндай тенденция тек ғана орталықта емес, сонымен қатар бұрынғы патшалық Ресейдің кейбір аймақтарында болды, соның ішіне Қазақстан да енді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы
Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім - тәрбие
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Еуропа елдеріндегі гуманистік тәрбие идеяларының қалыптасуы
Кеңестік психологияның дамуы
Дидактиканың біртұтас жүйесін зерттеген ресейлік ғалымдардың тұжырымдары
Педагогика тарихы ред
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz