1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика
Ж О С П А Р
1. 1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика.
2.Кеңес педагогтарының іс-әрекеттері: Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, А.С.Макаренко және т.б.
3.1980-1990 жж. кеңестік мектеп және педагогика ғылымының дамуы.
4.Жаңашыл-мұғалімдер - В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н. Лысенкова, И.П.Иванов, Т.И.Гончарова, Г.И.Ильин және т.б.
1917-1940 жылдар аралығындағы Қазақстандағы халыққа білім беру ісі. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда көптеген өзгерістер болды. Соның ішінде, республикада халықтың сауатсыздығын жою жөніндегі, жалпы білім беретін мектептердің кең жүйесін құру, яғни бастауыш, орталау, орта мектептерді және арнаулы орта, жоғары оқу орындары бойынша атқарылған көптеген жұмыстарды атап өтуге болады. Халыққа білім беру ісіндегі ең маңыздысы біртұтас жүйенің құрылуы және дамуы, сондай-ақ мектеп жасындағы балаларды оқуға қамту болды. Үкіметтің және халыққа білім беру органдарының ұдайы қамқорлығы арқасында қысқа мерзімде мектептер, мектептен тыс ұйымдар, балалар мекемелерін құруда үлкен табыстарға қол жетті. Мектеп ашудың қиындығы оқулықтардың жоқтығына, оқу бағдарламаларының, мектеп ғимараттарының, мұғалімдердің аздығына, әсіресе ұлттық педагогтік кадрлардың тапшылығына байланысты болды. Сауатсыздықты жою, бастауыш мектептерді ұйымдастыру, бір жылдық және екі жылдық мектептерді төртсыныптыққа ауыстыру жөніндегі жұмыстар төтенше күрделі жағдайда өріс алды. Мектептер тұрғызылды, алыс аудандардағы оқушыларды оқыту үшін тиісті жағдайлар жасалды. Балаларды оқытудың күрделі жағдайларын есепке ала отырып, әртүрлі үлгідегі мектептер коммуна-мектептер интернаты құрылды. Кейін ол жоғары үлгідегі мектепке айналдырылды. Оның ұлт жастарын техникумға түсуге дайындауда маңызы ерекше болды. Кеңес үкіметі құрамындағы ұлт республикаларының комиссариаты, губерниялар мен облыстардағы Халком жанындағы бөлімдерімен халық ағарту комиссариаты құрылды. Ағарту халкомы болып А.В.Луначарский тағайындалды. 1918 жылы қаңтарда Петроградта елдегі ағарту ісін түбегейлі қайта құруды көздеген Кеңестердің бүкілресейлік ІІІ съезі өтті. Күйзеліс, аштық, басталған соғыс интервенциясы мен азамат соғысына қарамастан, халық бұқарасының мәдениетін көтерудегі бірінші жағдай ретінде сауатсыздықты жою міндеті қойылды. 1918 жылы наурызда Түркістан өлкесінің Халком кеңесі өзінің декретін жариялады. Онда ағарту жөніндегі халық коммиссариаты А.В.Луначарскийдің жарлығына сәйкес, ұсынылған жоспарға байланысты Түркістан өлкесінде халыққа білім берудің өлкелік кеңесі ұйымдастырылады деп айтылған. 1918 жылы маусымның ортасында халыққа білім беру жөніндегі Өлкелік кеңестің орнына Түркістан ағарту комиссариаты құрылды. Ағарту комиссариатына көпұлтты халқы бар өлкенің ұланғайыр аумағында мәдени-ағарту мекемелері, ана тілінде сабақ беретін және ғылым талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалар бойынша оқытатын мектептер жүйесін құру жүктелді. Мектептерді бастауыш, гимназия, реальды училище және т.б. бөлу қысқартылды. Оның орнына екі сатылы мектеп енгізілді: бірінші - 8 жастан 13 жасқа дейінгі балалар үшін 5 жыл оқу және екінші - 13 жас пен 17 жас арасындағы балалар үшін 4 жылдық оқу. Қазақстандағы халыққа біліс беру жүйесіндегі түбірлі өзгерістерді барлық жастағы жұртшылықты қамтыған ағартушылық және мәдени-тәрбие жұмысының жаңа түрлері құрады. Жер-жерде курстар, кешкі мектептер, өз бетімен білім алу үйірмелері ұйымдастырыла бастады.
Кеңес өкіметінің мәдениет мәселелері жөніндегі бірінші маңызды декреттерінің арасында РСФСР Халық ағарту комитетінің Аз ұлттардың мектептері туралы қаулысы болды. Осыған сәйкес 1918 жылы тамызда Қазақ респуликасының ОАК (ЦИК) мектептерде оқытуды ана тіліне көшіру туралы декрет жарияланды. Қазақ мектептерінде ана тілінен басқа орыс тілін, сондай-ақ арифметика, география, тарих, жаратылыстану, сурет, ән-күй сабақтарын оқи бастады. Қазақ, орыс мектептері құрылды. Ал Қазақстанның Оңтүстік облыстарында басқа мектептермен қатар өзбек, ұйғыр мектептері дүниеге келді. 1918 жылдың 23 қаңтарындағы Шіркеуді мемлекеттен және мектептерді шіркеуден бөлу туралы декрет мектептердің еркін демуының бастауы болды. Халыққа білім берудегі қайта құрулармен қатар басқа да шаралар аса үлкен маңызға ие болды. Елдің барлық оқу орындары Ағарту жөніндегі халық комиссариатының қарамағына берілуі, ұлдар мен қыздарды бірге оқытуды ұйғару ерекше маңызды болды. Үлкен адамдардың арасында сауатсыздықты жою жөнінде көп жұмыстар атқарылды. Осы жылдары халыққа білім беру жұмысының табысы негізінен мұғалім туралы мәселені шешуге қатысты еді. 1920 жылдың соңына қарай 17 кәсіби-техникалық оқу орындары Орал, Семей, Торғай, Верный, Петропавлда ашылды. Сонымен қатар осы жылы Оралда, Петропавлда музыка мектептері; сондай-ақ Оралда педагог-суретшілерді дайындайтын мектеп ашылды. Техникумдар мен жоғары оқу орындарының жұмысшы факультеттері арқылы жергілікті ұлттан кадрлар дайындауға баса назар аударылды. Мектеп жүйесінің жылдам өсуі педагогтарды да көп талап етті. 1921 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда халыққа білім беретін төрт институт жұмыс істей бастады. Орынборда жалпы саны 130 адамдық орысша, татарша - 223 адамдық, қазақша - 140 адамдық, Семейде аралас - 90 адамдық. Олар бар болғаны 593 адамды қамтыды.
1920-21 жылдары қыздарға білім беруді өркендетуге ерекше назар аударылды. Ең масқарасы қалыңдықты қалың малға сатып алу түрі болды. Бұл барлық құқықтардан, тіпті білім алу құқынан айрылып біреудің екінші немесе үшінші әйелі болуына мәжбүр етті. Сондықтан 1920 жылдың 28 желтоқсанында Қазақ Орталық Атқару Комитеті ҚАКСР Халық комиссариаты кеңесі қалың малға тиым салу туралы декрет қабылдады. Қалың мал туралы келісім, баталасу дұрыс емес деп танылды. Декретті бұзу қалыңмалға берілген малды және басқа да дүние мүліктерді алған адамнан екі есе көлемде тәркілеуді және екі жақты да бір жылға дейін бас бостандығынан айыруды талап етті. Өздерінің еркіндікке деген құқын сезінген қазақ қыздары қоғамдық өмірге белсенді араласып, білім ала бастады.
1920-1921 жылдары азамат соғысы жүріп, халық шаруашылығы күйзеліп, көптеген аудандарды аштық жайлаған кезеңде мектеп ісінің жағдайы өте ауыр болды.
1923 жылы мұғалімдер дайындайтын қысқа мерзімді курстар ашылды. Курстарда жалпы білім, арнайы педагогтік және әдістемелік пәндерді оқып үйренді.
1924 жылдың ақпанында Сауатсыздық жойылсын қоғамы құрылды. Ол оқуға үгіт-насихат жүргізу, білім берудегі кенже қалудың себептерін түсіндіру мәселелерімен шұғылданды.
1924-1925 жылдары мектепті қаржыландыру біршама жақсарып, одан әрі қарай қазақ мектептерінің өсуіне ықпал етті. Қазақстанда 4 жылдық білім беретін мектептер, 7 жылдық мектептер ұйымдастырылды.
1930 жылы 27 тамызда ҚАКСР үкіметі жалпыға бірдей міндетті оқу туралы Декрет қабылдады. Декретте республикадағы барлық балаларды жалпыға бірдей оқуға тарту міндеті қойылды. Жергілікті өкімет, жергілікті жердегі халыққа білім беру органдары осы бағытта сан қырлы күрделі жұмыстар жүргізді.
1930-1931 оқу жылынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді. Бастауыш мектеп 8 бен 11 жас арасындағы барлық балаларды қамтыды.
Жалпы білім беретін мектептерді түп тамырымен жақсарту үшін Үкіметтің 1933 жылы ақпанда Бастауыш және орта мектеп оқушылары үшін оқулықтар туралы, 1934 жылы мамырда Бастауыш және орта мектептің құрылымы туралы, 1935 жылы Оқу жұмысы және бастауыш, орталау, орта мектептің ішкі тәртібін ұйымдастыру туралы және 1934 жылғы КСРО мектептерінде азаматтық тарихын оқыту туралы қабылданған қаулысының мәні ерекше болды. Осы каулылар негізінде жалпы білім беру жүйесінің толық құрылымы аяқталды. Мектептерді жеке типтері айқындалды: бастауыш - 4 сыныптық, орталау - 7 сыныптық, орта - 10 сыныптық. Оқу үрдісінің негізгі түрі болып сабақ танылды. Мектептегі мұғалімнің рөлі артты.
1934 жылы ережеге сай педагогтік институттар жанынан екі жылдық мұғалімдер институты құрылды. Онда орта және орталау білімі бар адамдар қабылданып, жеті жылдық мектептер үшін мұғалімдер дайындады. Осындай екі жылдық институттың бітірушілеріне аяқталмаған жоғары білімді деген диплом берілді. Осы кезеңде педагогтік институттар мен мұғалімдер институттары Алматы, Орал, Қарағанды, Петропавл, Семей, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында жұмыс істеді. 1938 жылы 6 сәуірде халыққа білім беру органдары КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі Республиканың қазақ мектептерінде орыс тілін оқытудың міндеттілігі туралы қаулысын қабылдады. Қаулыда Қазақстанның қазақ, өзбек, ұйғыр, татар және басқа мектептерінде орыс тілін оқытудың қатаң тәртібі бекітілді.
1931 жылы тамызда ҚазКСР ХКК жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық оқуды енгізу туралы қаулы қабылдады. Осы қаулыны орындау үшін 1931-1932 оқу жылынан бастап республиканың барлық қалаларында, 26 ауданында жетіжылдық жалпыға бірдей міндетті оқу енгізілді.
1935 жылы республика үкіметі Мектеп құрылымдарын ретке келтіру және қазақ орта мектептерін көбейту туралы маңызды шешім қабылдады.
1940-41 оқу жылында қазақ орта мектептерінің жанынан 29 мыңға жуық бала тәрбиеленетін 250 бюджеттік интернат ашылды.
Жоғарғы оқу орындар саны өсті, ғалымдар саны ұлғайды. Қаз Хал Ағарту комиссариаты жүйесінде 1940-41 оқу жылының басында 13 педагогтік және мұғалімдік институт жұмыс істеді.
1940 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы өз Жарлығымен ең озық және еңбегі сіңген мұғалімдерге берілетін Республиканың еңбек сіңірген мұғалімі атағын бекітті.
Осы жылдар ішінде Қазақстан тұтас сауатты республикаға айналды, жүздеген, мыңдаған мектептер, балалар бақшалары, орта арнаулы және жоғары оқу орындары құрылды. Республикада Қазақстан аумағында тұратын барлық ұлттар тілінде жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жүзеге асырылды. Сондай-ақ біртіндеп жалпыға бірдей жетіжылдық, сегізжылдық, сол секілді кейінірек орта білім беруге көшу жүзеге асырыла бастады.
2.1917-1940 жылдар аралығындағы Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы. Кеңестік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz