Кәсіби тілді оқытудағы коммуникативтік әдістің тиімділігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіби тілді оқытудағы коммуникативтік әдістің тиімділігі

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті тілдік тұлғаны қалыптастыруда тиімді әдістерді қолдану ЖОО-да кеңінен өріс алды. Сол себепті тілді оқыту әдістемесінде және тіл үйретуде, оқытуда ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, қоғамдық-әлеуметтік қажеттілікке прагматикалық қызмет атқаратын әдістерді қолдануды талап етеді.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» жобасына қазақ тілінің мәртебесін жоғары деңгейге көтеретін мәселелер қамтылуы тиіс. Бұған біріншіден , «Мемлекеттік тіл» Заңы қабылданып, толыққанды жұмыс жасауы, ол Елбасының «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген тұжырымдамасымен үндес келуі, яғни Қазақстан халқының болашық өмірінің кепілі болуы. Екіншіден , қазақ тілі коммуникативтік қарым-қатынас , ресми қатынас тілі ретінде жұмыс жасауы. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтайтын тілді үйрену арқылы екінші ұлттың дүниетанымы, мәдениетімен танысуға, сол арқылы қоғамда әр түрлі топтар арасында үйлесімді өмір сүріп, қайшылықтардың алдын алуға болады. Қазақ тілін оқыту үрдісін заман талабына сай жаңартудың негізгі моделі көпдеңгейлік оқыту жүйесін қалыптастыру болып табылады. Көпдеңгейлік оқыту мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтетін динамикалық құрылым ретінде білім берудің барлық жүйесінде қазақ тілін оқыту үрдісін реформалаудың шынайы әрі нақты құралы болып табылады.

Профессор Қ. Қадашева “Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері: өзгетілді дәрісханалардағы қазақ тілі” ғылыми еңбегінде мамандық тіліне бейімдеп оқытуда жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалануға болатындығын, тіл үйренушілердің өз саласында тілді қолдану қызметінде лексикалық минимумды анықтау, қатысымдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ерекшелік екендігін көрсетті. Заңгер мамандығына бейімдеп оқытуда автордың өз тәжірибесінен алынған үлгілері толық баяндалып, кәсіби бағыттағы материалдың негізінде пікірлесу арқылы қарым-қатынасты қалыптастыруға жаттығулардың негізгі үлгілерін ұсынады. Сонымен қатар өзгетілді дәрісханалардағы үйренушілерге мамандығы бойынша тілдік база жасау мәселесіне тоқтала отырып, оның мақсаттарын ашып көрсетеді [Қадашева, 2001, 103] .

Қ. Қадашева: «Арнайы оқу мәтіні, негізінен, мамандықтары бойынша дәріс және арнайы курстар оқылатын оқулықтардағы тақырыптар негізінде құрастырылуы керек. Мұндай тұрғыдан келу білім алушылардың болашақ мамандығына жақын қазақ тілінде сөйлеуге үйрену үдерісінде мүмкінді к жағдай туғызу, жоғары уәждеме тудырады», - деп, мәтінді қайдан алу керектігіне бағыт-бағдар береді [Қадашева, 2001, 102] .

Студенттер бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауда ең алдымен сөзге сүйенеді. Қатысымдық тұлға - сөз студентке түсінікті болу үшн, сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасын біліп алу қажет.

Сөз - сөйлеу, пікір алысу үрдісіндегі ең басты тұлға. Сөз жеке тұрғанда, затың, сынның, қимылдың т. б. атауы болып, номинативті қызмет атқарса, тіл арқылы қарым-қатынаст белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жұмсалып, қарым-қатынастық қызмет атқарады [Жанабилова, 2005, 28] .

Профессор Б. Қасым заманауи жоғары кәсіби білім алу жағдайында белгілі бір салаға тек маман дайындау жектіліксіз, сонымен қатар жеке тұлғаның жан-жақты дамуы да көзделеді. Кез-келген саланың болашақ мамандары кәсіби құзіреттілікпен бірге, жоғары кәсіби мәдениеттілік иегеруі тиіс, ол тіл мен мәдениетің сабақтастығы, ұлттық ерекшелікті танатын тіл бірліктері арқылы жүзеге асатынын көрсетеді. Сонымен қатар сөздің лексикалық мағынасы мен семантикасы жайлы: «Сөздің лексикалық мағынасы таным теориясымен тікелей байланысты. Яғни адам затты қаншалықты жақсы таныса, затты белгілейтін сөздің мағынасын соншалықты анық, айқын біле алады. Себебі сөз мағынасы - белгілі бір заттың не құбылыстың адам санасындағы жалпыланған бейне. Зат бейнесі сөз мағынасының негізін құрайды, яғни жалпыланған бейне арқылы сөз мағынасын түсініледі және мағына арқылы келесі тыңдаушыға жеткізіледі. Сөз мағынасын қалыптастыру үшін сөздің мағынасын сөйлеуші ғана емес, қоғамдағы басқа адамдар да солай түсінуі, солай ұғынуы керек. Сонда ғана адамдар бірін-бірі түсінеді, бірімен-бірі қарым-қатынас жасай алады» [Қасым, 2010, 330] .

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, қоғамдық-әлеуметтік сұранысқа негізделген студенттердің жеке ынтасы мен қызығушылығының үйлесімі болашақ маманды кәсіби дайындаудың төмендегідей мақсаттары мен міндеттерін айқындайды:

1. Кәсіби маман дайындауда жоғары пәндік, педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік деңгейге жетудің ұстанымдары:

• бастауышта оқылатын пәндерге байланысты базалық білім деңгейінің болуы (кәсіби деңгей) ;

• мамандыққа байланысты арнайы пәндерден академиялық білім деңгейінің болуы (іргелі білім деңгейі) ;

• кәсіби қазақ тілі пәнін оқытуға қызығушылығының болуы (танымдық қызығушылық) ;

• әдістемелік және технологиялық біліктерінің базалық деңгейі.

2. Оқу үдеріс барысында кәсіптік мамандыққа бейім тұлғасын қалыптастыру:

• бейімделу мүмкіндіктері (өзін-өзі кәсіби бағалау т. б. )

• қарым-қатынас, тіл табысу қасиеті;

• кәсіптік бағыттылығы, ынтасы, қызығушылығы;

• жалпы білім, білік, дағдысының даму деңгейі.

3. Шығармашылық белсенділігін қалыптастыру:

• мәселені шешуде қалыптан түрлі тәсілдерді қолдана білуі;

• мәліметтер жинау (портфолио), ілгерілеу және болашаққа болжам жасау;

• ғылыми ойлау амалдарын қалыптастыратын оқу және зерттеушілік

сипаттағы міндеттер тізбегі (анализ, синтез, модельдеу, т. б. ) .

4. Кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыту:

• кәсіптік шеберлік;

• сыни ойлау;

• қабылдау, ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас іс-әрекетіне өзі талдау жасау сияқты функционалдық тетіктері.

Коммуникация - адамдардың танымдық еңбек процесінде қатынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу - олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Қатысым - адамдардың нақты сөйлеу жағдаятында тіл арқылы қарым-қатынасқа түсуі.

Сонымен , коммуникативтік құзыреттілік : жазбаша қатынас - өз ойын жай құрылымды жазбаша коммуникацияның стандартты нәтиже түріне келтіреді - мәтінді дайындау ережесін сақтап және берілген үлгі, қосымша сұрақты айтып береді;

көпшілік алдында сөйлеу - мақаланың жоспарын дайындау -жұрт алдында сөйлеу ережесін және регламентті сақтау;

диалог: - пікірталас, диалог, монологтардағы бағалау/фактіге негізделген ақпараттардың негізгі мазмұнын түсінеді.

• әңгімені ережеге сәйкес бастайды және аяқтайды. Диалогтың мақсатына сәйкес сұрақтар қояды және сұрақтарға жауап береді.

Қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқыту әдістемесі бойынша Р. Ә. Шаханова “Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері” еңбегінде техникалық университеттің орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты: “Қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың әдістемелік жүйесін жаңа технологиямен толықтырып, дамытып, жетілдіріп отыру тілдің қатысымдық қызметін нәтижелі меңгертуге негіз қалайды», - дейді [Шаханова, 2002, 301] . Студенттердің қазақ тілінде сөйлеуге деген қызығушылығы мен мүдделігін, олардың білімін рейтинг, тест материалдарын талапқа сай пайдалану арқылы арттыруды ұсынады.

Мамандыққа байланысты мәтіндерді оқытқан кезде тілдік қатынастың барлық түрлері қолданылады. Студенттердің мәтінді талдау әрекетімен бірге әңгімелесу арқылы сөйлеу әрекетіне, сұрақ-жауап арқылы тілдесім әрекетіне, жазбаша жұмыстарды жазғызу арқылы жазу әрекетіне үйрету көзделеді.

Кәсіби мамандыққа қатысты тілді меңгертуде мамандыққа арналған мәтіндердің өзіндік ерекшелігі болуы тиіс:

• студенттерді өз кәсіби мамандығы бойынша қазақша тілдесуге үйрету;

• мамандыққа байланысты тілдік қатынасқа түсу үшін әр түрлі жағдаяттарға құру арқылы тілдік қатынастың қажеттілігін арттыру;

Профессор Ф. Ш. Оразбаева: «Оқушы жаңа грамматикалық заңдылықтарды, ережелерді есте сақтап, оларды іс жүзінде қолданады, тілдік тұлғалардың байланысу түрлерін меңгеріп, сөйлеу кезінде пайдаланады . . . Фонема, морфема, сөз, тұрақты тіркес, сөйлемдер тілдік тұлғалар ретінде тілді оқытудың жүйесін енеді», - деп, кез-келген ереже сөйлеуді үйретуге қызмет етіп, пікірлесу, тілдесу үшін оқытылғанда мақсаттың орындалатындығын көрсетеді [Оразбаева, 2005, 144-145] . Мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту арқылы студентті болашақ мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады. Мысал, студенттерге төмендегідей мәтін беріледі: көркем сурет факультеті студенттері мамандыққа қатысты сөздердің ( былқылдақ - әйелдерің бас киіміне тағатын үлкен моншақ, маржан ; көк тас, әшекей ; жақ - бас киімге тағылып, самайдың екі жағынан төмен түсетін үзбелі салпыншақ сәукеленің астынан киетін зере деген бас киімнің самай тұсына, кимешектің екі бет тұсы мен астын ала тігілген оқалы, алтын, күміс шытыралы әшекей сәнді кесте . Мамандыққа қатысты әрбір сөздің тура және ауыспалы мағынасы салыстырыла берілді. Мысалы: алқа - мойынға, кеудегесәндікке тағатын әшекей. Алқа сөзінің бірнеше мағынасы бар. Осы алқаның бірнеше түрінің барлығы айтылып, салыстырмалы түрде беріледі: алмас алқа - алмаздан жасалған мойын әшекейі; алтын алқа - алмаздан жасалған алқа, дан алқа - лауазымы үлкен, қызметі жоғары адамдардың мойынына тағатын медальон; жақұт алқа - жақұт көзді алқа түрі ; қос алқа - екі қатр етіп алтын-күмістен соққан алқа т. б. Мәтін - қашан да тілдік әрекеттің нәтижесі болып табылады. Мәтінде тілдік тұлғалардың бәрі орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру теориясы
Фонетиканы оқытудың әдіс - тәсілдері
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Фонетиканы оқытудың жаңа тәсілдері
Ағылшын тілін оқыту технологиялары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Қостілділіктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz