КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
11-лекция. КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Жоспар:
11.1. Бәсеке түсінігі және түрлері. Бәсекенің дамуы
11.2. Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекелік қабілеттілігі
11.3.Кәсіпкерлік қызметтің бәсекелік қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
11.4.Кәсіпкерліктегі бәсекелестерді талдау

11.1. Бәсеке түсінігі және түрлері. Бәсекенің дамуы
Бәсеке - табиғи жағдайда немесе заңнама аясында объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестер арасындағы күресте жеңіске немесе басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін субьектінің өзінің артықшылығын басқару үрдісі.
Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес келесідей үрдістердің болуы мүмкін:
қоғамдық және жеке;
экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және табиғи;
басқарушылық және ондірістік;
қамтамасыз ету, түрлендіру және аяқтау үрдісі;
материалдық және виртуалдық;
объективті және субъективті;
тепе-теңдікті сақтайтын (баланс) және үдайы өндірістік;
лоғикалық және эмоционалдық және т.б.
Бәсеке түсінігіндегі басңару сөзінің құраушылары:
Бәсекелік артықшылықты іздестіру, жасап шығару, қолдау,
пайдалану, дамыту және оның ескіруі.
Бәсеке түсініғінде субъектілер ретінде кез келғен элеуметтік, өндірістік және биологиялық жүйелер болуы мүмкін.
Субъектілердің бәсекелік артықшылықтары мүрагерлік, қүрылымдық, технологиялық, ақпараттық, біліктілік, басқарушлық, табиғи-климаттық және т.б. болуы мүмкін.
Жүйе мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін:
кәсіпорын миссиясын орындау;
спорт жарыстарында немесе шығармашылық конкурстарда жеңімпаз болу, нарықтық жүйеде нақты тауардың бәсекелестігімен жеңіске жету;
сыртқы және ішкі даму немесе бәсекелесті өз құрамына қосып алу арқылы белгілі бір жоғары деңгейге қол жеткізу;
қол жеткізілген деңгейді сақтау және жақсарту;
Қажеттіліктер төмендегідей болуы мүмкін:
объективті (табигат немесе қоғам туындатқан) немесе субъективті (басқару субъектісі арқылы);
бастанқы немесе жоғарғы;
өткен, қазіргі және болашақтағы;
байланысқан немесе байланыспаған;
ғаламдық және жеке;
теріс немесе оң;
дара немесе қоғамдық және т.б.
Заңнама жүйесіне мыналар кіреді: бәсекелік күрес, экологиялық құқық, Азаматтық кодекс, Салық кодексі, кедендік жүйе, еңбек құқығы және т.б.
Бәсеке интенсивтілік дәрежесі бойынша келесідей болуы
мүмкін:
тартымды, осы жағдайда аталған сегментте субъект өз қажеттіліктерін сапалы түрде қанағаттандырады және алдыңғы сегментке қарағанда табысты кебірек алады;
біркелкі (қалыпты), бұл жағдайда бәсеке субъектісінің іс-әрекеттері нарықтың аталған сегментінде бәсекелік ортаға қолдау керсетеді;
бәсеке объектісінің күштілігі жағынан, бұл жағдайда субъект аталған сегментке объектіні қосып алады немесе шеттетеді, ал кейбір жағдайда олардың жұмысын тоқтатуы мүмкін;
Бәсеке нысандары:
заттық - бірдей қажеттілікті қанағаттандыратын тауарлар ассортиментінің топтары және ұқсас объектілер арасындагы бәсеке;
функционалдық - алмастыруға болатыш тауарлар (объектілер) арасындагы бәсеке;
тұлғалық.
Бәсеке әдістері:
тауар сапасын арттыру негізінде (бағалық емес);
тауарды тұтынушыларға, қызмет көрсету сапасын арттыру керсеткіштері негізінде;

бағаны төмендету негізінде;
тауар тұтынушыларының эксплуатациялық шығындарын төмендету негізінде;
басқару үрдістерінің сапасын арттыру негізінде;
объект пен субъектінің барлық бәсекелік артықшылықтарын пайдалану негізінде (интегралды).
Бәсеке келесі деңгейлерде жүргізілуі мүмкін:
жергілікті (топта, бөлімде, ұйымда және т.б.);
аймақтьқ (аймақта, қалада, облыста және т.б.);
ұлттық (елде);
ұлтаралық (бірнеше елдерде);
ғаламдық (елдері нақты анықгалмаган әлемдік масштабта).
Нарық - этикалық, құқықтық нормалар мен ережелерді
ұстанудың, бәсекенің белгілі бір интенсивтілік жагдайында, тауардың нақты түрін сату сатып алу мен сауда мәмілелерін жасауды жүзеге асырудың шартты орны.
Нарық жетілген және жетілмеген болуы мүмкін.
Жетілген нарық моделі сауда мәмілелерінің барлық қатысушылары, тек айрықша экономикалық-құқықтық және этикалық қағидаларды негізге ала отырып әрекет етеді деген болжамга негізделген. Сонымен қатар, жетілген нарыққа келесідей жағдайлар тән:
белгілі бір түрдегі барлық тауарлар сапасына, сыртқы түріне және қорапталуына байланысты ұқсас және олардың бағасы сәйкес келеді;
бәсекелік күрес жағдайлары барлық сатушылар мен сатып алушылар үшін бірдей, оларда қандай да бір кеңістіктік, тұлғалық және уақыттық сипаттағы артықшылықтар жоқ;
нарықтың мелдірлігі: сатушылар мен сатьш алушылардың нарықты толық шолуға, мәмілелерді еткізудің барлық жағдайлары (бағалары, жеңілдіктері, тауар сапасы, жеткізу мен телеу шарттары) туралы жеткілікті ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Нарық түрлерінің ерекшеліктері мен сипаттамасы 14-кестеде келтірілген.
Параметрлері
Нарык белгілері
Нарық нысандары

Жетілген несе таза бәсеке
Монополялық бәсеке
Олигополия
Монополия
Өндірушілер сатушылар саны
Қөп
Қөп бірак тауардын әркайсысының өзіндік ерекшеліктері бар
Шамалы 2-8
Біреу
Сатып алушылар саны
Қөп
Қөп
Екі және одан көп
Бір немесе бірнеше
Бәсеке күші
Өте күшті
күшті
Әлсіз
жок
Нарықтағы үлестері
Шамалы
Шамалы
Үлкен
Барлық нарық
Нарыққа қолжетімділігі
ашық
Киындау
Киындау
Жабылған
Сату колемдері
Тауарға деген сураныспен бәсекеге қабілеттілікпен аныкталады
Тауарға деген сураныспен бәсекеге қабілеттілікпен және катысушылар келісімімен аныкталады
Тауарға деген сураныспен бәсекеге қабілеттілікпен және катысушылар келісімімен аныкталады
Сураныспен аныкталады
Баға белгілеу саясаты
Сұраныс пен ұсыныс заңы негізінде
Сұраныс пен бәсекеге қабілеттілік негізінде
Сұраныс пен бәсекеге қабілеттілік негізінде
Өндірушімен сатушымен аныкталады
Бәсекедегі сапа рөлі
Өте жоғары
Өте жоғары
жоғары
Жағдаймен аныкталады
Тауардың өткізудегі рөлі
жоғары
жоғары
Өте жоғары
Жағдаймен аныкталады
Өндіруші табысының нормасы шамамен
Шамалы
2-8%
8-20%
20%-ден жоғары
1 Ресурстарды пайдалану тиімділігі
Өте жоғары
жоғары
Орташа
Төмен
Кәсіпорын арасындааы бәсекенің өзгеру нұсқалары келесілер:
бәсеке бәсекелесуші кәсіпорьшдар санының көбеюіне байланысты күшейеді;
ірі кәсіпорындар басқа кәсіпорынды өзіне қосып алғанда және оны көшбасшыға шығару барысында шешуші шаралар қабылдаған кезде бәсеке күшейеді;
тауарға деген сұраныс баяу өскен кезде бәсеке күшті болады;
саладағы шаруашылық жүргізудің жағдайлары, кәсіпорынды бағаны төмендетуге немесе сату көлемдерін көбейтудің басқада тетіктерін қолдануға итермелеген кезде бәсеке күшейеді;
өнімнің бір түрінен екіншісіне өту кезіндегі сатып алушылардың шығьгадары онша жоғары болмаған жағдайда бәсеке күшейеді;
бір немесе бірнеше кәсіпорындар нарықтағы өнімдерінің алатын үлесімен қанағаттанбаған жағдайда бәсеке күшейеді;
ұтымды стратегиялық шешімдердің әсерінен табыс пропорционалды түрде өскен жағдайда бәсеке күшейеді;
нарыққа шығу шығындарының көбеюі және кедергілер көп болған жағдайда бәсеке күшейеді;
кәсіпорьшдардың стратегиялары, ресурстары, ұйымдастырушылық ерекшеліктері, миссиясы арасында айырмашылық болған жағдайда бәсеке барысы белгілі болады.
Экономикада бәсеке бірқатар функцияларды атқарады:
Өндірісті реттеу функциясы. Бәсеке тауардың нарықтық құнын анықтайды және белгілейді, нақты еңбекті қоғамға қажетті еңбекке айналдырады: өнім өндіруші тұтьшушыга қажетті бұйымдарды ұсынуы керек, ал ол тауарлар сұранысы көп салаларга жіберілуі керек.
Кәсіпкерлік мінез-құлықты мотивациялау функциясы. Кәсіпкер үшін бәсеке тәуекел мен мүмкіндікті білдіреді. Сапасы бойынша ең жақсы өнімді нарыққа ұсынатын кәсіпорындар пайда табу арқылы артықшылыққа ие болады. Яғни, олар ондірісті дамыту, инноваңиялық тетіктерді ендіру үрдісіне ұмтылады.
Қажеттіліктердің өзгеруіне баяу икемделетін және сапасы төмен тауарды ұсынатын кәсіпорындар зиян шегеді немесе нарықтық жүйеден шеттеу қалады.
Өндірушілер табысын бөлу функциясы. Бәсеке басқару тиімділігі мен еңбек енімділігіне байланысты дара құндылықтарды өзара теңестіруге және сәйкесінше пайданы ұтымды түрде бөлуге септігін тигізеді.
Нарыққа қатысушылардың мінез-құлқын бақылау функциясы. Бәсеке экономикалық таңдауды жүзеге асырады, сатып алушыларға бірнеше өнімді сатушылар арасынан тауарды таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олардың нарықтың жалпы жағдайына әсер етуіне мүмкіндік бермей, әрбір сатушының мінез-құлқын шектейді.
Бдсекелік стратегияга байланысты бәсекелік мінез- құлықтың келесідей типтерін беліп керсетуге болады:
креативті,
бейімделгіш,
кепілдендірілген.
Креативті мінез-құлық бәсекелестерге қарағанда үстемдікке (жаңа өнімдер, өнімді өткізу мен технологияның жаңа нысандары, жаңа жарнама) жеткізетін іс-әрекеттермен сипатталады. Креативті мінез-құлықтың маңызды белгісі кәсіпкерлердің сұраныс пен ұсыныстың қазіргі жағдайын өзгертуге деген ұмтылысы болып табылады.
Бейімделгіш мінез-құлық бәсекелестердің іс-әрекеттерінің алдын алумен және өндірісті жаңартумен байланысты. Бұл жағдай әсіресе кәсіпкер өз іс-әрекеттеріне толық сенімді болмай, қысқа уақыт ішінде өз бәсекелестерінің жетістіктерін өзіне толығымен пайдалануға ұмтылған жағдайларда байқалады.
Кепілдендірілген мінез-құлық кәсіпкерлердің өнім сапасын арттыру, өнім ассортиментін өзгерту, алуан түрлі қызметтерді құру есебінен нарықтағы қол жеткізілген позиңияларын ұзақ мерзімді болашақта сақтап қалуға және тұрақтандыруға деген ұмтылысымен анықталады.
11.2. Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Кез келген жүйенің (кәсіпорынның, аймақтың және т.б.) бәсекелік артықшылығы - бұл оның өзіне ғана тән және оған бәсекелестеріне қарағанда артықшылық беретін қандай да бір ерекше құндылық. Құндылық - бүл жүйенің келігіндегі (өзінде бар) және болашақта сақтап қалуға тырысатын қандай да бір ерекше бағалы нәрсе. Бәсекелестеріне қарағанда кәсіпорын шығаратын өнімінің бәсекелік артықшылығы және алдына қойған мақсаттарына жетуі оның тандап алған бәсекелестік стратегиясына тікелей байланысты болады.
Бәсекелік артъқшылықтардың ерекшеліктері бойынша жіктелуі:
артықшылықтардың сыртқы және ішкі түрлерімен сипатталатын жүйеге (ұйымга) деген қатынасы арқылы;
артықшылықтардың пайда болу аясы табиги-климаттық, әлеуметтік-саяси, технологиялық, мәдени және экономикалық болуы мүмкін;
артықшылық факторының мазмүны, тауар сапасы мен бағасына, тұтынушының оған жұмсаған шығындарына және қызмет керсету сапасына байланысты;
артықшылыққа ие болудың құралы немесе әдісі ретінде мамандарды оқыту, жаңашылдықтарды енгізу және бизнес жүргізу үшін оңтайлы жерге орналасу факторларын атауға болады;
артықшылықтарды жүзеге асыру орны адамдардың жұмыс орны, кәсіпорын, аймақ, сала, ел, элемдік қоғамдастық болуы мүмкін;
артықшылықты жүзеге асыру уақыты стратегиялық және тактикалық факторларға байланысты;
артықшылықты жүзеге асырудан алынатын тиімділіктің түрлері ғылыми-техникалық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық болуы мүмкін.
Әрбір кәсіпорында бәсекелік артықшылықтарды жіктеудің өз ерекшеліктері бар. Ол алуан түрлі экономикалық және басқарушылық аспектілердің қажетті келемін қамтуға, сонымен қатар бәсекелік артықшылықтарды іздестіру мен іздеу үрдістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Соған қарамастан, бәсекелік артықшылықтардың барлық түрлерін кешенді бағалау жеткілікті түрде күрделі, еңбек сыйымды және бәсекелестер бойынша бірқатар ақпараттың жабық болуына байланысты әрқашан да шынайы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да талдаудың тек бақыланатын объектісінде ғана бәсекелік артықшылықтарды толық және жеткілікті түрде анықтау мүмкін болады. Тауарлар мен қызметтердің бәсекелік артықшылықтарьш анықтаудың жалпы тәсілі екі түрден тұрады, олар - шығьндар төмендігі мен тауарлар дифференциациясы. Бұл екі түрі де қандай да бір шамада жоғарыда келтірілген жіктемедегі бәсекелік артықшылықтың барлық белгілерінің мәнін қамтиды.
Төмен шығындарға ұмтылу кәсіпорьшдарға бәсекелестеріне қарағанда аз шығьшдармен өнімді өндіру және оны тұтьшушыларға өткізу барысьшда пайда мөлшерін ұлғайтуға септігін тигізеді.
Дифференциация - бұл кәсіпорынның тұтынушыларды бәсекелестеріне қарағанда сапалы, жоғары сұранысқа ие ерекше тұтьшушылық қасиеттері бар тауарлармен қамтамасыз ету қабілеті.
Бәсекелік стратегияны таңдау барысында кәсіпорындар бәсекелік артықшылықтың екі түріне де назар аударуы қажет. Бірақ, оның біреуін ғана ұстануы да мүмкін. Өнімді аз шығындармен өндіруге бағытталған кәсіпорын, тауарлардың қажетті сапасын жақсарту мен қызмет көрсетуді жетілдіру керек.
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылықтарының түрлерін, оған қол жеткізу мүмкіндігі тұрғысына байланысты екі топқа бөлуге болады: төмен және жоғары тәртіптегі артықшылықтар.
Бәсекелік артықшылықтары төмен (болмашы) кәсіпорындар арзан еңбек күшін, материалдарды, шикізат пен энергияны пайдалану мүмкіндігімен байланысты. Төмен деңгейдегі артықшылықтар тұрақсыз, бағаның және жалақының өсуінен, сонымен қатар бәсекелестері арзан өндірістік ресурстар- ды пайдаланган жағдайда немесе сатьш алған кездерде артықшылығын жоғалтып алуы мүмкін. Басқаша айтқанда, төмен деңгейдегі артықшылықтар - бұл тұрақтылығы аз және бәсекелестер алдында артықшылықты қамтамасыз етуге қабілетсіз.
Жоғары деңгейдегі артыңшылықтарға өнімнің бірегейлігі, жаңа технологиялар мен жоғары білікті мамандарды, кәсіпорынның жақсы беделін жатқызуға болады. Өнімнің бірегейлігі кәсіпорынның өнім өндіруімен байланысты, ал бәсекелестері болса дәл сондай өнімді жасап шығаруы немесе одан да жақсысын ойлап табуы қажет. Бұл іс-әрекеттердің барлығы уақыт пен адамдардың күш-қуатын және шығындарды қажет етеді. Бірегей өнімді шығаратын қандай да бір кәсіпорын басқалардың қолы жетпейтін жетекші орында болады, яғни тұрақты түрде бәсекеге қабілетті болып табылады. Сонымен қатар, мүндай кәсіпорынның нарықтағы тағы да бір артықшылығы оның беделі пайда болады. Бұл артықшылыққа қажырлы еңбек арқылы қол жеткізіледі, ал қол жеткізген жетістікті сақтау үшін қажетті мөлшерде шығындар да керек. Сол себептен де белгілі шетелдік компаниялар өз өнімдерінде сәл ғана ақау болғанның өзінде тұтынушылар үшін оларды тегін жөндейді немесе тауарды алмастырады.
Әрбір кәсіпорын өзінің бәсекелік артықшылықтарын жоғары деңгейге жеткізу үшін өз бәсекелік стратегиясының мақсат, міндеттерін берік ұстануы керек.
Кез келген кәсіпорынның өз ерекшеліктері мен айрықша белгілері бар. Сондықтан да өз өнімінің бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз ету үшін, кәсіпорьш стратегиясьш таңдау олардың әрқайсысы үшін дара сипатқа ие және онын мақсаттары мен мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болады.
Бәсекеге қабілеттілік Қазақстанның ұлттық экономикалық жүйесінің, сонымен қатар жеке тауар өндірушілердің экономикалық жағдайьш талдауда қолданылатьш маңызды интегралды сипаттамалардың бірі болып табылады. Әдетте, оны шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметінің тиімділігі мен бағалау керсеткіштері ретінде қолданады.
Тәжірибе жүзінде бәсекеге қабілеттіліктің келесідей негізгі түрлерін бөліп көрсетеді:
ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі;
тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі;
өндірілген өнімнің нақты түрлерінің бәсекеге қабілеттілігі;
қызмет көрсетудің бөсекеге қабілеттілігі;
шикізат нен шикізат кездерінің бәсекеге қабілеттілігі.
Бәсекеге қабілеттілік жалпы экономикалық санат ретінде
екі субъектінің - тауар өндіруші мен тұтынушы арасындагы және еркін бәсеке жағдайындағы тауар нарығының объектіге, яғни тауарға (қызметке) қатысты экономикалық қатынастардың қалыптасқан жағдайын сипаттайды.
Бәскеге қабілеттілік экономикалық жүйенің екі элементіне - еркін бәсеке жағдайындағы объект пен шаруашылық субъектіге тән. Ол уақытқа тәуелсіз. Сондықтан кез келген уақытта анықтауға болады. Әдетте, кәсіпорын тауарьшың бәсекеге қабілеттілігі, оның өнімін жаңа нарыққа шығару немесе оның нарықтық сегментте алатын үлесін кебейту мақсатында зерттеу жұмыстарьш жүргізген кезде анықталады.
Осы ережелерге байланысты, экономикалық санат ретінде бәсекеге қабілетгілікті түсіну үшін бәсекеге қабілеттілік терминінің негізгі құраушы қағидалары ретінде келесілерді атауға болады:
бәсекеге қабілеттілік тек еркін нарықта ғана байқалады;
бәсекеге қабілеттілік түсінігі нарықтық қатынастардың объектісіне (тауарлар, қызметтер), сонымен қатар субъектісіне де таралуы мүмкін;
бәсекеге қабілеттілік тауар өндіруші тарапынан, сонымен қатар сатын алушы тарапынан да тауардың (қызметтің) сапасын ескереді;
бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау кезінде міндетті түрде тауарлардың аталған нарығындағы тұтынушьшың ақшалай табыстарының деңгейі ескеріледі;
өнім өндірушінің бәсекеге қабілеттілігі экономикалық, технологиялық және басқа да параметрлерімен, сонымен қатар еркін нарықтағы үлесімен де анықталады;
тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі серпінді даму үрдістерінде, сонымен қатар тұрақты түзетуші жағдайдада болады;
7) тауардың бәсекеге қабілеттілігін қандай да бір еркін тауарлық нарықта қалыптасатын бәсеке басқарады.
Экономикалық қатынастардың объектісі мен субъектісі үшін бәсекеге қабілеттіліктің келесідей анықтамалары болады.
Кәсипорынның бәсекеге қабілеттілігі - бұл еркін нарық жүйесінде, бәсеке жағдайында, тұтынушылардың талаптарына объектілердің сәйкестік дәрежесін сипаттайтын және серпінді нарықта өнімнің белгілі бір үлесі бар субъект қасиеттерінің жиынтығы.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - бұл өнімнің бәсекелес ұқсас өніммен салыстырғанда, қарастырылған мерзімдік кезеңде аталған нарықтың талаптарына сай келу қабілеті.
Бұл анықтамада үш ерекше белгі бар:
кеңістік - нақты нарық (ел, нарық сегменті);
мерзім - белгілі бір уақъіт мерзімі;
салыстырмалы танымдылық.
Сондықтан да бәсекеге қабілеттілікті бағалау нақты өнімді сәйкес өніммен уақыт-кеңістік жүйесінде салыстыруды қарастырады.
Шаруашылық қызмет субъектісі тұрғысынан өнімнің бәсекеге қабілеттілігі тұтынушыны қызықтырмайтын, бірақ дайындаушы (қызмет көрсетуші, сатушы) үшін шешуі болып табылатын - нарықтағы коммерциялық табыстың маңызы зор. Коммерциялық табыс табыстар шығындардан көп болған жағдайда, яғни табыс алған кезде орын алады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалау кезінде қолданылатын көрсеткіштер:
сапалық (тауардың сәндік және т.б. үлгілерге сәйкестігі, ақаудың болмауы немесе болуы және т.б.);
сандық (станоктің өнімділігі, тұтынлатын қуат және т.б.).
Бәсекеге қабілеттілік критерийі - бұл өнімнің сапалық немесе сандық сипаттамасы.
Критерийлерді есепке алу мен бағалау сияқты сипаттамалар бәсекелік артықшылықтар туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді, қажеттіліктердің алуан түрлі топтарының қанағаттандырылуын сипаттайды:
иерархияга байланысты - базалық және алга жылжушы;
құрамына байланысты - күрделі және қарапайым;
сипатталу дәрежесіне байланысты - айқын және жасырынды.
Бәсекеге қабілеттілік критерийін кем дегенде екі белгісі бойынша жіктеуге болады: қанағаттандырылатын қажеттілік түрлері және ескерілетін синаттамалар саны (15-кесте).
Осылайша, қауіпсіздік және шынайылық критерийлері өнімнің қарапайым (базалық) қажеттіліктерді қанагаттандыру қабілетін синаттайды:
- қорғануға деген қажеттілік (денсаулық, мүлік, қоршаған орта) және өнім дайындаушыдан (сатушымен, қызмет көрсетушімен) алданып қалмау қажеттілігі.
15-кесте. Өнімиің бәсекеге қабілеттілігі критерийлерінің жіктелуі
Жіктеу белгісі
Бәсекеге қабілеттілік критерийі
Қанағаттандырылатын қажеттілік түрлері
Сапа деңгейі
Әлеуметтік мекен-жайлық
Шынайылық
Қауіпсіздік
Тұтынушылық тұрғысынан
жаңашылдығы
Имидж
Ақпараттандырылуы
Тұтыну бағасы
Ескерілетін сипаттамалар саны
Бірлік
Топтық
Жинақталған
Сапа деңгейі критерийі өнімнің базалық деңгейден бастап (мысалы, азық-түлік өнімдері есебінен физиологиялық қажеттіліктер) алға жылжушы ерекшеліктерімен аяқтай отырып (эстетикалық кажеттіліктер, мысалы, киім, жиһаз және т.б. есебінен сатып алушының белгілі бір критерийге жатқызылуын сипаттайтын қажеттіліктер) қажеттіліктердің кешендік сұранысын қанағаттандыруға деген қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Тауардың жаңашылдық критерий деңгейі оның белгілі көрсеткіштерді жақсарту есебінен айқын қажеттіліктерді, сонымен қатар тұтынушы әлі сезініп үлгермеген қажеттіліктер немесе жаңа туындаған қажеттіліктерді, яғни жасырынды (латентті) қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетін анықтайды.
Ақпараттандырылу критерийі қүзіретті тұрғыдан таңдау үшін тауарлардың бқсекелік артықшылықтары туралы ақпаратты алуға деген ұмтылысынан туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мекен-жайлық критерийін қолдану өнімнің қасиеттерін әлеуметтік топтың немесе адамның дара қажеттіліктерін өтеу қажеттілігін анықтауға бағытталған.
Имидж критерийі өнім дайындаушының (сатушының, қызмет керсетушінің) беделін сипаттайды және сапа туралы мәліметтер тапып болған жағдайда, функңионалдық және қаржылық тәуекелді болдырмас үшін жабдықтаушының жоғары беделіне сүйенуге мүмкіндік береді.
Тұтыну бағасы критерийі сатып алушының материалдық мүмкіндіктеріне сәйкес болатын өнімді сатып алу мен пайдалану қажеттілігін, оның материалдық игіліктерді алуға деген үмтылысын сипаттайды.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалау кезінде ескерілетін сипаттамалар санына байланысты бірілік және кешенді критерийлер болып бөлінеді.
Бәсекеге қабілеттіліктің бірлік критерийі бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын қарапайым сипаттамалардың бірін сипаттайды. Мысал ретінде сату бағасын, приборды автоматтандыру дәрежесін келтіруге болады.
Бәсекеге әабілеттіліктің кешенді критерийі бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын сипаттамалар жиынтығынан тұрады. Оның түрлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсекелестік. Алматы нан» АҚ әлеуетін талдау
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі туралы
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
Кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестік
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Тәуелсіз Қазақстанда бәсеке қабілетінің даму мәселелері
Кәсіпкерлік капиталдың маңыздылығы және қалыптасу көздері
Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
Кәсіпкерлік [ дәрістер ]
Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары
Пәндер