Кәсіпкерлік құқық бұзушылық үшін қарастырылатын заңды жауапкершілік түрлерін жіктеу



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1.Кәсіпкерлік құқық бұзушылық әрекеттерін жауапкершілікке тартудың жалпы қағидалары.

2.Кәсіпкерлік құқық бұзушылық үшін қарастырылатын заңды жауапкершілік түрлерін жіктеу.

3.Кәсіпкерлік құқық бұзушылық үшін қарастырылатын әкімшілік жауапкершілік.
4.Кәсіпкерлік құқық бұзушылық үшін қарастырылатын қылмыстық және т.б. жауапкершілік.

Кәсіпкерлік құқық туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.

Заңдық жауапкершілік - мемлекет тарапынан шара қолдану,сондай - ақ құқыққа қарсы әрекеті үшін мәжбүрлеу шарасын қолдану.
Заңдық жауапкершіліктің қағидалары: заңдылық, әділдік, ізгілік, мақсаттылық, даралық, тек кінәлі болғаны үшін жауапкершілікке тарту, бұлтартпаушылық.
Басты ерекшелік белгісі - мемлекеттік құқықты орындауға мәжбүр Заңдық жауапкершіліктін шарттары: 1қайшы келуі; 2 зиян немесе залалдардың болуы;3мінез - құлық пен салдардың себептік байланысы; кінә болуы. Жеке кәсіпкерлік субъектілері жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сәйкестікті тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегi органдардың жауаптылығы.Сәйкестікті тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегі органдар өз міндеттерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы.Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезінде ішкi рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы.Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жiберу ережелерiн бұзу
Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жiберу ережелерiн бұзу, - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау тәртiбiн бұзу. Пошта ұйымдарының, темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу. Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ түрлерiмен айналысу, - жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету ережелерiн бұзу
Белгiленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамаудан көрiнiс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету ережелерiн бұзу, - жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық ауын заңсыз пайдалану
Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын, немесе бiртектес тауарлар немесе қызметтер үшiн оларға ұқсас белгiлердi заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзу. Бәсекенi шектеу, жосықсыз бәсеке, нарықтағы басым (монополистiк) жағдайды терiс пайдалану, сол сияқты монополияға қарсы заңдарды өзге де бұзушылық, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса және кiрiс алуға әкеп соқпаса, - лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мемлекеттiк монополия туралы заңнаманы бұзу. Мемлекеттiк монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасында белгiленген шектеулердi сақтамауы, - мемлекеттiк монополия субъектiсiне айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жалған кәсiпкерлiк. Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк немесе банк қызметiн жүзеге асыру ниетiнсiз, кредит алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлiктiк пайда алу немесе тыйым салынған қызметтi жасыру мақсаты бар, жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрмеген, коммерциялық ұйым құру, - жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер
Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері туралы қазақша реферат
Салықтардан жалтарыну проблемалары және оларды шешу жолдары
Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасының әкімшілік - іс жүргізу заңнамасы: жағдайы мен мәселелері
Жерді қорғаудың мемлекеттік құқықтық шаралары. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Пәндер