Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау



Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
4-лекция. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
Жоспар:
4.1. Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері
4.2.Кәсіпорынның даму жоспарларының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
4.3. Бизнес жоспарлаудың мәні, мазмұны
4.4. Бизнес жоспарды жасаудың объективті қажеттілігі
4.5. Кәсіпорын бизнес жоспарының құрылымы

4.1.Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың түрлері мен әдістері жатады. Жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:
::жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық негіздеуді ұлғайту;
::қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
::өндірісті техникалық-экономикалық негіздеу;
::баланстық есептеулер жүргізу;
::өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;
::материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
::еңбек өнімділігін арттыру;
::жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
::жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Норматив дегеніміз - салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.
Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар бойынша жасалынады:
::нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);
::материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал, отын, жылу, энергия, жабдықтардың үлестік нормалары);
::еңбек кұрал-жабдықгарын қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал-жабдықгарды, механизмдерді, кұрал-саймандарды қолдану нормативтері);
::өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының ұзақтығы, аяқгалмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);
::іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндіріс қуатын игерудің нормасы. Бұл арқылы өндіріс қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.
Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі енбек шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық ресурстар шығынының үлестік нормасы арқылы қажетті материалдың жеке түрлері анықталады.
Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады.
Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу аркылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
::сандық;
::сапалық;
::көлемдік;
::үлестік.
Сандық көрсеткіштерге - жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі; сатудың көлемі; жұмысшылардың саны; жалақының қоры; пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі; өзіндік кұнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор сыйымдылығы; өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады; мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма-сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері - көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
4.2.Кәсіпорынның даму жоспарларының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
:: Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) -- негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.
:: Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы - ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті техноло-гияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өңдірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б. жатады.
:: Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері -- нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері - жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.
:: Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды; механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері - өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.
:: Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.
:: Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемін өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші - жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгелінеді.
:: Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.
::Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер көрсетіледі - айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету; кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасы; негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану; пайданы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды бөлімі - несие жоспары.
:: Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.
::Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, минералдық ресурстарын және әуе бассейнін сақтау мен дұрыс қолдану жатады. Сонымен бірге аз қал-дықты және қалдықсыз технологиялық процестерді ұйымдастыру, құрамдастырылған өндірістерді дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды.
4.3.. Бизнес жоспарлаудың мәні, мазмұны
Кәсіпкерліктің көп түрлігімен - өндірістік комерциялық, қаржылық сақтандыру, делдалдық, консалтингтік, инженерлік, реинженерлік -бизнестің барлық саласында және әр түрлі ұйымдық - құқықтық түрдегі және басқару құрлымы әр түрлі фирмалар үшін тәжірбеде қолданылатын кілттік жағдай бар. Бұл мәселелерді білу бизнестегі нақты төтенше жағдайларды, потенциялдық қиыншылықтардан өту үшін уақтылы, жан - жақты және нақты дайындалу үшін қажет. Осының көмегімен фирманың алдына қойылған экономикалық, қаржылық және әлеуметік мақсаттарға жету барысындағы кәсіпкерлік тәуекелділіктің деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Кез - келген фирма қызметін ғылыми негізделген стратегиялық және фирма ішілік жоспарлаған кезде қазіргі әдістеме ретінде бизнес жоспарлаудың методологиясы табылады.
Нарықтық экономика жағдайында бизнес - жоспар қызмет етуші сонымен бірге жаңадан қалыптасқан фирма үшінде маңызды жүмыс қүралы болып табылады. Отандық кәсіпкерлер барлық уақытта бизнес жоспардың кәсіби дайындалғанның және оның негізгі мәнін жақсы біле бермейді. Оның көмегі мен қажетті инвестиция алу мүмкіндігі, ұзақ мерзімді преспективаға нақты жоспарлар құруға, өз ісінің сәтті дамуы туралы нақты білуге болатын экономикалық қаржылық және әлеуметтік көрсеткіштерді бағалайтын фактілік және болжамдық жүйені құруға болады. Бизнес жоспар кәсіпкердің нарықтық жобаның ұсынылған тәуекелінің әр бір элементін терең зерттеуге, білуге әрекет еткізеді.
Бизнес жоспардың жасаудың қажеттілігін негіздейтін екі негізгі себеп бар. Келесі қажет:
:: инвесторлар жағын осы бизнес - жоспарға экономикалық мақсатты бағытталып ақша салуды немесе несие беруге сендіру;
:: фирманың қалыптасқан миссиясын толық көлемде жүзеге асыруға көмектесу және фирманың таңдап алынған басты мақсатынан тайғызатын жағдайларды болдырмау.
Әдеби кітаптарда бизнес - жоспарға әртүрлі түсініктемелер берілген. Отандық шаруашылық жағдайға бейімделе келіп бизнес - жоспар келесі түрде қалыптасуы мүмкін.
Бизнес -- жоспар бұл ұзақ мерзімге арналған (5,10 және оданда көп жыл ) типтік жобалық шешім, яғни онда нақты өндірістік, инвистициялық, материялды - техникалық, үйымдық және логистикалық қамтамасыз етуге негізделген кәсіпорын қызметінің экономикалық, қаржылық және басқада нәтижелерін нарықтың сол сегментінде бағалау мүмкіндігі беріледі:
Бизнес жоспар -- бұл өнім өндірісінің фирма ішілік жоспарлаудың маңызды негізі болып табылатын перспективті құжат. Сондықтан оны уақыт кескінінде, 3-5 жылға тең етіп құруды ұсынады. Бұл кезде әр кезең уақтындағы дифференцияцияланған жоспар әр түрлі болады.
Бизнес жоспар әрдайым басқарушы қүжат болып табылады. Ол жүйелі түрде жаңартылуы керек, оған фирма ішіндегі және нарықта болып жатқан өзгерістерге сәйкес қажетті өзгертулер енгізілуі керек.
Бизнес жоспар стратегиялық жоспар секілді ұзақ мерзімді қамтиды. Бірақ та стратегиялық жоспар фирма қызметінің жоспарлық көрсеткіштерін бағалау санын қамтымайды.
Ірі өндірістік кәсіпорындардағы бизнес - жоспардың құрамына келесі негізгі бөлімдерді енгізуге болады:
Маркетингтік жоспар.
Өнімді өндіру мен өткізу жоспары.
Ғылыми зерттеу және тәжірибелі құрастырушы жүмыстар
(НИОКР)
Нормативтік қамтамасыз етілу.
Өнімді өткізу мен өндірісті материалды - техникалық қамтамасыз
ету.
Менеджмент.
Үйымдық жоспар.
Қаржылық жоспар.
Маркетингтік жоспар ғылыми тәжірибелерді жән жақты және терең зерттеуді орындаудың нәтижесінде алынады, зерттеуге кіретіндер:
# нарықтық ортаны талдау;
# өнімге тұтынушылардың талабын кешенді зерттеу, сонымен бірге нарық конъюнктурасын, оның сиымдылығын және сұранысын зерттеу.
# Бәсекелестер туралы мәліметтер;
# бұйымды иемделу туралы шешім қабылдау кезінде тұтынушының мотиві;
# кәсіпорынның ресурстық және өткізу потенциялын, оның нарықтық әр бір сегментіндегі бәсеке қаблеттілігін анықтау және т.б.
Маркетингтік жоспар келесідей негізгі бөлімдерді қамтиды:
Жоспарлық көрсеткіштердің салыстырылуы;
Даму стратегиясын және нарықты толығымен игеру.
Кәсіпорын қызметінің әлсіз және күшті жақтары;
Кәсіпорынның негізгі мақсаты мен міндеті;
Маркетинг стратегиясы;
Тауар стратегиясы;
Тауар қозғалысының тетіктерін дамыту және қалыптастыру
стратегиясы;
Баға стратегиясы;
Сұранысты қалыптастыратын және өнімді өткізуді
ынталандыратын стратегия.
Маркетингтік бағдарламаны өткізу шығыны, оның тиімділігін
бағалау;
Алға қойылған жиындардың орындалуына бақылау және олардың
шығындары.
4.4. Бизнес жоспарды жасаудың объективті қажеттілігі
Бизнес - жоспарда болашақта мүмкін болатын және практикалық іске асатын кәсіпкерлік істің жобасы белгіленген мақсатқа жету жолдары көзделеді. Бұл негізінде бір істі істеуде және осы арқылы пайда табуға бағытталған жоспар-бағдарлама, яғни ойланған істі жүзеге асыру үшін жоспарлы ұйымдастыру шаралар жүйесі.
Бизнес жоспардың объективтік қажеттілігі мына жағдайлармен байланысты:
алға қойылған мақсатты іске асыру үшін потенциалды мүмкіндіктерді ескеру арқылы стретегиялық және тактикалық іс-әрекеттерді жасақтау. Ол ағымдағы және болашақ жоспарлар арқылы іске асады;
- кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтарын және жоспарлы бизнесіне сын көзбен қарау;
- дүние жүзілік практикада алдын ала жасалған объективті жоспар болмаса істе сәттілік күту мүмкін емес.
Бизнес - жоспар бәріне де керек:
- өзіңіздің серіктестеріңізге және қызметкерлеріңізге алдағы болашақты айқын және , өз міндеттерін жеткілікті, тиянақты білу үшін;
- мұндай жоспарлы құжат кәсіпкердің өзіне бірінші кезектегі керекті, күнделікті жұмысқа басшылық.
Бизнес-жоспар жасақтағанда мынадай басты мәселелерге жауап беріледі:
- Бизнес-жоспар дегеніміз не?
- Онда не жөнінде айтылады?
- Оның құрылымы қандай?
- Бизнес - жоспар қалай жасақталады?
- Ол қалай дайындалады?
- Ол бизнеске не үшін керек?
Бұл шын мәнінде бұрынғы жасақталған орындалуға міндетті жоспар емес, бұл болжам-жоспар. Мұндай жоспардың формасын индикативті жоспарлау дейді. Совет елі практикасында жоспар - директива, заң ретінде болды. Байқайсыз ба капитализм дамыған сайын жоспарлауды басты басшылық құралына айналдырды.
Батыс елдерінің бизнесмендері қандай іс болмасын жоспарлы жұмыстың керектігін мойындайды, онсыз қандай да болмасын істі бастамайды.
Бизнес-жоспар деп атау себебі басты міндеті өндіріс болғанмен түпкі мақсат пайда табу.
Бизнес-жоспар жұмыс істеп тұрған өндірісті жетілдіруге, оның басты бағыттарын анықтауға пайдасы мол. Бизнес-жоспар жасаудың басқа жағынан да қажеттілігі бар. Ол бизнеспен қатынасы бар адамдарға жақсы, яғни қолайлы әсер етеді: инвесторларға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнесті дамытудың кешенді бағдарламалары
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Нарық жағдайындағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметтерінің теориялық негіздері мен рөлі
Кәсіпкерліктің түрлері, ұйымдастыру нысандары
Шағын бизнес және оның құрылуы
Кредиттік оқу жүйесі
Шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Фирманы басқару жүйесіндегі бизнес – жоспардың мақсаты
Бизнес жоспарлаудың түсінігі және мазмұны
Пәндер