ДЕПОЗИТТЕРДІ КЕПІЛДЕНДІРУ (САҚТАНДЫРУ) ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1 ДЕПОЗИТТЕРДІ КЕПІЛДЕНДІРУ (САҚТАНДЫРУ) ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
0.1 Банктік салымдарды кепілдендіру жүйесінің эконокалық мәні.
Халықтың жинақтары кез-келеген мемлекеттің ішкі инвестицияларының негізгі көзі болып табылады. Мемлекет өз кезегінен бұл жинақтарды айналысқа екі жолмен жібере алады: бағалы қағаздар нарығы арқылы және қаржылық ұйымдар арқылы. Қазіргі кезде жинақтарды тартуда бағалы қағаздар нарығының атқаратын рөлінің өсуі жағдайында банктердің алатын орны басым. Мемлекет алдында бұл жағдайға байланысты ең төтеншелі мақсат - мемлекеттің бүкіл қаржылық жүйенің негізі болып табылатын банктік жүйені тұрақтандыру.
Банктік жүйе - көп атқарымды, ол ақша-несие саясатын жүргізуге атсалысады, сонымен қатар тәуекелдерді бағалап есеп-айырысуларды жүзеге асырады. Сондай-ақ, банктердің қызмет етуінің өзіндік ерекшеліктері олардың әртүрлі тәуекелдерге тәуелді болады, бұл жағдай әрі қарай шиеленісуі мүмкін, яғни бір банктің проблемалары мемлекеттегі бүкіл қаржы жүйесін тұрақтандыруға кері әсерін тигізуі мүмкін.
Тәуекелдер проблемасын алдын алу мақсатына арналған банктердің өзіндік қауіпсіздік жүйелері бар, нақтылап айтқанда банктік жүйеге салымшылардың мүдделерін қорғауға байланысты құрылымдар енгізілген, бұл қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл құрылымдар өздігінен банктердегі халықтың салымдарын кепілдендіру жүйесін айқындайды.
Кез-келген нарықтық экономика жағдайында банктік жүйе келесідей негізгі функцияларды атқарады:
oo Жинақтарды ұстаушылар мен инвесторлар арасында делдалдық қызметті атқарады, сонымен қатар мерзімді депозиттерді орта және ұзақ мерзімді несиелерге айналдырады;
oo Фракциондық резервтік жүйе жағдайында қолма-қол ақша мен депозиттерді тарту негізінде несиелік ақшаларды құрады, соның нәтижесінде айналыстағы ақша массасын азайтады;
oo Банктердің депозиттік және несиелік саясаттары экономикадағы ақша ұсынысына әсер етеді;
oo Ұлттық Банкпен белгіленген шектеулер шеңберінде қызмет істей отырып, банктер ҰБ-ке ақша-несие саясатын жүргізуге көмегін тигізеді;
Банктер осы аталған функцияларды өздерінің клиенттерінің бірінші талаптары бойынша талап еткенге дейінгі депозиттерді қолма-қол ақшаға, ал мерзімді және жинақ депозиттерін клиентпен алдын-ала келісілген уақыт өткенен кейін айналдыру міндеттемелерін орындау нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ, банктер салымшылардың бірінші талабы бойынша қолма-қол ақшаға конвертациялауды жүзеге асыру үшін олар өздерінің қаражаттарының бір бөлігін қолма-қол ақша түрінде ұстайды.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі келесі факторларға байланысты өзгереді:
1)халықтың ақшалай табысының өзгеру көлеміне;
2)клиеноттердің банктік жүйеге деген сенімділік деңгейіне;
3)салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесінің өзгеру жағдайында;
4)мемлекеттегі банктік жүйе мен оның қаржылық өнімдерінің даму деңгейі;[1]
Халықтың ақшалай табысының көлемі банктік жүйеге тартылатын салымдардың потенциалды мүмкін болатын көлемін анықтайды. Неғұрлым адамдардың табысы жоғарылаған сайын, соғұрлым олардың тұтынуы ғана емес, сондай-ақ жинақтау қабілеті де артады. Сонымен қатар, күн көріс минимумынан халықтың табысының жоғары болуы халықты үнемдеуге деген бейімділігін жоғарылатады. Жинақтарды тартудың басқа маңызды факторы болып - халықтың банктік жүйеге сенімділігінің деңгейі табылады. Бұл фактор салымшылар үшін пайыздық мөлшерлемеге қарағанда маңыздырақ болып табылады, себебі егер банк күтпеген мезетте банкроттыққа ұшыраса немесе төлем қабілетсіз болып табылса олар өздерінің салымдарынан бөлшектеп немесе тұтастай айырылу тәуекеліне ұшырайды. Бұл тәуекел көлемін бүкіл банктік депозиттердің ЖІӨ-ге қатысты жалпы сомасының өзгеру динамикасы арқылы жанама бағалауға болады. Банктік жүйеге деген халықтың сенімінің деңгейі халық жинақтарына қатысты реттеу функциясын атқарады. Халықтың банктік жүйеге сенімінің төмендеуі банктік жүйеден ұлттық және шетел валютасындағы ақша қаражаттарының кетуіне, ал сенімінің жоғарылауы олардың ағылып келуіне алып келеді.
Халықтың банктік жүйеге сенімінің деңгейін жоғарылатудың ең негізгі құралы - банктік салымдарды кепілдендіру жүйесі болып табылады. Өзіндік арналымына сәйкес бұл жүйе келесідей мақсаттарды орындауға арналады:
oo жинақтарды мобилизациялауға жәрдемдеседі, ол өздігінен ішкі жинақтаудың жеткілікті нормасын қамтамасыз етуге;
oo банктік жүйелі қаржылық кризистен қорғайды, сондай-ақ банктік жүйе мен ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге;
oo ұсақ салымшыларды тәуекелден әлеуметтік шарттасылған негізде қорғау, өйткені олар ақша қаражаттарын салғанда тәуекелді дербес есептеу мен бағалауға қабілеті жеткіліксіз;
Кепілдендіру жүйесінің тиімді қызмет етуі үшін ол қаржылық институттар жүйесіне кіріктірілуі керек, сондай-ақ олармен сәйкесінше қарым-қатынас орнатып, мемлекеттік реттеу жүйесіне бейімделуі қажет. Тағы да бір маңызды фактор - несиелік-қаржылық ұйымдардың дамыған нарықтық қатынастардың нақтыланған деңгейінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл кезде несиелік-қаржылық институттардың қызметі нақты заңнамалық регламентацияға сай болуы және олардың тіркеуден өтуі мен банкроттықтың қалыптасқан процедурасын міндетті түрде білуі қажет. Сондай-ақ, сол қаржы - несиелік ұйымдар мен банктерді реттейтін арнайы тиімді қадағалау жүйесінің болуы қажет.
Іс жүзінде банктік салымдарды кепілдендіру жүйесінің теориясына сәйкес барлық коммерциялық банктер осы жүйеге кіруі керек, соған сәйкес депозит-тердің барлық түрлері кепілдендірілуі міндеттенуі қажет. Кейбір жағдайда бұл тек жеке меншік банктерге ғана бағытталады. Мемлекеттік банктердің салымшылары басқа тәсілдермен қорғалады. Кепілдендіру жүйесі сол сияқты басқа да мемлекеттік емес банктер болып табылмайтын несиелік-қаржылық ұйымдарға да тарайды. Сондай-ақ жинақтық типіндегі кооперативтік несиелік ұйымдар (несиелік одақтар, ассоциациялар) да бұл жүйеге қарасты. Бұл қаржылық ұйымдар топтарына бөлек жүйелер мен кепілдендіру органдары да болуы мүмкін. [2]
Кепілдендіру жүйесіндегі банктердің қатысуы ерікті немесе еріксіз түрде жүргізіледі. Еріксіз түрде болғанда банктік салымдарды кепілдендіру жүйесіне қатысу кезінде қолайсыз таңдау проблемасы (adverse selection problem) тууы мүмкін. Банктердің қатысуы ерікті болғанда, банктерге салымдарға кепілдік беру Қорынан кез-келген уақытта шығып, сақтандыру қорынан өз салымдарын алуға рұқсат беріледі. Бұл кезде пайда болатын қолайсыз таңдау проблемасының мағынасы - сақтандыру қорына тек банкроттыққа жақын банктердің қатысуында. Бұл банктердің банкроттыққа ұшырау қаупі жоғары болғандықтан, олар өздерінің қаржылық проблемаларын шешу үшін сақтандыру қорына қатысу туралы шешім қабылдайды, ал бұл өз кезегінде сақтандыру қорының позициясынан қарағанда оларға тиімсіз.
Салымдарды кепілдендіру жүйесін құру мен оның қызметін жүзеге асыруды сәтті жүргізу үшін болып табылатын ең басты проблема - ол қаржыландыру. Қаржыландыру - әдетте салымдарды кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін құру аясындағы дискуссиялар мен саяси оңтайландырулардың объектісі болып табылады. Тіпті егер банктік жүйе кризиссіз дамушы жағдайда болса да, салымдарды кепілдендіру (сақтандыру) белгілі бір шығындарды жұмсаумен байланысты, өйткені кейбір несиелік-қаржылық ұйымдардың белгілі бір санының күйзеліске ұшырауы статистикалық заңдылық болып табылатындығында.
Күйзеліс жағдайларында банктің банкроттығын болдырмау мен төлем қабілеттілігін сақтап қалу үшін залалға ұшыраған азаматтарға төленетін өтемақының көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Кепілдендіру жүйесіндегі мемлекеттік қаржыны тарту бойынша көлемі мен шарттарына байланысты сұрақтар өзекті болып табылады. Бірақ, кез-келген жағдайда қаржыландырудың негізгі көзі болып - қатысушы-банктердің жарналары табылады, ал мемлекет көп жағдйда тек құрылтайшы ретінде бастапқы жарғылық капиталын қалыптастырушы ретінде өз қызметін атқарады.
Банктік салымдарды кепілдендіру (сақтандыру) жүйесіндегі мемлекеттің қатысуы келесі негізгі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін:
oo Жүйені іске қосу кезінде сақтандыру (кепілдендіру) қорына капиталды толығымен немесе бөлшектеп салу;
oo Жарғылық қорға тұрақты жарналар салу;
oo Мемлекетпен қорды резервтік қаражаттармен қамтамасыз етуі.
Мемлекет тарапынан кепілдендіру қорын қолдаудағы жоғарыдағы аталған шаралардың жүргізілуінен көріп отырғынымыздай, мемлекет қордың жақсы жұмыс істеуі мен банкроттыққа ұшырамауында мүдделі болып табылады. Қордың банкроттыққа ұшырауы бүкіл банктік жүйеге қатысты жағымсыз нәтижелерді туғызып, терең күйзеліске алып келуі мүмкін. Қор алдында тұрған мәселелердің маңыздылығын ескерсек, мемлекет ынталандыру және қорды қолдау механизмін қалыптастыру қажет.
Депозиттік мекеменің банкроттыққа ұшырауы реттеуші органдар тарапынан мынадай реакциялар туғызады:
1) Салымдарды тура төлеу. Бұл жағдайда депозиттік мекеме төлем қабілетсіз деп танылады, соның нәтижесінде қор салымшылар алдында қарыздарды өтейді және өздігінше банк активтерін сатады.
2) Сатып алу мен міндеттемелерді өзіне жүктеу. Сатып алу және міндет-темелерді өзіне алу кезінде (purchase and assumption) депозиттік ұйымды жабу және ликвидациялаудың орнына сақтандыру қоры банкрот-ұйымды басқа қаржылық жағдайы тұрақты ұйым арқылы жұтуды жүзеге асырады. Соңғысы банкроттыққа ұшыраған ұйымның активтерінің көп бөлігін сатып алады және өтелмеген міндеттемелердің айтарлықтай үлкен бөлігін өз мойнына алады. Алынған міндеттемелер мен активтер үлесі қормен келісілген мөлшерде белгіленеді.
3) Жанама төлемдер. Егер жанама төлеу туралы шешім қабылданса (indirect payoff), онда сақтандыру қоры басқа банктің банкроттыққа ұшыраған банктің тек кепілдендірілген салымдарын ғана алуын міндеттейді. Сақтандырылмаған салымшылар өздерінің тура өтемдерін ұйымның активтерін сатудан түскен қаражаттар шегінде алуы мүмкін.
4) Тура қаржыландыру. Қор кейбір жағдайда ұйымды тура қаржыландыру (direct assistance) өкілеттілігіне ие болауы мүмкін, яғни банкроттыққа ұшыраған ұйымға тура ссудалар беруі мүмкін.[3]
1.2 Қазақстандағы салымдарға кепілдік беру қорының қалыптасу реформалары. Қорға қатысу шарттары мен кепілдендіру ережелері
1999 жылғы мамырда Қазақстан қаржыгерлерінің бірінші Конгресінде республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық қаржыгерлік жүйеге халықтың сенімін көтеру үшін қажетті шаралардың біріншісі ретінде депозиттерді ұжымдық сақтандырудың тетігін әзірлеп, оны іске қосу атап өтті. Әлемдік тәжірибеде барлық экономикалық жағынан дамыған елдерде депозиттерді сақтандыру жүйесі бар. Сол жылдың 15 қарашасында Қазақстанда жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) Қоры құрылды. Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болды, ол Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру (сақтандыру) Қоры ЖАҚ жарғылық капиталына 1 млрд. теңге салды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кепілдік беру Қорының жалғыз құрылтайшысы болып табылады.
Қорды құрудың мәні әуелбастан айқын және түсінікті. Қаржы рыногындағы бірнеше белгілі сілкіністерден және жеке меншік қаржы пирамидаларының күйреуінен кейін, олардың әрқайсысы халықтың салымдарын жинап құнын түсіріп кететін, адамдардың ақшаны жинап сақтайтын тетіктерге деген сенімін кетірген болатын. Тек кейінгі бірер жыл ішінде ғана елдің Ұлттық Банкінің ойластырылған және дәйекті қадамдары банк саласындағы жағдайды тұрақтандырды, ол банктік қызметтің барлық түрін жоғары деңгейде көрсете алатын қалыптасқан жүйеге айналды және бұл жүйені салымшылардың ақшасын сақтауға деген құқығына сенімді кепілдік беретін Қорды құру одан әрі нығайтты.
Қазақстандық салымшылардың коммерциялық банктерге сеніп тапсырған салымдарын қорғау проблемасы халық салымдарының жинақ банктерде құлдырауы мен жекелеген қаржылық құрылымдардың тоқырауы және қазіргі уақыттағы кейбір банктердің тиімділігінің болмау нәтижесінде туындап отыр. Қазіргі коммерциялық банктердің клиенттік құрылымында жекелеген тұлғалардың салымшылар саны өсуде, халықтың салымдарының мөлшерлері көбеюде және осыған байланысты депозиттерді қорғауды жетілдіру қажеттігі де туындады. Ұлттық банктің тарапынан жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру және сақтандыру қоры бойынша жүйенің тиімді жұмыс атқаруына бағытталған шаралар жүргізілуде. Бірақ аталған жүйенің дамымаған жерлері мен аяқталмаған тұстары бар және жетілдіру үшін біздің шаруашылығымызда шетелдік тәжірибені ескеруіміз керек. Көптеген елдерде салымдарды сақтандыру мен кепілдендірудің көптеген жүйелері қызмет атқарады, олардың тәжірибесін біз өз еліміздегі осы тектес жүйені жетілдіруге пайдалануымыз керек.
Банктердің қалыпты жұмыс істеуіне ең керекті жағдай - олардың өміртіршілігі қолдайтын сәйкес жүйенің болуы. Осындай жүйелер дамыған елдердің көпшілігінде бар және ол өзара байланысты екі қызмет атқарады: біріншіден, төлем қабілетсіздігі шегіне жеткенде экстремалды жағдайларда банктерге қаржылық көмек көрсетеді, яғни екіншіден, депозиттер бөлімі бойынша сақтандыру төлемдері арқылы олардың салымдарын сақтандырады. Қордың құрылтайшысы Ұлттық Банк болып табылады.Қор акцияларын ҚР Үкіметі сатып алуы мүмкін.Қордың жарғылық капиталы 1 млрд.теңгені құрайды.Қорды жалпы басқаруды 7 адамнан тұрады Директорлар кеңесі басқарады.Қордың директорлар кеңесінің құрамына:Ұлттық Банктің 4 өкілі,Қаржы министрлігінің 1 өкілі,Қазақстан қаржыгерлер ассоцияциясының 1өкілі және Қордың бас директоры кіреді.Қордың бас директоры Ұлттық Банкпен тағайындалады.
Қордың банктік шоттары тек Ұлттық банкте ашылады. Қордың ақшаларын орналастыру төмендегідей:
1) Қор активтерінің 80 пайыздан кем емес мөлшерінде мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) Ұлттық банктегі салымдарға (депозиттерге)[4]
Қор мына негізгі қызметтерді атқарады:
- қатысушы-банктің еріксіз таратылуы жағдайында оның салымшыларына (депозиторларға) салымдары (депозиттері) бойынша ережемен анықталған көлемі мен тәртіптер өтемақы төлейді:
- активтерді басқаратын;
- қатысушылар куәліктерінің есебін жүргізеді;
- қор жарғысында қарастырылған және қазіргі ережелерге, сондай-ақ Ұлттық банктің басқа да құқықтық-нормативтік актілерінде қарастырылған басқа қызметтердіде атқарады.
Қор қызметтерін атқаруда мынадай құқықтарды иеленеді:
- Ұлттық банкпен ақпарат алмасу және жеке тұлғалардың, қатысушы-банктердің банктік құпияны құрайтын ақпараттардан басқа салымдардың (депозиттердің), міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісі болып табылатын салымдардың (депозиттердің) жалпы сомасы мен қаржылық жағдайы туралы мәліметтер алып отыруға;
- Ұлттық Банкке қатысушы банктердің қазіргі ережелер мен банктік заңдама талаптарын бұзу фактілері туралы хабардар етуге;
- Қазіргі ережелер мен бекітілген тәртіп бойынша қатысушы-ьанкті жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінен шығарып, қатысушы куәлігін қайтып алуға;
- салымшылардан (депозиттарлық) еріксіз таратылатын қатысушы банктерден салымдар бойынша төленетін өтемақы мөлшеріндегі құқықтар мен талап ету кезектерін сатып алуға;
- салымшыдан берілген банктің салымшыларға қормен өтемақы мөлшерінде еріксіз таратылатын қатысушы банктерден талаптарды қанағаттандыруды талап етуге;
- қатысушы банкті тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізуге;
- өз құзыретінің шегінде басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Өз қызметтерін жүзеге асыру барысында қор:
1. Еріксіз таратылатын қатысушы банктерге регрестік талап қою құқығын иеленеді;
2. Ұлттық банкке өзінің қызметі жайлы қаржылық есеп беру, соның ішінде Ұлттық банк анықтаған тәртіпте, формада, мерзімде аудиторлық ұйым растаған жылдық есепті береді.
Қор басқармасының өкілеттілігі:
1. Банктерде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесіне енгізу туралы шешім қабылдау.
2. Қазіргі ережелерге сәйкес қорға міндетті күнтізбелік және басқа да жарналардың қатысушы банктермен мөлшерлемесін салу мерзімдерін бекітеді.
3. Банк қатысушы-банктерді инспекторлық тексеруден өткізу немесе оларға шектелген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданады, банктік жарнамада қарастырылғандай депозитті қабылдауға, ашуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын жүргізіге берілген лицензиялардың күшін жою немесе қызметін тоқтату туралы Ұлттық банкке өтініш беруге шешім қабылдайды.
4. Қатысушы-банкті жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығару туралы шешім қабылдау.
5. Қор активтерін Ұлттық банкке келісім бойынша сенімдік басқаруға беру туралы шешім қабылдайды.
6. Еріксіз таратылатын қатысушы-банктердің салымдар бойынша өтемақысын төлеу туралы шешім қабылдайды.
7. Агент-банкті таңдайды.
8. Қор басқармасының төрағасын сайлау және Қордың лауазымды тұлғаларын тағайындау.
9. Қордың жыл сайынғы кірістер мен шығыстар сметасын бекітеді.
10. Қазіргі ережелерге сәйкес басқа да өкілеттіліктер.
Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өз қызметтерінжүзеге асыру барысында қатысушы-банктердің қызметі туралы белгілі болған ақпараттардың барлығын тек қызмет бабында ғана пайдалануға және құпиялылығын сақтауға міндетті.
Қатысу банктердің міндеттері:
1) Уақтылы және толық көлемде міндетті күнтізбелік және басқа да жарналарды Қор басқармасының шешіміне сай төлеп отыру.
2) Мәліметтерді уақытында және толықкөлемде Қорға ұсынып отыру.
3) Еріксіз таратылған қатысушы-банк туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап салымшы алдындағы міндеттеменің орындалуы жайында қорды дереу хабардар ету.
4) Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінің объектісі болып табылатын салымдар бойынша банктік салымдарды келісім шарт бойынша енгізу, салымдар бойынша өтемақы төлеу, соның ішінде валюталық өтемақы, салымшыдан Қорға өтемдер мен қатысушы-банктің салымдары туралы ақпаратты еріксіз таратылу жағдайында беруге талап ету құқын көшу.
5) Клиенттеріне өзінің жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесіне қатысатындығын қатысушы-банктің берілген күні мен нөмері көрсетілген куәлігін көрсету, сондай-ақ жазбаша хабарлаудың көмегімен клиенттер сұрақтарына жазбаша және ауызша жауаптарында салымдар бойынша өтемдер төлеу шартын хабарлау.
6) Салымшылар алдындағы міндеттемелердің уақтылы және толық орындалмауын туғызатын жағдайлар жайында Қорды дереу хабардар ету.
7) Қорға еріксіз таратылу жағдайындағы қатысушы-банктердің жеке тұлғалардың салымдарға ақша қабылдауын дәлелдейтін мәліметтер мен банк растаған құжаттардың көшірмесі, яғни Қор басқармасы бекітетін жеке тұлғалардың нысандары бойынша салымдарының міндетті ұжымдық кепілдендіру объектісі болып табылатынын дәлелдейтін құжаттар ұсыну.
8) Қазіргі ережелерге сәйкес басқа да талаптарды орындау.
Қатысушы банк қазіргі ережелер мен талаптарды орындамаған жағдайда Ұлттық банк оларға банктік заңнамада қарастырылған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдануға құқылы.
Банктер өтініш пен құжаттарды бергеннен кейін міндетті күнтізбелік жарнасын төлегені туралы қазіргі ережелердің қосымшыларына сәйкес толтырылатын қатысушы куәлігін алады. Қор қатысушылар куәлігінің есебін қатысушы банктер реестеріндегі ақпаратқа сәйкес жүргізеді. Қатысушы куәлігін алған банктер қатысушы-банктер реестірінде тіркеледі
Банктер жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылып, қатысушыкуәлігі мына жағдайларда қайтарып алады:
- қатысушы-банкке депозиттер қабылдауға жеке тұлғалардың банктеріндегі шоттарын ашу және жүргізуге берілген лицензияның күшін жою немесе тоқтата тұруға шешім қабылданғанда;
- жыл бойында бірнеше мәрте (екі немесе одан да көп) Қорға жарналарды кешіктіріп төлейтін болса немесе аударымдарды толық көлемде жасамаса;
- қазіргі ережелер мен белгіленген басқа да талаптар бұзылғанда.
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылған жағдайда және оның қатысушы куәлігі қайтарылғаннан кейін қатысушы банк, банк реестірінен шығарылады. Қатысушы банкке жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылғандығы туралы Ұлттық банк осы шешімді қабылдағаннан кейін үш күн ішінде қайтарып беруге міндетті.
Қор басқармасының қатысушы куәлігін беру немесе жеке тұлғалардың міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен банк қатысушы-банкті шығару туралы шешімі үш жұмыс күн ішінде республикалық баспа беттерінде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жариялануы тиіс.
Салымшылар алдында өз міндеттерін атқару үшін Қор Ұлттық банктен, ҚР үкіметінен, басқа ұйымдардан қарыз алуға құқығы бар немесе Ұлттық банктің ресим қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен жоғары мөлшерлеме бойынша олардың кепілдемелері негізінде қарыз ала алады.
Резервті қалыптастыру үшін салымдар бойынша өтемдер келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Салымдар бойынша бойынша толық көлемде өтемдері өтеу үшін қатысушы-банктер алғашқыда аударған міндетті күнтізбелік жарналар мен Қор активтерін орналастырудан түскен инвестициялық табыстар сомасы пайдаланылады.
2) Алғашқыда қалыптастырылған резервтік сомасы жеткіліксіз болған жағдайда Қордың жарғылық капиталынан 500 млн. теңгеден аспайтын сомадағы ақша пайдаланылады.
3) Салымдарды өтеу үшін резервтің алғашқы қалыптастырылған сомасы жеткіліксіз болған жағдайда жетіспеген соманың 50%-н қатысушы банктердің Қордың банктік шотына қосымша жарналар төлеу арқылы төленеді, ал салымдар бойынша жетіспеген соманың 50% Қор есебінен қарызға алынады.[5]
Салымдарды өтеу үшін Қордың қарызға алынған ақшалары, сондай-ақ Қордың жарғылық капиталының есебінен төленген өтелу сомалары еріксіз таратылатын қатысушы-банкке регресті талапты қанағаттандыру есебінен жабылады, сонымен бірге қатысушы банктердің мөлшері мен мерзімі Қор басқармасының қатысушы банкке тартылған, сақтандыруға жатқызылған салымдарының мөлшеріне тәуелді түрде белгіленетін төтенше жарналар есебінен жабылады.
Қатысушы-банкке Ұлттық банктің қолдануы мүмкін болатын шектеулі ықпал етуі мен санкциялары банк заңнамасында қарастырылған болса да, бұл банкті міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарда төлеуден босатпайды.
2 ҚР ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЛЫМДАРЫНА КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
1.2 Кепілдендіру жүйесінің депозиттік базаны ұлғайтудағы рөлі.
Қазіргі уақытда, Қазақстанда All Hilal мен Астана-Финанс банкі АҚ қоспағанда 38 банк қызмет атқарса,солардың 34 банкі депозитді кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып табылады.Банктер өздерінің даму стратегияларын халықаралық практикада қабылданған стандарттар негізінде құрады, осының негізінде олар ресуртарды тарту бойынша саясатты енгізуге мүмкіндік алады, себебі банктің міндеттемелер көлемінің өсу көлемі халықтық салымдар мен кәсіпорындар депозиттері есебінен қалыптасады.
Кез-келген нарықтық экономика жағдайында банктік жүйе 4 негізгі функцияны жүзеге асырады:
oo Жинақтарды ұстаушылар мен инвесторлар арасында делдалдық қызметті атқарады. Бұл кезде банк қысқа мерзімді депозиттерді орта және ұзақ мерзімді несиелерге айналдырады;
oo Қолма-қол ақшаларды тарту негізінде несиелік ақшаларды құрады, соның нәтижесінде айналыстағы ақша массасының көбеюін ынталандырады;
oo Депозиттік және несиелік саясаттар экономикадағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz