Қазақстандағы жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру жүйесі: Қор қызметінің экономикалық талдауы және жетілдіру жолдары


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

1999 жылы Қазақстан каржыгерлерінің бірінші Конгресінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “отандық қаржы жүйесіне халықтың сенімін арттыру үшін қажетті шұғыл шаралардың бірі” - депозиттерді ұжымдық сақтандыру механизмін әзірлеуді және іске қосуды атағанын еске сала кетейік. Сол жылдың қараша айында Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры (Қор) құрылды. Оның құрылтайшы Қордың жарғылық капиталына 1 млрд. енгізген Ұлттық Банк болды. Қазіргі уақытта, көптеген оқиғалар барысында (негізінен доллардың көтерілуі) қор жинау саласы - депозиттер немесе зейнетақы салымдары - халықтың назарын өзіне аудара бастады. Қазақстанда Қор кезінде депозиттік рынокты қалыптастырған және ынталандырған негізгі элемент болғаны белгілі. Салымдарды кепілдендіру жүйесін құру мен оның қызметін жүзеге асыруды сәтті жүргізу үшін болып табылатын ең басты проблема - ол қаржыландыру. Қаржыландыру - әдетте салымдарды кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін құру аясындағы дискуссиялар мен саяси оңтайландырулардың объектісі болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктердің клиенттік құрылымында жекелеген тұлғалардың салымшылар саны өсуде, халықтың салымдарының мөлшерлері көбеюде және осыған байланысты депозиттерді қорғауды жетілдіру қажеттігі де туындады. Ұлттық банктің тарапынан жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру және сақтандыру қоры бойынша жүйенің тиімді жұмыс атқаруына бағытталған шаралар жүргізілуде. Бірақ аталған жүйенің дамымаған жерлері мен аяқталмаған тұстары бар және жетілдіру үшін біздің шаруашылығымызда шетелдік тәжірибені ескеруіміз керек. Көптеген елдерде салымдарды сақтандыру мен кепілдендірудің көптеген жүйелері қызмет атқарады, олардың тәжірибесін біз өз еліміздегі осы тектес жүйені жетілдіруге пайдалануымыз керек.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, қазақстандық банк жүйесіне сенімді қолдау көрсету және депозиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қатысушы банктерде орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік береді, яғни жеке тұлғалардың барлық банктік шоттарындағы, оның ішінде төлем карталарын қолдануымен, ақшасынының қайтарылуына кепілдік береді.

Қазіргі кезде Қор шетелдік алдыңғы қатарлы депозиттерді сақтандыру жүйелерін қарастыра отырып міндетті календарлық жарналардың ставкаларының дифференциалданған түрін енгізу қарастырылып отыр. Қазақстан Республикасындағы қаржылық нарықтың даму Концепциясына сәйкес Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру Қоры халықаралық стандартқа көшудегі, депозиттерді кепілдендіру механизмін жетілдіруде, проблемді банктерді қайта құрудағы және банктердің ликвидациясындағы прогрессивті әдістерді қолдану жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізуге арналған лицензиясы бар барлық банктер (ислам банктерінен басқа) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылады

Қазіргі уақытда, Қазақстанда «All Hilal» мен «Астана-Финанс банкі» АҚ қоспағанда 38 банк қызмет атқарса, солардың 34 банкі депозитді кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып табылады. Банктер өздерінің даму стратегияларын халықаралық практикада қабылданған стандарттар негізінде құрады, осының негізінде олар ресуртарды тарту бойынша саясатты енгізуге мүмкіндік алады, себебі банктің міндеттемелер көлемінің өсу көлемі халықтық салымдар мен кәсіпорындар депозиттері есебінен қалыптасады. 34 банктің бірі банкроттыққа ұшыраған жағдайда, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры соттың сәйкес шешімі күшіне енгеннен кейінгі 14 жұмыс күні ішінде салымшыларға төлемақы төлеп бастауы тиіс.

Менің жобалық жұмысымның басты мақсаты банктерге деген халықтың сенімділігін зерттеп, сол қорытындылар нәтижесіндегі банктермен тартылған қаражаттар көлемін анықтау және сол банктердегі депозиттерді сақтандыру жағдайларын қарастыру болып табылады.

Жобалық жұмыс үш бөлімнен тұрады:

1) Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің мәні мен қажеттілігі.

2) ҚР жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қорының қызметіне экономикалық талдау

3) Қазақстандағы халықтың банктік салымдарын кепілдендіру жүйесінің қызмет ету проблемалары және шешу жолдары.

Алдағы 3 бөлім бойы депозиттерді сақтандыру жүйесі туралы және негізінде Қор туралы мәліметтерді ұсыну үшін әртүрлі ақпараттар көздерін пайдалану. Сондай-ақ бұл жүйенің бүгінгі күнгі проблемаларын қарастыру арқылы нақты тұжырымдар жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті ұжымдық кепілдендіру: Қордың құрылымы, ережелері және өтем тәртібі
Банктік салымдарды кепілдендіру: Қазақстан тәжірибесінің экономикалық талдауы
Қазақстандағы салық органдары қызметін ұйымдастыру және бақылау қызметінің экономикалық талдауы мен жетілдіру жолдары
Рахат Акционерлік қоғамының маркетингтік қызметінің технико-экономикалық талдауы және жетілдіру жолдары
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен операциялары және жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру тәртібі
Депозиттерді кепілдендіру жүйесінің экономикалық маңызы және Қазақстандағы кепілдік беру қорының қалыптасу реформалары
Қазақстандағы сақтандыру қызметінің экономикалық талдауы
Қазақстандағы несиелік қор менеджментінің экономикалық ақпараттық жүйесі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі: құрылымы, талдауы және жетілдіру жолдары
Қазақстандағы жеке тұлғалардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz