Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу


КІРІСПЕ
«Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады. Солардың бірі - қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деп Н. Ә. Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында атап айтқандай, қаржы жүйесі тұрақтылығы тұрақты экономикалық өсудің негізі болып табылады. [1]
Қазақстанның қаржы жүйесін халықаралық эксперттер прогрессивті жүйелердің бірі деп бағалаған. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Ұлттық қор құрады. Бұл қор елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуына, сыртқы жағымсыз факторлардан тәуелді болу деңгейін төмендетуге ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда Ұлттық қор 10 миллиард 400 миллионды құрайды. Елдің алтын валюта қоры Ұлттық қорды есептегенде 28, 3 млрд. АҚШ долларын құрайды. [18]
, кейін болған құрылымды экономикалық қайта құрулардан аман өтіп, өзінің жаңа стратегиясын жасай отырып, елеулі жетістіктерге жетті.
-дауға, қаржылық тәртіпті нығайту, инвестиция тартуды қолдауға, республика экономикасын дамытуға бюджетаралық қатынастарды жүзеге асыруға және сыртқы, ішкі қарыздарды басқарудың тиімді механизмін қалыптастыруға жұмсалды.
Әлемдік қаржы дағдарысынан кейін қаржы жүйесін тұрақтандыру мен оның қызметін тиімді өтуге бағытталған біршама шаралар өткізілді. Бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканың басым секторларын қолдауға арналып Ұлттық қордан бөлінген ақшаның дені игерілді. Қаржы жүйесі тұрақтандырылды. Инфляцияның және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етілді. Ең бастысы, экономиканың нақты өсімі сақталынды. Дегенмен, еліміздің қаржы жүйесінде әлі де болса шешімін таппай жатқан мәселелер бар. Олар, өз кезегінде, терең зерттеу мен шешу жолдарын қарастыруды талап етеді.
Зерттеу пәні қаржы және ақша-несие қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бүгінгі нарық жағдайында бұл қатынастар реттеудің жаңа түрін қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта қаржының, акшаның, несиенің ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін арттыруда әлемдік тәжірибені қолдану маңызды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойылды:
- қаржы жүйесін талдаудың теориялық негізін қарастыру;
- Қазақстан Республикасы мен Жапонияның қаржы саясатын салыстыру;
- қаржы жүйесін тұрақтандыру әдістерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау;
- Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру бағыттарын қарастыру.
Курстық жұмысты жазу барысында мынандай дерек көздері қолданылды - монографиялар, оқу құралдары, статистикалық жинақтар, түрлі басылымдар және ақпараттық сайттар.
Курстық жұмыстың әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері; қаржы-несие жүйесін қалыптастырудағы әлемдік тәжірибе; дамыған және дамушы нарықтық экономикасы бар елдердің қаржы жүйесінің дамуы, құру қағидалары қолданылады.
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
- Қаржы жүйесінің элементтері және оны ұйымдастырудың қағидалары
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті ақша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
- Қаржы қатынастарының жиынтығы;
- Ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
- Басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. Бұл - ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар (1-сурет) .
Сурет 1. Қаржы жүйесінің құрылымы
Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржының жүйесімен және меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
Мемлекеттік қаржылар - мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қаражаттары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің орталықтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджетке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекеттік биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
Мемлекеттік несие - мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру үшін пайдалану.
Сақтандыру - сақтандыру оқиғаларына орай табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер қалыптасады. [2]
Қаржы жүйесін құрудың негізінде мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады.
Сонымен, қаржы жүйесінің элементтері оның қалай қызмет ететінін, олардың әрқайсысының өзіндік функциялары бар екенін дәлелдейді. Ал қаржы жүйесінің қағидаттары жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп, оларды дұрыс ұйымдастырудың кепілі болады.
- Қаржы жүйесін тұрақтандыру әдістері
Мемлекеттік бақылау - мемлекеттік органдар шығаратын заңдар мен өзге де құқықтық актілердің сақталуын қадағалайтын мемлекеттік биліктің мемлекеттік реттеудің формасы. Мемлекеттік бақылауды түрлі органдар жүргізеді: парламент, есептік палата, конституциялық сот, сайлау комиссиясы, үкімет пен министрліктердің бақылау-инспекциялық органдары және т. б. Сәйкесінше олар парламенттік бақылау, қаржылық бақылау, конституциялық бақылау және т. б. болып бөлінеді.
Қаржы жүйесін мемлекеттік бақылаудың ең негізгі мақсаты экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық және мемлекеттегі, шетелдегі бар құрылымды нығайту болып табылады. Осы негізгі мақсаттан көптеген нақты мақсаттар туындайды, солар арқылы негізгі мақсат орындалады.
Экономиканы мемлекеттік бақылау объектілері олар шешетін міндеттер деңгейіне байланысты. Бұлар келесі деңгейлер: фирма, өңір, салалар деңгейі; экономика секторлары (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсетулер) ; жалпы шаруашылық, жаһандық (әлеуметтік қатынастар, экология) ; ұлттық шаруашылықтан жоғары деңгей (шетелдермен саяси-экономикалық қатынастар, интеграциялық үдерістер) .
Мемлекеттік бақылау құралдары әкімшілік және экономикалық болып екіге бөлінеді. Әкімшілік құралдар қосымша материалдық қолдаумен және қаржылық шығындар қаупімен байланысты емес. Олар мемлекеттік билік күшіне негізделеді және тыйым салу, рұқсат беру, күшпен жасату сияқты шараларды біріктіреді. [6]
Мемлекеттік бақылаудың экономикалық құралдары ақша-несие және бюджет саясатына бөлінеді. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзіндік кешенді құралы экономикадағы мемлекеттік сектор. Негізгі экономикалық құралдар: есептік мөлшерлемені реттеу (орталық банк жүргізетін дисконттық саясат), елдің қаржы институттары орталық банкте сақтауға міндетті минималды резервтердің өлшемін өзгерту, бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік мекемелердің операциялары, мысалы, мемлекеттік міндеттемелерді эмиссиялау, оларды сату және т. б.
Мемлекет осы құралдардың көмегімен қаржы нарығындағы ұсыныс пен сұраныстың ара қатынасын қажетті бағытта өзгертуге талпынады. Тікелей мемлекеттік шаруашылық реттеу бюджет саясаты құралдарымен жүзеге асырылады.
Жанама бақылау кезінде субъект бақылау объектісі шегінен тыс болады, қадағалаушылар тек жоспарлы немесе есептік қаржылық құжаттамамен жұмыс жасайды.
Қаржылық бақылаудың түрлер бойынша жіктелуі түрлі негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Қаржылық бақылаудың уақыты бойынша қаржылық бақылау алдын ала, ағымдық және қорытынды бақылау болып бөлінеді. Алдын ала жасалатын қаржылық бақылау тексеріліп отырған операцияға жүргізіледі. Бұл қолданыстағы қаржылық заңнаманы бұзудың алдын алуға, жоспар мен болжау сатысында қосымша қаржы ресурстарын қарастыруға, ақша қаражаттарын тиімсіз пайдаланудың алдын алуға ықпал етеді. Сол себепті бақылаудың осы түрін ескертуші деп атайды.
Ағымдағы қаржылық бақылауды басқаша жедел бақылау деп те атайды. Ол ақша қаражаттарын тарту мен жұмсау үдерісі кезінде, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің бюджет алдындағы міндеттерін атқару барысында қаржылық тәртіпті бұзудың алдын алады. Жедел және бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сүйене отырып, ағымдағы бақылау қаржылық құқық бұзушылықтың алдын алады. Біріншіден, ақша қаражаттарын төлеу мен алуға байланысты құжаттар тексеріледі. Нақты шығындардың белгіленген шығындардан ауытқу деңгейі үнемі анықталып отырады.
Қорытынды бақылау қаржылық іс-шаралар атқарылғаннан кейін жүргізіледі. Бұл бақылау есептер мен баланстардың анализдеу, тексерулер мен ревизия жолдарымен жүзеге асырылады. Тексерту барысында қаржылық операциялардың заң шеңберінде жүргізілуі, қаржылық тәртіптің бұзылуы, мемлекеттік ақша қаражаттарының тиімді әрі орынды жұмсалуы сияқты сұрақтарға жауап табылады.
Қорытынды бақылаудың міндеті қаржылық міндеттердің сапасыз орындалуы мен қаржылық құқықбұзушылықты анықтау.
Қаржылық бақылау органы ретінде сот мына жағдайларда қызмет етеді:
- салық төлеушілерден айыппұл өндіріп алу кезінде;
- салық төлеушілердің қаржы органдарының әрекеттеріне шағымдарын қарау барысында;
- қаржылық сипаттағы құқықбұзушылықты қарастырғанда;
- қаржылық-құқықтық келісімнен туындаған дауларды қарау барысында;
- сотқа қаржылық-құқықтық актілердің заңға сай еместігі жөнінде шағымды қарау барысында. [8]
Көрсетілген барлық жағдайларда сот тұлғалардың әрекетін қаржылық заңнамаға сәйкес бағалайды.
Қаржылық бақылаудың келесі түрі - валюталық бақылаудың негізгі бағыты валюталық реттеу. Валюталық бақылаудың мақсаты валюталық операциялар барысында валюталық заңнамаларды сақтауын қамтамасыз ету.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыты:
- өткізілетін валюталық операциялардың әрекет етуші заңдарға және рұқсаттар мен лицензияларға сәйкестігін анықтау;
- резиденттердің мемлекет алдындағы міндеттемелерін шетел валютасымен өтеуін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында шетел валютасын сату бойынша міндеттемелерін өтеуін бақылау.
Шаруашылықішілік бақылауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылымдық бөлімдері жүзеге асырады.
Сонымен, қаржы жүйесін тұрақтандыру әдістерінің ішінен ең тиімдісін таңдап алып, оны орынды қолдану кез келген мемлекеттің қаржы жағдайын жақсартып, қаржы жүйесін тұрақтандыруға ықпал етеді. Алайда, бұл әдістердің тиімдісін таңдау сол саладағы қазметкерлердің біліктілігіне және нақты жағдайдың барысында байланысты болады.
- Қазақстан Республикасы мен Жапонияның қаржы саясатының салыстырмалы сипаттамасы
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде жапон экономикасының дамуы интенсивті сипат алды. Қайта құрудың негізгі бағыттары өндіріс пен ресурс үнемдеуді автоматтандыру, ғылым сыйымдылығы жоғары салалар мен өндірістерді дамыту, білімі жоғары кадрлар даярлау, басқару ұйымдастыру құрылымын жетілдіру болды. Жапонияда ақпараттық қоғам құру мақсатында ұлттық бағдарлама қабылданып, жүзеге асып жатыр. Бұл бағдарламада қаржы жүйесіне ерекше көңіл аударылған.
Жапонияның қаржы жүйесі орталық үкімет бюджетінен, жергілікті билік бюджетінен және арнайы қорларды, орталық, жергілікті билік органдарына жататын кәсіпорындар, корпорациялар шотын біріктіретін арнайы шоттардан тұрады.
Бюджеттің кассалық қызмет көрсетуін Жапония банкі мен оның бөлімшелері жүзеге асырады. Министрліктер мен ведомстволар өздеріне белгіленген шығын шегінде Қаржы министрлігіне төлем сметаларын әкеледі, оларды Қаржы министрлігі қарастырып, бекітеді. Сметалар көшірмесі ары қарай Жапония банкіне жіберіліп, банк соңғы операцияны орындайды. Бекітілген бюджет қаржысын жұмсауды бақылау квартал сайынғы министрліктер мен ведостволардың есеп беруі нысанында жүзеге асырылады. Бақылаушылар алынған есепті толық тексеріп, бюджеттің кірістер мен шығыстар бойынша орындалуының жалпы есебін шығарады. Жалпы есеп үкіметке жіберіледі, ал олар есепті ревизиялық бюро қарауына жібереді. Ревизиялық бюро өз қорытындысын берген соң есепті үкімет бекітіп, парламенттің қарауымен бекітуіне жібереді.
Жапония бюджетінің кіріс бөлігі салықтық және салықтық емес түсімдерден тұрады. Өзге елдермен салыстырғанда Жапониядағы салықтық емес түсімдердің үлесі жоғары. Мұнда жалға алу төлемі, жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүлікті сатудан, өзге де айыппұлдар, лотореядан түсетін табыс, займдар және т. б.
Жапонияның салық жүйесі көптеген салық түрлерімен сипатталады. Салық салуға территориялық басқарудың кез келген органның құқығы бар. Бірақ елдің барлық салықтары заңдық актілерде тіркелген. Жапонияда барлығы 25 түрі бар. Олар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Бюджет негізін тікелей салықтар құраған. Бірак жанама салықтардың үлесінің артуынан тікелей салық үлесі азайды. Тікелей салықтарға жеке және заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, мүлікке салынатын салық, мұраға салынатын салық, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық және т. б.
Жанама салықтарға спирттік, темекі өнімдеріне, мұнай, газ, бензинге салынатын акциздер, көрсетілетін қызметтерге: қонақ үйде тұруға, ресторандардан тамақтануға салынатын акциздер. Бұл топқа кедендік баждар жатады.
Жедел өсі факторы ретінде несиелендіру аса тиімді емес, сол себепті бұл кезде жапондық “коктейль” қолданылады, қатал бюджет несиелік экспансиямен қатар жүреді.
Бір жағынан, мемлекеттік қаржы элементтерін теңестіру саясаты жүргізіледі. Экономикалық өсу бюджетке қосымша табыс әкелгенде, үкімет оны салық салудың деңгейін төмендету үшін пайдаланды. Бюджет қаражатының өсуі қайтарымсыз сипатқа айналды, ал табыстың өсуі мұндай сипатта болмайды.
Басқа тұрғыдан, Жапония банкі бюджеттік саясатты күшейтумен қатар, жеке қаржы институттарынан мемлекеттік займ облигацияларын сатып ала бастады. Осы арқылы экономиканы монетизациялау деңгейін және несиелендіруді кеңейтуге ықпал етеді.
Жапон үкіметінің қаржы саясатының негізгі құралдары ретінде мыналарды көрсетуге болады:
- табыс салығы, корпоративті табыс салығы және де өзге де бірқатар салықтардың мөлшерлемесін реттеу;
- әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған қоғамдық жұмыстар, мемлекеттік инвестициялар және болашаққа арналған ірі масштабты бағдарламалар;
- қаржы институттарын несиелендіру және экономиканың нақты сесторының кәсіпорындарына несиелерін кепілдендіру;
- орта шағын бизнесті қолдау;
- Жапония банкінің пайыздық мөлшерлемені төмендетуі;
- экспортты қолдау, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- экономикалық жүйені қайта реттеушаралары мен бағдарламалары. [21]
Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеттері қаржы механизмі арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, ұлттық шаруашылықты дамыту, кәсіпкерлік қызметті жетілдіру, меншікті реформалау арқылы мемлекеттің үлесін арттыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру.
Реформаның негізгі объектілері - қаржы жүйесінің институттары мен құрылымы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру сферасы, шетелдік валютамен жүргізілетін операциялары.
Реформа келесі бағыттарда жүргізіледі: халықаралық қаржы операцияларын либерализациялау, қаржы институттары мен құралдары шеңберін кеңейту, бәсекеге қабілетті қаржы қызметтерін құру, қор нарығының көптүрлілігі мен тиімділігін арттыру, қаржы жүйесінің қауіпсіз әрі әділ сызбасын қамтамасыз ету.
Реформа нәтижесінде іскерлер ортасы мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас жүйесі өзгереді деген болжам бар.
Қаржы жүйесін мен шетел инвесторларын белсенді түрде тарту да жоспарланып отыр. Бұл жерде жапон бизнесінің “мөлдірлігі”, қор нарығы қатысушыларының қаржы жағдайы жайлы ақпаратқа қатысты қатал талаптар қою, маңызды болып табылады.
Экономиканы қолдау шаралары бірқатар салықтарды қысқартумен ерекшеленеді. Үкімет өзгеріс үстіндегі әлемдік экономика мен қоғамға «икемді экономикалық құрылым» жасауды жоспарлауда. Бұл дамуға ықпал ететін факторларға ұлттық капитал, дайындалған және жоғарғы білімді еңбек ресурстары мен жаңа технология жатады. Мұндай тұрғыдан мақсатқа жетудегі негізгі қағида тең бәсекелестік негізінде жеке капиталды тиімді пайдалану жатады.
Азиаттық дағдарыстың жапондық корпорацияларға әсер етуі жапондық банктердің елеулі әрекеттер жасауына әкеліп соқтырды. Жапондық банктер кейінге қалдырмайтын көмек берді, мамандарды қайта даярлау шараларын жүргізді.
Республика экономикасының әлемдік шаруашылыққа кеңінен ену механизмі жасалып жатыр. Қаржы саясаты мен механизм тұрғындарды нарықтық қатынастарына өту кезінде инфляциядан, жұмыссыздықтан, табысын жоғалтудан қорғауы қажет.
Экономиканы дамыту және Қазақстандағы нарықтық реформаны тереңдету бағдарламаларында экономиканы қаржы жағынан сауықтыру және ақша-несе саясатын белсендіру, тұтыну нарығын отандық өндірушілер үлесін кеңейте отырып дамыту, өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, шаруашылық байланыстарды нығайту бойынша шаралар кешені қарастырылған. Нарықтық қатынастарға өтудің негізгі бағыттарына мыналар жатады: инфляцияны минималды деңгейде ұстап тұру, экономиканы демонополизациялау, бәсеке мен кәсіпкерлікті, нарықтық инфрақұрылымды (тауар және қор биржасы, инвестициялық қорлар, коммерциялық банктер, тауарларды сату бойынша бөлшек және көтерме кәсіпорындарыныі коммерциялық желісі, сақтандыру фирмалары, қоймалық, транспорттық, шаруышылық, коммерциялық ақпарат орталықтары, жарнамалық фирмалар, заң, кеңестік, сервистік қызмет желісі және т. б. ) дамыту. [12]
Екі елдің қаржы саясатына қысқаша салыстырмалы сипаттама берсек.
Кесте 1. Қазақстан мен Жапонияның қаржы саясатының ерекшеліктері мен ұксастықтары
- қаржы саясаты заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу арқылы жасалуда;
- бюджет кірістерін көбінесе салықтық түсімдер арқылы толықтырады;
- экономикада мемлекеттік меншіктің рөлі жоғары.
- қаржы жүйесін тұрақтандыруға бағытталған;
- қаржы саласында жоғарғы білімді мамандар дайындау;
- ғылымның жаңа жетістіктерін экономиканы басқаруға ұтымды пайдалануға ұмтылыс;
- қаржы саясаты интенсивті сипатта жүзеге асырылады.
- тең бәсекелестік қағидатын ұстанады;
- бюджеттегі салықтық емес түсімдердің орны елеулі;
- мемлекеттік меншік экономикада үлкен рөл ойнамайды.
Осы бағдарламаларға сәйкес қаржы саясаты және оның қызметі нарыққа өту кезеңінде қажетті қаржы ресуртарын алуға, оны бюджетке уақытылы әрі толық аударуға, шараларды қаржыландыруға, мемлекеттік материалдық, еңбек, ақша ресуртарын тиімді жұмсауға бағытталған. Бұл мақсаттар әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын қаржылық қамтамасыз етуден туындайды.
Сонымен, қаржылық бақылау әдістерінің ең негізгі мақсаты - мемлекеттік бюджеттің балансын қамтамасыз ету, экономиканы тұрақтандыру негізінде ұлттық шаруашылықты қаржы көмегімен сауықтыру мәселесін шешу деген тұжырымға келдім.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржыларын талдау
Мемлекет өзінің функцияларын орындай отырып, экономиканы басқаруда экономикалық құрал (инструмент) болып табылатын «қаржы» категорияларымен тығыз жанасатын болады. «Қаржы» және «мемлекеттік қаржылар» ұғымының аражігі ажыратылады.
Мемлекеттік қаржылар мемлекеттік сектордағы алуантүрлі өндірістік және әлеуметтік қатынастарды қамтиды.
Олардың қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлумен және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастарын білдіруі, мемлекеттік қаржылардың экономикалық мәні болып табылады. Қайта бөлінген құн, мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастыру және алынған қаражатты мемлекет пен мемлекеттік кәсіпорындардың функцияларын орындау үшін пайдаланылады. Мемлекеттік қаржыларда мемлекет функциялары: ресурстарды қайта бөлу, экономиканы тұрақтандыру, кірістер мен байлықты қайта бөлу неғұрлым кең түрде көрінеді.
Мемлекеттің белсенділігі өсе түсетін (Вагнер заңы) заң негізінде ҰЖӨ-нің өсуімен салыстырғанда мемлекеттік шығыстар көлемін басып озатын қарқынмен өсуі, мемлекеттік қаржыларға тән болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz