Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Өнер факультеті

Бейнелеу өнері кафедрасы

Теміров Бауыржан

Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы

Түркістан 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Өнер факультеті

Бейнелеу өнері кафедрасы

Қорғауға жіберілді
___________
кафедра меңгерушісі
________ п.ғ.к., доцент м.а. Әуелбеков Е.Б.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану

5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы

Орындаған: ӨКО-211 тобының студенті
Теміров Б.

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент м.а.
Күнпейіс Ж.Қ.

Түркістан 2015

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"Бейнелеу өнері" кафедрасы

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
Е.Б.Әуелбеков

Кәсіптік оқыту әдістемесі
пәнінен курстық жұмысқа

ТАПСЫРМА №___

СТУДЕНТ Теміров Бауыржан ТОБЫ ӨКО-211
Жұмыстық тақырыбы Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану
Тапсырма мазмұны
1. Оқу бағдарламасымен танысып, берілген тақырыптың мазмұнын және мақсатын анықтау.
2. Тақырыпқа сәйкес арнайы және әдістемелік әдебиеттерді іріктеу және зерделеу.
3. Орындалатын тақырыпқа сәйкес жұмыс объектісін немесе лабораториялық жұмысты іріктеу.
4. Орындалатын тақырып мазмұнына сәйкес жоспар түзу.
5. Кіріспеде тақырыптың қоғамда алатын орны, мақсатын және әдістемелік міндеттерін шешу көрсетіледі (1,5 - 2 парақ көлемінде).
6. Тақырыпқа байланысты бағдарламаларға шолу жасау.
7. Күнтізбелі тақырыптық жоспар құрастыру.
8. Оқытудың тиімді әдістері мен формаларын ұсыну.
9. Технологиялық және нұсқау карталарын жасау.
10. Шеберхананы жабдықтау.
11. Қорытынды.
12. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
13. Қосымшалар
14. Жұмыстық мазмұны туралы қысқаша аннотация жазу (05 бетке дейін).
15. Сызбалар мен техникалық құжаттар ГОСТ талаптарына сай орындалады.
16. Жазбаша жұмыс көлемі 25-30 парақ компьютерде терілген, тексерілген болуы тиіс.
17. Курстық жұмыс жетекшісі пікір жазып, қорғау үшін комиссияға жолдайды.

Негізгі мәліметтер_________________________ ______________

___________________________________ ______________________

Түсінік хаттың мазмұны
Орындалу мазмұны
Жұмыстың парақ санының көлемі


Графикалық бөлімнің мазмұны
Орындалу мазмұны
Жұмыстың парақ санының көлемі
Формат

Әдебиеттер:
1. ___________________________________ _________________
2. ___________________________________ _________________
3. ___________________________________ _____________________________
4. ___________________________________ _____________________________
5. ___________________________________ _____________________________
6. ___________________________________ _____________________________
Тапсырманы өткізу мерзімі ___________________________________
Жұмысты қорғау мерзімі ___________________________________ ___
Жұмыстың жетекшісі ___________________________________ ______
(қызметі аты-жөні қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдадым:
___________________________________ ___________________________
(студент қолы тобы)

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1 Ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.1. Ақпараттық технология туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.2. Ақпараттық технологияны Технология пәнінде пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2 Оқушыларды технология сабағында ақпараттық технологиясын пайдалана отырып оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.1. Технология пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолданудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2. Ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың құзырлығын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.3. Оқушыларға кәсіптік оқыту сабақтарын ақпараттық технологияны пайдалана отырып өткізу әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Нормативтік сілтемелер

Курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы Заңы.
2. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007.
3. Қазақстан Республикасының және Ғылым Министрінің 2013 жылғы 3-сәуірде № 115 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2013 жылы 10сәуірде № 8424 тіркелген.
Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
1. УЕ-ХҚТУ-015-2014, Курстық жұмысты әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

Анықтамалар

Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту
Ақпараттық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Компьютерлік бағдарламаланған оқыту - бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология.
Компьютерлік коммуникация - білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы.
Ақпараттық - коммуникациялық технолгиялар құзыреттілігі дегеніміз - оқушының ақпаратты таба білуі, сонымен бірге алынған ақпаратты өзекті, әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде қолдана білуі.
Инструменттік құралдар деп - жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламалар.

Белгілеулер мен қысқартулар
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік универсиеті
УЕ - Университет ережесі
АКТ - ақпараттық коммуникациялық технологиялар
ҚБТ - қолданбалы бағдарламалар пакеті
КТ - компьютерлік тренажерлер
АТ - ақпараттық технологиялар

Кіріспе

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет
Н. Ә. Назарбаев

Зерттеудің көкейкестілігі. Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттык қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлдыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Соның бірі-жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керектігі белгіленген [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері, оқытушылары, ғылыми қызметкерлерге, университет басшыларына арналған Инновациялар мен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы тақырыбындағы дәрісінде білім мен кемшіліктер кеңінен талданып, білім берумен қатар ғылымды жетілдіру республикамыздың бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енудің басты шарттарының бірі деп көрсеткен [2].
Осы Заңның 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп атап көрсеткен [3].
Оқыту үдерісінде компьютерлік технология мен техниканы қолданудың негізгі педагогикалық-психологиялық мәселелерімен айналысқан ғалымдар, білім беруді ақпараттандыру саласында зерттеушілер Е.Ы.Бидайбеков [4], К.М.Беркімбаев [5], Ж.А.Қараев [6], А.А.Кузнецов [7], Э.И.Кузнецов, И.В.Роберт [8], Г.К.Нұрғалиева [9], А.П.Ершов [10] және т.б. өз еңбектерінде орта және кәсіптік лицейлерде ақпараттық технология құралдарын қолданудың іс-тәжірибесі, танымдық әрекеттерді басқару үдерісі, кәсіптік лицейлер пәндерінің мазмұны, әдістері, құралдары, оқыту түрлері мен оның нәтижесін бақылау жаңа дидактикалық шарттарға негізделіп және жаңа құрылым, ұйымдастыру қызметі, орындалу нәтижесі, көп ізденуді қажет ету керектігін, педагогикалық-психологиялық сипаттамаларын нақтылап көрсетеді. Білім беруді ақпараттандыру мәселесін тиімді шешу, негізінен педагогикалық кадрлардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастырумен тікелей байланысты. Бүгінгі мұғалімнің ақпараттық мәдениеттілігі оның педагогикалық мәдениеттілігінің маңызды бір бөлігі болып табылады.
Ақпараттандыру - әрбір адамның және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорларды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік - экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс. Ақпараттандыру - өндірісте ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, ақпаратты өңдеу, сақтау және тарату, әсіресе білім беру жүйесінде қолдану болып табылады. Білім беруді ақпараттандыру сыртқы (еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының сұраныстарына) және ішкі қажеттіліктермен (оқу-тәрбие үдерісі сапасының артуымен) сипатталады. Білім беруді ақпараттандырудың ішкі қажеттіліктері білім беру саласына ақпараттық технологияны енгізудің мүмкіндіктерін анықтайтын педагогикалық ғылым мен тәжірибенің даму дәрежесімен байланысты болады.Білім берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану үдерісі. Білім беруді ақпараттандыру құралдары деп компьютерлік аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды, сонымен қоса, білім беруді ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін пайдалынатын олардың мазмұндық толықтырмасын айтады.
Кәсіптік лицейлерде оқытудың жүйесіне сәйкес оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды жетілдіру ақпараттық технологиялар түрлерін толығымен пайдаланылмауы және ақпараттық технологиялар негізінде оқушының ақпараттық мәдениетін жетілдіру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында оқушының ақпараттық технология түрлерін бүгінгі заман сұранысына сай қалыптастыру, зерттеу проблемасын айқындап, зерттеу тақырыбымыз Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану деп анықталды.
Зерттеудің мақсаты: білім беруді ақпараттандыру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану арқылы технология пәнін оқытудың сапасын арттыру.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектепте оқушыларды киім жеңінің сызбасын тұрғызуға баулу барысы.
Зерттеу пәні: жаңа ақпараттық технологияларды қолданып оқушылардың білім сапсын арттыру
Зерттеудің міндеттері:
oo білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін зерделеу
oo жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындау;
oo ақпараттық оқыту технологиясын технология пәніне оқытуға қолданудың әдістемелік жүйесін жасақтау
Зерттеудің әдістері: ғылыми, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік оқу құралдарын зерделеу; тәжірибе барысында әдіскерлермен, ұстаздармен әңгімелесу;

1 Ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негіздері
1.1. Ақпараттық технология туралы түсінік

Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру.
Оқытудың жаңа технологияларының бірі - ақпараттық технология.
Ақпараттық технология (Информационная технология;) - 1) объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс; 2) ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.
Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандар даярлау - мұғалімнің басты міндеті. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
ХХІ ғасыр - техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Кәсіби мамандарды дайындауда жүргізілетін барлық пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану - оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге оқушыны оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады [11].
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
:: Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;
:: Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
:: Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;
:: Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
:: Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;
:: Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
:: Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әдістеменің ерекшеліктері:
Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне "дыбыс беру", олармен диалог "жүргізу" қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын [12].
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс - тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.
Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді [13].
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық - коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Мұғалімдері үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
* оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне;
* уақытын үнемдеуге көмектеседі;
* білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
* қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды;
* қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді;
* экономикалық тиімді;
* іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде көп көмегі бар;
* қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктерін оқушының ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орнының басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Ақпараттық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс:
* білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал - жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталармен, мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;
* пәндерді оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;
* ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, кәсіптік оқыту пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау [14].

1.2. Ақпараттық технологияны Технология пәнінде пайдалану жолдары

Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
* тұтынушының қолдану сапасында;
* нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру - бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды.
Бұл - жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
Компьютерлік бағдарламаланған оқыту - бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
Материалды компьютердің көмегімен оқу - оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
Материалды компьютер қоры негізінде оқу - алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
Компьютер қорымен оқыту - білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
Компьютердің көмегімен бағалау - өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;
Компьютерлік коммуникация - білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына - ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
* оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
* оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
* ақпарат іздеу жүйесі;
* модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
* танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
* әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
* коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер - бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп - жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:
* әр түрлі форматты файлдар;
* мәліметтер қоры;
* бағдарламалық модульдер;
* жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін.
Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар - бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде "Human - Computer Interface" - Интерфейс-адам-компьютер) аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар деп түсінуге болады.
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:
* сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;
* Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;
* желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
* оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.
Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:
* қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;
* іштей және қашықтан оқыту түрлерін біріктіру;
* қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу - тәрбие процессiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
- студенттердің дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық - техникалық базасын жетiлдiру [14].

2 Оқушыларды технология сабағында ақпараттық технологиясын пайдалана отырып оқыту әдістемесі
2.1. Технология пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолданудың маңыздылығы

Ақпараттық компьютерлік технологиялар- бұл термин бүгінде баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жиі кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құрамына айналды.
Оқушыларға тақырып көлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Білім деген бір -- бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орындарында отырып қол жеткізуге болады. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуымен оқу материалының сапасын арттырады.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену -- бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз - мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі -- оқытудың компьютерлік технологиясын өз тәжірибеңде қолданып келемін. Оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалану мен үшін оқу процесін жаңа оқу -- әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге және оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді.
Шығармашылық іс -- әрекет
Зейін
Есте сақтауы
Интеллектісі
Ойлауы
Оқытудың компьтерлік технологиясы - оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Мен өзімнің тәжірибемде:
-- дәстүрлі (оқулық, көрнекілік құралдар, электронды оқулықтар).
-- компьютерлік ( презентация, дисктер, мультимедиа құралдар).
-- Интернет -- технология (интернет дербес ақпарат көзі ретінде, e -- mail -- ақпарат алмасу құралы ретінде, т. б.) жиі пайдаланамын.
Компьютерлік оқыту технологиясы - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Дидактиканың негізгі принципі -- білім беру кезінде көрнекіліктерді пайдалану, осы себепті компьютерлік технологияны пайдалану оқу барысында қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді [15].
Мен өз тәжірибемде компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып өз алдыма төмендегідей мақсат қоямын.
Осы компьтерлік оқыту технологиясы арқылы білім сапасын арттыру. Мен өзімнің сабақтарымда:
Оқытуды ұйымдастыру формаларын: жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасау формаларын пайдаланамын.
Қолданылған технологиялар: жобалау, компьютерлік әдісі, ақпараттық ойын, топтық т. б. элементтерін қолданамын.
Қорытынды диагностика: тестілеу, жобаны қорғау. Мұғалім араласпай -- ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық -- анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бір неше бағыттары бар, солардың ішінде өз тәжірибемдегі негізгілері мыналар:
-- компьютер - оқушы білімін бағалау құралы;
-- компьютерлік модельдеуді қолданатын электронды оқулықтар;
-- мультимедиа -- технология, жаңа материалды түсіндірудегі құрал;
-- Дербес компьютер, білім жетілдіру құралы;
1. Компьютер -- оқушы білімін бағалау құралы;
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд -- фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай -- ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Компьютер көрнекі - бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым -- қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызады
2. Электрондық оқулық -- оқушыны осы оқулықпен таныстыру.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері үшін өте маңызды әрі мағыналы жұмыс. Тәжірибелік тұрғыдан оқушылардың назарын туындаған проблемаларға аударамын. Мысалы: 10-шы сыныпқа арналған электрондық оқулықта әр тақырыпқа сай толық мәлімет берілген.
3. Мұғалімнің сабаққа деген шығармашылық қабілетінің деңгейін көрсететін, күнделікті сабақ барысында пайдалануға болатын құрал.
Microsoft Power Point презентация арқылы әр тақырыпты қажетті көрнекілік құралдарымен безендіріп, тартымды әрі қызықты етіп көрсетуге болады. Осы уақытта оқушылардың есте сақтау мүмкіндіктері жүзеге асады. Презентация уақытты үнемдеуге және оқушылар принтер арқылы қажетті ақпаратты шығарып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-НЫ ҚОЛДАНУ
Мультимедиялық оқыту құралдарын жаратылыстану сабақтарында қолдану әдістемесі
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ
Биологияны компьютерлік технологияға негіздеп оқыту ерекшеліктері
Педагогикалық технологияның құрылымы
Пәндер