Кәсіптік оқыту жүйесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кәсіптік оқыту әдістері мен формалары және жалпы түсінік.
2. Көрнекілік әдістері
3. Кәсіптік оқыту жүйесі мен принциптері (қағидалары)

Кәсіптік оқыту әдістері мен формалары және жалпы түсінік.
Оқыту (дидактика) педагогика ғылымының саласы. Didaktikos - бұл ежелгі грек сөзі - үйретуші, мұғалім деген ұғымды білдіреді. Оқыту процесі - бұл мұғаліммен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттергі білім бері міндеттерін шешу болып табылады. Оқыту процесінің жалпы мәселелері, олар:
1. оқытудың мақсаты- не үшін оқыту;
2. оқытудың мазмұны- нені оқыту керек;
3. оқыту процесін қалай ұйымдастыру - ол оқыту процесінің формалары;
4. оқыту процесінде нені қолдану- ол оқыту құралдары;
Оқыту әдісі деп педагогикада оқытушы, немесе (оқыту шебері) мен оқушы ның өзара байланысқан іс-әрекет тәсілдері, білім, білік, дағдыны игеруге және оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған процесс деп сипатталады. Оқыту әдістері 3 үлкен топқа, және оның ішінде шағын топтарға, жеке әдістерге бөлінеді.
Оқыту әдістері ұғымы көпжақты. Оқыту әдістерінің бір неше топқа жіктелуі, оның бір біріне қарсы қойып салыстыру емес, және бірінің ролін, қажеттілігін төмендету емес. Оқыту әдістері әр қашанда бір бірімен үйлесе отырып, оқытушы мен оқушының қарым қатынасын сипаттайды. Яғни, бір оқыту әдісін ерекше атап қолдану, ол оның сол кездегі дидактикалық міндетті шешудегі орны ерекше деп білеміз. Сонымен қатар, әр оқыту әдісі басқада әдістермен бірігіп қолданылады. Мысалы: репродуктивті, проблемалы ішінара іздену әдістері - сөз, көрнекілік, практикалық әдістер арқылы жүзеге асырылады. Оқыту әдісі ол - оқыту процесін жүргізудегі негізгі тәсілі және құралы болып табаылса, онда оқыту әдістері, бір жағынан - оқытушының іс-әрекеті (білім беру, оқыту); екінші жағынан - ол оқушының іс-әрекеті - оқу болып саналады. Оқыту әдістері -------- Оқыту процесі--------Тәсілі, құралы 1.Оқытушы 2.оқушы Оқыту (б.б) оқу Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан - оқыту объектісі, бір жағынан - оқыту субъектісі болады. Оқытушы (немесе оқу шебері) іс-әрекеті келесі компоненттерден турады:
мақсат қою;
оқушы іс-әрекетінің мәні мен тәртібін анықтау;
білімде қабылдау және меңгеру;
оқушылардың танымдық, оқу-өндірістік іс-әректін басқару;
бақылау жасау;
қорытындылау;
Оқыту әдісі, оқыту тәсілі, әдістемелік тәсіл ұғымдары бір бірімен байланысты. Әдістемелік тәсіл- оқыту әдісінің элементі (компоненті; құрамды бөлімі). Оқыту әдістері 3 аспектті қамтиды:
жалпы дидактикалық;
жеке дидактикалық;
жеке әдістемелік;
1а) Теориялық оқыту әдістері; Бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарында теориялық оқыту әдістері 3 пәндер циклын қамтиды:
жалпы білім беретін пәндер циклы;
жалпы техникалық пәндер циклы;
арнайы пәндер циклы;
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру әдістері: Сөздік (сөз арқылы жеткізу әдістері):
1. Ауызша баяндау (жалпы техникалық және арнайы пәндерді меңгеру кезінде ауызша баяндау әдісі кешеңді әдіс ретінде қолданылады: ол - баяндау-түсіндіру; салыстыру; негіздеу; қорытындылау).
2. Әңгімелесу - сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және басқару.
3. Кітаппен жұмыс жасау - педагогика ғылымы және тәжірибенің ұсынған бір қатар әдістемелік тәсілдері бар, олар:
- конспект жасау;
- негізгіні белгілеу және жоспар құру;
- бақылау сұрақтарына жауап беру;
- кітаптің мәтінін тез қарап шығу және ойда сақтау;

Көрнекілік әдістері
- Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту процесінде қолданылатын көрнекілік құралдар 2 топқа бөлінеді:
- Табиғи (саймандар, аспаптар, материал, зат, бұйымдар үлгілері);
- Бейнелеу әдістері (плакаттар, макет, схема, слайд т.б.);
Көрнекілік әдістердің функциялары әртүрлі. Ол бір жағынан, мұғалім сабақ түсіндірген кезде - иллюстрация ретінде қолданса, екінші жағынан - зат немесе құбылыс туралы оқушыларға нақты мәлімет беретін құралдың ролін атқарады. Практикалық әдістер: оның ішіндегі жаттығу - ен негізгі болып табылады. Жаттығудың бір неше түрін атауға болады, олар:
- Репродуктивті;
- Іздені жаттығулары;
- Диагностикалық жаттығулар;
- Шығармашылық жаттығулар;
Жаттығудың мақсаты - жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша білімді меңгеру кезінде, оқушылар іскерлігін қалыптастуру. Белсенді оқыту әдістері - оқушылардың белсенді қатысуларымен байланысты, олар:
- Дидактикалық ойындар;
Роль арқылы ойынды басқару (ролевые и управленческие игры);
- Семинар сабақтары;
- Проблемдік оқыту;
Оқу-танымдық іс-әрекетінің ыңталандыру әдістері: міндеті:
- Оқудың қоғамдық және жеке адамның маңыздылығын түсіндіру;
- Оқыту талаптарын қою;
- Мадақтау;
- Ұялту.
Оқыту әдістері деп - оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері. Кәсіби оқыту әдістері - бұл арнайы жүйе. Ол логикалы бір ізділікпен іс-әрекет жасайтын инженер-педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Дидактикалық міндеттерді шешуді қамтамас етудегі түрлі іс-әрекет қимылдарды - біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн. Инженерлік психологияда іс-әрекеттің мына түрлері бар : 1. пәндік-практикалық ; (предметно-практические) 2. пәндік-ойлау ; (предметно-умственное) 3. практикалық-белгілеу ; (знаково-практические) 4. ойлау белгілері арқылы ; (знаково-умственные) Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық карым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
1. Сабақтын мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет,
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондайақ сабақта оқушылардың бойында біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
4. Сабақтың мазмуны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әр-бір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ыңтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтын құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік оқу орындарындағы казіргі кезде қолданылатын заманауи техникаларды, оларды қолдану әдістерін анықтау
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
Касіптік білім беру
Оқыту құралдары
Дуальды оқыту үдерісін жоспарлау
Дуалды оқыту жүйесі
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
Кәсіптік педагогика пәнінен дәрістер жинағы
Кәсіптік білім берудегі үдерісінің сипаттамасы
Оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
Пәндер