Кіші жамбас және оның мүшелерінің топографиялық анатомиясы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
(Ф КГМУ 43-0402
ИП №6 УМС при КазГМА
От 14июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Анатомия кафедрасы

ДӘРІС
Тақырыбы: Кіші жамбас және оның мүшелерінің топографиялық анатомиясы. Кіші жамбас мүшелеріне жасалатын операциялардың негізгі ережелері
Пәні Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия
Мамандығы 051301- Жалпы медицина

Курсы 5
Уақыты(ұзақтығы) 1 сағат

Карағанды 2011 ж.
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
__ __ __ №___Хаттама
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к Наурызов Н.Н.

* Тақырыбы: Кіші жамбас және оның мүшелерінің топографиялық анатомиясы. Кіші жамбас мүшелеріне жасалатын операциялардың негізгі ережелері
* Мақсаты: Студенттерді кіші жамбас және оның мүшелерінің топографиялық анатомиясы. Кіші жамбас мүшелеріне жасалатын операциялардың негізгі ережелерімен таныстыру.
* Дәріс жоспары
1. Кіші жамбас және оның мүшелерінің топографиялық анатомиясы.
2. Кіші жамбас мүшелеріне жасалатын операциялар.
* Дәріс тезистері
Топографиялық анатомияда жамбас деп сырттан жамбас сүйектерімен және ұлпаларымен қоршалған, жамбас көкетін құрайтын дененің бөлігін айтады.Жамбас сүйектерін сыртынан және төменнен жауып тұратын жұмсақ ұлпалар және тері жамылғылары басқа аймаққа жатады. Жамбастың шыға берісі жұмсақ ұлпалармен жабылған, негізі осы тарауда қаралатын шатаралық аймағын құрайды, шатаралықтың алдыңғы бөлігімен бірге сыртқы жыныс мүшелерінің аймағында жазылған. Жамбаста жатқан мүшелердің жартысы, мықын ойысында жатқан тоқ ішек бөліктері құрсақ қуысында жатады. Жамбас қуысын шекаралық сызық үлкен және кіші жамбас қуысына бөледі. Осы сызықтан жоғары жатқан аймақ үлкен жамбас қуысы, ал одан төмен жатқан кіші жамбас қуысы деп аталады.Жамбас қуысына және онда жатқан мүшелерге операциялық жету, құрсақтың алдыңғы қабырғасы арқылы және сегізкөз, құйымшақ, бөксе аймағы жағынан және шатаралық, сан жатқан жақтан жасалады. Дәрігерлер және хирургтер, гинекологтар операция кезінде нысанаға негізі сүйекті, бұлшық етті ж.б. алады.
СҮЙЕКТІ-БҰЛШЫҚ ЕТТІ НЫСАНАЛАР.
Ең бірінші бұл жерде нысанаға шат сүйектерінің біріккен жерінің сифиз жоғарғы жерін және оған жанасып жатқан шат сүйегінің көлденең тармағы мен шат төмпешігін алады. Оларды сипап білу қиын емес. Одан кейінгі негізгі нысанаға мықын сүйегінің алдыңғы-жоғарғы қырын алады. Ол барлық уақытта сипағанда жақсы сезіледі. Одан Сыртқары және артында мықын қысып сипағанда байқалады. Артында сегізкөздің бөліктері және құйымшақ, ал жамбас аймағында отырықшы шонданай сүйектің төмпешігі жақсы анықталады. Отырықшы сүйектің төмпешігінен сыртқары және бірнеше жоғары ортан жіліктің үлкен ұршығы сипағанда сезіледі. Симфиздің төменгі жиегі және шат доғасы, ерлерде ұманың түбінің артынан сипағанда сезіледі. Әйелдерде симфиздің төменгі жиегі жамбас мүйісіне promontarium сәйкес келеді. Оны қынапты тексергенде анықтайды. Басқа нысанаға шап иілімінің терісінен сипап сезуге болатын пупартов байламы алынады. Бұлшық еттердің ішінен құрсақтың алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері мысалы: құрсақтың тік бұлшық етінің сыртқы жиегі алынады құрсақ бөліміне қарай.Көтен ішек арқылы тік ішекке саусақты енгізіп жамбас мүшелерінің пішіні мен тығыздығының өзгергенін анықтауға болады, ал әйелдерде қынап арқылы тексереді. Мысалы: Ерлерде тік ішек арқылы тексергенде, қуық асты безінің және ұрық жолының патологиялық өзгерісін тексереді.
ЖАМБАС ҚУЫСЫНЫҢ ҮШ БӨЛІГІ.
Кіші жамбас қуысы үш бөлікке немесе сатыға бөлінеді.
1. Cavum pelvis peritoneale
2. Cavum pelvis subperitoneale
3. Cavum pelvis subcutaneum
Бірінші бөлігі Cavum pelvis peritoneale құрсақ қуысының төменгі бөлігі болып табылады және жоғарғы жағынан жамбасқа кіре беріс арқылы өтетін сызықпен шектеледі. Бұл жерде жамбас мүшелерінің іш пердесімен жабылған бөліктері жатады. Ерлерде жамбастың құрсақтық қуысында бөлігінде тік ішектің іш пердесімен жабылған бөлігі жатады, ал қуықтың жоғарғы, жартылай артқы-бүйір және біршама алдыңғы қабырғалары жатады.Кіші жамбастың бұл бөлігінде қуықпен тік ішектің арасында ащы ішектің ілмектері, кейде көлденең айналмалы ішек немесе соқыр ішек, сигма тәрізді ішектер жатады. Іш пердесі құрсақтың алдыңғы қабырғасынан қуықтың алдыңғы қабырғасына өткенде, көлденең қуықтық қатпар түзеді. ол қуық бос кезде жақсы көрінеді. Ерлерде іш пердесі, одан әрі қуықтың бүйір және артқы қабырғасын, ұрық шығаратын өзектің ішкі жиегін және ұрық жиналатын қапшықтың ұшын жабады. Сосын іш пердесі тік ішекке өтеді, бұл жерде тік ішек-қуық ойысы түзіледі excavation retrovesicalis дугласов кеңістігі. Бүйірінен бұл ойыс тік ішек-қуықтық қатпармен plicae retrovesicales қоршалған, ол тік ішекпен қуықтың арасында созылып жатыр. Оларда фиброзды және жұмсақ бұлшық еттерінің талшықтарынан құралған аттас байламдар жатыр. Алдыңғы және артқы іш пердесі қатпарының орналасу қуықтың толуына байланысты құрсақтың алдыңғы қабырғасынан қуыққа, қуықтан тік ішекке өткенде. Қуық толып тұрғанда іш пердесінің алдыңғы қатпары симфизден шығып тұратындығын 4-6 см, артқы жағында 9 см жоғары тұратындығын Пирогов дәлелдеді. Қуық бос болғанда іш пердесінің алдыңғы қатпары симфиздің жоғарғы жиегімен бірдей, ал қатпардың арты 4-5 см жоғары тұрады. Бұл дәлелдемелерді алдыңғы іш пердесінен тыс кесінділер жасағанда Шевкуненко В.Н. дәлелдеді.Ерелерде қуық орташа толғанда дугласова кеңістігінің түбі сегізкөз-құйымшақ жерінде, ал артқы жағынан 6-7 см жоғары орналасады. әйелдерде бірінші бөлікте қуықтың сол бөлігі және тік ішектің де сол бөлігі, жатырдың үлкен бөлігі және оның құрылымдары жатыр түтігі, аналық без, сонымен қатар қынаптың жоғарғы бөлігі 1-2 см қашықтықта жатыр.Әйелдерде іш пердесі қуықтан жатырға, сосын тік ішекке өткенде екі іш перделік ойыс түзеді: алдыңғы excavatio vesico-uterina алдыңғы дугласова кеңістігі және артқы excavatio recto- uterina артқы дугласова кеңістігі.Іш пердесі жатырдан тік ішекке өткенде, алдынан артқа сегізкөзге дейін жететін екі бүйірлік қатпар түзеді. Олар сегізкөз-жатыр қатпары деп аталады және бұлшық етті-фиброзды талшықтардан тұратын аттас байламдардан құралған.Екінші бөлімі сатысы - cavum pelvis superitoneale іш пердесі m. levator ani-ді жауып тұратын жамбас шандырының арасында жатады. Бұл жерде ерлерде іш пердесінен тыс қуықтың бөлігі, тік ішектің бөлігі және қуық түбі безі, ұрық қуықшасы семенные пузырки, ұрық шығаратын өзектің жамбастық бөлімі, несеп ағардың жамбастық бөлігі жатады. Әйелдерде кіші жамбастың бұл бөлігінде несеп ағардың бөліктері, қуықтың және тік ішектің бөліктері, жатырдың мойны, қынаптың бастапқы бөлігі жатады. Де орналасқан мүшелерді дәнекер ұлпалы қапшықтар жауып тұрады, олар жамбас шандырларынан құралған. Бұл мүшелерден басқа іш пердесі мен жамбас шандырының арасында қан тамырлар, жүйкелер, лимфатикалық тамырлар және түйіндер жатады. Сегізкөз өрімі алмұрт тәрізді бұлшық еттің үстінде жатыр. Ол IV, V бел жүйкелерінің алдыңғы тармақтарынан және І, ІІ, ІІІ сегізкөз жүйкелерінің тармақтарынан құралған, ол алдыңғы сегізкөз тесігінен шығады. Өрімнен шығатын жүйкелер fjor. suprapiroforme арқылы бөксе аймағына барады n. Gluteus superior және аттас тамырлар да барады, fpf. Infapiriforme арқылы gluteus inferior және аттас тамырлармен, n. cutaneus femoris post, n. ischiadicus өтіп бөксе аймағына барады. Соңғы жүйкемен бірге жамбас қуысынан n. pudendus және тамырлар vasa pudenda inf. шығады. Бұл жүйке ІІ, ІІІ және ІVсегізкөз жүйкелерінен құралған, алмұрт тәрізді бұлшық еттің төменгі жиегінде, сегізкөз өрімінің астында жатқан pl. Pudendus-тан шығады. Жамбастың бүйір қабырғасына жақын, іш пердесі мен жамбас шандырының арасында, арттан алға қарай n. odturatoricus өтеді бел өрімінен. Ол өзінің жолында сегізкөз-мықын өрімін қиып өтеді, ал кіші жамбаста бас жағында артта, сосын құрсақ асты тамырлардың сыртқары, орналасады, ал сыртқы мықын тамырлары жүйкенің алдынан өтеді.Алдыңғысы сегізкөз тесігінің ішкі жиегінде бір-бірімен дәнекер ұлпалы тармақтармен байланысқан симпатикалық жүйкелер 3-4 жатады. R. communicantes-тен басқа қолқа өрімінің жалғасы болып табылатын жүйкелер, түйіндерден шығып құрсақ астының симпатиткалық өріміне келеді. Құрсақ астылық артерия-a. hypogastricae жалпы мықын артериясынан шығады. Бұл артерия m. psoas-тың ішкі жағынан төменге, сыртқа және артқа қарай бағытталады. Онымен қатар жүретін құрсақ астылық вена артерияның артынан өтеді. Артерия бағанасы қысқа 3-4 см, ол қабырғалық және висцеральдық іштік тармақтар береді. Біріншісі жамбастың қабырғасына және сыртқы жыныстық мүшелерге, ал екіншісі жамбас ішіне барады.Қабырғалық тармақтарынан a. abturatoris n. abturatoris - пен бірге аттас тесіктен өтеді. Aa. gluteae sup. және inf. for. supra және infap irifotme арқылы аттас бөксе аймағына барады. A. pudenda n. pudaendus-пен бірге for. infap irifotme арқылы, сыртқы жыныстық мүшелерге тармақтарын бере отырып төменгі бөлікке бағыт алады. A. ilio-lumbalis артында, жоғарыда және сыртында өтеді де, m. psoas астында екі тармаққа бөлінеді. Оның бірнішісі a. circumflexa ilium prof. тармақтарымен, ал екіншісі бел артериясымен анастомоз жасайды. A. sacualis lat. Ішінде және төменінде өтеді және жұлын-ми жүйкелеріне және жамбас бұлшық еттеріне тармақтар береді. Висцеральды тармақтары: aa. Vesicales sup. inf., haemorrhoidalis және uterina. Қабырғалық веналар жұптасып артериялармен бірге жүреді, висцеральды веналар ірі венозды өрім түзеді pl. Haemorrhoidalis, pl. vesicalis, pl. pudendalis, pl. uro-genitalis. Қан құрсақ астылық венаға ағады жартылай қақпалық венға. Шевкуненко В.Н. мектебінің біршама жұмыстары кіші жамбас мүшелерінің веноздық өрімдеріне арналған. Бұл бөліктің веноздық өрімдерінің айырмашылығы, венозды тордың әр түрлі дәрежеде қалпына келетіндігінде. Pl. uro- genitalis-тің веналарының құрылысы торлы болады, қабырғалық веналармен және көрші мүшелермен көп байланыс жасайды. Жамбаста үш топ лимфатикалық түйіндер бар бірінші топ жалпы мықын артериясының сыртқы жағында, екінші - құрсақ астылық артерияның бойындағ үшінші-сегізкөздің алдыңғы дөңес бөлігінде жатады. Бірінші топ лимфалық түйіндерді аяқтан, бөксе аймағының беткі тамырларына, құрсақ қабырғаларынан төменгі бөлігінен, шаттың беткі қабаттарынан, сыртқы жыныстық мүшелерден лимфа жинайды. Құрсақ астылық түйіндер жамбас қабырғасын құрайтын жамбас мүшелерінен және оның құрылымдарынан лимфаны жинайды. Сегізкөз түйіндері жамбастың артқы қабырғасынан және тік ішектен лимфаны жинайды. Бірінші топқа жататын түйіндер бел түйіндерінде аяқталады. Құрсақ астылық түйіндерден келетін тамырлар мықын түйіндерінде аяқталады. Мықын лимфалық өрімдерінің түйіндері екі топқа бірігеді Жданов Д.А.. Төменгі мықын түйіндері, lumpfhaodi iliaci inf. жоғарғы мықын түйіндеріне lumpfhaodi iliaci sup.. Төменгі мықын түйіндері үш тізбек түзеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі. Ең төменгі мықын түйіндері ерекше аталады - lumphonodi suprafermorales. Ол пупартов байламынан жоғары жатады және екі ірі түйіндерден құралған сыртқы және ішкі, оның ішінде сыртқысы артериямен бірге немесе артерияның алдында жатады. Жоғарғы мықын түйіндері екі тізбек түзеді: сыртқы және артқы, жалпы мықын артериясы бөлінетін жеріндегі жататын түйін lumphonodus interiliacus деп белгіленеді. Бұл түйін мықын түйіндерінің соңғысы, бұнда жамбас мүшелерінен және аяқтан келетін лимфа екі тамырмен ағады.ҮШІНШІ БӨЛІК САТЫ- Cavum pelvis subcutaneum жамбас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лимфалық тамырлар
Ішкі ағзаларға жалпы сипаттама беру, олардың топографиясын анықтау
Анатомия ғылымының салалары
ИНЕШАНШУ ЖӘНЕ КҮЙДlРУ
Құрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасының және әлсіз жерлерінің топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз етілуі, иннервациясы, қан ағысы және лимфалық ағысы
Адам қаңқасының құрылысы
Антропология ұғымы
Адам анатомиясы және онын мiндеттерi
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы ақпарат
Пәндер