Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруда құзыреттілік тұғырдың мәні


кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруда құзыреттілік тұғырдың мәні
Жиенбаева С. Н. - п. ғ. д., профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республиксының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырландырудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұғырға көшу/1/. 12 білім беру жағдайында әлемдік деңгейдегі белгіленген білім беру міндеттерін нәтиже ретінде көру мүмкіндігі туындайды. 12 жылдық білім беру проблемалыры орталығы дайындағын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты білім берудің мазмұнын жобалау және белгілеу тәсілдерінің жаңа үлгісін ұсынады. Бұрын мемлекеттік стандарттар берілетін материалдың көлемін мен құрылымынның нормаларын белгілеген болса, жаңа стандарт жобасында білім берудің нәтижелері норма ретінде бекітілген. Ең басты нәтиже құзыреттілік болып отыр.
Осыған орай Қазақстан Рсепубликасының 12 жылдық жалпы білім берудің бастауыш білім беру сатысында баланың жеке тұлғасын дамыту және қалыптастыруда жаңа тұрғымен қарап, білім, біліктерін өмір жағдайларында қолдана алатын қабілеттерін, негізгі құзыреттіліктерді: проблеманың шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік қалыптастырып дамыту көзделіп отыр. Бастауыш білім әр оқушының жеке ерекшелігін ескерген білім беру нәтижелері түрінде құзыреттіліктер кешенін игеруге бағдарланған. Кіші мектеп жасындағы балалардың бейімділіктері мен қабілеттерін есепке ала отырып, білім беру траекториясын барынша даралау мақсатында еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру тұлғаға бағдарлы негізде жүреді.
Құзыреттілік тұғыры бойынша білім беру прагматикалық сипатта болады және мыналарға бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала білу; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және оны ретке келтіре алуы; өзінің алдындағы міндеттерін өздігімен шеше алу біліктілігі.
Бұл үшін «құзырет» және «құзыреттілік» деген ұғымдардың мән-мағынасын ашып алуды жөн көрдік. «Құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдарын, тұлғаның құрылуында феномен ретінде құзыреттілікке ие болудың мәнін және табиғатын түсінуде А. М. Аронов, Дж. Равен, А. Н. Тубельский, Б. И. Хасан және т. б. пайымдауларының мәні зор. Соның ішінде А. М. Аронов құзыреттілікті белгілі бір әрекетке даярлығы деп қарастыруды ұсынады, құзыреттіліктің іс-әрекеттік негізі қазіргі білімдік және болашақтағы практикалық әрекетті байланыстырады. Ғалымның ойын жалғастырушы . Г. Б. Голуб құзыреттілік тұғырда оқушының белгілі бір өнімі бар іс-әрекеті жатыр, «іс-әрекет ойлау әрекетінің бөлігі», ал құзыреттілік «бұл іс-әрекеттің жіктелген субъектіленген іс-әрекеті» деп ерекше атап өткен. Бұл құзыреттілікті іс-әрекеттік категориясы деп түсінуге мүмкіндік береді. Автордың пікірінше, ол субъективтенген, яғни жеке іс-әрекет тәжірибесінен өткен, субъективті тәжірибеге айналады. Сонымен, құзыреттілік- оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, біліктілігін, дағдыны және әрекеттің барлық тәсілдерін меңгеруі, білім берудің нәтижесі.
Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетінің нәтижелігін, негізгі, пәндік құзыреттерін белгілеу негізінде еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесін қалыптастырудың мақсатын, мазмұнын таңдау, ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуге негіз болады. Құзыреттілікті іс-әрекет категориясы ретінде түсіну үшін іс-әрекеттің ойлау әрекетінің бөлігі екендігін баса айтудың мәні бар: субъектінің білімі, біліктілігі және бірте-бірте автоматты дағдысы, оны типтік және типтік емес, сырттан реттелетін немесе еркін жағдайларда қолданылады, ойлау үдерісінен өтеді, яғни рефлекцияланады. Ғалымның ойынша, құзыреттілік негіздер тұлғадан абстрактілі ойлауды, өзіндік рефлекцияны, өзін-өзі бағалауды, сыни ойлауды, яғни интеллектуалды дамуды талап етеді. Сол сияқты түрлі типтегі автономдық, рефлексивті іс-әрекеттерді қажет етеді.
К. Ж. Аганина құзыретті болашақ маман дайындауға қатысты «өзінің ішкі және сыртқы ресурсын іс-әрекетінде табысқа жетуде іске асыра алуы» деген/265/. Көптеген әдебиеттерде құзырет - нақты пәнге қатысты белгілі бір іс-әрекеттің жиынтығын меңгеруі, білім беру нәтижесі деп берілген. Сондықтан кші мектеп жасындағы балалар «Технология» пәнінде еңбек іс-әрекетінің амалдарын игере отырып, сол әрекеттен тәжірибе жинақтауы кез келген жағдайдан шыға білуге мүмкіндік береді.
Сонымен, құзыреттілік баланың еңбек іс-әрекетіндегі субъективті тәжірибесін белсенді қолдана алуы өзіндік негізгі құзыреттіліктерін дамытуға жағдай жасайды. Негізгі құзыреттіліктер - өмірдегі мәселелер мен жағдайларды шешуде іс-әрекеттің сапалы, табысты өтуін қамтамасыз ететін жеке тәжірибеге енген білім, білік, дағды, қабілеттің жинағы немесе әмбебап жүйесі. Сондықтан осы тұрғыда кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Бірақ білім беру жүйесінің қай сатысында, қандай жағдайларда негізгі құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі зерттелмеген. Дей тұрғанмен, кіші мектеп жасындағы балалардың негізгі құзыреттіліктер іс-әрекетте, соның бірі - еңбек іс-әрекетінде қалыптасады.
Негізгі құзыреттіліктер бала тұлғасының даму ерекшеліктерімен, жеке тәжірибесімен табиғи байланысты біліктіліктердің сандық жиынтығы. Баланың еңбек іс-әрекетіндегі сандық өзгерістер сапалық өзгерістердің болуына ықпал етеді. Еңбек іс-әрекетіндегі негізгі құзыреттіліктердің сандық өзгерісінің белгісі бастамашылдық сапасының дамуымен көрінуі мүмкін. Дж. Равеннің пікірінше, бастамашылқты бір жағынан құқыреттіліктің бар екендігін көрсетеді, екінші жағынан нақты жағдаяттарда құзыреттіліктердің сипаты туралы түсінік береді. Бастамашылдық еңбек іс-әрекетінде баланың қызығушылығын, белсенділігін, субъекті ретінде көрінуін, тәжірибесінің қалыптасқандығын көрсетеді. Ғалымның зерттеуіне сүйене отырып, бастамашылдығына негізделген ішкі түрткі баланың еңбек іс-әрекетінің мақсатқа бағытталуын, ішкі әлеуетін жинақтап сыртқы ресурстарға белсенді пайдалануда құзыреттіліктерін көрсетеді. Сонымен қатар еңбек іс-әрекетіндегі ішкі түрткі баланың бастамашылдығын таңдамалы, меңгерген әрекеті мен түсініктерінің негізінде тәжірибесі бірегей болуына ықпал етеді.
Құзыреттіліктің екінші көрсеткіші рефлексияның болуы. В. В. Давыдов, Э. А. Дудареваның зерттеулерінде рефлекция тек адамға тән қабілеттілік бола тұра, өзінің ойын, эмоциональдық көңіл-күйін, өзінің әрекеті мен қатынасын арнайы қарастыруға және практикада жаңадан жасауға мүмкіндік береді. Ендігі бір еңбектерде рефлекция іс-әрекеттің ішкі жоспары ретінде пайда болып, әрекеттегі бастамашылдық, жаңа ақпарат іздеуде, қажеттілігін қанағаттандыруда, өзінің жетістігін бағалауда «субъектінің талдау және өзінің іс-әрекетінің мақсаттарын, шарттарын және тәсілдерін, заттың жағдаятпен арақатынасын белгілеу қабілетінен көрініс табады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі негізгі құзыреттілігі қалыптасуындағы сапалы өзгерісі рефлексивтіліктің дамуымен тығыз байланысты болып, өзінің әрекетін, жетістігі мен болашағын саналай алады.
Еңбек іс-әрекетінде ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру үшін балалар қойған мақсатына қарай ақпарат көздерімен әрекет етеді, бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі. Қалай жасау керектігіне білім ғана емес, біліктілік қажет. Осы тұста А. Н. Тубельскийдің ойын келтірсек, «негізгі құзыреттіліктің мәні әмбебап біліктілікте, оларды әмбебап танымдық, әмбебап коммуникативтік, әмбебап іс-әрекеттік деп шартты түрде бөлуге болады». Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесі біліктілігінің деңгейіне байланысты.
А. В. Тихоненко өзінің зерттеуінде «баланың жастан жасқа өтуінде құзыреттік ие болатын және жүзеге асыратын мазмұны, заттарға, әрекеттерге, оның нәтижелеріне қатынасы, мінез-құлық амаладары өзгеріп отырады, бірақ негізгі құзыреттіліктің түрлері сол күйінде қалады. » деген. Жоғарыдағы зерттеулерге сүйене отырып, еңбек іс-әрекетіндегі негізгі құзыреттіліктердің түрлерін: әлеуметтік, коммуникативтік, ақпараттық, іс-әрекеттік деп бөліп көрсеттік. Біздің ойымызша, кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетінде әлеуметтік, ақпараттық, проблеманы шешу, коммуникативтік, іс-әрекеттік, танымдық құзырттіліктерінің бастапқы жиынтығы бір уақытта дамытылады деп ойлаймыз. .
Проблеманы шешу, танымдық құзыреттілікпен тығыз байланысты. Проблеманы шешу құзыреттілігі кіші мектеп жасындағы балаларда өздігімен алған ақпаратын мәселені шешуде қолдана білу біліктілігі, өздігімен білім, біліктілікті меңгеруі. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың проблеманы шешу құзыреттілігі қалыптастыруда шығармашылық еңбек, жобалау әрекеттері ұйымдастырылады. Мұндағы ақпарат көздері ересектердіің тәжірибесі, кітаптар, өзіндік жеке тәжірибесі, құрбыларының тәжірибесіне сүйенеді. Осы жастағы балалар табиғатынан әрекетшіл, білуге құштар, зерттеушілік белсенділік, бастамашылдық тән. Зерттеушілік бастамашылдық жаңа ақпаратқа, жаңа әсерлер мен білімге, еңбек іс-әрекетіндегі жаңа нәтижеге дегене қажетттілік. Зерттеу мақсаттарын өздігінен қойып, оны шешудің жаңа тәсілдерін және құралдарын іздестіреді. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі проблеманы шешу құзерттілігі мынандай мазмұнды болуы тиіс:
1. Проблеманы қоя білуі:
- еңбек іс-әрекетіндегі проблеманы анықтау алуы;
- педагог ұсынған проблеманы шешуге қызығушылығының болуы; ;
- қалауы бойынша жағдаяттарды жалпы түрде сипаттай алады:
2. Мақсат қоюы және іс-әрекетті жоспарлай алуы:
- еңбек іс-әрекетінің ретінмен орындауды логикалық түрде белгілейді;
- орындау мерзімін анықтайды.
3. Технологияларды қолдануы:
- еңбекті іске асыру нұсқауын құрастыралды;
4. Ақпаратты, еңбек ресурстарын жоспарлауы:
- еңбек іс-әрекетін орындауға ресурстарын атайды.
5. Еңбек іс-әрекетін және өнімді бағалауы.
Қоғам ақпараттық технология дәуіріне кіргендіктен түрлі ақпарат көздерін қолдану біліктілігін, оған сыни көзқараспен қарау дағдысы, қажет ақпаратты таңдау біліктілігін талап етеді . Ақапарттық құзыреттілік кіші мектеп жасындағы балалардың қажеттілігіне және мүмкіндік әлеуетіне байланысты қалыптастыру көзделеді. Қазіргі Е. В. Огородников, О. М. Чубарянның зерттеулерінде ақпараттық құзыреттілікті компьютерді, интернетті меңгеру деп қарастырады. Бұл үшін зерттеушілік әрекетпен ұштастырылып ақпаратты интернеттен ала алады. Компьютерде сызбалар және құрастырулар жасайды, дамытушы тапсырмалар орындайды. Кіші мектеп жасындағы балалардың ақпараттық құзыреттілігі еңбек іс-әрекетіндегі танымдық, білуге құштарлығын, оқуға деген қажеттілігін қанағаттандырады.
Сондықтан өздігімен түрлі ақпара көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі, оның оқу үлгерімі жақсарып, тез қабылдау, сұраққа жауап беру және оқытушының тапсырмасын орындау жылдамдығы артады, өздігімен ойлап айтуға, «технология» пәнінің мәнін түсініп пікірін айтады. Сонымен еңбек іс-әрекетіндегі ақпараттық құзыреттіліктің мазмұны мынадай болуы тиіс:
1. Ақпараттық ізденісті жоспарлау:
- еңбек іс-әрекетіне қажетті білім көздерінен белгілі мен белгісізді бөлуі;
- мүмкіндігіне қарай білім көздерін пайдалан білу біліктілігі;
2. Алғашқы ақпарат алу:
- адамнан ақпарат ала алу біліктілігі;
- білім алу көздеріне сүйене білу біліктілігі;
3. Ақпаратты алғашқы өңдеу:
- ақпаратты жүйелеу алуы;
- алынған ақпаратты баяндай алуы;
4. Ақпаратты өңдеуі:
- ақпараттың жеткіліксіздігін, түсініксіздігін ескертуі;
- ақпаратты негіздей алуы.
- алған білімдерін іс жүзінде пайдалан білу біліктілігі. Еңбек іс-әрекетінде ақпаратты пайдалануда дербестікке, бастамашылдыққа, қажетті ақпаратты таңдай білуге қабілетті болып, тәжірибесінің қалыптасуына негіз болады. Адамдардың қарым-қатынасынан тұлғалық сапалары дамып қоймайды, жалпы адамзаттық тәжірибелерді, құндылықтарды, білім және іс-әрекет амалдарын меңгеріп, осы іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, коммуникативтік құзыреттілік - баланың коммуникативтік біліктілігі. Осы тұрғыда қарағанда кіші мектеп жасындағы балалар еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастырда коммуникативті құзырттілігі мынандай мазмұнда болады:
1. Жазбаша қатынас:
- құрастыратынын, дайындайтын бұйымның сызбасын, үлгісін құру;
- жасаған бұйымына сипаттама жазу.
2. Көпшілік алдында сөз сөйлеуі:
- сөйлейтін сөзі жоспарлауы;
- көпшілік алдында сөйлеу регламентін сақтауы;
- Сұхбаттасуы:
- балалардың еңбек іс-әрекетін алдын ала келісуі,
- өзінің көзқарасын бідіру, қажет болса, оны қорғау, диалогты бастау,
- сұрақ қою, өзінің жағдайын қажеттілігін, талаптарын түсіндіре алуы,
- қарым-қатынас стилін таңдауы.
4. Нәтижелі топтық қатынас:
- еңбек етуге эмоциональдық ықыластылық,
- басқалардың еңбектегі көңіл-күйін сезіне білуі, жолдасының әрекетіне зейін қоюы ;
- еңбек іс-әрекетінде басқа балаларды таниды, оның пікірімен санасады, мінез-құлқын көреді, балалардың арасындағы түрлі мәселелерді тез шеше алады;
- бірлескен еңбек іс-әрекетінде баланың, бастамашылдығы, ұйымдастырушылық қабілет байқалады. Еңбек іс-әрекетінеде қарым-қатынас нормаларын, ережерін меңгереді. Бірте-бірте басқа балалардың қызығуын ескеретін, көмектесуге дайындығын қамтамасыз ететін субъективті қатынасы көрінеді. Қарым-қатынас құралдарын орнымен қолдана отырып, тіл арқылы білімдері мен тәжірибелерін алмасады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар еңбек іс-әрекетінде коммуникативті құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы зор.
Кіші мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуы әлеуметтендіру, әлеуметтік тәжірибе, әлеуметтік белсенділік ұғымдарымен тығыз байланысты. Баланың адамзаттың қатынас әлеміне, мәдениетіне енуі, оның дамуының негізгі көзі болып саналады. В. Н. Мясищев « тұлғаның бастапқы негіздемесе, индивидтің әлеммен мол байланысу байлығында» деген. Баланың ішкі мәнді этникалық инстациясы, этикалық ережелері, қоршаған әлем және адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы түсінігінің, тәжірибесінің қалыптасуы еңбек іс-әрекетіне жүзеге асады. аланың әлеуметтенуін оның әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру, яғни әлеуметтенуі мен даралануының өзара байланысы. Оның нәтижесінде еңбек іс-әрекетінде өзін-өзі жүзеге асыратын біліктіліктерге жетеді.
- еңбек іс-әрекетінде құрдастарымен, адамдармен қатынасты орнату және қолдап отыру;
- өзінің және басқаның еңбек іс-әрекетіндегі түрткісін түсіну;
- еңбек құндылығын түсіну және құндылық қатнас жасау біліктілігі;
- өзінің және басқаның еңбектегі тәжірибесін пайдалан білу;
- еңбек іс-әрекетін нәтижесін болжау, басқару және реттеп отыру;
- еңбекке және еңбек нәтижелеріне қатынасы;
- еңбек іс-әрекетіндегі келіспеушіліктерді болдырмау және оны орнымен шешу біліктілігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz