Банк филиалы клиенттері бойынша есептерді шешуде ақпараттарды өңдеуге арналған бағдарламалық қамтама құрастыру



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Дипломдық жоба тақырыбы Банк филиалы клиенттері бойынша есептерді шешуде ақпараттарды өңдеуге арналған бағдарламалық қамтама құрастыру. Бұл дипломдық жобада банк несие беру бөліміндегі қызметкеріне арналған бағдарламалық қамтама құрастырылған. Құрастырылған жоба Delphi 6 бағдарламалау ортасында орындалған. Дипломдық жобаның анықтамалық жазбасы алты бөлімнен тұрады. Бірінші үш бөлімі негізгі болып саналады. Оның құрамына есептің қойылымы, есепті шешу әдісі негіздемесі мен таңдауы, программа мен алгоритм құру, сонымен қатар программалық өнімнің қолдану тиімділігі мен программист пен қолданушыға нұсқаулар кіреді. Төртінші бөлімде технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу жүргізілсе, ал бесінші бөлім тіршілік қауіпсіздігіне, алтыншы бөлім бизнес-жоспарға арналған. Дипломдық жоба қазақ тілінде жазылған.

Аннотация

Тема дипломного проекта Разработка ПО для решения задач обработки информации по клиентам филиала банка. В данном дипломном проекте разработано программное обеспечение работника банка по кредитованию. Разработанный проект выполнен в среде программирования Delphi 6.0. Пояснительная записка дипломного проекта состоит из шести глав. Первые три главы считаются основными. Представлен материал по разработке программы. В его состав входит постановка задачи, выбор и обоснование метода решения задачи, разработка алгоритма и программы, а также эффективность использования разработанного программного продукта, а также инструкции пользователя и программиста. Четвертая глава повещена расчетам по технико-экономической обоснование, в пятой главе рассматривается вопросы безопасности жизнедеятельности, а шестой главе рассматривается бизнес-план. Дипломный проект выполнен на казахском языке.

The summary

Theme of the degree project Development ON for the decision of problems of processing of the information on clients of branch of bank . In the given degree project the software of the worker of bank on crediting is developed. The developed project is executed in the environment of programming Delphi 6.0. The explanatory note of the degree project consists of six chapters. First three chapters are considered as the basic. The material on development of the program is submitted. His structure includes statement of a problem, a choice and a substantiation of a method of the decision of a problem, development of algorithm and the program, and also efficiency of use of the developed software, and also the instruction of the user and the programmer. The fourth chapter повещена to calculations on technical and economic a substantiation, in the fifth chapter is considered safety issues of ability to live, and to the sixth chapter the business - plan is considered. The degree project is executed in the Kazakh language.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Коммерциялық банктің технико-экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... 8
1.2 Ішкі жүйелер есептерінің қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Бағдарламалық қамтаманы құруға негіздеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 17
2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНДІ ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.1 Ақпараттық жүйенің негізгі принциптері, мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Жалпы бағдарламалық қамту таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Ақпараттық деректер қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.4 Техникалық және аппараттық құралдарға таңдау жасау ... ... ... ... ... ... ... .. 28
2.5 Бағдарламалау тілі мен құрлымына таңдау жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...30
3 НЕСИЕЛЕУ ІШКІ ЖҮЙЕСІНІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
3.1 Шешімінің алгоритімін құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..32
3.1.1 Деректердің құрлымын және модулінің жұмысын сипаттау ... ... ..32
3.1.2 Файлдық жүйенің логикалық және физикалық құрлымы ... ... ... ...39
3.1.3 Қолданушы интерфейсінің ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... 42
3.2 Бағдарламаны құжаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
3.2.1 Қолданушы инструкциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
3.2.2 Бағдарламалаушы инструкциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
4 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 50
5 ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 64
6 БИСНЕС - ЖОСПАРЛАУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...74
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..77
Қосымша А. Бағдарламалық өнімді өткізу-қабылдау актісі
Қосымша Б. Бағдарлама листингісі

КІРІСПЕ

Коммерциялық банктердің қандай негізгі операциялар жасайтынын қазіргі таңда біршама барлығымыз білеміз. Ақпараттың аздығына байланысты біздің түсінігіміз бойынша коммерциялық банкттердің қызметін ешнәрседен ақша істеу деп түсінеміз. Бірақ та бұл өте күрделі процесс, банкінің жұмыс істеу процессі құндық құралдарды іске қосып айналдыру және уақытында ақшаларды сыйақысымен қайтару. Бұл жұмыста мен осы екі қашықтықтың арасындағы коммерциялық банкттердің байланыстырушы операция көлемін көрсетемін.
Коммерциялық банкттердің басты мақсаты минималды тәуекел жасап максималды табыс табу. Ереже бойынша бұл екі түсінік бір-біріне пропорционал. Үлкен табыс табу қызығушылығы коммерциялық банкттердің бірқатар талаптарын бұзуға әкеп соқтырады. Осы операцияларды қаражаттандыру үшін коммерциялық банкттер жинаған ақпараттармен көптеп есептеулер жүргізуге тура келеді. Коммерциялық банкттердің басты есебі - үлкен үлкен көлемдегі ақшалай құндылықтарды іске қосу және оларды оптималды жұмсау.
Бірақ та, барлық үлкен ақшалай құндылықтар коммерциялық банкттерде оптималды іске асырылмайды. Осы жағдайлар банк қызметінде кридиттік потенциалды тудыруға әкеп соқтырады.
Коммерциляқ банкттер, өз клиенттерінің бос ақшаларын ала тұра, міндетті түрде оларды уақытында қайтаруды ұйымдастыра отырып, өз табысын ұйымдастырады. Кез келген банк өзіне тиесілі ережелерді сақтай отырады және өзінің қарауына алынған ақшалай құндылықтарды құлықты түрде сақтайды.
Банкттің кредиттік потенциалын артттыруда объективті әсер ететін келесі факторлар жиыны:
* ағымдық құрылымдарды іске асырудың жалпы көлемі;
* кредиттік потенциалдың ағымдық тұрақтылығы және құрылымы;
* орталық банкттің орнатқан, міндетті резерв деңгейі;
* міндетті резервтерді қолдану режимі;
* жалпы сомма және банк міндеттерінің құрылымы;
Кредиттік потенциалдың барлық ағымдары өзіндің және қарыздық болып екіге бөлінеді. Қарыз алу ережелеріне байланысты қарыз түрі аз уақытқа және көп уақытқа болып екіге бөлінеді.

Банкінің барлық кредиттік потенциалы олардың тұрақтылығына байланысты бірнеше дәрежеге бөлінеді: бүтіндей тұрақты құралдар, тұрақты құралдар және тұрақсыз құралдар.
Бұл дипломдық жобада Казкоммерцбанк коммерциялық банкінің банк операциясының ақпараттық жүйесі қарастырылады. Жұмыстың барысында Несиелеу және Депозит ішкі жүйелерінің БҚ, Казкоммерцбанк ұсынған несие және салым түрлерінің шарттары мен ерекшеліктері негізінде құрылған. Дипломдық жобада мазмұнның қысқаша түсініктемесі беріледі. Дипломдық жобаның талаптарына сай жобаның анықтамалық жазбасы алты бөлімнен тұрады:
1. Негізгі бөлім
2. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
3. Технико - экономикалық негіздеме
4. Бизнес - жоспар
5. Әдебиеттер
6. Қосымшалар
Дипломдық жобаның негізгі бөлімі үш тараудан тұрады:
Бірінші тарауда: есептің қойылымы, ақпараттың жүйелік анализі және талдау жасауы АБЖ құрылымдық схемасы, бағдарламалау жүйесінде таралған құралдарды талдау, деректердің қойылу моделі, ақпараттық жүйені құрастыру негіздемелері, ақпараттың жүйесі қойылатын талаптар қарастырылған.
Екінші тарауда: бағдарламаның комплексттік жобасы, пакет құрылымы, қолданбалы бағарламалардың құрылымдары келтірілген. Сонымен қатар стандартты бағдарламалық құралдары және арнайы бағдарламалық құралдары таңдау салдарлары, нақтылай келсе Delphi 6 бағдарламалау ортасының таңдалуы, ДҚБЖ негіздемесі және таңдау негізі келтірілген. Есептеу тораптарының дайындау әдістері және осы әдістердің қойылған есепті шешудегі мүмкіншіліктері қарастырылған.
Үшінші тарауда: бағдарлмалық қамтаманың іске асырылуы қарастырлған. Ішкі жүйенің функциялары мен құрылымдары сипатталады, ішкі жүйелер есептерінің қолданылуы және функциясы, ішкі жүйе есептерінің алгоритмін орындау нұсқамасы, бағдарламалық комплексттердің құралдарының таңдауы мен негіздемесі. Бағдарлама жұмыс істеу ңұсқамалары, қолданушыға инструкция және бағдарламалаушыға инструкция келтірілген.
Қолданушы инструкциясында бағдарламамен жұмыс істеу негізгі ережелері көрсетілген. Бағдарламалаушы нұсқамасында осы облыста жұмыс істейтін маманға негізделген, нұсқама және бағдарламалық қамтаманың негізгі бағдарламалық және техникалық аспектілері сипатталынған.

Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде:
* еңбек шарттарының анализдері, еңбекші қорғау шараларының құрылымдары;
* өрт-қауіпсіздісі профилактикасы;
* өндіріс эстетикалары сұрақтарын шешу т.б. қарастырылған
Дипломдық жобаның технико-экономикалық негіздеме бөлімінде:
* бағдарламалық қамтаманың құрастыруда технико-экономикалық негіздеме ету;
* объектіні қарастыруда капиталдық шығындарды есептеу;
* еңбек ақы және еңбекті ұйымдастыру сұрақтары;
* бағдарламалық қамтаманың құнын есептеу;
* жобалаудағы объектінің экономикалық тиімділігі;
* технико - экономикалық негіздеменің негізгі көрсеткіштерінің кестесі;
Қорытындыда негізгі бөлім бойынша, тіршілік қауіпсіздігі, және технико-экономикалық негіздеме, бизнес - жоспар бойынша қорытындылаған.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде дипломдық жобада қолданылған барлық әдебиеттер тізімін көрсеткен.
Қосымшада бағдарламаны енгізу актісі бағдарламаның листингісі және бағдарламаның негізгі формалары келтірілген.

1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

1.1 Коммерциялық банктің технико-экономикалық сипаттамасы

Коммерциялық банктердің шыққанына 10 - 12 жылына қарамастан коммерцитялық ұйымдардың экономикалық дағдарыстың барлық фазаларынан осы аз уақытта өтті, олар: аяққа тұру, талпыну, өсу, үлкен табыс және аздап тоқыраушылық. Ал олар экономикалық тұрақсыздыққа ғана байланысты емес сонымен қатар несиелеу саласына байланысты базалы ресурстарды негіздеуге байланыстырылады. Көп уақыттқа дейін бұл операцияларды банктер басты операциялар қатарына жатқызбады, қосымша табыс объектілері түрінде қарастырылды.
1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк 2004 жылдың 31 желтоқсанындағы жалпы активтерінің көлемі бойынша заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және басқа да қызметтер ұсынатын Қазақстандағы ірі жекеменшік банк болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша, аяқталған 2004 жылдың 31 желтоқсаны, Банктің таза пайдасы 8,689 млн. теңгені (63,9 млн. АҚШ доллары), активтері 704,057 млн, теңгені (5,416 млн. АҚШ доллары) және акционерлік капиталы 57,307 млн. теңгені (440,8 млн. АҚШ доллары) құрады.
Банктің негізгі қызметі теңгеде және шетелдік валютада депозиттер қабылдау және несиелер мен кредиттер беру болып табылады. Сонымен бірге банк клиенттердің төлемдер, дебиттік және кредиттік карточкалары, инкассолау, сондай-ақ бөлшек банкинг сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең ауқымын ұсынады. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша өзінің бас офисінен басқа, Банк өзінің оңтайландыру бағдарламасына орай КЕБ (РКО) санын қысқартуды ойлап отырса да, Банктің Қазақстанда 22 әмбебап филиалы, 51 кассалық есеп айырысу бөлімшесі және 12 дербес қызмет көрсету орталығы бар. Сондай-ақ Банктің Лондонда шетелдік өкілдігі және Қырғызстанда шетелдік еншілес кәсіпорыны бар. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банк клиенттерінің бөлшек депозиттер көлемі, Банктің бөлшек депозиттер көлемі 1999 жылдың аяғындағы 23 млн. АҚШ долларынан едәуір ұлғайып, 640 млн. АҚШ долларын құрады. Банктің ойынша, оның депозиттік базасы қазіргі уақытта қазақстандық банктердің арасында ең ірісі болып табылады. 1999 жылдың аяғында Банктің тұтынушылық несиелері 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша шамамен 10 млн. АҚШ долларынан 469 млн. АҚШ долларына дейін өсті.
Коммерциялық банктік бизнес арқылы, Банк орташа және ірі қазақстандық және өз қызметтерін Қазақстанда жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың өнімдері мен қызметтерін, сауда және құрылымдық қаржыландыру, жобалық қаржыландыру, интернет банкинг және активтерді басқару қызметін, сонымен бірге қысқа мерзімді несиелеу және басқа жалпы банктік қызметтерді қосқанда, ұсынады. Жоғары өтімділік деңгейін ұстау жөніндегі Банк саясатына сәйкес, ол әдетте корпоративті клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімде несиелер береді, сондай-ақ қазіргі уақыттағы ресурстардың шамасына қарай ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады. Банк сонымен бірге Қазақстандағы өзінің негізгі корпоративті клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және көрші елдердегі, Ресей мен Қырғызстандағы, ірі корпоративті клиенттерін қаржыландырады. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банктің жалпы несие (ссуда) қоржыны 524,809 млн. теңгені (4,0 млрд. АҚШ доллары) құрады. Банктік қызметтерден басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер көрсетеді. Ол Қазақстанның құнды қағаздар нарығы мен валюта нарығының негізгі қатысушысы болып табылады және жалақы қызметтерін қосқанда, компаниялардың ақша ресурстарын басқару қызметінің негізгі жеткізушісі болып табылады. Банктің Банктік лицензияға сәйкес, сату, сатып алуды қосқанда, мәміле жасауға және алтын мен күмісті қосқанда, бағалы металдарды сақтауға құқы бар. 2001 жылы Банк өзінің корпоративті және бөлшек садуа клиенттеріне сенімгерлік қызметін ұсына бастады, мұның басым бөлігі - ақша қаражаты мен активтерді сенімгерлік басқару
Банк стратегиясы өзіне көшбасшы банк позициясын және қаржылық қызметтер провайдері (жеткізушісі) позициясын ұстануды кіргізеді.
Осы стратегияны жүзеге асыру үшін банк мыналарға жұмылдырылмақ:
"Қазкоммерцбанк" АҚ стратегиясы
* Банктік қызметтерді кеңейту.
Сондай-ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейте және несие (ссуда) қоржынының сапасын жақсарта бермек. Өз қоржынын әртараптандыру мақсатында Банк шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беруді ұлғайтуға тырысады.
* Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту.
Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек.
* Қор жасау базасын жақсарту.
Банк бағынышты және негізгі борыш шығарылымын (шығаруды), активтерді секьюритизациялау бағдарламасын, көп жақты қаржылық ұйымдармен және шетелдік кредиттік-сараптау агенттіктерімен ынтымақтастықты кіргізе отырып және компания, мысалы бөлшек сауда клиенттері депозиттерінің көлемі бойынша өзінің нарықтық үлесін ұлғайту жолымен капитал нарығынан қор жасау базасын ұлғайтпақ.
Басқа қаржылық қызметтер нарығына шығу.
Қазақстандық құнды қағаздар нарығының инфроқұрылымы, заңнамалық базаны қосқанда, әлі даму үстінде. Банк осы нарықта күтілетін мүмкіндіктерді пайдалану үшін, одан әрі тәжірибе жинау үшін қадам басты және сақтандыру қызметін көрсететін "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ және "Казкоммерц Полис"АҚ еншілес кәсіпорындарының қызметі арқылы басқа заттар арасында өз орнын алып отыр.
Дипломдық жобаның тақырыбын таңдау актуальдылығы аймақтық банк филиалдарының ресурстық базасы мен оларды тиімді тарату мәселерімен тікелей байланысты.
Коммерциялық банктің ақпараттық жүйесі келесі ішкі жүйелерді қарастырады: Несиелеу ішкі жүйесі, Депозит ішкі жүйесі, Банктік қорлар ішкіжүйесі, Валюта алмастыру ішкі жүйесі. Банктің ішкі жүйелерінің ақпараттық құрлымдық схемасы 1.1 суретте көрсетілген.

1.2 Ішкі жүйелер есептерінің қойылымы

1.2.1 Несиелеу ішкі жүйесі

Қазкоммерцбанк банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары - бұл Клиентдің проблемаларыңызды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және - өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады.
Қазкоммерцбанк банкінің тұтынушылық несиелері - бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс.
Қызмет көрсетудің артықшылықтары
* Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
* Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
* Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
* Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.
Автокөлік, қымбат тұратын тауарлар мен қызметтер - бұлардың бәрі көпшілікке Қазкоммерцбанктің тұтынушылық несиесінің арқасында қол жеткізу мүмкін болып отыр. Несие алу процесін оңай және жағымды қылуға несие желісі көмектеседі!
Казкоммерцбанк жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға келесі түрдегі кредиттерді ұсынады
i. Экспресс несиелер;
ii. Кредиттік линия;
iii. Ипотека;
iv. Автокөлік сатып алу;
v. Кезек күттірмейтін мұқтаждарға;
vi. Үй жайлылығы үшін барлық жағдай;
vii. Депозитті кепілдікке қою;
viii. Кредиттік лимит.
Экспресс-несиелер - жылдам және еш әуре-сарсаңсыз
Бірнеше мыңдаған адам ұзақ мерзімді қолданыстағы тауарларды сатып алу немесе кезек күттірмейтін мұқтаждарды төлеу үшін, Қазкоммерцбанктің несиесін пайдалана алды. Экспресс-несиелеу несиені ресімдеу шарасын айрықша жылдам және ыңғайлы етеді!
Қызметтің экспресс-несие деген атауының өзі айтып тұрғандай, кепілзат болмауының және несие ресімдеудің жеңілдетілген процедурасының арқасында қысқа мерзімде - 1 күн ішінде! - ақша алу оның негізгі сипаттамасы болып табылады.

Қазкоммерцбанктен ипотекалық несиелер:
* бастапқы жарнасыз,
* табыстарды растамай-ақ,
* жылдығы 5,8%-дан басталатын!
Тұтынушылық несиесі бағдарламасын дамыта отырып, Қазкоммерцбанк оны одан әрі жақсартуда, қысқа мерзім ішінде пәтер не үй немесе жаңа үй құрылысына жер телімін сатып алуға болады.

Автокөлік сатып алуға
Қазкоммерцбанктің тұтынушылық бағдарламасы қысқа мерзім ішінде авосалоннан немесе жеке сатушыдан кез келген автокөлікті - жаңа немесе бұрын қолданыста болған - сатып алуға мүмкіндік береді.

Кезек күттірмейтін мұқтаждарға
Өмірде емделуге, пәтерге немесе автокөлікке күрделі жөндеу жасауға, дүрілдетіп керемет той, мерейтой немесе басқа салтанаттарды өткізуге қысқа мерзім ішінде ақша табу қажеттігі жиі туындайды...
Ал өз үйінде жиһаз және компьютерлік техника, асүй пеші мен кондиционер, тоңазытқыш пен ыдыс жуатын машина, аудио-, видео-, теле- және радиоаппаратура, басқа да күрделі тұрмыстық техниканың ең жақсысы болғанын кім қаламайды дейсіз... Бұл жағдайда бұл несие түрін жүзеге асыруға болады.

Үй жайлылығы үшін барлық жағдай
Қазкоммерцбанк АҚ-мы көш басындағы сауда компанияларымен бірге Үйге жайлылық әкелетін тауарларға арналған несие атты жаңа бағдарламаның тұсауын кесті. Қалта көтеретін бағамен, несиелендірудің тиімді шартымен, сондай-ақ, ең аз құжат пакетімен үйіңізге қажетті тауарды сатып аласыз.
* Банк әріптестерінің сауда нүктелерінде несиені жылдам алу;
* Алғашқы салымның болмауы;
* Табысыңызды растаусыз;
* Ең аз құжат пакеті.

Депозитті кепілдікке қою
Қазкоммерцбанктің тұтынушылық несиесінің ең танымал қызметтерінің бірі - депозит кепілдігімен несиелеу болып табылады.
Ол қашан пайдаланылады?
Егер клиентке шұғыл ақша қажет болса және банкте клиент депозиті (ақша салымы) болса, онда клиент алдында таңдау тұр.

Кредиттік лимит
Банктік карточкалар кредиттік және дебеттік болып бөлінетіні белгілі. Кредиттік деген атының өзі айтып тұр, ол Клиентке өз шотыңыздан сол уақытта бар ақшадан көп ақша алуға мүміндік береді. Егер Клиентде дебеттік карточка ғана болса, онда Клиент өзіңіздің карточкалық шотыңыздағы бар сомамен ғана шектеледі.
Алайда Кредиттік лимит қызметі банктен жеке КРЕДИТТІК карточка иелері ғана емес, шот арқылы Қазкоммерцбанкте жалақы алу үшін қызмет көрсетілетін ДЕБЕТТІК карточкалары бар Жалақы жобаларының қатысушыларына да қарыз алуына мүмкіндік береді.

1.2.2 Депозит ішкі жүйесі

Қазкоммерцбанк банкі көп жылдар бойы жеке тұлғаларға арналған депозиттер рыногында алдыңғы қатарда келеді.
Қаржы - қаражаттарыңызды орналастыру мерзімінің өзіңізге тиімді түрін таңдай алу мүмкіндігі Сізге нақты таңдалған уақытта қаржыңыздың қозғалысын жоспарлауға көмек береді.
Қазкоммерцбанк банкі Қазақстан Республикасы аумағында есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің кең желісіне ие, бұл бөлімшелердің кез келгенінде депозит рәсімдеуге болады. Сондықтан, Сізге депозит рәсімдеу үшін үйіңізден алысқа ұзаудың қажеті жоқ. ТӘБ филиалдық желісінің тағы да бір ерекшелігі - кез келген жақын жерде орналасқан есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде (нақты бір ЕКБ-де ғана емес) депозитт ашуға да, жабуға да болады.
Салымшыларды несиелеудің жеңілдетілген шарты немесе төлем карточкаларының мүмкіндігін кеңейту түріндегі жағымды плюстар күтіп тұр.
Банк мынадай салым типтерін ұсынады:
* Шұғыл салымдар - белгілі бір мерзімге орналастырылған салымдар ("Үздік", "Еркіндік", "Классикалық", "Зейнетақы").
* Шартты салымдар - салым салушы иелік ету шартын жәненемесе салымды төлеу шартын құрастыратын салым ("Сенімгерлік", "Балалар").
Салымшыларды несиелеудің жеңілдетілген шарты немесе төлем карточкаларының мүмкіндігін кеңейту түріндегі жағымды плюстар күтіп тұр.
Үздік салымы
Салым сомасын өзгерту мүмкіндігі бола отырып, ең жоғары табыс алу.
"Еркіндік" салымы
Еркіндік салымы - икемді сақталу мерзімі бар шұғыл салымдардың бір түрі. Салым бойынша қосымша жарналар енгізу және салым сомасын бөлшектеп алу жолымен салым сомасын өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.
"Классикалық" салымы
Қосымша жарнаны кез келген дүркіндікпен кез келген сомада салу жолымен салым сомасын өзгерту мүмкіндігі бар алуан түрлі шұғыл салымдар. Салым бойынша ай сайын сыйақы төлеу қарастырылған.
"Зейнетақы" салымы
Зейнетақы салымы - бұл қосымша жарналар енгізу мүмкіндігі бар жинақтау салымы.
Зейнетақы салымы зейнеткерлік демалысқа шықаннан кейін қажетті өмір деңгейін (әдеттегі деңгейге барынша жақындатылған) қамтамасыз ету үшін ең жоғарғы табыс алу мақсатымен зейнеткерлер мен зейнеткерлік алдындағы жаста тұрған (50 жастан бастап) тұлғалардан қабылданады.
"Балалар" салымы
Балалар салымы кәмелетке толмаған тұлға (Салымшы) атына Клиенттің (Салушы) ақша жинауына арналған шартты жинақтау салымы болып табылады.
"Сенімгерлік" салымы
Сенімгерлік салымы - кәмелеттік жастағы тұлғаға (Салымшыға) Клиент (Салушы) салған шұғыл салым.
Шот ашқан кезде, Клиенттің салым және есептелген сыйақының уақыты келгенде Салымшыға берілуі мүмкін жағдайларды келіседі. Салымның бұл түрінің талаптары бойынша осы шотты қосымша жарналар енгізу жолымен толықтыру және жинақ шотындағы қалдық ақша мөлшерінде бөлшектеп ақша алу мүмкіндігі қарастырылған.
1.2.3 Валюталық бөлім ішкі жүйесі
Валюта айырбастау операциялары - шетел валютасын айырбастау, сату, сатып алу операциялары негізінде жүргізіледі.
Қазкоммерцбанк банкінің валюта айырбастау операциялары - бұл ұлттық валютаны шетел валютасына қолма-қол және қолма-қолсыз айырбастау немесе керісінше әрекетте жүзеге асырылатын жедел және тиімді шешімдер.
Банктің акша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін айырбастау операцияларының ерекшеліктері:
* Шетел валютасын сату және сатып алуда тиімді бағамдар;
* Төленбейтін шетел валютасын сатып алу;
* Тозығы жеткен шетел валюталарын инкассоға қабылдау (USD и EURO);
* Эмиссиялық шетел валютасымен жұмыс істеу;
* Қомақты соманы иелену мүмкіндігі;
* Айырбасталатын валютаның сомасын шектемей анықтама-сертификат беру;
* Арнайы бағам бойынша валютаны жоспарлы мәміле бойынша иелену. Яғни, Клиент алдын-ала белгілі сомадағы валютаға тапсырыс бере алады (мин. 20 000 АҚШ доллары немесе өзге валюта баламасында) және арнайы бағада сатып алады немесе сатады.
* Шетел валютасының қолдан жасалмағандығын тексеру.
Қазкоммерцбанк Банкі ақша айырбастау операциялары - бұл өте ыңғайлы шешім, Клиент ұлттық және шетел валютасында кез-келген операцияларды жүзеге асыра алады.
Қазкоммерцбанк Банкі көптеген жылдар бойы ақша айырбастау операциялары рыногында үздік қызмет көрсетіп келе жатқандардың бірі. Жеке және заңды тұлғаларға осы бағытта қызметтің кең ауқымды түрін ұсынады.
Тиімді баға белгіленімдерімен валюта айырбастау операцияларын жүзеге асырып, клиенттерге валюта бағамы рыногындағы бағамның ауытқуына назар аудармауыңызға мүмкіндік жасайды.

1.2.4 Ресурстар ішкі жүйесі

Қазкоммерцбанк АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі заңды тұлғаларды қаржыландыру болып табылады. Банк өз қаражаттарыменен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырады.
Құрылымдық қаржыландыру Қазкоммерцбанк АҚ-ның негізгі міндеттерінің бірі өз клиенттерінің қызметін қолдау және дамыту.
Банк өз клиенттеріне шетелдік несие желілері шеңберінде қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді несиелеудің жаңа өнімдерін ұсынуға дайын, атап айтқанда:
i. Сауданы қаржыландыру
ii. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру
iii. Жобалық қаржыландыру
Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз бетінде ғана қалып қояды.
Артықшылықтары
* Қаржыландыруларды төмендету. Банк кешендік несиелендірудің әртүрлі сұлбаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жұмсауға ықпал етеді.
* Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рыноктық конъюнктурадағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ мөлшерлемелер банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың ұлғаюына қарай төмендетілуі мүмкін.
* Несиелік өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
* Біздің банктің қызмет түрлерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп-айырысу кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.
Ішкі жүйелер есептерінің ақпараттық байланысы 1.2-суретте көрсетілген.

1.3 Бағдарламалық қамтаманы құруға негіздеме

Қазіргі таңда коммерциялық банктердің өркендеп өсуіне байланысты әр-бір жеке банке өзінің ақпараттық жүйесінің болуы және ВЕБ - порталының болуы үрдіске айналуда. Сонымен қатар жыл санап банктердің ішкі жүйелері жаңаруда. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз кез-келген коммерциялық банкке арналған ақпаратты жылдам өңдей алатын бағдарламалық қамтама құру. Соның ішінде бізбен таңдалған ішкі жүйе несиелеу. Себебі кез-келген банк қазіргі таңда несие беру бағытын қарқынды түрде дамытуда. Құрастырылатын бағдарламалық қамтама банк қызметкерінің күнделікті жұмысын жеңілдетеді.
Банктің күндік жұмыс бағыты 1.3 - суретте көрсетілген.
Машиналық емес ақпараттық қамтама келесіден тұрады:
* жағдайлар мен объектілер идентификациясы;
* жағдайлар мен объектілер сипаты;
* деректерді нормалау;
* сәйкес құжаттарда деректерді көрсету.

2 Бағдарламалық кешенді жобалау

2.1 Ақпараттық жүйенің негізгі принциптері, мақсаты

ақпараттық жүйенің негізгі принциптеріне және мақсаттарына келесілер жатады:
1. Мақсаттылығына байланысты ақпараттың мазмұнына және оның характеріне талаптарын анықтау;
2. Орталықтандырылған және қайта орталықтандырылған басқарудағы ақпараттың сақталу, қолданылу және ұсыну жүйесін өңдеу;
3. Бүкіл кәсіпорынның және әрбір жұмыс бөлімшелерінде техникалық құралдарға деген қажеттіліктерін анықтау (соның ішінде компьютерлік техникалар);
4. Бағдарламалық қамтамасын құру, мәліметтер қорын жасау және оны қолдану;
5. Цифрлық ақпаратты жинау және өңдеу, маркетинг, жоспарлау, бақылау бағдарламаларының құру процесінде көп варианттық есептер жүргізу;
6. Автоматтандырылған өңдеу және мәтіндік ақпаратты беру;
7. Кәсіпорындардың және оның бөлек бөлімшелеріне көшіргіш құрылғылармен, телекстермен, барлық байланыс құралдармен және коммуникациялармен қамтамасыздандыру;
8. Административті-басқару жұмысын компьтерлік техникаларын қолдану негізінде автоматтандыру.
Ақпараттық жүйелерінің маңызды мақсаттарының бірі келесілер:
* Басқарудың және өндірістік бөлімшелердің жоғары деңгейде қаражаттық есеп беру мәліметін жинау және өңдеу қызметін белгілеу, ол сапаны жоғарлату және кәсіпорын бойынша финанстік ақпараттың дер кезінде түсуі мақсаттарында жүргізіледі;
* Алғашкы мәліметтің жинау, өңдеу және сақтау жүйелерінің негізгі бағыттарын анықтау;
* Ақпаратты өңдеу технологиясының дамуының негізгі бағытын анықтау;
Әрбір басқарушының өзіне керекті нақты ақпараттың қажеттілігін анықтау - өте қиын жағдай және оның шешімі, басқарушының тәжірибесінен және функциясынан тәуелді болады, және де оның басқару шешімін қабылдаудағы өкілеттілігіне байланысты.
Автоматтандырылған басқарылатын ақпараттар жүйесі, ақпаратты тез өңдеу негізінде қолданылады, олар жоспарланған көрсеткіштер, ауытқулар туралы ақпаратты беру қызметін атқарады.
Электронды есептеу машинасын тиімді қоданылуы келесі шарттардан тәуелді болады:
* есептеуіш машинасының өзінің шығарылуы;
* олар үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру;
* қолдану ортасын дайындау.
Электрондық техникамен жабдықтануы басқаруға, қағаздарға кететін шығындарды азайтуға, жобалы-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін жоғарлатуға көмек береді және де тиімді ішкі фирмалық жобалауды қамтамасыздандырады.
Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты электронды техниканы екі негізгі бағытта қолданған жөн:
* Кеңселік істе - секретарь-машинисткаларды және іс жүргізушілерді ауыстыру үшін;
* Бухгалтерлік істе - жазбаша қаражаттық құжаттарды дайындау үшін, банктермен және қаражаттық мекемелермен кассасыз байланысты жүзеге асыру үшін.

2.2 Жалпы бағдарламалық қамту таңдау

Автоматтандырылған жүйелерге және ЭЕМ-ға арналған бағдарламалық қамтамасыздандыруды бірыңғай кешенге ұйымдасқан бағдарламалық құралдардың жиынтығы деп атайды және олар күнделікті қолдануға арналған ЭЕМ-мен жабдықталған жұмыс орында арнайы функциялардың, есептердің орындауын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңдағы бағдарламалық құралдар, автоматтандырылған жүйені қамтамасыздандыратын бағдарламалық құрам ең алдымен екі категорияға бөлінеді:
1. Жүйелік бағдарламалық құралдар;
2. Пайдаланушылық бағдарламалық құралдар.
Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандырудың сипатталуы, бағдарламалық құралдардың қолданылуы жүйелік тағайындаумен байланысты. Жүйелік бағдарламалар, қолданушыларға сол есептеуіш жүйе жағынан қызмет көрсету процесінде есептеу жүйесі ретінде қызмет көрсетеді.
Пайдаланушы бағдарламалық құралдардың сипатталуы, қолданушының есептерін қамтамасыз ету және ұйымдастыру жолымен, қызмет етуімен байланысты. Осы категорияның бағдарламалық құралдарының өзі: арнайы және қолданбалы болып бөлінеді, сәйкесінше ол бағдарламалық қамтамасыздандырудың арнайы және қолданбалы компоненттерін құрастырады.
Арнайы бағдарламалық құралдар, автоматтандырылған жүйенің арнайы есептерін шешуіне бағытталған, яғни басқа жүйеде емес сол жүйеде шығатын есептерін шешеді және де осы жүйеде сәйкесінше қолданады.
Ал қолданбалы бағдарламаның сипатталуы, олар пайдаланушы ретінде қолданылып әр түрлі жұмыс облыстарында кездесетін арнайы есептер бөлімін шешуге бағытталады, бұл жерде қолданушы осы бағдарламаның құрастырушысы емес, ол қандайда бір өзгертусіз бағдарламаны дайын түрде қолданады.
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру жалпы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарламалық қамтаманы жобалау
Кесте мәліметтерінің қасиеттері
Сақтандыру компаниясының қолданатын ақпараттар технологиясы
Банктің «Депозит» ішкі жүйесін құрастыру
Банк клиенттерінің әртүрлі төлемдерді орындауы үшін тіркелудің автоматты жүйесін жасау
Парасат Телеарна қызметкерлерінің деректер қорын жобалау
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінің бағдарламалық құралдарының істен шығуы
Операциялық жүйелердің қауіпсіздік моделі
Қазіргі таңдағы кәсіпорындарды басқарудың бағдарламалық қамтамасыздандырылуы
Банктің корпоративтік клиенттерімен жүргізетін операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Пәндер