Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арнайы типтік оқу бағдарламалары
Көмекші мектептерге арналған
Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арнайы білім беретін арнайы білім беру мекемелеріне арналған типтік оқу бағдарламалары 14 жинаққа топтастырылған.
Бұл жинаққа ақыл-ойы дамымаған балаларға арналған Айналамен таныстыру, Адам және қоғам, Қазақ тілі, Орыс тілі және ақыл-ой дамуы орташа бұзылған балаларға арналған Айналамен таныстыру оқу бағдарламалары енген.
АЙНАЛАМЕН ТАНЫСТЫРУ1-5 сыныптар
ТҮСІНІКТЕМЕКөмекші мектептің 2-бөлімінің бағдарламасы ақыл-ой дамуы орташа бұзылған балаларға арналған. Бұл санаттағы балалар клиникалық және психологилық жағынан әр тектес топты құрайды. Ақыл-ойы орташа деңгейде бұзылғанда бас миының дамымауына немесе оның органикалық жағынан дөрекі зақымдалуына байланысты биологиялық факторлардың маңызы үлкен. Осындай тұлғалардың психологиялық, сөйлеу тілі және қимыл-қозғалыс дамуларының қарқынының баяулығы байқалады. Олар өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын кеш қабылдайды, қарапайым мектептік білімді де жаман меңгереді. Оларда қажетті тәртіп нормалары жаттығуларды қайта-қайта орындау үдерісінде қалыптасады. Ақыл-ойы орташа деңгейде бұзылған балаларда қоршаған орта туралы түсінік өте кедей, сондықтан Айналамен таныстыру бөлімі бойынша сабақтардың басты міндетіне балалардың табиғат туралы қарапайым түсінікті меңгеруі, олардың жақын қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін молайту және жүйелеу, сонымен бірге тәртіптің дұрыс нормаларын қалыптастыру жатады. Бағдарламада оқушылардың тірі және өлі табиғат туралы, жылдың әр түрлі мезгілдеріндегі адамдардың еңбектері туралы, жергілікті жерде өсетін кейбір өсімдіктер туралы, үй және жабайы жануарлар туралы бастапқы мәліметтерді хабарлау және табиғаттағы маусымдық құбылыстарды бақылауды ұйымдастыру қарастырылған.
Пәннің негізгі міндеттері:
қоршаған әлемде іс жүзінде бағдарлауға арналған қажетті икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру;
әлеуметтік дағдылар мен құзіреттілікті дамыту және қалыптастыру;
заттардың қолданыс түрін есепке ала отырып, олармен іс-әрекеттердің тәсілдерін қалыптастыру;
айналасындағы адамдармен сөйлеу тілінің және басқа да қызмет түрлерінің көмегімен түсінісе білу қабілетін қалыптастыру;
мәдени, әлеуметтік және қоғамда қабылданған ережеге қарай бейімдеу;
жақын арада орналасқан әлеуметтік-мәдени орталықтармен танысу мүмкіндігін тудыру және оқушыны онда әр түрлі рөлдерді орындауға дайындау;
табиғатты зерттеу мүмкіндігін тудыру және табиғатқа деген жауапты қатынасты қалыптастыру.
Мұғалім жоспарлаудан бастап, жұмыстың түрі мен әдісін өз бетімен таңдайды. Бұл жағдайда ол келесі дидактикалық қағидаларды пайдаланады:
баланың жан-жақты білімі және оған тиімді де, арнайы көмек көрсету;
педагогикалық тәсілдерді оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне және қоршаған орта жағдайына қарай бейімдеу;
әдістердің, дидактикалық құралдардың, жұмыс қарқынының даралығы;
оқытылатын материалдың қолжетімділігі;
қиындықтың біртіндеп өсуі;
үйрену-оқу үдерісіндегі баланың белсенді және саналы түрде қатысуы;
көрнекілік пен мысалдардың жан-жақтылығы;
интегралды әсер ету (ішкі және пәнаралық байланыстар, мамандардың өзара бірлесе іс-әрекет жасауы);
тұрақты жетістіктерді және оларды пайдалана білуді қалыптастыру (материалды қисынды орналастыру, алынған білім мен дағдыларды үнемі бекітіп отыру, оларды күнделікті өмірде қолдану).
Бағдарламаның оқу материалы ақыл-ойы орташа деңгейде бұзылған балаларда өмірде қажетті икемділіктерді және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Қоршаған ортада бағдарлау, көрсетілген санаттағы балалар үшін көкейкесті болып саналатын әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстың бір бағыты болып табылады. Оқыту практикалық түрде жүреді. Қалыптастырылатын икемділіктер қажеттіліктерді қанағаттандырумен және күнделікті өмірмен байланысты болады.
Берілген курстың басты міндеті - қоршаған шынайы орта заттарымен, құбылыстарымен танысу негізінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Сөйлеу тілінің реттеуіш, сол сияқты қатынас қызметі де дамиды. Балаларды айтылған сөзді түсінуге, қажетті нұсқауларды орындауға, өзінің іс-әрекетін мұғалімнің талабына бағындыруға үйретеді. Қатынас құралы ретінде сөйлеу тіліне үйрету, баланың ересек адамдармен, құрдастарымен қарым-қатынас жасай білуді қалыптастыруды көздейді. Мүмкіншілікке қарай сөйлеу тілінің лексикалық, синтаксистік жағы, ақыл-ойы орташа дамымаған балалардың байланыстырылған ауызекі сөйлеу тілі дамиды.
Сабақта сөйлеу тіліне ынталандыруды жоғарылатуға арналған жағдай тудыру, бірқатар әдістемелік тәсілдер мен жұмыс түрлерін пайдалануды талап етеді: заттармен орындалатын әр түрлі іс-әрекеттер, заттық-практикалық қызмет, сан алуан оқиғалы-рөлдік ойындарды өткізу, Табиғат күнтізбесімен және табиғатты бақылау күнделігімен жұмыс, бақылау негізіндегі жоспар бойынша, оқиғалы суреттер бойынша әңгіме құрау және т.б.
Ақыл-ойы дамымаған балалар мен жасөспірімдердің тәртібі көкейкесті проблема болып табылады. Ақыл-ойы орташа деңгейде бұзылған баланың тәртібінің бұзылуы көптеген жағдайда, төменгі сатыдағы қажеттіліктері басым болып, жоғарғы қажеттіліктер жүйесі (интеллектуалды, мораль-адмгершілік, этикалық) дамымаған немесе бұзылғанына байланысты болады. Ерік саласының және жоғарғы қажеттіліктерінің дамымауына байланысты төменгі сатыдағы қажеттіліктерін тежеу қиын болады. Сондықтан ақыл-ойы орташа дамымаған оқушыларда агрессия, бұзу, құрту іс-әрекеттері, қозу (қимыл-қозғалыс, сөйлеу тілдік), оқу немесе еңбек іс-әрекеттерінен бас тарту және т.б. жиі кездеседі.
Дамымаудың адам тәртібінің әлеуметтік сапасы тәуелді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz