Көшпенділер сән үлгілеріндегі ерекшеліктері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Көшпенділер сән үлгілеріндегі ерекшеліктері

Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді. «Көшпенділер» трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі. Оқиға бүгінгі шекаралық аймақ тұрғысынан қарағанда, Алтайдан атырауға дейінгі шығыс пен батыс аралығы, Батыс Сібір ойпаты және Самарқан мен Сырдарияға дейінгі солтүстік пен оңтүстік аралығын қамтитын географиялық аймақта өтіп жатады.

Шығарма кейіпкерлері - негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы - ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар - ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.

Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.

Қазақ хандығы - шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ - қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.

Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады . . . ».

Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды.

Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.

1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді) .

2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің - Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді.

3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын

біріктіру.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді.

1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен одақтаса отырып күрес жүргізді.

Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты. Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.

Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды.

Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің
үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы - Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде жазылғандай, «Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті». Дүниежүзіндегі 4 мыңға жуық этникалық топтар мемлекеттілігі бар және мемлекеттілігі жоқ деп екіге бөлінсе, соның ішінде қазақтар мемлекеттілігі бар топтың алдыңғы қатарынан орын алады.

Тәуелсіздік жылдарында «Қазақтың ауызша тарихын» терең зерттеген Ақселеу Сейдімбек: «табиғатпен санасуды өмір сүрудің кепіліне айналдырған көшпелілердің әлеуметтік өмірі ұдайы қатал сұрыптаулардан өтіп отырғанын, нәтижесінде соңғы екі-үш мың жыл аясында Қазақ даласынан жиырмаға тарта мемлекеттік жаралымның бой көтергенін» айта келіп, «Сақ, Үйсін, Қаңлы, Ғұн, Түркі, Ұйғыр, Қырғыз, Хазар, Бұлғар, Ауар, Түркеш, Қарлық, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, Салжұқ, Керей, Найман, Моғол, Алтын Орда, Ақ Орда, Қазақ хандығы сияқты дәулет, ұлыс, қағанат, ел, хандық, сұлтандық, орда, әулет деп аталған мемлекеттік жаралымдар Қазақ даласындағы этносаяси, этноәлеуметтік және этномәдени үдерістердің мыңдаған жылдарға созылған сабақтас тарихын құрағанын» шежірелік деректермен негіздеп берді. Сонымен бірге қазақ халқының тарихы ең алдымен рулар мен тайпалар тарихын зерделеу арқылы ғана түсіндірілетінін, ал Қазақ хандығының (мемлекеттігінің) тарихы рулар мен тайпалардың өзара кірігуі барысында қалыптасқан ішкі және сыртқы саяси-әлеуметтік үдерістердің нәтижесі болып шығатынын» айтып та, жазып та кетті.
Мамандардың тұжырымдауынша, қа¬зақтың ру-тайпалар тарихы көне дәуірден Түркі қағанатына дейінгі кезең; Шыңғыс хан тұсындағы кезең; Алтын Орда кезеңі және оның ыдырауынан кейінгі кезең; Қазақ хандығынан осы заманға дейінгі аралықпен кезеңделеді. Әсіресе Алтын Орда ыдырағанннан кейін түркі тектес халықтар қыпшақ, қыпшақ-ноғай, қыпшақ-қырғыз, оғыз, қарлұқ, шуаш, саха тілдік-этникалық топтарға бөлінген.
Соңғы тарихи зерттеулерде Қазақ мемле¬кеттілігінің алғашқы кезеңдері Сақ конфедера¬циясы (Страбон), Үйсін, Қаңлыдан Оғыз мемлекетіне дейін Протоқазақтық Қимақ, Қыпшақ мемлекеті, одан кейін Моңғол ұлыстары билігі дәуіріндегі қазақ мем¬лекеті, Жошы-Қыпшақ державасы, Ақ Орда мемлекетін қамтиды. Ақордалық кезең Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол тайпа¬ларының шапқыншылығы және Алтын Орда империясының салтанат құруымен аяқталады. XV ғасырдың екінші жартысынан бастап Ұлы Дала ғана емес, бүкіл Шығыс барлық саладан алғанда Батыстан артта қала бастады.
Қазақ хандығының құрылуы мен отарлау кезеңіндегі қазақ мемлекеті, ал оның соңғы тәуелсіздік кезеңі мемлекеттік өркендеудің жаңа белесі ретінде көрініс тапқан. Осы уақыт кеңістігінде қазақ халқы үш мың жылға жуық тарихы бар көшпелі өркениеттегі бай рухани және мәдени мұраны өзіне мирас етті.
Л. Н. Гумилевтің пайымдауынша, «бұл континент тарихқа белгілі уақытта үш мәрте біріккен. Бастапқыда оны Сары теңізден Қара теңізге дейінгі жерді қамтыған қағанат құрған түркілер біріктірді. Сібірден келген моңғолдар түркілердің орнын басты. Сонан соң толық ыдырау мен дезинтеграция кезеңінен кейін бастаманы Ресей өз қолына алды… Жаңа держава осылайша «Түркі қағанаты» мен «Моңғол ұлысының» «мұрагері» ретінде көрінді».
Ал Шыңғыс хан тұсында моңғолдар түріктене бастады, тарих сахнасына түркі-моң¬ғол халқы шықты. Шыңғыс хан империя¬сы¬ның құрамындағы Дешті Қыпшақ жерінде құрылған Алтын Орда мемлекеті - түркі халықтары тарихындағы шарықтау кезең болып саналады.
Алтын Орданың құрамына Ресейдің еуропалық бөлігі, Балтық теңізінің шығысын¬дағы өлкелер… Булгария, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ енді. Бату хан Мәскеу, Киев, Краков, Буда¬пешт қалаларын алып, Орталық Еуропа, Түркия, Авст¬рия, Чехия, Словакия жерін бағын¬¬дыр¬ды. Алтын Орда халқы кейіннен қазақ халқы құ¬ра¬мына енген қыпшақ, керей, адай, арғын, уақ, найман, қаңлы тайпаларынан, сонымен бірге Еділ бұлғарларынан, ежелгі хазар ұрпақ¬тарынан… славяндардан құралды. Кейбір деректерде Бейбарыс пен Кетбұғаның бір-бірімен қыпшақ тілінде түсініскені туралы айтылады.
Жеті ғасырлық тарихы бар Осман империясы да Шығыс Еуропа мен Кіші Азиядағы қуатты күшке айналды. Ол Еуропада Балкан елдері, Молдавия, Малахия, Армения, Күрдістан, солтүстігінде Месопатамия, Сирия, Палестина, Египет, Хиджаз, Мекке, Медина, Белград, Грузияның батысы, Кипр, Тунис, Алжир, Триполи, Крит, Украинаның бір бөлігін бағындырғаны тарихтан белгілі. Ал оның жер аумағы Еуропа, Азия және Африка құрлығында 8 млн. шаршы метрді құрайтын ұланғайыр жерді алып жатты.
Әлемдік ой-сана тұжырымдарына қара¬саңыз, мемлекеттілік туралы алғашқы қағидалар М. Цицероннан басталады Ал, бұл қағидалардың орнығуы Еуропадағы ағартушылық кезеңге сәйкес келеді. Жалпы еуропалықтардың көпке дейін көшпенділердің өмірінен мақрұм қалғаны баршамызға мәлім.
«Қазақ мемлекеттілігінің тарихы» атты іргелі ғылыми зерттеуде жазылғандай, «көшпен¬ділердің мемлекеттілігі туралы еуроцентристік ілімнің қайнары немістің таңдаулы философтары Ф. Гегель, И. Канттың философиялық көзқарасында жатыр. Олар көшпенді мал шаруашылығының табиғатын, динамикасын түсіне алмады. Көшпенділерді «малымен бірге өріп, бірге жусап күнелтіп, ат жалында жүрген жаугершілер» деп таныған олар көшпенділерді адамзат өркениетінің тарихқа дейінгі ІІ кезеңіне жатқызады да «Көшпенділер мемлекет деңгейіне көтеріле қоймаған жұрт, олар тек өркениетке жетілген еуропалықтардың ықпалында немесе отырықшы мәдениетпен ұштасқанда ғана мемлекет деңгейіне көтеріле алады» деген қорытынды жасалады. Бұл іс жүзінде еуропалықтардың Азияны отарлау саясатының идеологиясы болды.
Ал Шыңғыс хан құрған нағыз көшпенді империя Еуразия кеңістігінде шыңдалып, сыннан өткен мемлекеттік бірнеше құрылымдарды қалдырып, 240 жыл салтанат құрғанын ескерсек, мемлекеттік жайлы еуроцентристік қағи¬даның өміршең еместігіне көз жеткізе алатын сияқтымыз».
Жалпыұлттық кеңесте Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин тарихшыларға мемлекеттік маңызы бар осындай күрделі тақырыптарды қайта зерделеу қажеттігін атап өтті. Ол «Қазақ¬станның қазіргі аумағы негізінен қазақ этносын қалыптастырған тайпалардың таралу аумағына сәйкес келетінін алға тартып, ол тайпалардың XV ғасырда аяқастынан қалыптаса қалмағаны айдан анық. Қазақ этносының қалыптасуы талай мыңжылдықтарға созылған үдеріс, өкінішке орай, ол жеткілікті деңгейде зерттелмегенін» тағы айтты.
«Ғалымдарымыз әлі күнге дейін көне түр¬кілік Дешті Қыпшақ даласындағы ертедегі мем¬лекеттік құрылымдардың құрылуы мен ыдырауы, түркі-қыпшақ жұртының таралу аймағы, Еуразия топономикасының тарихы сияқты тағы басқа да аса күрделі әрі ауқымды тақырыптарды жаңа әдіснамалық тұрғыдан қарастырған жоқ.
Бұл құрылымдардың қазіргі Қазақстан мен Орталық Азия аумағында тұрып жатқан жалпы (арғы түркілік) антропологиялық тип пен арғы түркілік тілдік топты қалыптастырудағы рөлі қандай?
Олардың Қытай, Рим, Кушан империяларымен, Парфиямен және басқалармен өзара қаты¬насының (саяси, экономикалық және мәде¬ни байланыстарының) жүйесі қандай болған?
Сонымен қатар Ұлы Жібек жолының, әсіресе оның біздің ел аумағы арқылы өтетін бөлігінің - Дала жолының дипломатиялық және сауда-экономикалық рөлі қандай еді? Ол жол мәдениеттердің өзара кірігуі мен бірін-бірі байытуына, Орталық Азия мен Еуразияның басқа да мемлекеттерінің, әсіресе Шығыс елдерінің мәдени-өркениеттік қарым-қатынасына қалайша септескен?» деген сауалдарды ортаға тастады.
Өкінішке орай, қазіргі тарихнамада еуроцентризмнің ықпалымен бір-бірімен кереғар күштер - көшпелілер («варварлар») мен отырықшы халықтар («өркениеттілер») күресумен өткен деген түсінік басым. Алайда уақыт өте келе зерттеушілер мұндай түсініктің дұрыстығына барған сайын көбірек күдік келтіре бастауда.
Дәстүрлі экстенсивті мал шаруашылығының созылмалы дағдарысы ХХ ғасырдың бірінші жартысында шарықтау шегіне жетті. Жартылай көшпелі экстенсивті мал шаруашылығы ХХ ғасырда экономикалық жағынан тиімсіз болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұлттық апатты өндіріс тәсілі болды.
Ұлттық тарихымызды жаңғыртуға байланысты жалпыұлттық кеңесте көтерілген тақы¬рыптарға байланысты мынадай мәселелерге де көңіл аударғанымыз жөн болар еді. Елі¬мізде Қазақ мемлекеттілігін айқындайтын ес¬керткіштердің бірі - Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік монументі», оның ұшар басындағы Сақ жауынгерінің бейнесі көне тарихтан сыр шертеді. Ал Астана қаласындағы «Керей мен Жәнібек хандарға» арналған ескерткіш - хандық биліктің жарқын бір көрінісі. Егер хро¬нологиялық жағынан келсек, бізде осы екеуін сабақтастыратын түркілік дәуір мен Алтын Орда заманынан бірде-бір ескерткіш жоқ. Түркі халықтарына ортақ тотем «Көк бөрі», ол тәңіршілдік пен қаһармандықтың белгісі. Әлекеңдер (Бөкейхан) жаңғыртқан Алаштың сим¬волы. Италиядағы ағайынды Ромул мен Ремді құтқарған Капитолий қасқырын қасиет тұтқан ежелгі римдіктер сияқты, біз неге «Көк бөрі» бейнесін сомдайтын тарихи ескерткіш орнатпаймыз?!
Бүгінде Қазақстан құрамына 4 мемлекет кіретін Түркі кеңесінің мүшесі. Соңғы мәліметтерге қарағанда, әлемдегі түркі халықтарының ұрпақтары 42 ұлтқа бөлінген. 250 миллионға жуық түркі халықтарының 75 миллионы Түркияда шоғырланған. Дегенмен, Түркі әлемінің көшбасында Қазақстан тұр. Мұның өзі бүгінгі ұрпақты зор мақтаныш сезімге бөлейтіні сөзсіз.

Ою-өрнек. Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осыою-, .

Ою-өрнектердің түрлері 1. «Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т. б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т. б. ), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық кіим үлгілерінің көшірмелерін жасау
Қазақ ұлттық киімінің негізгі қалпын жоғалтпай, киімініңконструкциясы негізінде ұлттық киімдердің дизайынын жасау
Қос етекті көйлек
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАНАУИ КИІМДЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Решелье техникасында бойжеткен қыздарға арналған камзол үлгілерінің ерекшеліктері
Гетеротрофты микроорганизмдер
Фото сурет Әйелдердің ежелгі киімдер
Тіл мәдениет құралы ретінде
Ескі қазақ жазба үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер ( ХV-ХVІІ ғғ )
Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz