КРЕАТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ ӘДІСІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

КРЕАТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының қабылдануына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Білім берудің ең негізгі, өзекті мәселесі - адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру. Сондықтан бүгінгі білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек.

Креативтілікті қалыптастыру мәселесі көптеген ғалым, педагог-психологтердің еңбектерінде көрініс тапқан.

Қоғам дамуымен, философиялық және психологиялық ғылымдардың дамуымен креативтілікті қалыптастыру мәселесіне көзқарастар дамып өзгеріп отырды. Түрлі психологиялық мектептер креативтілік феноменіне, танымдық қызығушылык, шығармашылық белсенділік, шығармашылық қабілеттерді зерттеуге деген өзіндік тәсілдерін ұсынды.

Креативтілікті қалыптастыруды зерттеуді төмендегідей шетелдік ғалымдар қарастырған: Дж. Гильфорд, Э. Юдин, В. Смит, К. Тейлор, Е. Торренс, М. Розенберг, Э. Эриксон М. Уоллах, Д. Халперн, И. Верткин, А. Лук, Я. Пономарев, Н. Фролов, М. Ярошевский және т. б.

Зерттеу еңбектеріндегі креативтілікке берілген анықтамаларға тоқталайық. Е. Торренс креативтілік білім игеруде кездесетін қиындықтарды, кейбір мәселелерді шешудегі қабілеттілік деген анықтама береді. Ғалым креативтілік моделінің негізгі үш белгісін ұсынады:

- ой ұшқырлығы (нәтижелігі-өнімділігі) ;

- жағдаяттардағы икемділік;

- тұлғалық ерекшелік, өзіндік шешім [2] .

Бұл тәсілде шығармашылық өлшемі нәтиже сапасы емес, шығармашылық өнімділікті белсендіріп, жандандыратын сипаттар мен үрдістер ретінде көрінеді.

Креативті педагогиканың негізін ғылыми және оқыту шығармашылық әдістер құрайды.

Педагогиканың бүгінгі таңдағы жаңа нұсқасы, сонымен қатар осы уақытқа дейінгі келісім педагогикасына, міндеттеу педагогикасына ұқсамайтын оқушыны өз еркімен шығармашылыққа үйренуге, өз бетімен мәселені анықтап, шешім қабылдауға үйрету десе болады. Креативті оқыту әдістемелері кез келген пәнге қолдануға мүмкіндік береді, ол үшін креативті оқыту әдістемесін жақсы меңгеру керек. Креативті оқыту бұл ғылымның оқушыларды шығармашылық шешім қабылдауға, яғни мәселені зерттеуге, анықтауға, нақты шешім қабылдауға үйретеді. Ол үшін мұғалімнің шығармашылық дайындығы мен шеберлігінің деңгейінің биік болғаны жеткіліксіз, мұғалім өзінің білгенін оқушыларға жеткізе біліп, оларды нақты үрдісте толық қанды қатынасушы ретінде үйрете білуі міндет.

Басты міндет - кез-келген пәнді оқыту үрдісін шығармашылық туынды ретінде

ұйымдастыра білу және соған барлық оқушыларды жұмылдыру.

Креативті педагогика мынадай әдістемелерді жинақтайды:

• шығармашылық сабақтары;

• техникалық туынды;

• психологиялық туынды;

• мәселені шешу шығармашылығы;

• шығармашылық бағыттағы оқыту бағдарламасы.

Осы тұрғыда креативті дәріс беру және ұйымдастыру шеберлігі бір мұғалімнен екінші

мұғалімге берілуі, яғни сол деңгейде ұйымдастырылып, тиімділігі сақталады ма деген мәселе туындайды. Бұған нақты жауап жоқ дегенмен, оқытушылардың кәсіби дайындығына ойлау мүмкіндіктерінен байланыстылығын зерттеу психология ғылымының іргелі зерттеу жұмыстары болып табылады.

Жалпы креативтілік - жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі, өзгелерден ерекше ойлау және шешім қабылдап, жаңа туындылар беруге бейімділігі деген пікір басымдылық алады. Американдық атақты психолог - А. Маслоу - бұл жайлы «креативность - это творческая направленность, врожденно свойственная всем, но теряемая большинством под воздействием среды» деп айтып кеткен. Бірақ бұл пікірге толықтай келісу мүмкін емес, олай сенімсіздік таныту себебі, дүниеге келген адамдардың барлығының ойлау, дүниетану және тапқырлық, шығармашылық мүмкіндіктері әрбір адамның қанымен келетін сияқты, мысалы қазақ бабаларымыздың «текті және тексіз» деген сөздерінің түпкі ұғымын қарсы қоюға болады. Өйткені бұрынғы ауыл ақсақалдары бір маңызы зор үлкен мәселелерді шешерде немесе қыз беріп, қыз алысарда, «текті» жерден бе, әлде «тексіз бе» деп сұраған және «ол тексізден не сұрайсың» деген сөздері ел ауызында сақталған.

Қорытынды. Демек, талдап отырған заманауи креативті тұлға немесе креативті маман

дайындау үшін, осы тектілік деген ұғымға тереңірек мән беру керек сияқты. Қазіргі аласапыран жаһандану кезінде елімізді, жерімізді, халқымыздың тілін сақтап, ұлт ретінде қалғымыз келсе, бұрынғы ұрпақ алудағы және тәрбиелеудегі ата-дәстүрімізді кеңінен қолдануға міндеттіміз.

Жалпы зият креативтілік құрамына енбейді. Кейінірек Дж. Гильфорд креа-тивтіліктің алты параметрін көрсеткен:

1) проблеманы қою және байқау қабілеттілігі;

2) көп идеялар қабілеттілігі;

3) бейімділік - қабілеттілік әр түрлі идеяларды еске алу;

4) төтендік - қабілеттілік дәстүрден тыс жауап беру;

5) нысанды бөлшектер қосып же-тілдіру;

6) проблеманы шеше білу қабі-леттілігі, яғни талдау мен жинақтау қабілеттілігі.

Осы теориялық талдау негізінде Дж. Гильфорд қабілеттерді тестілеуде жасаған бағдарламасы (ARP) өнімді дивергенттік ерекшелігін көрсетеді.

Егер креативтілік мәселесін қарым - қатынас арқылы қарастыратын болсақ, субъект - пән (шығармашылық процесс), сондықтан бұл жерде өнімді ойлау процесінің зерттелуіне тереңірек тоқталу керек (А. В. Брушлинский, И. П. Калошина, О. К. Тихомиров) .

Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе, креативтілік педагогикалық - психологиялық тұлғаның категориясы екендігіне дау тудырмайды, мәселе креативтілік анықтамасын нақтылауда даулы жағдайлар кездеседі. Креативтілік дивергентті ойлау (Дж. Гильфорт, О. К. Тихомиров) жеке зиятты белсенділік (Д. В. Богоявленская, Л. Б. Ермолаева - Томина) немесе тұлғаның біріктірілген сапасы (Я. А. Пономорев) .

Креативтілікті қалыптастыру - шығармашылыққа жетелейтін интеллектуалдық үрдіс

Д. Богоявленская креативтілікті жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығы ретінде қарастыра келе, шығармашылықты талдау бірлігі - интеллектуалдық белсенділікті (шығармашыл тұлғаның танымдық және мотивациялық сипаттарын олардың бірлігінде бейнелеп көрсетеді) және интеллектуалдық белсенділіктің үш деңгейін: стимулдық-өнімді, эвристикалық және креативтілік деп ажыратады.

Алғашқы деңгейге жеке тұлғаның интеллектуалдық белсенділігі танымдық ынта және жігерлілікпен жұмыс жасау барысында да бастапқы берілген тәсіл шеңберінде қалатын адамдар жатқызылады, олардың іс-әрекеті сыртқы стимулмен анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Креативті оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жұмыстардың мазмұнын анықтау ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу
Проблемалық оқытудың кемшіліктері
Эвристикалық әдістің сипаттамасы
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА МАТЕМАТИКАДА ДИФФЕРЕНЦИАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
МДҰ әдістемелік кабинет
Болашақ химия мұғалімінің креативті тұлғасын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
Ойын сабақ технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz