Креативтілік психологиясының әдіснамалық негіздері мен заңдылықтары
Креативтілік психологиясыны? ?діснамалы? негіздері мен за?дылы?тары Шығармашылық психологиясының негізгі міндеті шығармашылық процесс пен креативтіліктің психологиялық меха-низмдері мен заңдылықтарын ашу. Шет елдік зерттеушілер шығармашылық дарындылықты түсіндіру үшін, креа-тивтілік түсінігіне жүгінеді.Креативтіліктің кейбір анықтамалары іс - әрекет нәтижесі, өнім терминінде жүйеленсе, басқалары - тұлғалық құрал процесінің терминінде жүйеленеді. Бір автор креативтілікті сирек кездесетін қабі-леттің арнайы түрімен түсіндірсе, екіншісі, барлық дені - сау тұлғалардың белгілі - бір деңгейде иемденетін жалпы креативті қабілетті назарға алады.К. Спирмен креативтілікті адамзаттың ойының күші ретінде есептесе, Симпсон креативті ойлау процесіндегі идеялар қатарының жалпы қабылданған қатарының бұзылуы ретінде сипаттаған.Е. Торренстің пікірінше, креативтілік - бұл арнайы емес, өнімді ойлау, зиятқа, жеке сипаттарға жүгінетін жалпы қабілет деп түсіндіреді. Ол шығармашылық про-цесті проблеманы қабылдау, шешім қабыл-дау, болжамды құру, түрлендіру, шешімін табумен сипатталады деген.Кеңес психологиясында креативтілік адамның шығармашылық мүмкіндігі ретінде, адамның әлеуметті маңызды шығармашылықты белсенділік айқындай алу қабілетін қамтамасыз ететін адамның тұрақты әрі ерекше құралы ретінде қарастырылады (Н.М. Гнатко) [1].Осыған орай, шығармашылық және креативтілік түсініктеріне сипат-тама беру үшін: процессуалды - нәтижелі (шығармашылықты айқындау үшін) және субъективті жүйелеуші (креативтілікті түсіндіру үшін) түсініктері қолданылады. Қазіргі таңда креативтіліктің өлшемдері ретінде зиятты іс - әрекеттің құрамдық ке-шені қарастырылады:1) уақыт бірлігінде туындаған иде-ялар саны;2) сонылық (жалпы қабылданған ұқ-сас сұрақтарға сирек идеялар құра білу қабілеті;3) қабылдағыштық ерекше бөліктерге сезімталдық таныту, бір идеядан екіншісіне жылдам, әрі икемді түрде ауыса алу);4) болжамды өңдеуге қабілеттілік;5) метаморфтылық (өз ойларын айқындауда белгісі бар, байланысқан құралдарды қолдану).И.Н. Дубина креативтілік түсіні-гіне келесілерді жатқызады:1) Әлеуметтік - мәдени ортаның құрған әсеріне қарамастан субъектінің өз проблемаларын жаңашылдықпен шеше алу қабілеті (жаңа әдіс, жаңа құрылым, жаңа шығармашылық бейне және т.б.);2) Жаңа құрылымдық процесі жаңашыл іс - әрекет пен жаңа идеялардың туындау процесі);3) Жаңашыл іс - әрекет өнімдері.Яғни креативтілік, шығармашылық сияқты жаңаны қабылдап, түсіну, танумен байланысты, жаңа қорытынды немесе сонылы шешім табу мен оны алу әдістерін алға қояды.Креативтілік субъективті - маңызды жаңашылдықты сипаттаса, шығармашылық - креативтілікті біріктіретін әлеуметтік - мәдени жаңашылдықты біріктіреді. Яғни, креативтілік шығармашыл тұлғаның дамуындағы ең жоғары баспалдағы, ал шығармашылық дараланып, аса жоғары шығармашылық деңгейге көтеріледі.Креативтілікке берілген анықта-маларға талдау жасай келе Р. Холлменн креативтілік жаңа тәсілмен жүзеге асқан қабылдау ағымы (Маккеллар), жаңа байланыстар табу қабілеттілігі (Кюби), жаңа қарым - қатынастың пайда болуы (Роджерс), жаңа шығармашылық негізі пайда болуы (Миррей), жаңалықты жасау, тануға ұмтылу (Лассуэль), жаңаны дүниеге әкелетін ақыл - ой әрекеті (Жерар), жаңа ұйымдастыруға тәжірибені трансфор-мациялау (Тейлор).Креативтілік тұжырымдамасы әмбе-бап шығармашылық таным процесі ретінде Дж. Гильфорд еңбегінен кейін кеңінен тарала бастады [2].Бұл тұжырымдаманың негізі болып, үшбұрышты үлгі зияттың құрылымын көрсетеді: материал Х, операциялары Х, нәтиже Х (structure of the intellect) Дж. Гильфорд ақыл - ой операцияларының екі түрінің конвергентті және дивергенттілігі арасындағы айырмашылықтарын ашып көрсетеді.Конвергентті ойлау адамға көптеген міндеттерді шешуде бір ғана дұрыс шешімін табуда қажет болады. Дегенмен де, нақты шешімі бір ғана емес бірнеше болуы да мүмкін, бірақ шешім көптігі шектеулі болады.Дж. Гильфорд конвергентті ойлауға қабілетті зияттылық тестімен, яғни, жоғары өлшемді тестілермен IQ өлшеу мүм-кіндіктерін ашып көрсетеді.Дивергентті ойлауды әр бағыттағы ойлау типіне жатқызады. Дж. Гильфорд: Бұл ойлаудың түрі мәселені шешуде нұсқалардың әртүрлі болуы, ойламаған нәтижелер мен қорытындыларға әкеледі, - дейді.Дж. Гильфорд дивергенция опера-циясын қайта жаңару немесе импликация, шығармашылық қабілеті ретінде креатив-тіліктің негізі деп түсінген.Гильфорд креативті өнімнің 2 түрін айырады: сипап-сезілетін, мәдениетпен мойындалған және психологиялық, ғұла-малар тудыратын емес, міндетті түрде сезілетін емес, бірақ сонымен қатар айтылған идеялар немесе ойланған идеялар да болуы мүмкін.Біз жекеше және қоғамдық креативтілікті айырамыз: жекеше креативтілік жекелеген адам өмірі тәжі-рибесінен өзін табады, ол қоғамдық креативтілік бүкіл мәдениетке көзін салады. Бұрын ешқашан осыны істей алмаған, қазір соны орындаған бала, жекеше алғанда креативті, бірақ кең көлемде көрінбейді. Дара креативтілік жеке адамның дамуы үшін өте қажет. Сонымен қатар, ол қоғамдық креативтіліктің бөлшегі тәріздес, қоғамдық процестерге әсер ету негізі, сондықтан креативті бастамаларды дамытудың маңызы өте зор.Зиятты зерттеушілер шығармашылық қабілеттерімен зиятты оқыту байла-нысының әлсіз екенін дәлелдеген.Бүгінгі күнде креативтілік процесте (проблеманы шешудегі сияқты 4 фазасын айырады:1) проблеманы ашып, мәліметтер жинақтаудың дайындық фазасы;2) инкубациялық фаза, мұнда бар білім проблема және жинаған мәлімет-термен араласып, жаңа қатынастар жасай-ды;3) шешім келетін, түсіну фазасы;4) тексеру фазасы, түсінік жаңа екенінің шыншылдығы сыналады және тексеріледі, жекеше аймақтарды кеңейте ме және ол қолданыла ма?Осы фазалардың әрқайсысы тұлғаны белгілі бір психикалық күйге түсіреді, ол қынжылу, ренжу, қуаныш және ең соңында концентрация ретінде бастан өтеді.Дайындық фазасы. Кез келген оған дайын емес жағдаят тудырады. Әсіресе ол сабақ үстінде, мұғалімнің берген жауабына оқушылардың әр деңгейдегі дарындылықтарына қарай жылдам немесе керісінше ақырын жауап беруі кезінде айқын көрінеді. Мұғалім бұл айырмашылықтарды, оларды қызық-тыратын және қиялын оятатын сұрақтар қою арқылы теңестіре алады. Сонда әрбір оқушы тақырыпқа өз мүмкіншілігіне сай қарайды. Бұл фазада бала сыртқы әлеммен (мұғалім бейнесінде) және де тәжірибе, ақпараттар сақталынған ішкі әлемімен де қатынасқа түседі. Бұл кезде бала өзін белсенді-ұстамсыз ұстап, шыдамсыздық көрсетеді. Егер осы тұста мұғалім тыныш отыруды талап етсе, ол креативті процесті тоқтатады.Инкубациялық фаза. Бұл фазада жаңа жағдайлар таныс тәжірибе аймағымен кездескенде, балаға қиындау соғады. Ол ұстамсызданады да, оңай шаршап қалады. Қарым-қатынас тұлғаішілікке ауысады, яғни бала тек өзіне ғана сене алады. Мұғалім осындай жағдаятта түсініктілік көрсетіп, балаларды тыныштандыруға тырысуы қажет.Түсініктілік фазасы. Түсініктілік көбінесе тосыннан келеді, сондықтан қатынас тұлғаішілік болып қала береді, себебі бала әлі ешқандай бекіту алған жоқ. Бұл әдетте сыныпта дарынды балалар қолдарын көтеріп, көбінесе жауапты айқайлап айтып қойғанда болады. Мұғалім мұны қабылдаса да, ол дистанция ұстауы тиіс, себебі түсінік әлі ойластырылып, тексерілген жоқ.Тексеру фазасы. Жауаптың дұрыстығын анықтау үшін проблема мен шешім салыстырылуы керек. Балалар көбінде мұны шыдамсыздана орындайды, себебі олар енді тез ары қарай жылжығысы келеді. Мұғалім өзін мейірімді ұстағанымен, өз талабын орындатуы қажет. Бұл кезеңде қатынас тұлғааралық болады: субьективтік түсінік обьективті анық-талады, басқаларға ұғынықты болу үшін.Оқыту - өнер ме, әлде ғылым ба?, - деп жиі сұрақ қойылады. Менің ойымша, бұл екеуі де. Алғашқы үш фазада мұғалім мен оқушылар бірге жаңа оқу тәжірибесін қалыптастырып, құрайды, ал төртінші фаза ғылыми, мұнда сынайды және тексереді.Психологтар қабілеттің екі түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді. Өнімсіз - іс - әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.Шығармашылық - жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілет деңгейі.Шығармашылық белсенділіктің негізділігі креативтіліктің мәнін басқа бір нәрсе арқылы жеткізе алмау.Дағдарыс белгісіздік нышаны ретінде креативті іскерлерге кеңістік тазалай береді. Бірақ жаңа білім қайдан және қалай пайда болады? Шығар-машылық бастауының құпиясы транс-цендентті проблема, - деп жазған К. Юнг [3]. Құрылымның дүниеге келуінің ше-шімді сәтін В.Г. Буданов мистикалық деп атайды.Шығармашылық және көріп-білу құпиясы ...Бұл табиғат құпиясы... Танымның ең үлкен құпиясы, - деп жазады В.В. Василькова. Олай болса, бұл құпия ғылыми зерттеуге келе ме? Біз... қатерлі жолға ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz