Құрылыс ұйымының іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау


Құрылыс ұйымының іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау
Құрылыс ұйымының іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Іскерлік белсенділікті талдау, құрылыстың өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Құрылыс қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып құрылыс қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
- қорытындылаушы;
- техника - экономикалық.
Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі (еңбек сыйымдылығы), қор қайтарымдылығы (қор сыйымдылығы), материалдар қайтарымдылығы (материал сыйымдылығы), капитал салудың қайтарымдылығы жатады.
Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жатады. Олар өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар: еңбек құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және т. б. ; энергия, жанар-жағармай, материалдар мен шикізаттың меншікті шығындары; меншікті капитал салымдары, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар.
Құрылыс бизнесі жоба бойынша басқаруға бейімделген. Халықаралық ассоциациясының әдісі бойынша жобамен басқару келесідей түрде бейнеленеді:
Құрылыс проектісін басқару
Мұндай процестер өндірістің аяқталуына дейін көбірек қайталанып келе береді.
Жоспарлау кезеңдері
1) (директивті жұмыстың графигі) құрылыстық-монтаждық жұмыстардың директивалық мерзімі бекітіледі.
2) бюджетін қалыптастырады
3) сметаны өңдейді
4) құрылыс қызметінің түрлері бойынша субподрядтық ұйымдарды қажетті лицензияларын жинау арқылы таңдап алу
5) Келісім шарт бойынша қажетті ақпараттар енгізіледі, құрылыс объектісі, құны және аяқтау уақыты
6) сметадағы материалдардың өзгешеліктері анықталып жүйеге сәйкестендіру зат ретінде нақтылайды
7) құрылыстық монтаждық жұмыстарды орындау мерзімі анықталады.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындарының) арақатынасы экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивті немесе интенсивті тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді.
Өндірістің тиімділігін ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі болып саналады, ол өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізім санының арақатынасымен немесе еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді.
Құрылыстың экономикалық потенциалы екі жақты сипатталуы мүмкін; құрылыстық ұйымның мүліктік жағдайы (активтердің жалпы құны, өндірістік мүліктік құны, негізгі құралдардың құны және олардың активтердің жалпы құнындағы үлесі, негізгі құралдардың тозу коэффицменті) мен оның қаржылық жағдайы (меншікті капитал және оның жалпы капиталдағы үлесі, ағымдағы өтімділік коэффициенті) тұрғысында.
Талдауды жүргізу барысындағы аналитикалық көрсеткіштерді сұрыптаудың варианттарының бірі мына сызбада көрсетілген.
Талдау мақсатында комплекстік жұмысшыға шаққандағы орташа өнім өндірудің объектінің бір айдағы адам-сағаттағысын есептеу қажет. Талдауда көрсеткіштердің барлығын пайдалану керек, өйткені олар бір-бірімен байланысты және олардың индекстерін салыстыру, еңбек өнімділігі жоспарын орындауда әртүрлі себептердің алатын орнын анықтауға мүмкіндік береді.
«Озеро» объектісі бойынша тамыз айындағы комплекстік жұмыс істеушілерге шаққандағы орташа айлық өндірілген өнімнің өзгеруіне әсер ететін себептерді талдауға арналаған бастапқы мәліметтер
Кестеден көрінгендей, жұмысшыларды жеткіліксіз мөлшерде алғандықтан және бір жұмысшыға шаққан орташа жылдық өндірудің төмендеуі нәтижесінде еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші (1079805+1928542) = 3008347 тенгеге төменгеге төмендеді, ол баланстық ауытқумен дәлелденеді. Соның ішінде сандық көрсеткіштерден (сметалық құны бойынша жұмыс сағатының бірлігі-156, 66тең, жалпы орындалған уақыт мөлшері - 98 666, 28) туындайтын құрылым көрсеткіштің үлесіне, қорытындылау көрсеткішінің ағымдағы шамасымен салыстырғанда 30, 49%-ға төмендеуі тиеді.
Еңбек өнімділігін талдағанда, істегеніне қарай еңбекақы алатын жұмысшылардың өнім өндіру нормасын орындауы туралы мәселені айналып өтеуге болмайды.
Еңбек ресурстарын, еңбек шығындарын азайта отырып тиімді пайдалану қажет, ең бірінші кезекте, қол және ауыр дене еңбегін қысқарту, еңбекті ұйымдастыру мен технологияны жақсарту, өндірістік процесті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін көтеру керек.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің бірі - қор қайтарымы, ол негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаудың көрсеткіші болып табылады. Ол талдау кезеңінде өнімді сатудан түскен табыстың (706108908) «Озеро» объектісінің негізгі өндірістік қорлардың (механизмы) орташа құнына қатынасымен анықталады:
Өнімді сатудан түскен табыс 706 108 908
Қор қайтарымы = = = 11 300
Негізгі өндірістік қорлар 62 487 354
Қор сыйымдылығы көрсеткішінің бір артықшылығы, оның алымын құрамдас бөліктер, жеке цехтар мен қондырғылар тобы бойынша жіктеуге болады. Бұл әрбір өндірістік учаскеде техниканы пайдаланудың, қорларды пайдаланудың қорытындылау көрсеткішіне әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
2. Шаруашылықпен айналысушы субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіш, материал сыйымдылығы болып табылады, өнім құнына жұмсалған материалдық ресурстар құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті анықтау үшін қаржылық есеп беру мәліметтерінен алымында өнімді сатудан түскен табыс (ақша), ал бөлімінде материалдың орташа құны алынады.
Материал Өнімді сатудан түскен табыс 706 108 908
сыйымдылығы = = = 3 757
Материалдар 210 316 727
Әр түрлі шикізаттар ішінен алынатын осы өнімнің шығу көлеміне әдетте, тек лимиттік материал әсер етеді, сондықтан ол бірінші кезектегі талдау нысаны болу керек. Бір қатар жағдайларда шикізаттың бұл түрін жеткелікті мөлшерде ала алмаса, оны басқасымен ауыстыруға болады. Материал сапасының өзгеруі өндіріс процесіне әртүрлі әсер ете береді. Төменгі сапалы материал қосымша технологиялық процестерді қажет етеді, бұл өнім көлемін өзгерту мүмкін, бірақ та оның өзгеруі құнының артуына әкеліп соғады.
Мысалы, құрылысқа түскен ылғал ағаш кептіру камерасына жіберілуі керек, бұл қосымша жанармай, көлік, еңбекақы шығынын қажет етеді. Алайда егер кептіру камерасының өткізу қабілеті жеткіліксіз болса, ол өндірісті шектейді, сонда төменгі сапалы материал, шығатын өнім көлемін де азайтады.
Машинограммаларда шикізат пен материалдың жеке түрлерінің нақты шығыны мен оның мөлшерден ауытқуы және өзгеруі көрсетіледі, біз оны жоғарыда нақты көрсеткіштермен қосымшада келтірдік.
Меншікті капиталдың табыстылығы қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан - кәсіпоорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді.
Меншікті Өнімді сатудан түскен табыс 706 108 908
капиталдың коэф. = = = 91110.
Баланс бойынша м. капитал 77 500
Меншікті қаражатты осы жағдайда сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.
Ағымдағы активтердің (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының коэффициенті.
Ол өнім сатудан түскен табыстың (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады. Ағымдағы активтердің жылдамдығы - өндірістік шаруашылық қызметтің ұйымдастыру - техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші.
Айналым қаражатын бекіту коэффициентінің формуласы мына түрде көрсетіледі:
Айналым қаражаты Өнімді сатудан түскен табыс 706 108 908 коэф. = = = 4195.
Ағымдағы активтерінің шамасы 168286911
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz