Сібір хандығы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Сібір хандығы

Жоспар:

1) Кіріспе

2) Негізгі бөлім

а) Сібір хандығының территориясы, Көшім ханның билікке келуі

б) Сібір хандығының қоғамдық, мемлекеттік құрылымы

в) Сібір хандығының этникалық құрамы

г) Сібір хандығының астанасы -Искер қаласы.

д) Ислам дінінің таралуы

е) Көшім ханның сыртқы саясаты

ж) Ермак жорығы

з) Сібір хандығының күйреуі

3) Қорытынды бөлім

4) Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сібір жері өзінің сарқылмас байлықтары, алып таулары, тамаша өзен көлдері, сирек кездесетін жануарлары мен қыран құстары ежелден бері адамзат баласын қызықтыратын.

«Сібір» атауы түркі тілдес тайпалармен ұзақ жылдар бойы қарым-қатынаста болған «сыпыра» этникалық тобының атауынан шыққан болатын.

Жошы ұлысына, кейіннен Шайбани хандығына қараған сібір жерінде түркі тілдес найман, керей, меркіт, қыпшақ керейіттер мекендеген.

Сібір хандығының тарихи деректемелерде «Көшім хандығы», «Ертіс патшалығы», «Көшім Сібірі» деген атаулармен кездеседі.

Сібір хандығы Қазақстанның солтүстік бөлігін алып жатты, оған Тобыл, Есіл (Ишим), Ертіс өздері аралығындағы жерлер жататын. Сібірдің саяси тарихының ерекшелігі - Сібір ханы тайбұғалықтар мен шыңғыс тұқымы арасындағы тұрақты күрес.

Негізгі бөлім

а) Сібір хандығы ХV ғасырда Батыс Сібірде ірге тіккен феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған хандық.

Шайбани өулетінен шыққан Бұқар ханы Мұртазаның баласы Көшім

1563 жылы тайбұғалықтардан тақты тартып алып, Батыс Сібірдің ханы атанады. Алайда Көшім өз билігін бірден орната алмады, ол өзінің үстемдігін 7 жыл бойы жергілікті ақсүйектермен, сұлтандармен, мырзалармен қанды шайқас жүргізіп қана өз билігін мойындатқан . Көшім билігінің хандықта түпкілікті орнауына әскери күш пен Көшімнің беделді шығу тегі негіз болды. Көшім ата-бабалары Шайбани әулетінің бұл жерлерді ежелден бері иеленіп, ал тайбұғалықтар Шайбандықтарға бағынышты болғаны көшпенділер мен сібір халықтарын кейіннен ғана тыныштандырған. Тек 1570-1571 жылдар аралығында ғана Көшім бұрынғы Шайбан ұлысының түгел аумағын, сонымен қоса Шайбандықтардың Тобыл өзені бойындағы Түмен хандығын, Ертіс бойындағы тайбұғалықтарды және Есілдің Ертіске құяр сағасында орналасқан кішігірім Сары-Қасқа ханның хандығын біріктіріп, бір орталық -Искер қаласына бағындырып, орталықтанған мемлекет құрады. Бұл кезден бастап хандық Орал маңы, Батыс Сібір, Солтүстік Қазақстан алып жатқан аумағы бүтіндей Францияны сыйдырып алатын ұлан-ғайыр аумақты иеленді. Орал таулары Мәскеу русі мен Сібір хандығының аралығындағы табиғи шекара болып саналатын. Көшім құрған хандық аумағы үлкен үшбұрышқа ұқсас келетін. Оның бір бұрышы Тобылда, келесі бұрышы Ертісте, ал басы Обь өзінің төменгі ағысында орналасқан.

Батысында Сібір хандығы шекарасы Ор өзенінің Жайыққа құяр сағасын арқылы өтетін Уфа маңы Ноғай Ордасымен, Оралда Қазан хандығымен, солтүстік-батысында Перьммен шектескен. Ал бұл мемлекеттің солтүстігі Обь өзеніне дейін, оңтүстігінде Тобыл және Есіл өзендерінің жоғарғы ағысы мен Қазақ хандығын солтүстігімен шектескен. Осылайша Көшім құрған сібір хандығы ұлаң-ғайыр аумақты алып жатқан феодалдық мемлекет.

б) Сібір хандығы жергілікті көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрік және т. б. тайлардың бірігуінен құрылған. Оның құрамына және дағы жартылай тәуелсіз князьдар, мырзалар, бектер, билер тархандар мен оғландардың иелігі кірген. Бұл иеліктер енді жоғарғы билікке бағынатын болды. Хандық тұрғындары екі топқа бөлінген. Өз князьдары мен ханға «жасақ» төлейтін «қара халық» пен феодалдық «тархандар» тобынан құралған. Бұл «тархандар» тобы мырзалар, бектер және оғландардан тұрды. Негізінен хандықтың мемлекеттік құрылымы Көшпелі Өзбектер мемлекеті мен Ноғай ордасының құрылысымен ұқсас келетін. Көшім ханның билігінің гүлденген кезінде оған Қазан хандығы, Астрахан хандығы, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы, Бұқара, Үргеніш, Түркістан және де Ташкент пен Саураннан мырзалар келіп Көшімге қызмет атқарған. Олардың көбісі өзінің ұлыстары мен адамдарын бірге ертіп алатын және хан оларға жер үлестіріп беретін. Хан олардың ішкі істеріне көп араласпай, басқаруды түгелдей соларға тапсырған. Осылайша біртіндеп Көшімнің айналасында феодалдық қауым -бектер, мырзалар, тархандар, князьдар, оғландар, жасауылдар шоғырласып, оның билігінің негізгі әлеуметтік тірегі болып қалыптасты. Мемлекеттегі «екінші» адам -бас уәзір Қараша болды. Ол хандықтың аса маңызды сұрақтары мен мәселелерді шешкен және аса бай адам болды. Оның қарамағында Искер қаласының маңындағы ең үлкен және ең мықты ұлыс болды. Алайда, Ермакпен соғыс қимылдары кезінде Қараша уәзірдің жасаған опасыздығы ханның ел арасындағы беделін қатты түсіріп, мемлекеттің күйреуіне әкеліп соқтырды.

Қоғамдық құрылыстың негіз -туыстық қатынас негізінде қалыптасқан. Халықтың басым көпшілігі ауыл-ауыл болып өмір сүрді, яғни үлкен отбасылармен. Бұл отбасылар ұлыстарға бөлінген және олардың жасауыл бекіткен өз князьдары болатын. Селькуптар, остяктар мен вогулдарға бағынышты жерлердің тұрғындары «жүздіктерге» бөлінген, мұнда «жүздік» ең басты әкімшілік бірлік болып саналған. Елді мекендерде сонымен қоса «жасақ» жинауға міндетті «ондықтар» тағайындалаған, бұл ондықтардың тағы бір қызметі ханға керек кезде жауынгерлерді жасақтап жіберу кіретін. Сібір қазақтарының қоғамында құл иеленушілік те болды. Құлдар негізінен тұтқынға түскен адамдар болатын, олар үй шаруашылығына жұмсалған.

в) Хандықтын негізгі этникалық тірегі болып, жергілікті көшпенді, түркі тілдес -Сібір қазақтары болады. Түркі-қыпшақтар бұрынғы сыпыралардың ұрпақтарымен, жаулап алушы моңғолдармен ассимиляцияға ұшыраған болатын. Сібір қазақтарының этногенезінің қалыптасуына Сібірге қашқан Қазан татарлары, башқұрлар мен ноғайлар да әсер еткен. Батыс Сібірде бірлестікте басты рөлде - керейіттер болса, олармен көршілес жатқан тайпа -қыпшақтардың да сібір қазақтарының этногенезіне ықпалы зор болды. Сібір қазақтары, яғна жергілікті түркі тілдес халықтар(арғын, қыпшақ, найман, жалайыр және т. б. ) жартылай көшпелі өмір салтын ұстанған. Әсіресе, олар мал шаруашылығымен айналысқан. Төрт-түлік мал асыраған. Ханға және оның нөкерлеріне асыл тұқымды жылқыларды Бұқара мен Хиуадан әкелетін.

Хандықтың тұрғындары өзінің князьдары мен ханға «жасақ» төлеуге мәжбүр болатын. Көктем келісімен Искер қаласынан хандықтың әр аймағына ханның жасауылдары мен даруғалар жасақ жинауға аттанатын.

Жасақ жинаушыларға жергілікті мырзалар мен бектер көмек беретін. Жасақтын үздіксіз жиналуы үшін жергілікті тайпалардан немесе халық арасынан аманатқа бір адам алынатын. Жасақ төлеуден тек «тархан» атағы бар мырзалар мен князьдар және олардың ұрпақтары босатылған. Жасақтың құрамына елтірі, аң терілері, былғары, мал, балық, қару-жарақ, жылқы, асыл тастар, алтын және күміс кесектері, маталар және бал кіртін.

Жасақтың бағалы түрлері сол кезде Еуропада, Азияда және Русь аумағында қатты бағаланатын аю, түлкі, арқар сияқты жабайы жануарлардың терілері. Сібірдің бағалы аң терілерін алу үшін парсы, түрік, армян, қырым көпестері жиналатын, бұл елтірілер бағасы Бұқара, Хиуа базарларында өте қымбат болып келетін.

Жасақтың тағы да бір өте бағалы түрі - қыран құстар: бүркіттер, қырандар, сұңқарлар. Жасақтың бұл түрі сол кездегі әр түрлі қолбасшылар мен мемлекет басшыларына сыйға тартылатын. Сібірдің әр алуан бай қазынасы, осы жасақтың арқасында ханға өз қазынасын айтарлықтай кеңейтуге зор мүмкіндік беретін. Сол себептен де Көшім ханды өз заманының ең бай адам деп айтуға тура келеді.

Жасақ жинаудың ұйымдасуы соншалық жоғарғы деңгейде болуы, орыстарды таңқалдырған және олар кейіннен Сібірді жаулап алғаннан кейін бұл системаға тек бір ғана өзгеріс енгізген болатын. Ол өзгеріс - жасақтың көлемінің ұлғаюы.

г) Хандық астанасы -Искер қаласы Тобылдың Ертіске құятын сағасында орналасқан. Стратегиялық тұрғыдан алып қараса Искер қаласының орналасқан жері хандықты басқаруға өте қолайлы болып келеді. Хандықтың дәл ортасында орналасқан Искер қаласы барлық жағынан жергілікті князьдардың қоныстарымен қоршалған. Бұл жерден хандықтың басты транспорттық жолы Обь өзеніне де бақылау жүргізуге жақсы мүмкіндіктер тудырады. Искер қаласының орналасуының тағы бір жақсы жағы, ол түріктер мен остяк-вогул арасындағы этникалық шекарада орналасуы. Осылайша орналасуының есебінен екі жақты да басқару өте қолайлы. Маңызды тағы бір факт, Искер қаласы ежелгі Орта Азиядан Мәскеуге дейін, одан ары шығыста жатқан Қытай мен Моңғолияға жол тартқан керуен жолының солтүстік нүктесінде орналасуы сауданың мен халықаралық қатынастардың дамуына өте үлкен ықпал етеді.

Бұл қаланың айналасы шұрайлы жайылымдар, ормандар, өзен-көлдермен қоршалғандықтан хандықта астананы бекітуге бұдан артық жер табуға келмейді. Қала үш айналым орлармен дуалдармен қоршалған, бұл дуалдар әрқайсысы бірінен-бірі биіктігі арқылы ерекшеленеді және әр дуалдың арасында суға толы ор қазылған. Искер қаласының аумағы үлкен болмағанымен мұнда ханның ордасы орналасқан. Қаланың дәл ортасында ағаш мешіт орын тапты, ал Ертіс өзені бойында кірпіштен қаланған хан сарайы бой көтерді. Қаланың ең ішкі жағында кірпіштен салынған құрылыстарда ақсүйектер, жауынгерлер, нөкерлер тұрды және қалаға келген көпестер қаланың осы бөлігінде тоқталған. Қалаға жақын жерде Сауысқан мүйізінде ежелгі зират орналасқан, бұл зиратта тек беделді адамдарды ғана жерлеген.

Қарапайым халық қаланың ең сыртында батпақтан саздан сыланып жасалған үйлерде тұратын. Қарапайым халық хан мен оның жақындарына қызмет етіп оларды бар керекпен қамтамасыз етіп отыратын. Археологиялық қазба зерттеулер бұл қаланың өте жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді. Алайда Искер қаласы әскери жағынын осал болып келгендіктен, Ермактын казактарының шабуылына бұл қала дайын емес еді.

д) Көшімнің өз билігінің орнатуының тағы да бір аса маңызды көрсеткіші ол- Ислам дінің таратуы. Оның алдындағы тайбұғалықтардың кезінде ислам діні тек жоғарғы қауым мүшелері ұстанған болса, қарапайым халық әлі де пұтқа табынған, ал остяктар мен вогулдар өздерінің шамандарына сенетін. Бірақ Көшім ханның ислам дінін таратудағы мақсаты бүкіл сібір халықтарын бір дінге өткізіп бағындыру болды. Алайда, Көшім белгілі бір қиындықтарға тап болды. Билеуші топ ешқандай қарсылықсыз исламды қабылдаса, қарапайым халық оны тек күшпен ғана қабылдады. Ислам дінін тарату кезінде Көшім Мауеренахрдың жоғарғы дін басыларына көмекке сүйенетін. Ислам дінінің сібірде түпкілікті орнауы осы Көшім ханның атымен байланысты.

Е) Көшім ханның кезінде Сібірде өте үлкен Бұқар колониясы құрылған. Ислам дінің уағыздаушылар, шейхтар, абыздар, жауынгерлер, саудагерлер және т. б. Бұқарадан шыққандар барлығы Көшім билігінің орнауына өз септігін тигізген.

Көшім Ноғай Ордасымен де қарым-қатынас орнатқан. Бірақ достық қатынастар тұрақты болмады. Көшім Искерден қашып, далада тығылып жүрген кезінде де Ноғай ордасына жорықтарын тоқтатпады. Көшім Ноғай Ордасының атақты князі Аулие-мырза жерін басып алғаннан кейін, екеуінің арасында өшпенділік пайда болды өзбек ханы Абдаллах екі жақты да татуласуға шақырды, «егер де осылай жалғаса берсе орыстар екі жақты жеке-жеке оңай талқандап тастайды» деп айтты. Бірақ өзбек ханның сөзін ешкім тындамады, екі жақ әлі де солай өшпенділік саясат ұстанған болатын. Кейіннен ноғайлықтар Көшім өз қаласына казактардын шабуылы кезінде Ноғай ордасына қашып келген кезінде өлтіріп кегін алды.

Көшім Қазақ хандығымен де қатынас орнатты. Көршілес жатқан туыстас мемлекеттер. Шайбандықтар Орта Азияға кеткеннен кейін қазақ хандығы өздерін Ертістен Жайыққа дейінгі аумақтың қожайыны санады. Көшім ханның билік еткен кезі Хақназар мен Шығай хандардың билігімен тұстас келді, сол себепті енді Көшім өзінің жауынгер көршілерімен санасу қажет болды. Кейіннен Көшім Хақназармен соғыс ашады, бірақ соғыс нәтижесіз болады. 1580 жылы Хақназардың өлімі Көшімге қазақ хан тағына келген Шығаймен байланыс орнатуға тура келді. Көшімнің үлкен ағасы Ахмет-Керей Шығай ханның қызын алып, енді екі хандық туыстық-қандастық қатынас орнатып, екі жақ та соғыс ашпауға ант берісті.

Ж) Алтын Орданың құрамынан шыққан ұсақ хандықтарды бағындырғаннан кейін орыс патшасы күшейгеннің үстіне күшейе түсті. Патша ағзамның қолшоқпарлары (орыс алпауыттары) «енді Сібірді бағындырып алсақ» деп түн ұйқыдан айырылды. Өйткені Ібір-Сібірдің ен байлығы Ресей саудагерлерінің түсіне кіретін болды. Әрі Сібір алынса күллі Азияға қақпа ашылмақ.

Бірақ Сібірді жаулау үшін әскер керек. Бұндай тапсырманы үкіметтің солдаттарына тапсырып, патша жаман атты болғанша, Еділ мен Донның бойында қарақшылық жасап жүрген казактарға тапсырса сөзсіз тиімді болмақ. Бір оқпен екі қоян ату деген - осы. Біріншіден, мемлекетке маза бермей жүрген қарақшыларға жұмыс табылып, елдің іші тынышталады, екіншіден, қарақшылардың күшімен Сібір жұрты талқандалады.
Осындай сұрқия саясатты іске асыру үшін күллі Ресейге аты мәлім алпауыт Строгановтар әулеті мен Ермак дейтін қарақшылардың атаманы тіл табысады. Шаш ал, десе, бас алып үйренген Ермактың қандықол жасағы 1581 жылдың жазында Жайықтың жағасында орын тепкен Сарайшықты шабады. Орыс жылнамашыларының жазуы бойынша, қаланың екі мыңға тарта халқын қырып, сұлу келіншектерін апта бойы азаптап, түгелдей зорлап өлтіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮ- ХҮІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Xvi ғасыдағы қазақ хандығының саяи әлеуметтік және экономикалық дамуы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
Қазақ хандығы жөнінде
Xvi-xviіі ғғ. қазақ-орыс елдері арасындағы дәстүрлі елшілік байланыстар тарихы
Қазан хандығының құрылуы
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі
XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандығы туралы
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz