Жасыл экономика парламентшілер мен сарапшылардың басты назарында



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жасыл экономика парламентшілер мен сарапшылардың басты назарында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Парламенті депутаттары мен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен жасыл экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру атты тақырыпта семнар-тренинг өтті.
Іс-шараны ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы Жасыл Академия ғылым-білім орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Оның мақсаты жасыл экономиканың әдіснамасы мен аталған саладағы еуропалық тәжірибемен, оның ішінде ЭКСПО-2017 дайындық шеңберінде жұртшылықты хабардар етуді арттыру болды.
Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары вице-министрі Талғат Ақсамбиев өзінің кіріспе сөзінде атап өткендей, жасыл экономикаға өтудегі жауапты міндетті орындау біздің министрліктің ғана емес, сонымен бірге барлық мемлекеттік органдар, депутаттық корпус, халықаралық ұйымдар, бизнес және ҮЕҰ-ның күштерін біріктірді талап етеді. Ол семинарға қатысушыларға Қазақстанның жасыл экономикаға өту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қоршаған орта министрлігінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Наталия Зарудная өз баяндамасында Қазақстан Орталық Азиядағы жасыл экономика саласында жүргізілген шараларда алдыңғы қатарда тұрғанын баса айтты.
ЕҚЫҰ бұл жолда қыруар жұмыс күтіп тұрғанына қармастан, Қазақстанның реформаторлық күшін жоғары бағалайды. Сіздің ел көрсетіп отырған шешімді қадам, саяси еркіндік келешекте зор табыс кепіліне айналары сөзсіз. Біз де сіздерге сенеміз, - деп атап өтті ол.
Шара кезінде жасыл экономика саласындағы спикерлер ретінде белгілі сарапшылар да сөз сөйледі: Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Париж-Дофин (Франция) университетінің және М.Ломоносов атындағы ММУ профессоры, РФ Қоғамдық палатасының Орнықты даму институы директорының орынбасары Сергей Бобылев (баяндамасы - Жасыл экономикаға өтудің еуропалық тәжірибесі); Жасыл Академия ҒБО директоры, профессор Бақыт Есекина (ҚР-дағы Жасыл экономика: қазіргі жай-күйі және перспективалары), Латвия тұрақты даму кеңесінің және қалдықтарды кәдеге жарату кәсіпорындарының қауымдастығының төрағасы Янис Вилгертс (Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды құқықтық реттеу тетіктері), сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасы жөніндегі тәуелсіз сарапшы Александр Мирошниченко (ҚР-ның жасыл экономикаға көшуін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету).
Семинар соңында қатысушылармен Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің хатшысы Жеңіс Нұрғалиев өз әсерімен бөлісті.

Бүгін біз ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық үстіндеміз. Сіздер өз сөздеріңізде жасыл экономика қағидаттарын енгізу бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көш бастап тұрғандығын атап өттіңіздер. Ең бастысы, біз осы мақсатқа қол жеткіздік. Мұндай семинарлар басқарма құрылымдарында, мемлекеттік органдарда жиі өткізіліп тұрғаны дұрыс, - деп атап өтті ол.
Семинар қорытындысы бойынша оның қатысушыларына ЕҚЫҰ және Жасыл экономика ҒБО-ның сертификаттары табыс етілді.

Авторлар: Дана Сегизбаева, Райымбай Аңсаған ГМУ-11-1
Тұрақты даму − қазіргі уақыттың қажеттілігін қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың қабілеттілігінің меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыруды қауіп-қатердің астына қоймайтын даму. Болашақта тұрақты дамуды 4 белгіге ерекшелеуге болады. Тап осы белгілер табиғи қорлардың топтастыруларынан және олардың ұдайы өндіріс динамикасынан құрылады:
- Қайта жаңаратын (жер, орман) табиғи қорлардың санының біраз уақытта азаймауы.
-Қайта жаңара алмайтын (күн, жел) табиғи қорлардың азаюын мүмкіндігінше баяулату.
-Мүмкіндігінше қалдықтарды азайтатын қор жинақтаушы технологияларды және аз қалдық шығаратын өндірістерді енгізу. Қоршаған ортаның ластануы (жалпы және бөлек түрде), оның деңгейінен, шамадан тыс аспауы керек .
-Заңға сүйенген тұрақты дамудың негізін жасау, табиғатты қолдану экономикалық механизмдер арқылы жөнге салу және қоршаған ортаны қорғау.
Тұрақты даму үш құрастырушыларға бөлінеді :
− әлеуметтік тұрақты даму;
− экономикалық тұрақты даму;
− экологиялық тұрақты даму.
Әлеуметтік тұрақты даму − бұл даму қорларды пайдаланудағы адамдардың тең құқығын қамтамасыз ету мақсатында және тиісті әлеуметтік әділеттіліктерге бағытталған. Әлеуметтік капиталдың ең маңызды түрлері болып, әлеуметтік амандық, мәдени даму, тәртіп және т.б. саналады.
Экономикалық тұрақты даму − адаммен жасалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери және госпиталдық кемелер мен ұшу аппараттарының, парламентердың, тыңшының, барлаушының, жалданушының, медициналық және діни қызмет өкілдерінің, журналисттер, инструктор мен кеңесшілердің құқықтық мәртебесі
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
АҚШ дипломатиялық қызметінің тарихи дамуы
ЕҚЫҰ және Қазақстан арасындағы қарым-қатынас
Сенат құрамына екі депутат сайланып енді
Парламенттік басқару жүйесін күшейту
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысуының тарихы
Заң алдындағы жауапкершілік
Табиғатты тиімді пайдалану туралы
ОБСЕ ұйымының 1975-2010 дамуы және қызметі
Пәндер