КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Кредиттік оқыту жүйесі - даралану, білім беру траекториясының білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу іріктелуі және даралану таңдамалылығы негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.
Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты - ҚР-ның білім берудегі ұлттық жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялау, халықаралық стандарттарға сай келетін дипломдарды конверциялануын, олардың ебек нарығында талап етілу жағдайларын қалыптастыру
Кредиттік оқыту жүйесінің басты міндеттір:
- білім көлемін сәйкестендіру;
- оқытудың даралануы үшін жағдай туғызу;
- білім алушылардың өздік жұмыстарының тиімділігі мен ролін күшейту болып табылады.
Кредиттік оқыту жүйесіне тән белгілер:
- кредиттік оқыту жүйесі линейлық емес оқыту жүйесі болып табылады. Линейлық емес оқыту жүйесі - білім алушыларға білім үрдісін ретімен жеке жоспарлауға мүмкіндік беретін оқу үрдісін ұйымдастырудың әдісі;
- білім алушылардың және оқытушылардың пән бойынша әрбір еңбек шығынын бағалау үшін кредиттік жүйесін енгізу;
- әрбір пәннің көлемі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен типтік оқу жоспарлары негізінде іске асырылады;
- білім алушылардың пәндерді таңдау еркіндігі олардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруда жұмыс оқу жоспарларына енгізілген пәндерден таңдау; білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
- білім алушының жеке оқу жоспарын қалыптастыруға өзінің тікелей қатысуы; білім беру траекториясын таңдауда білім алушыға қолдау көрсетуші ретінде оқу үрдісіне эдвайзерлердің тартылуы;
- оқу үрдісін ұйымдастыруда, оқытушылардың педагогикалық жүктемелерінің түрлерін анықтау мен есепке алуда университеттің (институттың) кең өкілеттілігі;
- оқу үрдісін баспа мен электронды түрдегі барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
- әрбір пән бойынша білім алушының оқу жетістіктерін бағалауда модульды-рейтингілік жүйені қолдану.
2005-2006 оқу жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де барлық дайындық бағыты бойынша кредиттік оқыту жүйесі енгізілді.
Білім берудің кредиттік оқыту жүйесін сапалы тарату мақсатында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері тарапынан үлкен ұйымдастыру жұмыстары өткізілді.
Біріншіден, факультеттер барлық дайындық бағыттары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын құрастыру конкурсына қатысты.
Екіншіден, кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру мен бақылауды іске асыратын Офис тіркеуші бөлімі құрылды.
Үшіншіден, шаралар жоспарына сәйкес кредиттік оқыту технологиясына өту бойынша төмендегілер орындалды:
- М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де кредиттік оқыту жүйесі бойынша білім беру үрдісін жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі ережелері жүйеленген Ереже жасалды;
- кеңестік семинарлар өткізілді;
- типтік оқу жоспарларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілінде жұмыс оқу жоспарлары құрастырылды;
- кредиттік оқыту жүйесі бойынша академиялық күнтізбелер құрастырылды;
- жеке оқу жоспарларына сәйкес дәрістер легі мен академиялық топтар қалыптастырылды;
- академиялық сабақтардың, оқытушылардың басқаруымен өтетін студенттердің өзіндік жұмыстарының кестелері құрастырылды және бекітілді;
- типографиялық әдіспен оқу-әдістемелік кешендер жасалды және шығарылды;
- жалпыуниверситеттік Студент және Оқытушы электронды мәліметтер базасы жасалды.
Бакалавриаттағы оқу
Бакалавриаттың білімдік-кәсіби бағдарламасы 4 жылдық оқыту барысында жүзеге асырылады және 40 оқу пәнін қамтиды.
Бакалавриаттың төменгі деңгейі екі жылдық оқыту барысында жүзеге асырылады және 68-ден кем емес кредитті қамтиды.
Төменгі деңгейі біткен соң студент мемлекеттік аралық бақылаудан (МАБ) табысты өткен соң жоғарғы деңгейге ауыстырылады. Егер ол мемлекеттік аралық аттестаттау қорытындысы бойынша белгіленген өту баллын (GPA) жинамаса, бакалаврдың бірлескен деңгейі және белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.
Бакалавриатқа түсу үшін Қазақорыс тілі, Қазақстан тарихы, Математика және таңдау бойынша пәнді қамтитын Ұлттық бірыңғай тестті сәтті түрде тапсыру керек.
Бакалавриаттағы оқуды аяқтаудың міндетті шарты - студенттің теориялық оқу бойынша 128-ден кем емес кредитті жинау, оның ішінде 42-60 кредит міндетті компонент және 68-86 кредит таңдау компоненті болып табылады. Оның 6-8 кредиті шет тілін міндетті түрде оқуға бөлінеді.
Жалпы білім пәндері (жалпы міндетті пәндер циклі - әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер) 32-35 кредитті құрайды.
Жалпы білім пәндерінің қосымша элективті пәндерін мамандыққа байланысты студент өз бетімен жәненемесе эдвайзердің жетекшілігімен таңдайды.
Бір академиялық кезеңде күндізгі оқу түрінің студенті 12-18- кредитті меңгеруі тиіс.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының барлық талаптарын орындаған және оқудың барлық кезеңінде міндетті пәндер компоненті мен таңдау пәндерінен кредиттің белгіленген санын жинаған студент қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберіледі.
Бакалавриаттағы қорытынды мемлекеттік аттестаттау диплом жұмысын қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру түрінде өткізіледі.
Кредиттік оқу жүйесінің Қазақстанның жоғары оқу орнында ендірілу мәселелері.
Қазіргі кезеңде әлемдік қоғамдастық Қазақстанды нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекет ретінде танып отыр. Инновациялық технологияларды қолдана отырып қысқа тарихи кезеңде Қазақстан экономикада алдыңғы қатарға шықты, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы анықталды. Қоғамдағы өзгерістер білім жүйесіне де ықпал етті. Білім беру жүйесінің рөлі мен мәні артып, оған үлкен міндеттер жүктеліп, оның қоғам сұранысына сай болуы талап етіліп отыр.
Қазақстанның жоғары білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру үдерісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып табылады. Бұл ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру мен әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асыру үдерістерінен тұрады. Білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мақсаттарын анықтау үшін, жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруды түбегейлі өзгертуге байланысты қазақстандық көпдеңгейлі үздіксіз білім беру үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының білім берудің 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы жасалынды [1]. Онда білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ретінде мамандарға берілетін білім сапасын арттыру, оларды кәсіби даярлаудың жаңа бағыттары мен инновациялық дамуын қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулерді қоғам сұранысымен тығыз байланыстыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызы, білім беруді және ақпараттық технологияларды жетілдіру мәселелері көрсетіледі.
Қазақстанның әлемдік білім беру жүйесіне кіру үдерісі 2003 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту технологиясын ендіруден басталды. Осы үдерістің алдындағы Қазақстанның Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Лиссабон Конвенциясына және Жоғары білімнің еуропалық аймағы туралы Болон декларациясына қосылуы, ҚР Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы елімізде кредиттік оқыту жүйесінің ендірілуіне жол ашты. Кредиттік оқыту технологиясын ендіру және оқыту жүйесін жетілдіру әлемдік жоғары білім беру тәжірибесін, оның ішінде еуропалық аймақтағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Лиссабон Конвенциясы және жоғары білімнің еуропалық аймағы туралы Болон декларациясы сияқты материалдарды зерттеуді қажет етеді [2,3]. Еліміздің Лиссабон Конвенциясына қол қоюы, Болон үдерісіне қосылуы ұлттық білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасауға әкелді. Болон үдерісі жоғары білім берудің жалпыеуропалық кеңістігін қалыптастыруға байланысты міндеттерді шешуге тікелей байланысты болып табылады. Зерттеу барысында Болон үдерісі жайлы құжаттармен танысудан оның еуропалық және ресейлік жоғары білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге ықпалы туралы еңбектерден кредиттік оқыту жүйесін қабылдауға объективті жағдайлар мен себептердің болғаны анықталды. Бұл елдердің ұлттық білім беру жүйелерінде өзгерістер жасауға жалпы әлемдік беталыстар мен Еуропадағы қалыптасқан жағдайлар себепкер болды.
Кәсіби маман даярлау жүйесінде өзгерістер жасау қажеттігінің себебі барлық дамыған елдердің экономикасындағы түбегейлі өзгерістерге байланысты болып табылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz