Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағындағы шығармашылық жұмыстардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі
2.1 Әдебиеттік оқу пәні арқылы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүргізу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Оқушылардың шығармашылығын жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25Қорыты нды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттеп, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуда басым бағыттарды жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қазіргі күні Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудің жаңа мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу танымдық, шығармашылық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты қойылып отыр.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік-мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан тұлға болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.
Қазіргі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамту. Оқушыларды белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлаға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістер мен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектісін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдалырының дамуына негізін салу болып табылады.
Зерттеу мақсаты:
-әдебиеттік оқу сабағында оқушыларға шығармашылық жұмыс орындату
арқылы іскерлігін арттыру.
-оқушылардың шығармашылық жұмыс орындау мүмкіндіктерін анықтау.
-шығармашылық жұмыстарды орындаудың жолдарын, шарттарын
іздестіру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазіргі дамыта оқу жағдайына сәйкес, бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың қажеттілігін дәлелдеу.
2. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу барысында орындалатын шығармашылық жұмыс мазмұнына сипаттама беру.
3. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмысты
түсінуін және оны орындау жолдарын белгілеу.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары.
Зерттеу әдістері: Тәжірибелі мамандардың ғалымдар мен ұстаздардың әдебиет пен журналдарын талдау және оны пайдалану.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық жұмысқа баулудың теориялық негіздері

1.1 Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

Мектепте білім беру-жауапты іс. Өйткені мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы-ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.
Соңғы жылдары мектепте білім беру саласында заман талабына қажетті жаңартылған Өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі озық технология - мен әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану оқушының танымдық және ақыл-ой белсенділігін арттырады.
Сондықтан да мектепте жеке тұлғаны дамытуға негізделген әдіс-тәсілдер іздестірілуде. Мектеп кез-келген оқушыға жақсы білім беретіндей етіп құрылуы тиіс. Сол себепті мұғалімнің алдында балаға Қалай тиімді білім беру керек деген мәселе тұруы тиіс.
Шығармашылық жұмыс және әрекет диалектикалық бір тұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, шығармашылық әрекетті ретінде оның амалдарын, тиімділігін анықтайды.
Бастауыш мектеп оқушысының ашатыны тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық [1].
Шығармашылық әрекет арқылы бір жағынан адамның іскерлігі мен қабілеттері жетілсе, екінші жағынан материалдық рухани көзқарасы қалыптасып, адамзат мәдениетіне үлес қосылады.
Баланың табиғи, ашылмаған мүмкіндіктері неғұрлым үйлесімді толығырақ дамыса, ол есейген кезде қызметті де соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты атқарады. Шығармашылық әрекет арқылы оның жасампаздығы, іскерлігі қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын дамытуға жас мөлшері нағыз қолайлы синтезивті кез.
Дамыта оқытудың мақсаты - балаларға дайын пәндік білім. біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелмейді. Кеңес дәуіріндегі дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындайтын адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектептерде орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі шығармашылық жұмыстарды орындауға үйрететін, оны қолдана білетін дамыған адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетуде. Сондықтан біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі етуде басшылыққа алатын нысана - дамыта оқыту жүйесі болады.
Оқыту барысында бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын дамыту барысында тапсырмаларды орындауға арналған қабілеттерін дамытуды жоғарыда белгіленген көрсеткіштер мен өлшемдерге сай келетіндей Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин сияқты ғалым педагогтардың еңбектерінің дидактикалық қағидаларына негізделген әдістеменін мазмұны жасалады.
Оған сәйкес оқулықтар мазмұны қайта қаралып, олардағы сұрақтар,
тапсырмалар, жаттығуларға дамытушылық сипат берілді. Оқулықтар
мазмұны шығармашылық тапсырмалармен толықтырылды.
Шығармашылық тапсырмаларды сұрыптау, оларды пайдалану кезінде, олар баланың өмірлік тәжірибесін молайтып, практикалық іс-әрекет дағдысын қалыптастыру көзделеді. Оқулықтар мазмұнында ұсынылып отырған шығармашылық тапсымалар баланы конвергенттік (бір бағыттағы, жүйелі логикалық) ойлаудан, дивергенттік (логикадан ауытқу) баланы ойлауға үйрететіндей етіп лайықталынып беріледі. Өйткені баланың шығармашылық жұмысты орындауға арналған қабілеттерін, дамуы осы дивергенттік ойлаумен тығыз байланысты.[2]
Сабақтардың практикалық бағытын күшейту, білімді жаңа жағдайға тасымалдай білу, сол арқылы өзінің ашқан жаңалығының қуанышын сезінетіндей болуы қарастырылды.
Баланың шығармашылық істеріне басшылық жасау, ондай нәтижеге жету үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сыйластық, түсіністік, ізгілік ұстанымдарына негізделеді. Сабақтағы оқушының орны, рөлі алмасты, оның еркіндігінің, дербестігінің болуы басты назарда ұсталды. Нәтижеде мұндай оқыту баланың ақыл-ойын дамытып қана қоймай, сол арқылы пайдалана білу, қоршаған дүниедегі жаңалықты көре білуге үйрететіндігі анықталды.
Кез келген мұғалім үздіксіз ізденіп, оқушыға қажетті ақпараттар жинап, бүгінгі болатын әрбір сабағына аз да болсын жаңалық енгізуге ұмтылуы керек. Білім сапасын көтерудегі ең басты тұлға-мұғалім.
Менің ойымша, 21 ғасырдағы мұғалім тұлғасын былай деп көрсетуге болады:

МҰҒАЛІМ

өз білімін жетілдіретін
өзін-өзі тәрбиелейтін
педагогикалық мәдениеті бар
айқын мақсаты бар
жаңашыл

ЖЕКЕ ТҰЛҒА

Міне, осындай жаңа талапқа сай мұғалім ғана оқушыларды шығармашылыққа баули алады.[3]
Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын мұғалім жас кезеңі ақыл-ой әрекетіне қызығушылық пен қажеттілікті тудыратынын естен шығармауы тиіс. Егер ол бастауыш мектепте қалыптаспаса, жасөспірім шақта шығармашылық бағытта жұмыс жасау өте қиынға соғады.
Шығармашылық қабілеттерді дамытудың негізгі бағыттары:
● Ойын әрекеті
● Шығармашылық құрастыру
● Шығармалар мен диктанттар
● Сабақтардың сюжетті және тақырыптық циклдары, панорамалық сабақтар
● Интеллектуалдық ойындар.
1- сурет. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу моделі
Шығармашылық іс-әрекеттің мәнін түсіну, өз ісіне сын көзбен қарау, өз ісіне ләззаттану сезімінің пайда болуы, тұлғаның дамуы
Танымдық қы-зығушылық-тың көрінуі, шығармашы-лық жұмысқа бейімділік, жаңа, тың нәрсені сезіну
Әр түрлі мәліметтер мен деректер арасындағы байланысты білу, берілген мәліметті өңдеп, басқа күйге келтіру, шығармашылық іс-әрекетте қажетті психикалық құрылымның қалыптасуы
Сын дәлелдеме
Ізденушілік
Шығармашылық іс-әрекет
Қажеттілік
Шығармашылық жұмысқа бағыт-талу
Субъект

Шығармашылық әрекеттің нәтижесі

Ж.Аймауытовтың Адамды ілтипатты ететін ереже қайсы десеңіз, мынау: нәрсе ұғындырылғанда оның барлық шарттары көрсетіліп, барлық жаңа нәрселерді туғызарлық болсын, бір сөзбен, нәрсені түрлендіру керек, тоқсан түрге түсіру керек деген озық ойы әлі күнге дейін маңызын жойған жок. Қазіргі заманғы электрондық оқу материалдарына телекоммуникация құралдарын (видеокассета, оқу теледидардан т.б.) пайдалану, Интернет жүйесі арқылы ақпарат алу, сабақты түрлендіруге, баланы қызықтыруға жол'' ашады. Осы сияқты жаңа оқыту құралдарын, жаңа әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибеде тиімді пайдаланылады.
Шығармашылық жұмыста қазіргі заман талабына сай кез келген ортада, кез келген жағдайда өз ойын, пікірін жүйелеп айтатын мәдениетті дайындау үшін бастауыш сыныптан бастап баланы байланыстырын сөйлеуге үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдері іздестіріледі.
Көптеген ғалым педагогтардың, практик мұғалімдердін тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді ең алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес. А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастарының ішінде біз көңіл аударалық мәселе-бұл автордың, Қазақша оқу жайынан атты еңбегінде айтқан пікірі.Автордың пікірінше, білімді бала тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.
Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнды және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сонымен қатар бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге мән беріледі.
Осыған орай, өз бетімен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда.
Өз бетіндік жұмыс-шығармашылық жұмыстың бастамасы болғандықтан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өз бетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш мектепте өз бетіндік жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау кабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.
Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалды саралау және
тәжірибе қорытындысындағыдай шығармашылық жұмысқа баулып,
олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыратын өз бетімен
жұмыс түрлеріне мынадай үш жұмыс түрлерін жатқызамыз:
1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ).
2. Берілген тапсырманы түрлендіру (мәтіннің мазмұнын өңдеу т.б.).
3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби
шығармашылық бағыттағы жұмыстар.[4]
Мұнда басты назар аударатын мәселе-бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету.
Өз бетінше жұмысты ұйымдастыру формаларын фронтальді және топтық деп бірнеше түрде алып қарауға болады. Өз бетінше жұмыстың ішінде ең көп таралып отырған тиімдісі: кітаппен жұмыс істей білу. Мұнда мәтінмен жұмыстың негізгі:
мазмұнын баяндап беру
мәтін бойындағы тапсырмаларды орындау
мәтінді бөліктерге бөлу
бөліктерге ат қою
мәтін бойынша жоспар құру
Ондағы негізгі ойды анықтау тәрізді тапсырмаларды орындау, талдау жасау, салыстыру, материалды жинақтаумен, негізгі қойылатын талаптар осындай.
Бастауыш сынып оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы - жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік дағдысын дамыту.

Өз бетінше жұмыс

зерттеу
шығармашылық жұмыстар
Жаттығу

Шығармашылық-адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең
жоғарғы формасы.
Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруы сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:
тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
сөзжұмбақ құру, шешу;
шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру;
әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу;
қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;
- ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру, осы әңгіменің мазмұнына,
мағынасы кері әңгіме құру;
мазмұндама түрлерін жазу;
адасқан сөздерді орнына қою.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін-байыту, қиялын ұштастырумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологияны қолдану
келешек ұрпақтың еңбек етуіне, еркін дамуына, жан-жақты білім
алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау керек.
Өзіндік жұмыс балалардың шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді. Білім, білік, дағдыларын кеңейтуге ұжымдық сезімдерін, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда, көзделген мақсатқа жетуге және жеке тұлғалық, сапалық қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушылары бүгінде әрі субъект, әрі объект ретінде қарастырылады. Өз бетімен жұмыс жасағанда оқушының өзіне баға беріп, алдына қойған мақсаттың сәтті орындалуына ықпал жасайды, оқушылардың шығармашылығы мен қабілеттерін дамытады. Мектеп тәжірибесінде көбіне көп осы жағы ескеріле бермейді, бақылау тапсырманың дұрыс орындалуын нысана етеді. Бөгде адам мен өзінің ой- пікірлерін айтуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстар жатады. Өздігінен істейтін жұмыстарын ана тілі сабағында түрлендіре іске асыруға болады. Әебиеттік оқу сабағында оқушылар жүйелі оқуға, ойды талдауға, мәтінді саналы түсінуге дағдыланады.[5]

Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағындағы шығармашылық жұмыстардың маңызы

Әдебиеттік оқу пәнінен орындалатын шығармашылық жұмыстар оқушылардың ойлау, мәтін құрастыру қабілетінін, өлең шығару сөздік қорының молдығын көрсетеді.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі-ойдан ертегі құрастыру. Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін осыған ұқсас ертегі құрастырылып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар армандауға, қиялдауға жетелейді. Оқушылардың тілі шебер, ойы орамды болу үшін ана тілі, қазақ тілі оқулықтарындағы мақалдармен шебер жұмыс жасау қажет. Үйренген мақалдарды орынды қолдану керектігі түсіндіріліп, Сөз тапқанға-қолқа жоқ сайысын және мақалдатып айтысу жұмысын жүргізу оқушы тілін, ойын дамытудың ең шебер құрамы. Оқулықта кездесетін мақалдарға сай келетін оқиға ойластыру немесе сурет бойынша мақалдар айту да баланың дамуына өз әсерін тигізеді.
Оқушыларды шығармашылыққа үйретудін тағы бір жолы - әңгіме жазғызу. Бұл жұмысты мен төмендегіше бастадым. Сынып оқушыларына қағаз таратылып беріледі. Оларға тақтада жазулы тұрған сұрақтардың астына жауап жазатын орын қалдырып, баған түрінде көшіріп алу тапсырылды. Бірінші сұраққа әркім жауапты өзі жазады, сосын жауабын қағаздың жоғарғы сұрақ жазылған бөлігін бүктеу арқылы көршісі көрмейтіндей етіп жауып, парталас отырған балаға береді. Екінші сұраққа сол бала жазып, жоғарыдағы ретпен жұмыс жалғаса береді. Ең соңғы сұраққа жауап жазылып біткенде, жұмыс жиналып алынады да, жалпы сынып алдында оқылады. Нәтижесінде қызықты, күлкілі оқиғалар, қысқа мазмұнды әңгімелер туып жатады. Сұрақтар мына төмендегідей болуы мүмкін:
Ол кім? (не?)
Ол қандай?
Қайда барды?
Кімді (нені) кездестірді?
Оқиға немен аяқталды?
Не туралы сөйлесті?
Әрі қарай не болды?
Әр бала - бір тұлға, оны көре білу сол бір әлемге жол табу әр ұстаздың міндеті. Себебі, біздің алдыңыздағы оқушы - біріншіден бала. Ал балаға ойын қажет. Сондықтан, сабақтағы ойын арқылы бала білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, мәні қажетті заттары болады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық әрекеті байқалады. Мұғалім сабақта баланы шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушыларды белсенділікке, саналы ойлана білуге, ой-өрісінің дамуына, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулуға үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.
Әдебиеттік оқу сабағында шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі -жазғызуға баулу. Ұйқас сөздердің мәнін түсіндіріп, өлеңдегі ұйқастарды табуға көңіл бөлу.
4-сыныптарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар, мақал-мәтелдермен сайыс сабақ өткізуде дамытушылық сипат беруді мақсат етеді. Олар:
1. Оқиғаға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.
2. Суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айту.
Тапсырмаларды орындату арқылы сөздің құдіретін түсіну, мақалға деген қызығушылығын ояту, пайдалана білу міндеттері шешіледі. Мақал- мәтелмен жұмыс айтыс түрінде де жалғасын табады.
Осындай жұмыстар оқушыларды шығармашылыққа баулуға, оқушы бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз бетінше зор әсерін тигізеді. Бала ойындағы қабілетті ашу - оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Ұстаздың сабақ берудегі басты мақсаты баланы бастауыш сыныптардан бастап, шығармашылық ойларға және практикалық әрекеттерге дайын болуға, қызығушылыққа тәрбиелеу. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, көптеген сабақ түрлерін өткіздім.
Олар: аралас сабақ, семинар сабақ, сайыс сабақ, ойын сабақ, тестік сұрақтар оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға үйретеді. Ойлай білген адам кейінгі мен бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.[6]
Әдебиеттік оқу сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:
1. Өлең шығаруға үйрету.
2. Ұйқасын тапқызу, сөз бен сөзді байланыстыру.
3. Ой тастау, бір оқиғаны суреттеу арқылы өлең жолдарын құрастыру.
Өлең жолын құрастыру 1-ші сыныптан бастап сауат ашу барысында басталады. Ол үшін оқушыларға алдымен ұйқас сөздердің мәнін түсіндіріп, ұйқастарды табуға тапсырма беріледі. Әрине жұмыс нәтижелі болу үшін бұл әдістерді тұрақты түрде және жиі қолданып отыруы керек. Осының арқасында 4- сыныптарда оқушылар өлең шығаруға төселіп қалады.
Қазіргі жаңа буын оқулықтарында оқушыға өлең жалғастырып көр, өлең жаз деген тапсырмалар жиі кездеседі. Бірақ осы өлеңді жазу үшін оқушыны неге, қалай үйрету керек? Өлең жазу не үшін және қандай мақсатқа керек? Сөз өнерін меңгеру барлық адамдарға суреткер болу үшін емес, ешкімге тәуелді болмау үшін керек. Шығармашылыққа баулуға сыныптан тыс жұмыс түрлері:
- мектеп шеберханасына, мұражайға бару, әртүрлі кездесулер
бойынша шығарма жазу.
- суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату.
мектептегі үйірмелерге сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына
жағдай жасау.
газет-журналдарға жазғызып және оны оқу үрдісінде үнемі
пайдалану.
ауыз әдебиетінің түрлерін пайдалану.
әрбір оқылып отырған шығарманың авторы туралы мағлұмат беру.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу, шығармашылыққа баулуға, бала бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді. Оқушының шығармашылықпен айналысуы, үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Оқушының бәрі бірдей бір өнерге жақын болуы мүмкін емес, олардың қабілеті әртүрлі. Сол себептен балаларға берілетін шығармашылық өз бетінше деңгейіне қарай беріледі. Жалпы алғанда біздің мақсатымыз - оқушының тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ана тілінің қасиетін ұғындыру, сонымен бірге, шығармашылық шеберліктерін шыңдау.
Оқу үдерісінің шығармашылық сипаты оқушылар жетістігінің арта түсуіне әсер етеді. Баланы шығармашылық үдеріске тарту олардың белсенділігін арттырады, интеллектуалдық біліктілігін, зерттеушілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, білімді сапалы меңгеруін дамытады.
Шығармашылық жұмыс жасауға балалар үлкен қызығушылықпен, белсенділікпен, шығармашылық дамудың өз мүмкіндіктерін көрсетудің алғашқы қадамы екенін түсіне отырып қарайды.
Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.
І тапсырма Образға кіру
Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

ІІ тапсырма Талдау және қиялдау
Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың Қамқорлық әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.
-- Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)
-- Екі бала жайында не айтасыңдар?
Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ
қасиеттері айтылады.

Жантас
Мейірімсіз, қатыгез, жаман, әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады
Қожа
Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын
Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?
-- Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)
-- Балапанды аядық, көмектескіміз келді.
-- Қожаның ісіне қуандық.
-- Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?
-- Кездескенде не деп айтар едіңдер?
-- Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?
-- Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?
-- Қандай сурет салар едіңдер?
-- Қалай мүсіндер едіңдер?
Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.
ІІІ тапсырма Суырыпсалма ақын
Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.
Мысалы Жаңбыр ойыны
Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. Жаңбыр ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң Жаңбыр өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл.

Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)
ІҮ тапсырма Диалог-ертегі
Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты... 1-оқушы: Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті... десе, 2-оқушы: Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті... -- міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.
Ү тапсырма Жұмбақтар, мақалдар құрастыру арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.
Суреті бар, хабарлайды,
Жәшікте тұрып жыбырлайды.
Ән салады, би билейді,
Көңіліңді көтереді. (теледидар)
Жерге түсірсең, секіреді. (доп)
Бізге жарық береді,
Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)
Өзі әдемі, иісі жұпар,
Оны туған күніне сыйлар. (гүл)
Өзі гүл сияқты,
Күн көзін сүйер.
Ішінде дәні бар,
Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)
Мақалдар
Еріншек болсаң,
Наның жоқ.
Еңбекқор болсаң,
Қарның тоқ.
Еңбексіз нан жоқ,
Нансыз өмір жоқ.
Бір сәттік бақытқа,
Алланы ұмытпа.
Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс... тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймыз. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған проблемамен бетпе... бет келген кезде жүзеге асады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу жұмыстарын әдебиеттік оқу сабағында қалай жүргізу жолдарын қарастырайық.
Сабақта жаңылтпашты құрғақ жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асыруға болады. Мысалы:
1. Бұл... піл, бұл ірі піл.
2. Шеше, шеше,
Неше кесе Сынды кеше?
Осы екі жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыруға тапсырма беруге болады. Мысалы: Айдардың шешесі ас үйде кеселерді жуып тұрды. Бір кезде үйге дәу піл кіріп келді. Қасында тұрған Айдар қорқып кетті де, қатты жылап жіберді. Шешесі қолындағы кесесін жерге түсіріп алды. Кесе сынып қалды.Шешесі оған:
-- Айдар, жылама, қорықпа! Бұл -- піл, бұл -- ірі піл ғой. Ол саған тиіспейді, -- деді. -- Шеше, шеше, неше кесе, сынды кеше?, -- деп сұрады. Шешесі күлімсіреді де, ұлының басынан сипады.
Халқымыз мақал - мәтелдерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, отанын сүюге т. б. қасиеттерді тәрбиелеуде мақал... мәтелдердің орны ерекше. Мақал мәтелдерді орынды пайдалана білуді үйрету мақсатымен сабақта мынандай тапсырмалар жүргізуге болады. Тақтаға әр түрлі жабайы құстардың, жануарлардың суреттері ілінді де, бұлардың ертегі кейіпкерлері болатындығы ескертіліп, әр жануардың қасына:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Отансыз адам... ормансыз бұлбұл.
Қорқақ мың өледі, ер бір рет өледі.
Ел іші... алтын бесік.
Отан... оттан да ыстық.
Бірлік түбі... береке
Осындай шығарма, әңгіме, ойдан жазу сияқты шығармашылық тапсырмалар сауатты жазуға, байланыстырып сөйлеуге үйретумен бірге нәтижелі ойлау процесін қалыптастырады. Тіл дамыту сияқты проблемаларды да шешуге көмегін тигізеді, шығармашылыққа баулиды. Оқытудың жаңаша мазмұны барлық пәндерде қолданылатын көрнекі құралдарға, олармен жұмыс істеуге де жаңаша талаптар қояды. Соңғы алма сюжетті суреті бойынша әңгіме құрастырып жазуға тапсырма бердім. Мұрат бақтың ішімен келе жатып, ағашта қалып қойған бір жалғыз алманы көріп қалды...
Ары қарай не болуы мүмкін? Оны өздерің аяқтап жазыңдар, -- деген проблеманы алдарына қойдым. Соңғы алма тақырыбына оқушылардың жазған әңгімелері Күздің соңғы айы еді. Айдар бақты аралап жүрді. Ол алма ағашында қалып қойған бір жалғыз алманы көрді. Ол қолын созып, алманы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының техникалық шығармашалық қабілетін қалыптастыру
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Шығармашылық әңгіме оқыту маңызы мен ерекшеліктері
Пәндер